Еңбек нарығы түсінігі және оны реттеу механизмдері

Еркін рынок теориясы («либерализм» мектебі) өкілдері – А. Смит мен Д. Рикардоның есептеуінше, жалақы негізін қалыптастырудың принципіне «өмір сүру қажеттілік деңгейі» алуды ұсынған. Себебі бұл «деңгейлік» жұмысшы мен оның отбасының өмір сүруіне қажетті болды.

Д. Рикардоның ойынша, «өмір сүру қажеттілік деңгейі» «еңбек бағасының табиғи рыногы» болып табылады. Еркін рынокты жақтаушылардың бірі – Жан Батист Сәй (1767 – 1823 ж.ж.) «Саяси экономия тұрақты» (1803 ж.) еңбегінде «өндірістің үш факторы» теориясын ұсынады. Бұған еңбек, капитал, жерді жатқызады. Осы факторлардың қызметін қолданғаны (пайдаланғаны) үшін жалақы, пайда, рента төлем ретінде жүзеге асады.

Рыноктың экономиканы реттеу теориясынынң негізін салушы «кейнстік» мектебі, Дж. Кейнс «Еңбекпен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» деген еңбегінде (1936 ж.) жалақыны реттеудің принципін өндіріс көлемі және тұрғындардың еңбекпен қамтуын тәуелді екендігін ұсынды. Рынок жағдайында жалданып жұмыс істейтін адам еңбегі К. Маркстың пайымдауынша, жұмыс күші «құнының» принципімен төленеді. Неміс социалисі Фердинанд Лассаль (1825 – 1864 ж.ж), бөлуді тепе – теңдік принципін ұсынды: тең еңбек өніміне әркімнің тең құқықтығы, яғни бұрындары кездескен барлық бөлу принципі оның ойынша, бар мүліктің тепе – теңсіздігіне алып барады. Бұл принципін сынға алынды. Өмір игіліктерін тепе – тең бөлу принципі К. Маркстың ойынша, қоғамдағы деградацияға алып келуі мүмкін. Сондықтан да бұл жағдайда адал жұмыскер де және өз жұмысына немқұрайды (жалқау, самарқау) қарайтын адам да өз еңбегіне сый – сияпатты тең алуы әбден мүмкін. Оның ойынша, өмірлік игіліктерді бөлудің бірден – бір мүмкін принципі «еңбегі бойынша», бөлу болмақ. Аталған принциптің өзіндік кемшілігі бар және әлеуметтік әділеттілік критериіне толық жауап бермейді. «Еңбегі бойынша» бөлу тұрғындар табыс деңгейінің теңсіздігіне алып келеді. Бұл теңсіздік былай түсіндіріледі: адамдар өзінің күш – қайратымен және қабілеттілігмен, отбасы жағдайымен және еңбеккке қатынасымен ерекшеленеді. Еңбектің сандық (ұзақтығы мен интенсивтігі) және оның сапалық (күрделілігі және басқада еңбек жағдайлары) әртүрлілігі, теңсіздігі болады. Бұл принциптің артықшылығы сонда, әрбір адамның еңбек нәтижесінде мүдделілігін қамтамасыз етеді. Өзінің біліктілігін көтеруге мүдделілік ол жеке адамның ғана емес, кәсіпорын, тіпті қоғамның мүддесіне жауап береді [1].

Еңбек нарығы жұмыс күшінің ұсынысы мен оны жалдаумен, яғни сату-сатып алумен байланысты қоғамдық қатынастар жүйесін білдіреді. Еңбек нарығында өзара екі жақ әсер етеді: жұмыс күшінің иелері - сатушылар және жұмыс берушілер - сатып алушылар.Мұнда еңбекті құндық бағалау жүзеге асады, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың айырбасы мен құрылымы қалыптасады. Ерекше атап өтетін нәрсе, мұнда сату - сатып алу объектісі жай тауар емес, ерекше тауар - адамның жұмыс күші, оның еңбекке деген қабілеті. Ол адамның табиғаты және арнайы білімі мен тәжірибе арқылы жинақталатын қасиеттерін сипаттайды, ал олар адамды белгілі бір еңбекті, нақты іс - әрекетті жүзеге асыруға қабілетті етеді. Нақты айтар болсақ, бұл тауар айырбасталатын нарық еңбек нарығы емес, «жұмыс күші нарығы» түсінігінің синонимі ретінде экономикалық әдебиеттерде жиі қолданылады.

