Азақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімдік бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жж. арналған бағдарламасы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауына және Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасына сәйкес әзірленді.

2006 жылы Үкімет отандық экономиканың тұрақты өсуі мен дамуын қамтамасыз етуге, халықтың әл-ауқатының деңгейін арттыруға, экономикалық қауіпсіздікті нығайтуға, еліміздің әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жұмысты жалғастырды. Жүргізіліп отырған экономикалық саясаттың нәтижелері мен экономика секторларының серпінді дамуы шынайы.

2006 жылы ЖІӨ-нің жылдық өсімі болжамды мәннен 2,1%-тік пунктке арта түсіп, 2005 жылғы деңгейге қарағанда 10,6%-ті құрады. Бұл ретте халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ 2006 жылдың қорытындылары бойынша 5083 долларды құрады.

Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсімі 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 7%-ті құрады, өңдеуші өнеркәсіпте – 7,3%, тау-кен өндіруде – 7%. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің өсімі 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 7%-ті құрады. Көлік қызметтері 5%-ке, байланыс қызметтері 20,4%-ке ұлғайды. Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 10,6%-ке ұлғайды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 20,1%-ке ұлғайды.

Сыртқы сауда айналымы 2006 жылы 37%-ке, оның ішінде экспорттың көлемі 37,3%-ке, импорт 36,4%-ке өсті.

Жұмыссыздардың саны 2,4%-ке азайды. Жұмыссыздық деңгейі 2005 жылғы 8,1%-ке қарағанда 7,8% құрады. Халықтың нақты ақшалай кірістері бағалау бойынша 10%-тен астам өсті.

Ұлттық Банк пен Үкімет қабылдап жатқан шараларға қарамастан, 2006 жылы инфляция деңгейі жеткілікті түрде жоғары деңгейде сақталды – 8,6%. Инфляция өсімінің түйінді факторларының ішінде банк жүйесінің жоғары өтімділігі, кірістердің және халықтың тұтынуының өсуі, мемлекеттік бюджет шығыстарының едәуір қарқынды өсуі, инфляция импорты байқалды. Ұлттық Банк инфляциялық әлеуетті ұлғайтуды болдырмау және экономиканың «қызып кету» қаупін төмендету үшін ақша-несие саясатын қатаңдаттырды.

Бағалы қағаздар нарығын дамыту, оны халықаралық капитал нарығымен кіріктіруді қамтамасыз ету, еліміздің экономикасына инвестициялар тарту мақсатында Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы, сондай-ақ оның қызметін реттейтін Агенттік құрылды.

Ұлттық қордың активтері 14 млрд. долларға дейін өсті. Алтын-валюта резервтерінің көлемі олардың есебінен 33 млрд. доллардан асты.

2006 жылдың ішінде мемлекеттік бюджетке түсетін кірістердің жоспарын тұрақты түрде асыра орындау байқалды.

Көлік стратегиясын және Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясын іске асыру басталды, Өңірлік әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар құру тұжырымдамасы, Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару тұжырымдамасы әзірленді, салық заңнамасы жетілдірілді, «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Сонымен қатар елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалының едәуір жақсарғанына қарамастан, тұтастай алғанда, экономикалық тұрақтылыққа әсер етуге, экономиканың «қызып кету» қаупін күшейтуге қабілетті белгілі бір факторлардың бар екендігін атап өткен жөн, бұл өз кезегінде, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінен көрініс табады.

Үкімет қызметінің орта мерзімді кезеңдегі стратегиялық мақсаты орнықты даму қағидаларының негізінде еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

Үкімет күш-жігерді Қазақстанның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін және еліміздің азаматтарының өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы институционалдық және экономикалық жағдай жасауға барынша бағыттайды. Бұл Қазақстанның таяу он жылда әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі жөніндегі стратегиялық міндетті шешуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасының мынадай басым бағыттары белгіленген.

1. Мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізу тиімділігін арттыру:

- мемлекеттік жоспарлау;

- бюджеттік жоспарлауды жетілдіру;

- фискалдық саясат;

- ақша-несие саясаты және қаржы секторын дамыту;

- бәсекені дамыту;

- табиғи монополиялардың қызметін реттеу;

- бизнестік ортаны дамыту және кәсіпкерлікті қолдау;

- корпоративтік басқару қағидаларын енгізу.

2. Орнықты дамуға көшу, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және адами капиталды дамыту:

- білім беру, кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін дамыту;

- ғылымды дамыту;

- медициналық қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз ету;

- халықты әлеуметтік қолдау, көші-қон және еңбек қатынастары;

- жастардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау мен дамыту;

- мемлекеттік тілді және мәдениетті дамыту;

- туризм мен спортты дамыту.

3. Құқық тәртібін және өмір сүру қауіпсіздігін нығайту.

4. Экономиканы жаңғырту және әртараптандыру:

- индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру;

- агроөнеркәсіптік кешенді дамыту;

- минералдық шикізат кешенін дамыту.

5. Инфрақұрылымды дамыту.

6. Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін аумақтық даму.

7. Әлемдік экономикаға табысты кірігуді қамтамасыз ету.

8. Жаңа жағдайларда әрекет етуге қабілетті мемлекеттік аппаратты қалыптастыру.

БӨЛІМ

Наши рекомендации