Талан-тараж белгілері жоқ, меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстар
Қазіргі қолданылып жүрген Қылмыстық кодексте талан-тараж белгілері жоқ, меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстардың үш түрі көрсетілген. Қорқытып алушылық (181-бап); алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (182-бап); көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті алу немесе өткізу (183-бап).
Қорқытып алушылык (181-бап)
Заңда "Қорқытып алушылық, яғни бөтен мүлікті немесе мүлікке құқықты беруді немесе күш қолданумен не бөтен мүлікті жоюмен немесе бүлдірумен қорқыту арқылы мүлікті сипаттағы басқа да іс-әрекеттер жасауды талап ету, сол сияқты жәбірленушіні немесе оның туыстарын масқаралайтын мәліметтерді таратумен, жәбірленушінің немесе оның жақындарының мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін өзге де мәліметтерді жариялау" деп белгіленген,
Қорқытып алушылықтың, тікелей объектісіне меншік катынастары ғана емес, жәбірленушінің немесе оның жакындарының ар-намысы және олардың жеке басынын, бостандығы, денсаулығы жатады.
Қорқытып алушылықтың жәбірленушісі болып талап етіліп отырылған мүлік иелігінде, күзетінде немесе меншігінде тұрған адам және оның жақындары танылады.
Қорқытып алудың заты болып: мүлік, мүлікке құқық немесе қорқытушының пайдасына жәбірленушінің мүліктік сипаттағы басқа да іс-әрекеттерді істеуі жатады.
Қорқытып алушылықтың объективтік жағы екі түрлі жеке әрекеттен — қорқыту арқылы жәбірленушіден талап етіп отырған мүлікті немесе мүлікке құқықты беруді немесе кінәлінің пайдасына мүліктік сипаттағы басқа да іс-әрекеттерді істеуді талап етуден тұрады.
Қорқытып алушылық құрамындағы мүліктің түсінігіне кез келген қозғалатын немесе қозғалмайтын мүліктер жатады. Кінәлі адам қорқыту арқылы осы мүлікті өзіне беруді, яғни өз меншігіне өткізуді талап етеді.
Мүлікке құқықты беруді талап ету дегеніміз қорқыту арқылы жәбірленушіден мүлікті пайдалану, иемдену немесе билеу Құзыретінің бірін өзіне беруді, сөйтіп сол арқылы мүліктен белгілі бір дәрежеде пайда көру жатады (тұрғын немесе тұрғын жайға жатпайтын құрылысты тегін немесе өзіне тиімді бағаға беруді талап ету, сондай жағдайда пайдалану үшін көлік немесе басқадай байланыс кұралдарын ақысыз пайдалану, беруді тілеу т.б. әрекеттер).
Мүліктік сипаттағы басқа да әрекеттерді істеуге жәбірленушінің қорқытып талап етушінің пайдасына белгілі бір заңдылық мәні бар іс-әрекеттерді істеуі, соның нәтижесінде кінәлінің мүліктік сипаттағы пайда табуы немесе материалдық жауапкершіліктен құтылуы жатады (қорқытып талап етушінің қарызы жөніндегі қолхатты жою; оның қарызын кешіру, өсиет туралы қолхатты жою, оның пайдасына белгілі бір жұмыс атқару және т.б.).
Қорқытып алушылықта жәбірленушінің меншігіне жатпайтын мүлікті де талап етушілік орын алуы мүмкін. Егер кінәлі адам талап етіліп отырылған мүлік жәбірленушіге тиесілі емес екенін біле тұра соған қарамастан оны қорқытып талап етсе, онда оның іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің 181-бабымен қоса басқа бетеннің мүлкін талан-таражға салуға айдап салушы ретінде саралануы мүмкін.
Қылмыстық заңда қорқытып алушылықты жүзеге асыратын мынадай қорқыту тәсілдері керсетілген: 1) күш қолданумен корқыту; 2) бөтен мүлікті жою мен немесе бүлдірумен қорқыту, 3) жәбірленушінің немесе оның туыстарын масқаралайтын мәліметтерді таратуымен де жәбірленушінің немесе оның жакындарының мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін өзге де мәліметтерді жариялау.