Еңбек нарығы - бұл ерекше тауар - адамның жұмыс күші немесе еңбекке қабілеті айырбасталатын тауар нарығының ерекше түрі. Экономикалық категория ретінде жұмыс күші, бір жағынан жұмыс күшінің иесі - сатушы мен екінші жағынан, жұмыс беруші - жұмыс күшін сатып алушы араларындағы қатынастарды сипаттайды.

Нарықтық қатынастар жүйесінде еңбек нарығы өндірістік ресурстардың басқа нарықтары-капитал нарығы, тауарлар нарығы, инвестиция нарығы, ақша нарығы, т.б. секілді ішкі жүйе болып табылады және нарық жүйесінің ажырамас бөлігіне айналады; ол ондағы процестерден, оның даму беталысы мен бағыттарынан бөлектенбейді. Еңбек нарығының жағдайы басқа нарықтардың жағдайымен, олардың жіктелу деңгейімен, барлық экономикалық жүйенің даму деңгейі мен тығыз байланысты. Еңбек нарығының шегі жұмыс күшіне жиынтық сұраныс пен ұсыныстың жалпы көлеміне тәуелді, яғни еңбек парығы субъектілерінің құрамына жұмыс іздеп жүргендер де, еңбек ақысы бар жұмыспен қамтылғандарда кіреді. Жұмыс күшіне сұраныс жұмыс күшінің бағасына-жалақы мөлшеріне кері тәуелді. Басқа жағдайлар тұрақты болғанда, жалақы өскен сайын тепе-теңдікті сақтау мақсатында кәсіпкер еңбекке сұранысты қысқартып, ал жалақы төмендегенде сұранысты арттыруы тиіс.

Еңбек ұсынысы, төмендесе еңбек ұсынысы азаяды. П.Самуэльсонның пікірінше қоғамдағы жиынтық еңбек ұсынысы келесі фактормен анықталады:

- халықтың жалпы санымен;

- жалпы тұрғындар ішіндегі өзін - өзі жұмыспен қамтығандардың үлесімен;

- апта ішінде және жыл бойы жұмысшылармен атқарылатын сағаттардың орташа санымен;

- еңбектің санымен, сапасымен және біліктілігімен [14, 605б].

Экономикалық әдебиетте еңбек нарығының көлемі тек жұмыссыздармен шектеледі деген пайымдаулар аз емес.

Бұл еңбек нарығының шекарасын тарылтып оны жұмыс орындарын іздеумен шектейді, осыған байланысты еңбек ақы жұмыс орнының тұрақтылығы, біліктіліктің артуы және еңбекшілерді қайта даярлау, әлеуметтік әріптестік секілді сұрақтар одан тыс қалады. Сондықтан еңбек нарығының қызмет етуі жұмыстан босау, қайта даярлау және еңбекпен қамтамасыз етумен ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік – еңбектік қатынастардың субъектілері араларындағы келіссөздер, сауда арқылы жұмыс күшінің әртүрлі сапаларын қайта бағалауды жүзеге асыру қабілетінен көрінеді.

Егер келесідей жағдайлар сақталынатын болса, еңбек нарығы тиімді қызмет ететін болады:

· жұмысшылар мен жұмыс берушілердің жеке және экономикалық еркіндігі, оның экономикалық негізі меншік нысандарының көптүрлілігі болып табылады;

· жұмыс күшінің саны мен сапасы, жұмысшыларды жұмысқа алу және шығару туралы шешім қабылдауда жұмыс берушінің дербес құқығы;

· жұмыс күшін сатушы мен сатып алушы арасындағы қатынастардың басты реттегіші болып табылатын жалақының өсуіне шектеулердің болмауы;

· кәсіби мобильділікке әкелетін жұмыс күшінің еркін қозғалысы, яғни жекелеген мамандықтарға қоғамдық қажеттіліктердің өзгеруімен байланысты біліктілікті өзгерту; көшіп – қону мобильділігі, яғни жұмыс орнын, тұрғылықты жерін ауыстыру, негізгі қызмет шеңберінен тыс еңбек ету сферасын ұлғайту.

