Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру. 3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:

3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:

- Шекті пайдалылық теориясы, оның экономикалық талдаудағы рөлі мен орны;

- Талғамсыздық қисықтары және оларды талдау;

- Қазіргі кездегі тұтынушының рөлі мен құқықтары;

- Тұтыну сұранысы және оның қазіргі түрлері;

- Пайдалылық және құндылық, оларды арттырудың жолдары;

- Хикс және Слуцкий бойынша алмастыру және табыс әсерлерін талдау.

4. Өзіндік жазба жұмыстар бойынша конспект жазу:

- Энгель заңдары және Энгель қисықтары. Торнквист қисықтары;

- Антиигіліктер. Гиффен тауарлары және Гиффен парадоксы;

- Алмастыру әсері және табыс әсері (Хикс және Слуцкий бойынша).

5. Тақырып бойынша мысалдарды, жаттығуларды, есептерді, ситуацияларды, т.б. тапсырмаларды орындау:

1. Айталық, сіздің бір апталық табысыңыз 400-ге тең және оны сіз барлық ақшаңызды балмұздақ пен киноға жұмсайсыз.

1 балмұздақтың бағасы 4-ке тең, ал киноның 1 билеті 10-ға тең.

а) Бюджет сызығын салыңыз. Ақшаңызды тек қана киноға жұмсасаңыз, онда қанша рет киноға барар едіңіз? Егер кинодан бас тартсаңыз, онда ақшаңыздың барлығына неше балмұздақ сатып алар едіңіз?

б) Егер сіздің апталық табысыңыз 200-ге дейін қысқарса, онда сіз тұтынатын тауарларыңыздың санына қалай әсер ететінін көрсетіңіз.

в) Егер киноға бару билетінің бағасы 20-ға өссе, онда бұл жағдай графикте қалай өзгереді.

г) Айталық, сіз балмұздақтың бағасынан жеңілдік аласыз. Баға сатып алынатын балмұздақтың санына сәйкес өзгереді. Егер сіз аптасына 20 дана балмұздақ тұтынсаңыз, онда 1 балмұздақтың бағасы 4-ке тең болады, ал егер сіз аптасына балмұздақты 20 данадан көп тұтынатын болсаңыз, онда 1 балмұздақтың бағасы

2-ге тең болады. Осы жағдайды график арқылы сипаттаңыз.

2. Кестенің бос орындарын толтырыңыз:

Тауарлар саны Жалпы пайдалылық Шекті пайдалылық
 
 
 

3. Кестеде екі тауардың (F тамақ өнімдері және Н – киноға бару) үш жиыны берілген, олардың әрқайсысының пайдалылықтары әртүрлі болып келеді.

Жиын 1 (талғамсыздық қисығы IC2) Жиын 2 (талғамсыздық қисығы IC2) Жиын 3 (талғамсыздық қисығы IС3)
Н F H F H F

Кестенің мәліметтерін талдаңыз және мынадай сұрақтарға жауап беріңіз:

А) үш талғамсыздық қисығын салыңыз;

Б) талғамсыздық қисықтарының қайсысы пайдалылықтың ең жоғарғы деңгейін көрсетеді?

В) талғамсыздық қисықтарының қайсысы пайдалылықтың ең төменгі деңгейін көрсетеді?

Г) тауарлардың мына комбинацияларын қарастырыңыз:

50Н және 8F (1);

45Н және 4F (2);

12Н және 45F (3);

25Н және 16F (4);

21Н және 11F (5).

осы комбинацияларды талғамсыздық қисықтарында көрсетіңіз;

д) осы мәліметтер тұтынушы таңдауының оптималды нүктесін табу үшін қолданылуы мүмкін бе?

4. Кестеде келтiрiлген мәлiметтер негiзiнде келесi тапсырмаларды орындаңыз:

А) Осы кестедегi мәлiметтерге сәйкес Х,У, Z – тұтынушылардың сұраныс қисықтарын сызыңыз.

