Тақырып. Экономикалық өсу және нарықтық экономиканың тұрақсыздығы
Жоспар
1 Экономикалық өсу және оның бағыттары
2 Нарықтық экономиканың тұрақсыздығы
1Экономикалық өсу – бұл ұлттық өнімнің сандық көбеюі және сапалық тұрғыда жетілуі.
Экономикалық өсудің факторлары:
- Сұраныс факторлары (жиынтық шығындардың деңгейі);
- Ұсыныс факторлары (табиғи ресурстар, еңбек ресурстары, негізгі капиталдың көлемі, технология);
- Үлестіру факторлары (ресурстарды тиімді пайдалану).
Экономикалық өсуді өлшеудің әдістері:
- Нақты ЖҰӨ-нің артуы;
- ЖҰӨ көлемінің халықтың жан басына шаққандағы өсуі.
Экономикалық өсудің модельдері:
1 Харрод-Домар жаңа классикалық моделі (капитал- экономикалық өсудің жалғыз факторы) G=S:С
G-экономикалық өсу қарқыны; S- ұлттық табыстағы жиналған ақша үлесі; С=К(капитал)/Q(өнім шығару)
2 Кейнсиан моделі
S=І (жинақ ақша =инвестицияларға)-бұл экономикалық өсудің шарты
- егер S>І болса, онда босалқы қор пайда болады, жұмыссыздық өседі
- егер S<І болса, онда инфляция өседі
3 Кобб-дуглас моделі (экономикалық өсу еңбек өнімділігі (L) мен капиталдың (К) жоғары деңгейінде мүмкін болады) Y=F(L,K)- өндірістік функция
Y-өндірілен өнімнің көлемі; L-еңбектің жиынтық шығындары; К-жұмсалған капитал
Экономикалық өсудің типтері:
- экстенсивті
- интенсивті
Қазіргі дамыған экономиканың көбісі аралас болып табылады. Бұл осы мөлшерде нарықтық өзіндік реттеу мен мемлекет жағынан қоғамдық өндірісті реттеу арқылы толықтыруларды белгілейді. Нарықтық экономиканың макрореттелуі, қоғам ынтасында жалпы түрде жүзеге асады.Ол, мемлекетпен белсенді экономикалық және әлеуметтік саясатты жүргізуді болжайды.
Солардың біріншісі:
1) экономикалық өсу. Осыған сәйкес өмір құндылығы санының өсуі мен сапаның арттылуы қамтамасыз етіледі және де нәтижесінде - адам өмірлерінің жоғары деңгейі байқалады;
2) толық жұмыспен қамту екі басты міндеттерді шешеді. Еңбек етемін деушілердің барлығына жұмыс пен оған сәйкес табысты береді;
3) экономикалық тиімділік қоғамның барлық шаруашылық ресурстары (ал, олар шектеулі) максималды қайтарыммен қолданылатынына болжам жасайды;
4) экономикалық еркіндік бұл нарықтық экономиканың қарқынды дамуының үздіксіз шарты. Ол шаруашылық қатынасқа қатысушылардың барлығы үшін максималды еркіндікті (заң мен жауапкершілік шегінде) – кәсіпкерлік еркіндігі, экономикалық серіктестерді еркін таңдау, тұтынушының қажеттіліктегі еркіндігі, т.б. қарастырылады;
5) еңбекке жарамсыздарды қамтамасыз ету - өркениетті, демократиялық қоғамдар аса маңызды әрекеттердің бірі. Барлық еңбекке жарамсыз, қартайған және кәмелетке толмаған азаматтардың дұрыс өмір сүруі үшін жағдайлар туғызуы қажет;
6) баға деңгейлерінің тұрақтануы – бұл да мемлекет саясатының басты мақсаты, себебі, бағалардың жалпы өсуі (инфляция) мен тез арада түсу (дезинфляция) экономика дамуының тұрақты дамуын нашарлатады және шығындарға әкеледі (көбінесе, дезинфляция банкротқа ұшыратады);
7) сыртқы экономикалық байланыстарға баланс-бұл қоғамға шетел мемлекеттерімен сауда, қаржы, инвестиция тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
2Нарықтық экономикаға тұрақсыздық, көтерілу және құлдырау қасиеттері тән, ол экономикалық кезеңді қалыптастырады және экономиканың кезеңділігін анықтайды. Өндірісті шексіз дамыту мен нарықты жаулап алу артық тауар өндірісіне әкеліп соқтырады. Артық өндіру бұл ұсыныстың сұраныстан көп болуы. Артық өндірудің себептерін зерттей келе экономистер сұраныстың өсуі мен азаюы, өндіріс көлемінің өсуі мен азаюының мезгілдігіне көңіл аударды. Циклдық ауытқу бұл экономиканың тепе-теңдік жағдайынан ауытқуы. Экономикалық цикл – бұл бір экономикалық дағдарыстың басынан екіншісінің басталуына дейінгі кезең, ол экономикада кезең-кезеңмен қайталанатын өрлеу және құлдыраумен сипатталады.
