Дәріс. Мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөліністер азаматтық-құқықтың субъектісі рерінде

1. Заңды тұлғаның ұғымы.

2. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі.

Негізгі ұғымдар:заңды тұлға, коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғалар, шаруашылық серіктестіктер, құрылтайшы, жарғы, жарғылық капитал, заңды тұлғаның әрекет және құқық қабілеттілігі.

1. Жеке тұлғалармен қатар, заңды тұлғалар да азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері бола алады (ҚР АК-ның 1-бабы).

Заңды тұлға дегеніміз — бұл мүліктік қатынастардың басқа субъектілері ұйымдастырған, құрған және құқықтар мен міндеттер берген субъект. Занды тұлғаның құрылтайшылары (құрушылары) оны мүліктік қатынастардың субъектілері ретінде өзінен бөлу мақсатында құрады. Мүліктік азаматтық-құқықтық қатынастар үшін заңды тұлға институтының практикалық маңыздылығы мынада: "заңды тұлға құрылтайшыларының өз кәсіпкерлік тәуекелін өздері үшін орынды болады деп есептейтін сомамен шектеу мүмкіндігі бар".

Құқықтық санат ретінде заңды тұлғаның әдебиетгерде бір мағыналы анықтамасы жоқ.

Кеңес мемлекеті өмір сүріп тұрған кезеңде азаматтық құқық теориясында заңды тұлғалардың мәні туралы алуан түрлі пікірлер кең таралғанды. Негізінен алғанда, занды тұлғалар — мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер зерттеу объектісі болды, мұны экономикада мемлекеттік меншіктің үстемдік етуімен түсіндіруге болатын еді. Мемлекеттік ұйымдарға қатысты алғанда, занды тұлғаның академик А.В. Венедиктов берген барынша толық ұғымы заң әдебиетгеріне "ұжым теориясы" деген атпен енді.

Қазіргі уақытта заңды тұлғаның мәні жөніндегі мәселе ғалымдардың теориялық пікірталастарында соншама кең таралмаған. Әдебиеттерде кездесетін соңғы пікірлердің ішінен заңды тұлғаның "мақсатты мүлік ретіндегі" анықтамасын атап көрсетуге болады. Е.А. Сухановтың пікірі бойынша, ".. .осы заманғы коммерциялық пракгикада азаматтық немесе сауда (коммерция) айналымына қатысуға әдейі арналған дербестелген мүлік ретіндегі заңды тұлғаның мәнін түсіндіретін "мақсатты мүлік" теориясьн қостайтын дәлелдер жеткілікті".

Шетелдерде заңды тұлғаға қатысты екі теория барынша кең таралған - жалған теория және шындық теориясы, бұларға ортақ нәрсе -ұжымдық құрылымдардың құқық субъектілігін дәлелдеу.

Заңды тұлғаның жалған теориясы герман заңгері, XIX ғ. пайда болған құқық тарихы мектебінің басшысы К.Ф. Савиньидің есімімен байланысты. Ол құқықтың нақ субъектісі адам және тек адам болып табылады деп тұжырымдады. Оның тұжырымдамасы мынаған негізделді: занды тұлға дегеніміз қарапайым өтірік арқылы қолдан жасалған құқық субъектісінен басқа ештеңе емес, құқық субъектіліктің бірден-бір мүмкін болатын иелері — жеке тұлғалар заңды тұлғадағы құқықтық қатынастардың нақты субъектілері болып қала береді.

Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, жалған теориядан туындайтын заңды тұлға пайда болуының рұқсат ету тәртібі және арнайы құқық қабілеттілігі, ең алдымен, меншіктен пайда табу мақсаттарын көздемейтін адамдар бірлестіктеріне бақылау жүргізілуін қамтамасыз етуге бағытталған болатын.

Жалған теория Англия мен АҚШ-та кең таралған.

Занды тұлғаның өмір сүруін мойындау Англия мен АҚШ-та корпорация құқығының іргелі принципі болды. XIX ғасырда жоғарғы судья Д.Маршалдың корпорацияға берген мынадай кең таралған анықтамасы АҚШ-тағы теория мен практикада мәлім болды: "Корпорация дегеніміз — бұл көрінбейтін, сезілмейтін және заң жүзінде ғана өмір сүретін жасанды құрылым".

Шындық теориясы немесе XIX ғасырдағы. герман заңгері Гиркенің есімімен байланысты органикалық теория занды тұлғаны мемлекеттің қалыпты тіршілік етуіне қажетті құқықтың нақты өмір сүретін субъектісі ретіңде, әлде бір әлеуметтік шындық ретінде мемлекеттен тәуелсіз өмір сүретін одақтас тұлға ретінде қарастырды.

Шын мәнінде, Гирке де "нақты" одақтас тұлғаны адамға ұқсас құрастыра отырып, Савиньи ұстанған идеалистік ұстанымды басшылыққа алды. Органикалық теорияның қазіргі ізбасарлары заңды тұлғаны құқық тәртібі құқықтар мен міндеттер берген мүдделердің оқшауланған бірлігі ретінде қарастырады.

Наши рекомендации