Б) Осы тұтынушылардың сұраныс қисығын сызып болғаннан кейiн нарықтық сұраныс қисығын сызыңыз.

В) Х және У тұтынушылардың тарапынан бұл тауарға деген сұраныс екi есе өстi, бiрақ Z тұтынушы тарапынан бұл тауарға деген сұраныс екi есе азайды. Сәйкесiнше, осы тұтынушылардың сұраныс қисықтарын және нарықтық сұраныс қисықтарын өзгертiңiз.

Х-тұтынушы У-тұтынушы Z-тұтынушы
Баға, теңгемен Сұраныс көлемi, бiрлiк Баға теңгемен Сұраныс көлемi, бiрлiк Баға теңгемен Сұраныс көлемi, бiрлiк

5. Х және У тауарын тәуелсіз тұтынудың пайдалылығы сол игіліктердің кез-келген санына сәйкес келеді. Бұл тәуелділік кестеде көрсетілген:

Q
TUx
TUy

Тұтынушының табысы 64-ке тең, Х тауарының және У тауарының бағалары сәйкесінше мынадай: Рх – 8, Ру – 3.

а) берілген табыс деңгейінде максималды пайдалылыққа ие болатын Х игілігінің санын анықтаңыз.

б) берілген табыс деңгейінде максималды пайдалылыққа ие болатын У игілігінің санын анықтаңыз.

6. Тұтынушы А және В тауарын тұтынуда пайдалылықты максималдады. В тауарының бағасы – 100 бірлік. Егер А тауарының шекті пайдалылығы В тауарының шекті пайдалылығына қарағанда екі есе кіші болса, онда А тауарының бағасы қаншаға тең?

7. Егер кестеде өнімнің саны мен оның жалпы пайдалылығы берілген болса, онда шекті пайдалылықты анықтаңыз:

Q
TU
MU          

8. Егер MUх = 20, MUу = 60; ал Рх = 4, Ру = 12 болса, онда тұтынушы тепе-теңдік жағдайда бола ма?

9. Кестеде А және В тауарларының талғамсыздық қисықтары (U1 және U2) бойынша мәліметтер берілген:

U1 А
  В
U2 А
  В

а) U1 және U2 талғамсыздық қисықтарын салыңыз;

б) қисықтардың қайсысы пайдалылықтың ең жоғарғы деңгейін көрсетеді.

10. Айталық, тұтынушының табысы 400 бірлікке тең және ол тек Х және У тауарына ғана толығымен жұмсалады. Х тауарының бағасы 40 бірлікке тең, ал У тауарының бағасы 50 бірлікке тең. Осы мәліметтер негізінде тұтынушының бюджет сызығын салыңыз.

11. Айталық, тұтынушының табысы 360 бірлікке тең және ол тек Х және У тауарына ғана жұмсалады. Х тауарының бағасы 40 бірлікке тең, ал У тауарының бағасы 30 бірлікке тең. Осы мәліметтер негізінде:

а) тұтынушының бюджет сызығын салыңыз;

б) тұтынушының табысы 480 бірлікке дейін өскенде бюджет сызығы қалай өзгереді.

12. Айталық, тұтынушының табысы 150 бірлікке тең және ол тек Х және У тауарына ғана жұмсалады. Х тауарының бағасы 15 бірлікке тең, ал У тауарының бағасы 10 бірлікке тең. Осы мәліметтер негізінде:

а) тұтынушының бюджет сызығын салыңыз;

б) Х тауарының бағасы 30 бірлікке дейін өскенде бюджет сызығы қалай өзгереді;

в) Х тауарының бағасы 25 бірлікке және У тауарының бағасы 15 бірлікке өзгерді, жаңа бюджет сызығын салыңыз, жағдай қалай өзгерді?

г) егер бір тауардың бағасы өзгерсе, онда бюджет сызығы қалай өзгереді, ал екі тауардың бағасы да өзгерсе ше?