Кез келген қорқыту нақты және жәбірленушінің пайымдарынша толық іске асатындай болуы кажет. Осы қорқытулар арқылы кінәлі адам істейтін қылмысын жеңілдетіп, болашақта бөтеннің мүлкіне иелік етуді немесе мүліктен басқадай пайда көруді басты мақсат тұтады. Күш қолданып қорқытуға жәбірленушіге жеңіл, орта ауырлықтағы немесе ауыр дене жарақатын келтіремін деген қорқытулар жатады. Бөтен мүлікті жоюмен немесе бүлдірумен корқытуға әр түрлі тәсілмен жәбіленушінің немесе оның туыстарының меншігіндегі мүлікті құрту, бүлдіруге байланысты іс-әрекеттер жатады.
Масқаралайтын мәліметтерді таратамын деп қорқытуға үшінші жаққа жәбірленуші немесе оның туыстары туралы қолайсыз, шындыққа жататын немесе жатпайтын, олардың адамгершілігіне, ар-намысына тиетін әр түрлі кауесеттерді, деректерді жариялау арқылы олардың мүдделеріне елеулі зиян келтіру мүмкіндіктері жатады.
Қорқытып алушылық формальдық қылмыс құрамына жататындықтан, бөтен мүлікті немесе мүлікке құқықты беруді немесе басқадай әрекеттерді істеуді талап еткен уақыттан бастап аяқталған қылмыс деп танылады.
Субъективтік жағынан қорқытып алушылық тек тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады және пайдакүнемдік мақсатты көздейді. Кінәлі адам бөтеннің мүлкіне ешқандай кұқығы болмаса да қорқыту арқылы мүлікті, мүлікке құқықты немесе өзінің пайдасына мүліктік сипаттағы баска да әрекеттерді істеуді заңсыз талап етуін сезеді және осындай қорқытулар арқылы жәбірленушіні өзінің талаптарын орындауға мәжбүрлеуді тілейді. Осы қылмыстың құрамы үшін кінәлі адамның қорқытуды шын мәнінде жүзеге асыратынының немесе асырмайтынының ешқандай маңызы жок.
Қорқытып алушылықтың субъектісі — 14 жасқа толған адам.
Қорқытып алушылықтың ауырлататын түрлері: а) күш қол-дану; б) адамдар тобының алдын ала сез байласуы бойынша; в) бірнеше рет жасалған қорқытып алу (181-баптың 2-тармағы) болып табылады. Осы ауырлататын түрлердің соңғы екеуінің мазмұны ұрлықтың (175-бап) ауырлататын осындай түрлерімен ұқсас.
Қорқытып алудың ауырлататын түрі күш қолдану болып табылады. Осы қылмыс құрамына тән күш қолдануға жәбірленушіге оның денсаулығына зиян келтірумен байланысты емес (бостандығын шектеу, оларды ұстап тұру, болмашы түрде денесіне қол тигізу), сондай-ақ оларға жеңіл немесе орта дәрежелі жарақат келтірулер жатады.
Қорқытып алушылықтың аса ауырлататын түрлері:
а) ұйымдасқан топ;
б) жәбірленушінің денсаулығына ауыр зардап келтіру;
в) ірі мөлшерде мүлік алу мақсатында;
г) ұрлық немесе қорқытып алу үшін бұрын екі немесе одан
да көп рет сотталған адам жасаған қорқытып алу болып табылады (181-баптың 3-тармағы). Бұлардың алдыңғысының және соңғысының түсініктері ұрлықтың өте ауырлататын түріндегі
осындай белгілердің түсініктерімен мазмұны біртектес.
Жәбірленушінің денсаулығына ауыр зардап келтіру деп Қорқытып алушының заңсыз талабын жүзеге асыру үшін Қылмыстық коедкстің 103-бабында көрсетілген ауыр дене жарақатын келтіруі болып табылады. Егер осындай жарақаттан адам өлімі туындаса, онда кінәлінің әрекеті (181-баптың 3-тармағы және 103-баптың 3-тармағы) қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады.
Ірі мөлшерде мүлік алу мақсатындағы қоркытып алушылыққа кінәлінің кем дегенде айлық орта керсеткіштен 500 есе асып түсетін мүліктің құнын, мүлікке құқыкты немесе басқадай мүліктік әрекеттерді өз пайдасына істеуін талап ету болып табылады. Қорқытып алушылықты тонаудан және қарақшылықтан ажырата білудің маңызы ерекше. Қорқытып алушылықтың Қылмыстық кодекстің 178, 179-баптарында көрсетілген осы құрамдардан ажыратылу негіздерін осы құрамдарға талдау жасаған кезде толыкқ көрсеткендіктен оны қайталап жатпаймыз.
