Дәріс. Өкілдік.Сенімхат
1. Өкілдіктің ұғымы мен маңызы
2. Сенімхат
Негізгі ұғымдар: коммерциялық өкілдік, өкілеттігі жоқ өкілдік, сенімхат, сенімхаттың мерзімі, сенімхаттың тоқтатылу салдары.
1.Өкілдік деп басқа адамның (өкілдік берушінің) атынан бір адамның (өкілдің) сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасаған мәмілесін айтамыз. Өкілдік берушінің азаматтық кұқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді, және тоқтатады. Өкілеттік өкілдің (бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир) әрекет жасаған жағдайынан да көрінуі мүмкін (АК-тің 163-бабы).
Ісәрекеттердің бәрін өкіл рқылы істеуге ола бермейді. Заң бойынша кейбіреулер үшін оның өзі қатысуы керек болады. Заңылық әрекеттрді өзі ғана жасауы керектігі заңа айтылған немесе сол әрекеттердің сипатынан тумаған жағ-дайлардыңбәрінде де өкілдікке рұқат беріледі.
Аталған негізгі элементтердің сипаты өкілдік ұғымы арқылы көрінеді. Өкілдіктің субъектілерінің құрамы үш адамнан — өкілдік беруші, өкіл және үшінші жақтан тұрады. Өкілдік беруші өкілге іс-әрекеттерді жасауды тапсырып, тиісті сенімхат берген болса ғана немесе өкіл өзінің қызметтерін заң нұсқауы немесе заңды тұлғаның құжаттары бойынша істейтін болса ғана өкілдің іс-әрекеттері өкілдік беруші үшін құқықтар мен міндеттер тудыра алады. Азаматтық құқықтың кез келген субъектілері, құқық қабілеттілігі бар немесе жоқ адамда, заңды тұлға да өкілдік беруші бола алады.
Егер мұндай шарттың тарабы кәсіпкерлік жүйеде шарт жасасқан кезде олардың атынан үнемі және дербес өкілдік етуші болмаса, онда коммерциялық өкілдік туындайды (АК-тің 166-бабының 1-тармағы). Мұндай жағдайда коммерциялық өкіл өкілдің өкілеттігі көрсетілетін жазбаша шарт негізінде, ал ол көрсетілмеген жағдайда — сенімхат негізінде әрекет жасайды. Коммерциялық өкілдік екі түрге бөлінеді: өз өкілдігі және бөтен тұлғаның алдында болатын өкілдік.
Өз атынан болу — заңды тұлға өкілді өз құрылымынан тағайындайды және ол арқылы өзінің құқықтары мен міндеттерін орындап, мүддесін қорғайды. Мұндай өкілдікте бір субьект болады, сырттан бөтен тұлғаны айналымға қатыстырмайды (АК-тің 163-бабының1-тармағы).
Коммерциялық өкілдіктің екінші түрі — басқалардың мүдделері үшін болса да өз атынан әрекет ететін адамдар (коммерциялық делдалдар, мұрагерлік кезінде өсиетті орындау тапсырылған адамдар және т. б.).
Коммерциялық өкілдің өкілеттігі жазбаша шартта тікелей көрсетілуі тиіс немесе оған берілетін сенімхатта да жазылады. Коммерциялық өкіл бір мезгілде өзінің қатысуымен жасалатын шарттың түрлі тараптардың мүдделерін білдіре алады. Бұл орайда ол өзіне берілген тапсырмаларды кәдімгі кәсіпкердің ыждағаттылығымен орындауға міндетті.
Коммерциялық өкіл өзіне белгілі болған сауда мәмілелері туралы мәліметтерді өзіне берілген тапсырманы орындағаннан кейін де құпия сақтауға міндетті (АК-тің 166-бабының 4-тармағы).
Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген салаларындағы коммерциялық өкілдіктің ерекшеліктері заңмен белгіленеді.
2.Бір адамның (сенім берушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға (сенім білдірген) берген жазбаша уәкілдігі сенімхат деп танылады (АК-тің 167-бабының 1-тармағы).
Сенімхатты пайдалану кезінде "уәкілдік" және "өкілетті" деген терминдерді ажырата білу керек. Уәкілдік дегеніміз өкілдің өкілдік беруші атынан іс-әрекетке қатынасуы, ал өкілеттік — өкілдік беруші үшін өкілдің жасауға кұқылы әрекеттерінің шеңбері болып табылады.
Заң жағынан қарағанда сенімхат беру — біржақты мәміле, яғни бұл өкілеттікті беру үшін бір тараптың өкілдік берушінің ерік білдіруі қажет және жеткілікті, соңдықтан да өкілдін келісімі талап етілмейді.
Заң сенімхаттың жазбаша түрін міндетті түрде сақтауды талап етеді. Сонымен бірге мәміле жасауға берілетін сенімхат нотариалды жолмен куәландырылуы талап етілетін болса, онда ол нотариалдық жолмен куәландырылады (АК-тің 167-бабының 2-тармағы). Сенім ауыстыру жөнінде берілген сенімхаттың қолданылу мерзімі куәландырылуы ол негізгі алынып берілген алғашқы сенімхаттың қолданылу мерзімінен аспауы керек (АК-тің 169-бабының 3-тармағы).
Өкілдік беруші қайсыбір құқық өкілеттігін өкілге тапсырарда оның мерзімін шектеп, белгілі бір уақыт аралығын көрсетеді. Сондықтан сенімхат — әр кезде де мерзімді құжат. Азаматтық кодекстің 168-бабына сәйкес сенімхат үш жылдан аспайтын мерзімге берілуі мүмкін. Егер сенімхатта неғұрлым ұзақ мерзім көрсетілсе, ол үш жыл бойы, ал егер қолдану мерзімі көрсетілмесе — берілген күннен бастап бір жыл бойы жарамды болады. Егер сенімхаттың берілген күні көрсетілмесе, ол жарамсыз деп танылады.