13. Айталық, тұтынушының табысы 380 бірлікке тең, А тауарының бағасы 20 бірлікке тең, ал В тауарының бағасы 10 бірлікке тең. Мына комбинациялардың қайсысы бюджет сызығының бойында жатады:

а) 10А және 20В;

б) 10А және 18В;

в) 10А және 22В;

г) 6А және 20В.

14. Айталық, тұтынушының табысы толығымен Х және У тауарын тұтынуға жұмсалады. Х тауарының тауарының бағасы жоғарылады. Үкімет халықтың бағаның өсуі салдарынан шеккен зиянын ақшалай өтеуге шешім қабылдайды:

а) бұл жағдайда тұтынушы өзінің қажеттілігін қанағаттандырудағы бұрынғы деңгейін сақтай ала ма?

б) Х тауарын тұтыну қалай өзгереді?

в) тұтыну сипаты өзгерген жағдайда қандай әсер орын алуы мүмкін?

15. Кестенің мәліметтеріне сәйкес алманы тұтынудың жалпы пайдалылығын анықтаңыз:

Q
MU
TU            

а) MU қисығын салыңыз;

б) TU қисығын салыңыз;

в) MU және TU қисықтарының сипатын түсіндіріңіз.

16. Айталық, бюджет сызығының формуласы былай берілген:

800 = 4*Рх + 8*Ру

а) Х тауарының бағасы 100-ге тең болса, онда У тауарының бағасын табыңыз;

в) бюджет сызығын салыңыз.

17. Айталық, бюджет сызығының формуласы былай берілген:

І = 4*Рх + 6*Ру

а) Рх 20 бірлікке тең, ал Ру 40 бірлікке тең, табысты анықтаңыз;

в) бюджет сызығын салыңыз.

18. Айталық, тұтынушы тек картоп пен етті тұтынады. Қандай жағдайда картоп бағасының өсуі оған деген сұранысты арттыруы мүмкін?

19. Тұтынушы тәртібінің теориясы тұрғысынан мына жағдайды түсіндіріңіз: 50 мың доллардан артық сома ұтып алған адамдардың ішінен 25 пайызы келесі жылы мүлдем жұмыс істемеген.

20. Пайыз мөлшерлемесі артқанда табыс эффектісі мен алмастыру эффектісі жинақтауға қалай әсер етеді?

21. Айталық, импорттық теледидарларға салық енгізудің нәтижесінде оның бағасы 300-ден 400-ге артты. Осының салдарынан сұраныс 8 мыңнан 5 мыңға дейін төмендеді:

а) бұл жағдайды график арқылы сипаттаңыз;

б) тұтынушылар мен сатушылардың ұтыстарының жоғалуын (ұтылыстарын) көрсетіңіз;

в) үкіметтің табысы қаншаға тең болады?

22. Айталық, ет өнімдеріне субсидия енгізудің нәтижесінде оның бағасын 4-тен 3-ке төмендетеді. Осының салдарынан сұраныс 4 бірліктен 8 бірлікке дейін өседі:

а) бұл жағдайды график арқылы сипаттаңыз;

б) тұтынушылар мен сатушылардың ұтыстарын график арқылы көрсетіңіз.

23. Кестенің мәліметтері негізінде кофені тұтынудың шекті пайдалылығын анықтаңыз:

Q
TU
MU            

а) MU қисығын салыңыз;

б) MU қисығының сипатын түсіндіріңіз;

в) MU қисығының формасы сұраныс заңын сипаттай ма?

24. Болат бір айда 5 рет концертке барады деп ұйғарсақ және оның әр концертке төлей алатын бағасы төмендегідей:

Концерт саны
Шекті пайдалылық, тг.

Бір концертке билет алу бағасы 15 теңге. Болат бір айда неше рет концертке бара алады? Оның тұтынушылық ұтымын көрсетіңіз. Болаттың концертке деген сұраныс қисығын сызыңыз.

6. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:

1. Тұтынушының бюджеті өскен кезде «табыс - тұтыну» қисығы сапасыз тауарлар үшін қандай түрге ие болады?

А) оң бағытталған сызық болып келеді В) теріс бағытталған сызық болып келеді

С) көлденең сызыққа айналады D) тік сызыққа айналады

Е) бұл қисық сапасыз тауарлар үшін қолданылмайды

2. Госсеннің бірінші заңы – тұтыну барысында тұтынылатын игіліктің әрбір қосымша бірлігінің пайдалылығы...:

А) өседі В) тепе-теңдікке ұмтылады С) төмендей береді D) тұтынушының қажеттілігін толық қанағаттандырмайды Е) аталғандардың барлығы дұрыс емес

3. Мына тұжырымдардың қайсысы дұрыс емес:

А) тұтыну – бұл қажеттіліктердің нақты қанағаттандырылу үрдісі

В) қажеттілік – бұл адамның қанағаттанушылық жағдайы

С) тұтынылатын игіліктің саны өскен сайын оның жалпы пайдалылығы да артады

D) шекті пайдалылық – бұл ең жоғарғы пайдалылық

Е) тұтынылатын игіліктің саны өскен сайын оның шекті пайдалылығы төмендейді

4. Тұтынушының ұтымы - бұл:

А) тұтынушыға қажет емес ақша сомасы

В) салықтың көмегімен мемлекеттің тұтынушыдан тартып алатын ақша сомасы

С) тұтынушының төлеуге дайын бағасы мен нарықтық баға арасындағы айырмадан ұтатын ақша сомасы

D) жоғары сапалы өнім өндіретін өндіруші – фирмаларға тұтынушының бергісі келетін ақша сомасы

Е) тұтынушының қолындағы нақты ақша сомасы

5. Спекулятивті сұраныс – тұтыну сұранысының бір түрі ретінде қалай сипатталады?

А) қоғамда аса жоғары инфляциялық күтімдердің болуымен байланысты туындайды, яғни бағалардың келешектегі өсіп кету қаупі тұтынушылардың тауарларды қазіргі уақытта көбірек тұтыну (сауда-саттық жасау) ынтасын арттырады

В) бұл жағдайда тұтынушы көпшілікке ілеспей ерекше бір тауарды сатып алуға ұмтылады

С) тауардың аса жоғары бағаға ие болуымен байланысты тұтыну сұранысының көбею әсері

D) бұл адамның көңіл-күйінің күрт өзгеруіне байланысты, аяқ астынан қалауының болуы әсерінен пайда болатын жоспарланбаған сұраныстың бір түрі

Е) тұтынушының белгілі бір уақытқа алдын-ала жоспарлап қойған сұраныстарының көлемі

6. Гиффен тауарлары – бұл:

А) тұтынушының бюджетінде үлкен үлеске ие болатын сапасыз тауарлар

В) тұтынуда бірін бірі алмастыратын тауарлар

С) тұтынуда бірін бірі толықтыратын тауарлар

D) адам өмірінде ең аз тұтынылатын тауарлар

Е) бұл тауарлар әрқашанда сапалы тауарлар ретінде қарастырылады

7. Шектi пайдалылықтың төмендеу заңы – ол:

А) бiрiншi қажеттiлiктегi тауарлардың бағасына қарағанда, сән, байлық заттарының бағасына шектi пайдалылықтың қатысы

В) сатып алынып жатқан тауарлардың саны өскен сайын, тауардың әр бiрлiгi сайын алынып келетiн пайдалылық төмендейдi

С) барлық тауарлардың бағасына шектi пайдалылықтың қатысы бiрдей болады

D) тұтынушының табысы өскен сайын сатып алынып жатқан тауарлардың пайдалылығы төмендейдi

Е) жауаптардың ешқайсысы дұрыс емес

8. Тұтыну әрекетi теориясы бойынша тұтынушы нені максималдауға тырысады:

А) жалпы және шектi пайдалылық айырмашылығын В) жалпы пайдалылықты

С) орташа пайдалылықты D) шектi пайдалылықты Е) барлығын

9. Жеке тұтынушыға арналған талғамсыздық қисығының иiлуi мен орны мынамен түсiндiрiледi:

А) оның талғамы мен табысының мөлшерiмен В) сатып алынып жатқан тауарлардың бағасымен С) талғамы, табысының мөлшерi мен сатып алынып жатқан тауарлардың бағасымен D) тек оның талғамымен Е) сатып алынып жатқан тауарлардың бағасы мен табыс мөлшерiмен

10. Тұрғындардың табыстары өскен кезде тауардың қандай категориясына сұраныс төмендейді:

А) бірінші қажеттіліктегі тауарларға В) қымбат заттарға С) сапасы төмен тауарларға

D) икемділігі 1-ге тең тауарларға Е) керісінше барлық тауардың категориясына сұраныс өседі

11. Бағаның өсуі салдарынан тауарға деген сұраныс мөлшерінің де өсуін қалай атауға болады:

А) табыс эффектісі В) Гиффен парадоксы С) Энгель парадоксы D) алмастыру эффектісі

Е) мұндай құбылыс ешқашан орын алмайды, өйткені бұл сұраныс заңына қайшы

12. Өзін-өзі жоғары ұстау (сноб) әсері – сұраныстың бір түрі ретінде қалай сипатталады?

А) тұтынушының жалпы қабылданған нормаларды сақтай отырып, басқалары сатып алған сол тауарды сатып алумен байланысты тұтыну сұранысының өсу әсері

В) бұл жағдайда тұтынушы көпшілікке ілеспей ерекше бір тауарды сатып алуға ұмтылады

С) тауардың аса жоғары бағаға ие болуымен байланысты тұтыну сұранысының көбею әсері

D) бұл адамның көңіл-күйінің күрт өзгеруіне байланысты, аяқ астынан қалауының болуы әсерінен пайда болатын жоспарланбаған сұраныстың бір түрі

Е) тұтынушы көпшілікке ілесіп, солар сатып алған тауарларды тұтынуы

13. Бірдей пайдалылыққа ие игіліктер жиынтығы:

А) бір талғамсыздық қисығының бойында жатады В) Энгель қисығының бойында жатады

С) сұраныс қисығының бойында жатады D) бюджет шектеулілігі сызығының бойында жатады Е) сынған сұраныс қисығының бойында жатады

14. Гиффен тауарлары – бұл игіліктерге:

А) тұтынушының ақшалай табыстары өскен кезде сұраныс өседі В) баға өскен кезде оның сұраныс көлемі де өседі С) тұтынушының нақты табысы төмендегенде және салыстырмалы бағалары өзгермеген кезде сұраныс өседі D) баға өзгергенде сұраныс өзгермейді Е) сұраныс көлемін анықтау жуық арада мүмкін емес

15. Екі тауардың қиылысқан икемділігі нөлге тең. Бұл қандай тауарлар болуы мүмкін:

А) сыра мен шырын В) үстел мен орындық С) компьютер мен сөмке D) ет пен сыр

Е) ұялы телефон және оның батареясы

16. Егер табыстың түсуi тауарға сұранысты арттырса, онда бұл қандай тауар:

А) сапасы төмен тауар В) қажет емес әсемдiк бұйымы С) толықтырушы тауар

D) орын басушы тауар Е) Энгель тауарлары

17. Субститут - тауарлар деген не?