Алдау немесе сенімге киянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (182-бап)
Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен меншік иесіне немесе өзге мүлік иеленушіге талан-тараж белгілерінсіз мүліктік залал келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық 182-бапта арнайы көрсетілген.
Осы қылмыстың тікелей объектісі меншік қатынастары болып табылады.
Қылмыстың заты ақша, қозғалатын немесе козғалмайтын әртүрлі мүлік болады.
Объективтік жағынан бұл қылмыс белсенді әрекет күйінде — алдау және сенімге қиянат жасау арқылы жасалады. Қылмыс істелу тәсіліне қарай алаяқтық құрамына көп ұқсас, бірақ алаяқтықта кінәлі адам бөтеннің меншігін заңсыз, тегін өзінің не басқаның иелігіне аударса, алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіруде кінәлі адам бөтеннің мүлкін меншік иесінен немесе өзге де иеленушінің иелігінен айырмайды. Кінәлі — меншік иесіне төленуге, өтелуге тиісті нәрселерді істемеу арқылы, өзі пайда тауып меншік иесіне залал келтіреді. Мысалы: заң немесе нормативтік актілерге сәйкес мемлекет пайдасына түсетін әртүрлі төлемдерді төлемеу (газды, жылуды, электр энергиясын, тұрғын үйді пайдаланғаны немесе тұрмыстық кызмет көрсетулер үшін, жолаушыларды билетсіз мемлекеттік көлікте тасымалдау арқылы заңды ұйымдардың немесе басқа меншік иелерінің көлік құралдарын тегін, ақысыз пайдалану).
Осы бапта көрсетілген қылмыс құрамы меншік иесіне немесе өзге мүлік иеленушісіне мүліктік залал келтірілген уақыттан бастап аяқталған деп саналады.
Меншік иесіне немесе өзге мүлік иеленушісіне онша елеулі емес зиян келтірген жағдай, іс-әрекеттер теріс қылық деп саналып, қылмыс болып табылмайды (ҚК-тің 9-бабының 2-тар-мағы). Бұл қылмыстың субъектісі болып есі дұрыс, жасы 16-ға толған жай адамдар танылады. Осындай іс-әрекеттерді мемлекеттік органдардың немесе коммерциялық және басқадай ұйымдардың лауазым адамдары істеген жағдайда олардың қылмысы Қылмыстық кодекстің 228 және 307-баптары бойынша сараланады. Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден немесе салық төлеуден жалтарғаны үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 214, 221, 222-баптарында арнайы көрсетілген.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және пайдакүнемдік мақсатпен істеледі. Кінәлі адам алдау арқылы меншік иесіне немесе өзге де мүлік иеленушісіне мүліктік залал келтіретінін алдын ала біледі және дәл осындай жолмен өзіне материалдық пайда келтіруді тілейді. Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтірудің ауырлататын және аса ауырлататын құрамының белгілері ұрлықтың (175-бап) осындай белгілеріне сәйкес келеді, сондықтан да оны арнайы қайта қарастырудың жөніжоқ.
Көрінеу қылмыстык жолмен мүлікті алу немесе өткізу (183-бап)
Қылмыстық кодекстің 183-бабында көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті алдын ала уәделеспей алғаны немесе өткізгені үшін қылмыстық жауаптылық көзделген.
Қылмыстың тікелей объектісі меншік қатынастарына (қыл-мыстық жолмен табылған мүлікті алу немесе еткізуге) байланысты қоғамдық қатынастар болып табылады.
Қылмыстың, заты — қылмыстық жолмен табылған мүлік.
Қылмыс объективтік жағынан қылмыстық жолмен табылған мүлікті алу немесе еткізу әрекеттерінің біреуін істеу арқылы жүзеге асырылады.
Қылмыстық жолмен табылған мүлікті алу деп — кінәлінің осы мүлікті біле тұра күні бұрын уәделеспей заңсыз, қылмыстық тәсілмен иеленген адамнан әр түрлі келісімдер аркылы — ақылы немесе ақысыз, тегін, сыйға, айырбасқа, карызының өтемі үшін немесе басқа да кез келген нысанда алуын айтамыз. Егер адам мүлікті алу барысында оның қандай жолмен табылғанын білмесе немесе білуге мүмкіндігі болмаса, онда оны Қылмыстық кодекстің 183-бабы бойынша жауапқа тартуға негіз.