Өндірістің циклдық дамуының себептері неде? Артық өндіру дағдарысы тұтынушылық сұраныс пен тауарлар ұсынысы арасындағы арақатынастың бұзылу нәтижесінде пайда болады. Экономикалық теорияда циклдың себептері әртүрлі түсіндіріледі: неоклассикалық бағыт дағдарысты кездейсоқ, тез өтетін құбылыс ретінде қарастырған; толық тұтынбайтын концепция – экономикалық дағдарысты жұмысшылар массасының кедейлігімен түсіндіреді; ақша-несие концепциясы дағдарысты ақшаға деген сұраныс пен ұсыныстың бұзылу нәтижесі деп түсіндіреді; маркстік концепция дағдарыстың себебін капитализмнің қайшылықтарымен байланыстырады; кейнс теориясы дағдарысты нарық механизмінің әлсіздігімен түсіндіреді. Қазіргі экономистер циклдың себептерін үш жағдаймен байланыстырады:
1. Сыртқы факторлар: халық санының өзгеруі, инновациялар, соғыс және басқа саяси жағдайлар. Халықтың өсуі өндіріс өсуіне, жұмысбастылық деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Технологияның өзгеруі іскерлік белсенділікті шақырады, инвестициялауға ынталандырады. Саяси жағдай іскерлік белсенділікке әртүрлі әсер етеді.
2. Ішкі факторлар: тұтыну, инвестициялау және үкімет саясаты. Тұтыну әсері: фирма тұтынушыны барлық тауарлармен қамтығысы келеді, нәтижесінде тұтыну шығындары өседі, жаңа жұмысшылар жалданады. Сондықтан өндіріс көлемі, жұмысбастылық пен сату көлемі өсіп, экономика өрлеу фазасына өтеді. Тұтыну шығыны қысқарғанда керісінше жағдай пайда болады және құлдырау кезеңі басталады. Инвестицияның әсері: негізгі қорға салынған салым жаңа жұмыс орнын ашады, тұтынушының сатып алу қабілетін жоғарылатады – бұл экономикалық өсуге мүмкіндік туғызады. Инвестициялау деңгейі төмендегенде экономикалық жағдай нашарлай түседі. Үкіметтің ықпалы фискалдық және монетарлық саясатпен жүзеге асырылады.
3. Ішкі және сыртқы факторлардың синтезі. Авторлардың пікірінше сыртқы факторлар циклды қозғаушы, ал ішкі факторлар фазалық ауытқуларға алып келеді. Қазіргі теория Самуэльсон мен Хикстің іскерлік модель циклімен байланысты. Мұнда цикл ұлттық табыстың (ЖҰӨ), капиталдың қорлануымен, тұтынумен арақатынасының нәтижесі ретінде қарастырылады. Бұл байланыс мультипликатор және акселератор арқылы қарастырылады.
Экономикалық ауытқу ол экономиканың маңызды параметрлерінің тұрақты жағдайдан ауытқуы. Ол ауқымы мен уақыты жағынан қысқа, орта, ұзақ мерзімге бөлінеді. Қысқа мерзімді ауытқуда нарықтық конъюктура әсерінен өндірістің көлемі маңызды емес түрде ауытқиды. Баға дәрежесі аз мөлшерде өзгереді. Бірақ көп тауарлардың бағасы өзгермейді. Мысалы, АҚШ-та фирмалардың бестен екісінің бағасы жылына бір рет өзгереді, фирмалардың алтыдан бірінің бағалары бір жылдан көп уақытқа өзгереді. Төмен инфляция жағдайында тұрақты баға кәсіпкерлерге тұтынушыларды "ұстап қалуға" мүмкіндік береді. Жұмыспен қамтамасыз ету белгілі уақытта маңызды емес түрде өзгереді, оның ауытқуы жеке кәсіпорындардың жалақы мөлшерінен тәуелді болады. Пайда нормасы қысқа мерзімде өзгере қоймайды. Орта және қысқа мерзімде ауытқу басқаша болады, тепе-теңдік жағдайдан маңызды түрде ауытқиды. Қоғамда экономикалық және әлеуметтік тұрақтану бұзылады, экономикалық өсу уақытша дағдарысқа ауысады. Жалпы дағдарыстар барлық ұлттық шаруашылықты қамтиды, жеке дағдарыстар белгілі бір сфераға немесе экономикалық салаға тән. Дағдарыстың бірнеше түрлері бар: Қаржы дағдарысы – мемлекеттік қаржының терең бұзылуы, бұл бюджеттің терең тапшылығы. Қаржы дағдарысының шегі ол мемлекеттің шетел займына төлем қабілеттілігінің болмауы. Ақша-несие дағдарысы – ақша-несие жүйесінің бұзылуы. Коммерциялық және банк несиесінің күрт қысқаруы, салымдардың банктерден толық алынуы. Бұл кезде банктер жойылады, тұрғындар мен кәсіпкерлер нақты ақшаны іздейді, құнды қағаздардың курсы төмендеп, банк пайызының нормасы төмендейді. Валюта дағдарысы – жеке елдер валютасының құнсыздануы, банктерде валюта резервтерінің зайып кетуі, валюта курсының төмендеп кетуі. Биржалық дағдарыс – құнды қағаздар курсының күрт төмендеп кетуі, олардың эмиссиясының қысқаруы, қор биржасы қызметінің қысқаруы. Аграрлық дағдарыс - ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу көлемінің қысқаруы, ауыл шаруашылық өнімдеріне бағаның төмендеуі. Құрылымдық дағдарыс - өндіріс салалары арасындағы қатынастардың бұзылуы. Салалық дағдарыс – халық шаруашылығының бір саласында болады. Бұл дағдарыс өндіріс құрылымының өзгеруімен, шаруашылық байланыстардың бұзылуымен сипатталады.