Еңбек нарығының классикалық анықтамасы бойынша, бұл нарықта көптеген сатушылар мен сатып алушылар қызмет етеді, олардың әрқайсысының нарыққа енуі еркін, бірақ олардың ешқайсысы бағаға елеулі әсер ете алмайды. Алайда қазіргі рыноктық жағдайдағы рыноктар жетілмеген рыноктар ретінде қызмет етеді. Мұнда біріншіден, кәсіподақтар монопольды сатушы болса, екіншіден, фирмалар мен кәсіпорындар жалдамалы жұмысшыларға өз шарттарын қоя отырып, өз монополиясын қарсы қояды. Осыған қарамастан кәсіподақтар да, ірі фирмалар да еңбек нарығына аутсайдерлер мен шетелдіктердің, жұмыс беруші – бәсекелестердің енуін шектеу саясатын жүргізеді.

Осыған орай қазіргі еңбек нарығы өзін-өзі реттеу сипатынан айырылып,белсенді мемлекеттік реттеу объектісіне айналған жұмыс күшінің ұсынысымен сұранысы көп жағдайда жоспарланады және оқыту мен қайта даярлау жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі, ал еңбек бағасы шарттармен ұжымдық келісімдер негізінде анықталады және келісімге келетін жақтардың экономикалық күштеріне тәуелді. Бұл еңбек нарығында үш субъектінің: жалдамалы жұмысшылардың, жұмыс беруші – фирмалардың және мемлекеттің әрекет ететіндігін білдіреді.

Еңбек нарығындағы мемлекеттің рөлі жалпы ұлттық экономиканы реттеудегі секілді біртекті емес. Біріншіден, мемлекеттің белсенді араласуы нарықтық механизмді бұзады және еңбектің мобильділігі мен еңбек етуге ынтаның төмендеуі секілді теріс салдарды өсіреді, мысалы, кепілдендірілген жалақы инфляциялық процестердің өсуіне әкеледі. Екіншіден, мемлекет жұмыс күшінің ұсынысы мен сұранысын қалыптастыру процесіне араласа отырып, жалдамалы жұмысшыларға жұмыс түрлері мен жұмыс күнінің ұзақтығын таңдау нұсқаларын ұсынады,бос уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, бұл соңғы нәтижеде еңбек өнімділігіне қолайлы әсер етеді, Сонымен бірге кадр саясатын анықтау және жүзеге асыруда жұмыс берушілерге де үлкен еркіндік ұсынады.[ 7, 92 - 94 б]

Еңбек нарығында жұмыс күші бір жағынан сатылады, ал екінші жағынан оны сатып алады. Сондықтан жұмыс күші деген ұғымға тоқталайық. Жұмыс күші дегеніміз адамның физикалық және ой қабілеті, осы қабілетін ол материалдық және рухани игіліктерді өндіруде пайдаланады. Жұмыс күшінің еңбекке деген қабілеті әр түрлі болады, алайда еңбек кезінде оның барлығы бірдей қолданылмайды. Сондықтан, жұмыс күшінің нақтылы еңбекке қажет қабілеттері бағаланады, белгілі кәсіп жасауға жұмсалынған жұмыс істеу қабілеттері өмірге, тіршілікке қажет заттарға айырбасталынады. Демек еңбек нарығы дегеніміз “жұмыс істеп жүрген” жұмыс күші нарығы. Ол қоғамда туған жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс, кәсіптік қабілет пен оны бағалаумен, жұмыс күшті белгілі уақыт ішінде пайдалану қатынастармен байланысты. Бұл жерде айырбастау, сату, сатып алу объекті ретінде еңбекке деген қабілеттің істе көрінуі, басқаша айтқанда, іске қосылған жұмыс күші болмақ.