Қылмыстық жолмен табылған мүлікті өткізу деп — кез келген тәсілмен — акылы немесе тегін (сату, айырбастау, сыйға беру) осы мүлікті немесе оған кұқықты басқаға (жеке тұлғаға немесе заңды ұйымға) беруді айтамыз.
Егер кінәлі адам көрінеу қылмыстық жолмен дайындалған (табылған) мүлікті алса немесе өткізсе (қаруды заңсыз жасау, есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау), онда кінәлінің іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің 183-бабы бойынша емес, тиісінше Қылмыстық кодекстің 253, 259-баптары бойынша тікелей сараланады.
Қылмыс құрамы құрылысы жөнінен формальдық кұрамға жатады, сондықтан да оның аяқталу сәті қылмыстық жолмен табылған мүлікті алу немесе өткізу әрекеттерінің бірін жүзеге асырған уақыттан бастап-ақ есепке алынады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам мүліктің көрінеу қылмыстық жолмен та-былғанын біледі, соған қарамастан осы мүлікті алуды немесе өткізуді тілейді. Жалпы алғанда бүл қылмыс кұрамы пайдакүнемдік ниетпен жүзеге асырылады.
Қылмыстың субъектісі болып 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам танылады. Егер кінәлі адам көрінеу қылмысты жолмен табылған мүлікті алдын ала уәделеспей алса немесе өткізсе, онда оның әрекеті Қылмыстық кодекстің 183-бабы бойынша сараланады. Егер кінәлі адам көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті алдын ала уәделесіп алса немесе өткізсе, онда кінәлі адамның әрекеті істелген қылмыстың катысушысы ретінде сараланады. Егер кінәлі адам көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті алдын ала уәделеспесе де бір адамнан үнемі (әлденеше рет) алса немесе өткізсе, сөйтіп қылмыстың орындаушысына көмек көрсетсе, оның әрекеті қылмысқа қатысушылық ретінде саралануы мүмкін. Қылмыстық кодекстің 183-бабының 2-тармағында: автомобиль немесе ірі мөлшердегі өзге мүлік жөнінде; адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша; ұрлық, корқытып алу, көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті алғаны немесе өткізгені үшін бұрын сотталған адам жасағанда ауырлататын қылмыс құрамы үшін жауаптылық көрсетілген.
Ірі мөлшердің түсінігі ҚК-тің 175-бабының ескертуінін 2-тармағында берілген.
Адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы жасаған қылмысының түсінігі К.К-тің 31-бабының 2-тармағында айтылған.
Қылмыстық кодекстің 183-бабының 3-тармағында ұйым-дасқан топ немесе адамның өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаған әрекеттері үшін жауаптылық көрсетілген. Ұйымдасқан топтың түсінігі Қылмыстық кодекстің 31-бабының 3-тармағында берілген. Ал қызмет бабын пайдаланатын лауазымды адамдардың түсінігі Қылмыстық кодекстің 228, 307-баптарының ескертулерінде керсетілген. Қызмет бабын пайдаланып көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті алу немесе еткізу әрекеті Қылмыстық кодекстің 183-бабының 3-тармағы бойынша тікелей сараланады. Мұндай ретте косымша 228 немесе 307-баптар бойынша саралауды қажет етпейді.
Интеллектуалдық меншік құқыктарын бұзу (184-бап)
Қазақстан Республикасының Конституциясы (20-бап) әрбір азаматқа сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік береді. Осыған орай Азаматтык кодексте тұңғыш рет интеллектуалдык меншік деген түсінік енгізілді және бұл заңмен корғалады.
Интеллектуалдық меншіктің түсінігі Казақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 125-бабында берілген, заңға сәйкес интеллектуалдық меншік деп заң бойынша қорғалатын адамдардың кез келген саладағы бағыты мен құндылығына карамастан шығармашылық қызметінің нәтижесін айтамыз. Заңда интеллектуалдық меншікке авторлық құкық немесе сабақтас құқықтар объектісі, енертабыс немесе өнеркәсіптік үлгі жатады деп белгіленген.