А) бірін-бірі ауыстыратын тауарлар В) бірін-бірі толықтыратын тауарлар С) бағалары бірдей тауарлар D) бірінші қажеттілікті тауарлар Е) шетелде өндірілген тауарлар

18. Тұтынушы табысының артуынан нашар (төмен сапалы) тауарларды тұтыну:

А) өзгермейді В) артады С) кемиді D) анықталмаған Е) бұл тауарлар табысқа байланыссыз үнемі тұтыныла береді

19. Госсеннің екінші заңы – тұтынушы әртүрлі игіліктерді тұтыну кезінде максималды пайдалылыққа жету үшін..:

А) әрбір игілікті тұтынудан көретін жалпы пайдалылықты олардың бағаларына теңестіруі қажет В) шекті пайдалылықты барлық тұтынылатын игіліктердің бағаларымен теңестіруі қажет С) бағаны есепке ала отырып шекті пайдалылықтың төмендеу мөлшеріне байланысты игілікті тұтынуы қажет D) алдымен ең пайдалы және арзан игіліктерді тұтынуы қажет, содан кейін біртіндеп аса қымбат және арзан емес игіліктерді тұтынуы қажет Е) шекті пайдалылық барлық тұтынылатын игіліктердің бағаларынан жоғары болуы қажет

20. Егер тұтынушының табысы өссе, онда:

А) бюджет сызығы параллельді түрде жоғары жылжиды В) бюджет сызығы жылжиды, бірақ параллельді түрде емес С) бюджет сызығы өз бағытын өзгертпейді

D) бюджет сызығының жаңа бағыты туралы біз ештеңе айта алмаймыз

Е) бюджет сызығы параллельді түрде төмен жылжиды

21. Жалпы пайдалылықты максималды түрде қанағаттандыру үшін:

А) шекті пайдалылық нөлге тең болу керек В) шекті пайдалылық максималды мәнге ие болу керек С) шекті пайдалылық минималды мәнге ие болу керек D) шекті пайдалылықтың мәні теріс болу керек Е) шығындарды үнемдеу қажет

22. Тұтынушы табысының өзгеруінен берілген игілікке сұраныс өзгермеген болса, онда табыс әсері:

А) кемиді В) артады С) нөлге тең D) теріс мәнге ие болады Е) оң мәнге ие болады

23. Талғамсыздық қисықтары - бұл:

А) бірдей пайдалылық әкелетін екі экономикалық игіліктің әртүрлі комбинациялары

В) пайдалылығы бірдей тұтынушылық жиынтықтар

С) бір игілікті екіншісімен ауыстырудың тиімді тәсілдері

D) тұтынушының талғамдары мен ұнамдылықтарын сипаттайды

Е) осы аталған тұжырымдардың барлығы дұрыс

24. Көпшілікке ілесу әсері – тұтыну сұранысының бір түрі ретінде қалай сипатталды?

А) тұтынушының жалпы қабылданған нормаларды сақтай отырып, басқалары сатып алған сол тауарды сатып алумен байланысты тұтыну сұранысының өсу әсері

В) бұл жағдайда тұтынушы ерекше бір тауарды сатып алуға ұмтылады

С) тауардың аса жоғары бағаға ие болуымен байланысты тұтыну сұранысының көбею әсері

D) бұл адамның көңіл-күйінің күрт өзгеруіне байланысты, аяқ астынан қалауының болуы әсерінен пайда болатын жоспарланбаған сұраныстың бір түрі

Е) болашақтағы сұраныс көлемі

25. Пайдалылықты зерттеудегі кардиналистік теорияның ординалистік теориядан айырмашылығы, ол:

А) модельдерді қолданбайды В) субъективті қалауларды немесе ұнамдылықтарды қарастырмайды С) пайдалылықты өлшеудің сандық әдісін қолданады

D) пайдалылықты өлшеудің сапалық әдісін қолданады

Е) пайдалылықты табиғаттың заңдылықтары арқылы қарастырады

26. Табыс әсері қалай туындайды?

А) тауар бағасының төмендеуі (басқа шарттар тұрақты болғанда) тұтынушының нақты табысын арттырады

В) тауар бағасының жоғарылауы тұтынушының номиналды табысын арттырады

С) бюджет сызығы талғамсыздық қисығымен жанаспалы болып келгенде

D) тауар бағасының төмендеуі (басқа шарттар тұрақты болғанда) тұтынушының нақты табысын төмендетеді

Е) табыс өскенде бюджет сызығы төмен жылжиды

27. Табыс өскен кезде тауарға деген сұраныс өсті. Қандай тауар қарастырылып отыр?