Еңбек басқа өндіріс факторлары сияқты жалақы деп аталады, табыс әкеледі. Жалақы еңбекке марапаттау ретінде көрінеді. Бұл даусыз шындықты барлық зерттеушілер мойындады.

Қазақстан тәжірибесіне келсек, Ресеймен салыстырғанда, еңбек нарығын қалыптастыруда біраз алда болса керек. Жұмыс күшінің жылжымалдылығы жоғары, әр түрлі кадрлар дайындауда жеке меншіктегі оқу орындары кәдімгідей үлкен роль атқарады. Ал әлеуметтік объектілерге келсек, Қазақстанда пәтер-үй мен коммуналдық шаруашылық саласында реформа жасалғанына біраз жыл болып қалды. Сонымен қатар зейнет жүйесіндегі реформа, жалпы экономикалық реформа, Ресейге қарағанда жақсы нәтиже беріп отыр. Сондықтан екі елдегі еңбек нарығының ұқсастығынан гөрі айырмашылықтары уақыт өткен сайын көбейіп жатыр.

Нарықтың даму дәрежесіне қарай, талдау мақсаты және де басқа қолданылатын критерийлер бойынша нарықты әр түрлі сегменттерге бөлуге болады. Мысалы, еңбек қатынасының тұрақтылығына қарай еңбек нарығын үш секторға бөледі:

- бірінші сектор. Бұл секторда еңбеккерлер тұрақты және толық уақыт жұмыс істейді, олардың жалақысы жоғары болып келеді. Қызметкерлердің шеберлігін арттыруға, өндірісті басқаруға қатысуына жағдай жасалынады. Жұмыс орнында озық технология қолданылады, кәсіподақ рөлі күшті болып келеді;

- екінші секторда адам жартылай жұмыспен қамтылады, маусымдық жұмыс тараған, жұмыс орындары қарапайым және мәртебесі төмен, еңбек ақы мардымсыз, әлеуметтік қорғау жүйесі жете дамымаған, кәсіподақ орын теппеген;

- үшінші сектор жұмыссыздарды біріктіреді. Мемлекеттің еңбек нарығына ықпал жасау дәрежесіне қарай екі сегментті айыруға болады;

- мемлекет жұмыспен қамту жөніндегі қызмет орындары реттейтін нарық. Сан тұрғысынан оған ресми тіркелген жұмыссыздар, жұмыс іздеп жүргендер және кәсіптік бейімделуге дайындауға және қайта дайындауға құштар жұмыссыздар жатады. Осы контингент жұмыс күшінің ұсынысын қалыптастырады;

- бақылаудан тыс қалған жұмыс күші нарығы. Бұған жұмысқа орналасумен айналысатын ресми органдарының бақылауынан тыс қалған жұмыс күшінің ұсынысының бір бөлегі және бос жұмыс пен оқу орындары жатады. Олар жұмысқа жұмыс берушілермен тікелей түйісу арқылы орналасады. [5, 45-50 б]

Еңбек нарығының өзгеше сегменті ретінде жасырын еңбек нарығын атауға болады. Бұл нарыққа ресми секторда жұмыс істеп жатқан адамдар жатады, бірақ олар толық жұмыс уақытын әр себеппен пайдаланбайды.

Жұмыспен қамту жеке тұлғалардың олардың жеке және қоғамдық сұраныстарын қанағаттандыруымен байланысты, оларға еңбекақы немесе еңбек табыстарын әкелетін, заңға қайшы келетін іс-әрекеттері сондай-ақ осыған байланысты пайда болатын еңбек нарығындағы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың теңестіру дәрежесінің сипаты ретіндегі әлеуметтік-экономикалық қатынастар. Жұмыспен қамтудың формаларын зерттеу осынау аса күрделі әлеуметтік-экономикалық категорияның мазмұнын толығырақ ашуға мүмкіндік береді. Тек осы проблемалардың барлық аспектілеріне жан-жақты зерттеудің негізінде ғана жұмыспен қамту саясатының басымдылықтарын таңдап оларды жүзеге асырудың пәрменді стратегиясын құруға болады. [8, 45-50 б]

Наши рекомендации