Қылмыстық кодекстің 184-бабында:
"Авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар объектілерін заңсыз пайдалану, сондай-ақ өнертабысты, пайдалы үлгіні немесе өнеркәсіптік үлгіні заңсыз пайдалану, ғылыми жаңалықтың, өнертабыстың, пайдалы үлгінің немесе енеркәсіптік үлгінің мәнін олар туралы мәліметтерді ресми жариялағанға дейінгі автордың немесе жариялаушының келісімінсіз жұртқа жаю, сол сияқты авторлықты иеленіп алу немесе қосарлас авторлыққа мәжбүр ету, егер осы әрекеттер пайда келтіру мақсатымен жасалып, ірі зиян келтірсе", интеллектуалдық меншік Құқықтарын бұзу деп көрсетілген.
184-бапта көрсетілген қылмыс құрамының объектісі болып авторлық құқық, сабақтас кұкықтар, өнертабыс, пайдалы үлгі, өнеркәсіп үлгісіне қылмысты қол сұғушылықтан қорғау болып табылады.
Қылмыстың заты болып авторлық құқық немесе сабақтас Құқықтар, өнертабыс, пайдалы үлгі, өнеркәсіп үлгісі, яғни бөтеннің ғылыми, шығармашылық, көркем, музыкалық және әдеби шығармасын немесе кинофильм, бейнежазба шығармаларын, композиторлардың, ақындардын, жазушылардың немесе өнертабыс, творчестволық шығармалары болып табылады. Қылмыстық кодекстің 184-бабының жәбірленушілері болып авторлық құқық иесі, оның мұрагері немесе өнертабыстың, ғылыми жаңалықтың авторы, пайдалы үлгінің иелері танылады.
Қылмыс объективтік жағынан бірнеше балама іс-әрекеттерді істеу арқылы жүзеге асырылады:
а) авторлық қүқық немесе сабақтас құқықтар объектілерін заңсыз пайдалану. Бұл жерде заңсыз деген ұғым автордың немесе оның мұрагерінің келісімінсіз және қолданылып жүрген
қүқық нормасына қайшы түрде оның шығармасын шығару немесе тиражын көбейту, пъесасын, басқа да шығармаларын қоюды немесе орындалған шығармалардың жазба нұсқасын немесе кассеталарын таратуды айтамыз;
б) өнертабысты, пайдалы үлгіні немесе өнеркәсіптік үлгіні заңсыз пайдалану — бұл нормативті актілердің немесе келісім шарттардың талаптарына қайшы түрде автордың келісімінсіз
немесе оған хабарласпай, авторға тиесілі ақыны төлемей оның жоғарыда көрсетілген шығармаларын өндіріске немесе пайда лануға беру немесе заңмен, нормативтік актілермен тыйым салынған өзге де мақсаттарға пайдалануды білдіреді;
в) ғылыми жаңалықтың, өнертабыстың, пайдалы үлгінің немесе енеркәсіптік үлгінің мәнін жариялау дегеніміз объектілер туралы мәліметтерді автордың немесе жариялаушының келісімінсіз ресми түрде жұртқа жаю болып табылады;
г) авторлықты иелену дегеніміз — бөтеннің шығармасын өз атынан толық, немесе ішінара түрде шығару болып табылады;
д) қосарлас авторлыққа мәжбүрлеу деп — шын авторға әр түрлі тәсілдер, амалдар қолдану арқылы оны, басқа біреуді өз шығармасына автор етіп қосуға мәжбүр ету, көндіруді айтамыз.
Интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзу қылмыс құрамының объективтік жағының міндетті белгілерінің бірі болып қылмыстың зардабы — ірі зиян келтіру болып табылады. Ірі зиянның түсінігі Қылмыстық кодекстің 175-бабының ескертуінде берілген.
Егер қосарлас авторлыққа мәжбүр ету авторға немесе оның жақындарына күш қолдану арқылы жүзеге асырылса, онда кінәлінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 184-бабымен, сондай-ақ жеке адамға қарсы қылмыс туралы тарауда көрсетілген басқа бір баппен қоса сараланады.
Қылмыс құрамы материалдық. Осыған байланысты іс-әрекет пен зардаптың арасындағы себепті байланысты анықтау қажет. 184-баптағы қылмыс істеу тәсілдері кұрамның факультативті белгілеріне жатады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей немесе жанама касақаналықпен жасалады. Кінәлі адам Қылмыстық кодекстің 184-бабында көрсетілген әрекеттердің бірін істеу арқылы ірі зиян келтіруді сезеді және оны тілейді немесе оның болуына саналы түрде жол береді.
Қылмыстың субъектісі болып 16-ға толған есі дұрыс кез келген адам танылады.
Егер осы көрсетілген іс-әрекетті лауазым адамы өз қызмет бабын пайдалану арқылы жүзеге асырса, онда оның іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің 307-бабымен қосымша сараланады.
Қылмыстык кодекстің 184-бабының 2-тармағында осы қылмыс құрамын ауырлататын екі белгі көрсетілген: 1) осы қылмысты бірнеше мәрте жасауы (ҚК-тің 16-бабы); немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен жасалған әрекеттер (ҚК-тің 31-бабының 2, 3-тармактары).
Автомобильді немесе өзге де көлік куралдарын талан-таражға салу мак-сатынсыз зансыз иелену (185-бап)
Бұл қылмыс құрамы көп объектілі болып табылады.
Қылмыстың негізгі тікелей объектісіне — меншіктің нақты нысаны, ал қосымша тікелей объектісіне адамның денсаулығы жатады. Көлік қозғалысы мен оларды пайдалану ережелерін бұзу объектісі осы нормамен қамтылмайды, сондықтан да автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ез бетінше айдап әкету барысында кінәлінің әрекетінен Қылмыстық кодекстің 296-бабында көрсетілген зардап орын алса, онда оның әрекеті қылмыстардың жиынтығы бойынша саралануға жатады. Бұл жерде заң шығарушы көлік құралдары иелерінің Құқықтарының бұзылуына ерекше мән бере отырып, осы іс-әрекетті меншікке қарсы қылмыска жатқызу арқылы жеке адамның мүддесін қорғау идеясына артықшылық берілгені өзінен-өзі түсінікті. Бұл қылмыстың кұрылымдық белгісі — оның заты болып табылады. Осы қылмыс құралының затына автомобиль және өзге де көлік кұралдары жатады. Өзге де көлік құралдарына тракторлар, мотоциклдер және өзге де өздігінен жүретін машиналар (жол, құрылыс немесе ауылшаруашылық машиналары), басқа механикалық көлік кұралдары (комбайн, автогрейдер, асфальт төсегіш) деп түсініледі. Темір жол, әуе немесе су көлігі (шағын су кемесі, моторлы кайық, байдарка, яхтадан басқалары) осы көрсетілген қылмыс құралының заты болып табылмайды, аталған көлік құралдары басқа арнаулы қылмыс құрамының заты (295-бап) болып табылады.
Айта кететін бір жәйт қарастырылып отырылған 185-бап-тағы қылмыс кұрамының заты болып өздігінен жүретін, моторлы механикалық көлік құралдары ғана танылады. Мотормен жабдықталмаған көлік құралдары (велосипед, ат көлігі) бұл қылмыс құрамының затына жатпайды. Сондай-ақ жол қозғалысы ережесіне сәйкес двигателінін, жұмыс сыйымдылығының көлемі 50 сантиметрден аспайтын, жылдамдығы сағатына 40 км аспайтын көліктер де механикалық кәлік құралдары болып табылмайды (мысалы, мотовелосипед).
Объективтік жағынан қылмыс әрекет арқылы — автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын талан-таражға салу мақсатынсыз заңсыз иелену (айдап кету) арқылы жүзеге асырылады.
Көлік құралдарын оларды тұрған жерінен, онын, иесінің, немесе әзге де иеленушінің иелігінен, уақытша кінәлінің пайдалануына немесе иелік етуіне етуін иелену дейміз.
Иелену әр түрлі тәсілдер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: ашық немесе жасырын, алдау аркылы, күш қолдану немесе қолданбай, колмен итеріп әкету, басқа келікке тіркеп алу т.б. Көлік кұралдарының тұрған жері әр түрлі болуы мүмкін: га-раж, ашық тұрақ, көше, кәсіпорын, ұйым, мекеме аумағы, уақытша түрақ және т.б.
Көлік құралдарын кез келген тәсілмен тұрған орнынан жылжыту иелік етудің аяқталғанын білдіреді. Автомобильдің немесе өзге де көлік құралдарының кабинасына айдап әкету мақсатымен кіріп, оны от алдырмақшы және басқадай әрекеттерді істеуі осы қылмыс құрамын істеуге оқталғандык деп танылады.
Автомобиль немесе өзге де көлік кұралдарын талан-таражға салу мақсатынсыз заңсыз иеленуде қылмыстың осы заттары бөтеннің меншігіне жатуы керек. Яғни кінәлі адамның өздігінен оны пайдалануға ешқандай құқығы болмауы керек.
Осыған байланысты меншік иесінің отбасы мүшелерінін бірінің немесе пайдалануға рұқсаты бар басқа адамдардың көлік құралдарын оның иесінің қосымша келісімінсіз өз бетінше пайдалануы қылмыс құрамына жатпайды. Сондай-ақ осы көліктің штаттағы жүргізушісінің де көлікті басшысының келісімінсіз өз бетінше пайдалануы айдап әкетуге жатпайды. Егер мұндай әрекетті көлікті жүргізуден аластатылған адам істесе, онда оның әрекеті 185-баптың құрамын кұрайды.
Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарына иелік ету аса қажеттілік жағдайында, қылмыскерді ұстау барысында немесе ауыр науқасқа көмек керсету үшін пайдаланылса онда бұл әрекет қылмыс деп саналмайды.
185-баптың бірінші тармағында қылмысты істегені үшін субъекті болып 16-ға толған, ал қалған бөліктеріндегі (II, III, IV) қылмыс үшін 14-ке толған есі дұрыс адамдар танылады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналык арқылы жүзеге асырылады. Кінәлі адам езінің әрекетінің коғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын сезеді және оны істеуді тілейді. Егер адам бөтеннің көлік құралына иелік етуді сезбеген жағдайда, онда ол көлікті айдап әкеткені үшін жауаптылыққа тартылмайды.
Заңда автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын талан-таражға салу мақсатынсыз айдап әкету деп көрсетілген. Егер кінәлінің ниеті автомобильді немесе өзге де иелік құралдарын талан-таражға салуға бағытталған болса, онда оның әрекеті иелік етудің тәсіліне қарай меншікке қарсы қылмыстардың (6-тарау) тиісті баптары бойынша (185-баппен қосымша емес) тікелей саралануға жатады.
Егер кінәлінің ниеті автомобильді немесе езге де көлік құралдарын талан-таражға салуға емес, осы көлік құралдарын пайдаланып баска қылмыс істеуге бағытталса, онда оның әрекеті қылмыстардың жиынтығы бойынша 185-баппен және істеуге бағытталған қылмысына даярланғандық ретінде сараланады.
Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын айдап әкетумен бірге оның детальдарын, агрегаттарын, жекелеген бөлшектерін немесе онда болған басқадай бұйымдарды кінәлінің иелік етуі орын алған жағдайда, онда мұндай қылмыс айдап кету (185-бап) және бөтеннің мүлкін ұрлау (175-бап) бойынша, яғни қылмыстардың жиынтығы ретінде сараланады. Көлік кұралдарын өз бетінше айдап әкету жол козғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзумен ұштасса онда іс-әрекет қылмыстардың жиынтығы ретінде ҚК-тің 285 және 296-баптары бойынша сараланады.
Егер көлік құралдарын талан-таражға салу мақсатынсыз өз бетінше уакытша пайдалану үшін айдап әкетіп, одан кейін көлік бүлдірілсе немесе жойылса, онда қылмыстық жауаптылық айдап әкетумен бірге мүлікті бүлдіргені немесе жайғаны үшін де бірге туындауы қажет.
Қылмыстық кодекстін 185-бабында көрсетілген құрамның ауырлататын, өте ауырлататын (185-баптың 2, 3, 4-тармақтары) белгілері ұрлықтың (175-бап) осындай белгілерімен өзара үқсас. Бірақ та осы қылмыс құрамының кұрылысына карай оның өзіндік ерекшеліктерін бейнелейтін кейбір белгілеріне токталып кетейік.
185-баптың 2-тармағының "г" тармақшасындағы осы қылмысты бірнеше рет жасауға, кінәлінің бірнеше көліктің ішінен біреуін айдап кету ниеті болып, оның біреуін от алдыра алмай, содан кейін екіншісін от алдырып айдап кетуі бірнеше рет жасалған қылмыс деп танылмайды. Яғни, былай айтқанда бір көлікті айдап әкету мақсатымен бірнеше көлікті от алдыруға әрекет етуі, осы қылмыстың бірнеше рет істелу құрамын түзбейді. Адамдар тобынын сөз байласуы бойынша (2-тармақ-тың "а" тармақшасы) және ұйымдасқан топ (3-тармағы) болып айдап әкетуді саралау қылмысқа қатысудың ережелері бойынша жүзеге асырылады. Егер осы қылмысқа катысуға кеңес беру, техникалық көлік құралдарын беру, істеген қылмысты жасыруға күні бұрын уәде беру арқылы істелсе, онда қылмыска қатысушылардың әрекеті (айдап салушының, көмектесушінің) Қылмыстық кодекстің 29-бабына сілтеме жасала отырылып сараланады.
Өмірге немесе денсаулыкка қауіпті емес күш колданумен не дәл сондай күш қолданумен қорқыту аркылы (185-баптың 2-тармағының "б" тармақшасы) жасалған қылмыстың түсінігі 178-баптағы осындай белгімен ұқсас. Өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш колданумен не сондай күш қолданбақшы болып қорқытумен жасалған әрекеттердің түсінігі Қылмыстық кодекстің 179-бабында айтылған. Осыған орай бұл кұрамдағы осы белгілерге арнайы тоқталып жаттпаймыз. Күш қолданып көлікті өз бетімен айдап кету әрекеттері 185-баптын 2 немесе 3-тармақтарымен сараланады, жеке адамға қарсы кылмьыс жөніндегі басқадай баптармен косымша сараланбайды. Осы іс-әрекетті істеуде жәбірленушінің өмірін жою фактісі орын алса, онда кінәлінің әрекеті осы көрсетіліген баппен және 96-бап (1 немесе 2-тармағы) бойынша сараланады.
Жерге заттай құқықтарды бұзу (186-бап)
Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңмен қорғалатын мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп сокқан бөтен жер учаскесіне заңсыз кіріп кету (186-бап) қылмыс болып табылады. Бұл норма Қылмыстық кодексте алғаш рет көрсетіліп отыр. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер мемлекеттің меншігінде, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде де болады. Заң бойынша өзіне бекітілген жер учаскесіне бөтеннің заңсыз кіріп кетуі егер ол елеулі зиянға әкеліп соғатын болса қылмыс құрамын кұрайды. Қылмыстың объектісі жерге байланысты қоғамдық қатынастарға қол сұғу.
Объективтік жағынан қылмыс әрекет арқылы заңда белгіленген зардапты келтірумен ұштасады. Бұл жерде әрекет бөтеннің жер учаскесіне заңсыз кіріп кету аркылы көрініс табады. Заңсыз кіру дегеніміз жерге меншік иесінің немесе жерді заңды иеленушінің келісімінсіз, оның заңды құқықтарын аяқка басып жер учаскесіне басып кіруді айтамыз. Мұндай басып кіру азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның, мемлекеттің мүддесіне елеулі зиян келтірумен ұштасуы керек. Елеулі зиян бұл бағалау категориясы болып табылады. Оны нақты жағдайларға байланысты тергеу, сот органдары аныктайды. Заңсыз кіру мен келтірілген елеулі зардаптың арасында себепті байланыс болуы қажет.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен және пайдакүнемдік ниетпен істеледі.
Қылмыстың субъектісі бойьшша 16-ға толған кез келген есі дұрыс адамдар, ал осы баптың 3-бөлігіндегі қылмысты істегені үшін арнаулы субъект — лауазымды адамдар танылады. 186-баптың 2-тармағында күш қолдану не күш колданумен қорқыту арқылы немесе адамдар тобымен немесе заңсыз тінтумен ұласып жасалған нақ сол әрекеттер, сол сияқты бөтеннің заңды учаскесін заңсыз басып алғаны үшін жауаптылық белгіленген.
Заңсыз тінтуге — жәбірленушіге тиісті жер учаскесіне негізсіз, рұқсатсыз тінту амалдарын жүргізу, ал жер учаскесін заңсыз басып алуға — жердің меншік иесін немесе өзге де
иеленушісін заңға қайшы әрекеттер арқылы тиесілі жерінен ығыстырып тастап, заңсыз, негізсіз оған иелік ету немесе билік жүргізу болып табылады.
186-баптың 3-тармағында қылмыстың аса ауырлататын түрі — осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көрсетілген, адамның өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаған әрекеттері үшін жауаптылық белгіленген. Қызмет бабын пайдаланып жерге заттай құқықтарды бұзған жағдайда кінәлінің іс-әрекеті 186-баптың 3-тармағымен ғана сараланады және бұл жерде меншік түріне қарамастан мемлекеттік немесе коммерциялық не өзге де ұйымдардың заңмен белгіленген лауазым адамдары осы іс-әрекеттің субъектісі болып табылады.