А) қалыпты В) сапалы С) сапасы төмен D) жаңа тауар Е) Гиффен тауарлары

28. А тауарының бағасы өскенде тұтынушылардың көбінің сол тауарға деген сұраныс мөлшері де өсті. Бұл жағдайда А тауарын қандай категорияға жатқызуға болады:

А) Гиффен тауарларына В) бірінші қажеттіліктегі тауарларға С) қымбат бағалы заттарға

D) мұндай жағдайдың орын алуы мүмкін емес Е) икемділігі 1- ге тең тауарларға

29. А. Смиттің оғаштығын (парадоксын) қалай түсінуге болады?

А) көп еңбек жұмсалып өндірілген өнім қымбат болады

В) нарықтық баға жалпы пайдалылықпен емес, шекті пайдалылықпен анықталады

С) адам үшін тауар аса бағалы болса, онда оның нарықтық бағасы да жоғары болады

D) тұтынушылар әрқашанда тауардың құндылығын дұрыс анықтайды

Е) тұтынушылар тауардың құндылығын дұрыс анықтай алады

30. Тиімсіз (рационалды емес) сұраныс – тұтыну сұранысының бір түрі ретінде қалай сипатталады?

А) қоғамда аса жоғары инфляциялық күтімдердің болуымен байланысты туындайды, яғни бағалардың келешектегі өсіп кету қаупі тұтынушылардың тауарларды қазіргі уақытта көбірек тұтыну (сауда-саттық жасау) ынтасын арттырады

В) бұл жағдайда тұтынушы көпшілікке ілеспей ерекше бір тауарды сатып алуға ұмтылады

С) тауардың аса жоғары бағаға ие болуымен байланысты тұтыну сұранысының көбею әсері

D) бұл адамның көңіл-күйінің күрт өзгеруіне байланысты, аяқ астынан қалауының болуы әсерінен пайда болатын жоспарланбаған сұраныстың бір түрі, яғни бұл сұраныстың түрі адамның ұтымды шешім қабылдау туралы алғышартын бұзады

Е) көпшілікке ілесу салдарынан пайда болатын сұраныс

31. Мына тұжырымдардың ішінде біреуі дұрыс емес, ол қайсысы?

А) егер есірткі тасымалдауға жазалау шарасы күшейтілсе, онда есірткі нарығындағы ұсыныс қисығы солға жылжиды

В) егер есірткі бизнесін заңдастырып есірткі өндіруге жоғары салық салынса, онда бұл салықтың ауыртпашылығын негізінен нашақорлар көреді

С) мемлекет бағаны тағайындай отырып нарықтық бағаны белгілеуге белсенді түрде араласса, онда тауар тапшылығы орын алады

D) тұтынушының сұранысы өскенде қызыл уылдырыққа деген сұраныс қисығы оңға жылжиды

Е) берілген тұжырымдардың ешқайсысы дұрыс емес

32. Тұтынушы қаржысының шектеулілігі қалай сипатталады:

А) изокванталардың көмегімен В) изокосталардың көмегімен С) бюджет сызығы арқылы

D) талғамсыздық қисықтары арқылы Е) алмастырудың шекті нормасы арқылы

33. Мемлекет тарапынан өндірушілерге қосымша салық салынғаннан кейін:

А) тұтынушы ұтымы азаяды В) тұтынушы ұтымы көбейеді С) тұтынушы ұтымы өзгермейді D) өндіруші ұтымы көбейеді Е) өндіруші ұтымы өзгермейді

34. Гиффен парадоксы – бұл:

А) сұраныс заңына қайшы келетін құбылыс В) ұсыныс заңына қайшы келетін құбылыс

С) алмастыру эффектісін сипаттайды D) табыс эффектісін сипаттайды

Е) бағаның төмендеу нәтижесінде табыстың өсуі

35. Пайдалылық дегеніміз – бұл...:

А) тауардың объективтік қасиеті В) тұтынушының денсаулығына қажетті қасиеттердің жиынтығы С) субъективті құндылық D) тұтынушыға пайдасын тигізетін кез-келген заттар

Е) дұрыс жауабы жоқ

36. Алмастырудың шекті нормасы - бұл:

А) талғамсыздық қисықтарының бұрыштық көлбеу тангенсі В) бір игілікті екіншісімен тиімді ауыстыру С) алмастыру коэффициентінің туындысы D) барлық тұжырымдар дұрыс

Е) барлық тұжырымдар дұрыс емес

37. Егер екі тауар өзара алмастырушы тауарлар болса, онда біріншісінің қымбаттауы неге себеп болады?

А) екінші тауарға сұраныс азаяды В) бірінші тауарға сұраныс артады С) екінші тауарға ұсыныс көлемі қысқарады D) екінші тауарға сұраныс артады

Е) бірінші тауарға ұсыныс көлемі артады

38. Өнімнің әрбір келесі бірлігін тұтыну - … туғызады.

А) оның шекті пайдалылығының азаюын В) шекті пайдалылығының артуын

С) қажеттіліктің қанағаттандырылуын D) осы өнімге деген сұраныстың артуын

Е) осы өнімге деген ұсыныстытың артуынан

39. Айталық, тұтынушылар талғамының өзгеруіне байланысты бірқатар игіліктердің әрбір тұтыну бірлігінің пайдалылықтары өсті. Бұл жағдайда жеке сұраныс қисығы:

А) солға жылжиды В) аса тіктеу сызық болып келеді С) аса жатыңқы сызық болып келеді

D) оңға жылжиды Е) өзгермейді

40. Жеке тұтынушы үшін талғамсыздық қисығының орналасуы мен көлбеулік бағыты қалай түсіндіріледі?

А) сатып алынатын тауарлардың бағалары арқылы В) оның ұнамдылықтарымен С) оның ұнамдылықтарымен және табыс мөлшерімен D) тауардың бағалары арқылы, ұнамдылықтары мен табыс мөлшері арқылы Е) тек табыс мөлшері арқылы

41. Сіз күрте сатып алғыңыз келді және оған 10000 тг. жұмсауға шамаңыз бар. Күртенің тепе-теңдік бағасы 9000 тг. құрайды. Микроэкономикалық талдау тұрғысынан қарағанда сіз үшін 1000 тг. не болады?

А) табыс В) тұтынушы ұтымы С) шекті пайдалылық D) пайда Е) шығын

42. Табыстың өсуіне байланысты тұтынушылар талғамының өзгеруін бейнелейтін қисық:

А) табыс – тұтыну В) баға-тұтыну С) баға-шығындар D) баға-көлемі Е) көлем-табыс

43. Сұраныстың қиылысқан икемділігінің коэффициенті нөлге жақын. Бұл жерде қандай тауарлар қарастырылып отыр:

А) көлік пен бензин В) қалам мен карандаш С) нан мен қант D) кітап және мотоцикл

Е) компьютер мен оның үстелі

44. Тұтынушы қай уақытта өз қажеттілігін максималды түрде қанағаттандыра алады?

А) шекті пайдалылық нөлге жеткенде

В) шекті пайдалылық орташа деңгейге жеткенде

С) жалпы пайдалылық пен шекті пайдалылықтың мәндері теңескенде

D) тұтынушының қаржысы толық жұмсалғанда

Е) шекті пайдалылық максималды деңгейге жеткенде

45. Табыс өскен кезде қандай тауарларға сұраныс өседі?

А) қалыпты тауарларға В) сапалы тауарларға С) сапасы төмен тауарларға D) Гиффен тауарларына Е) монополист – фирмалардың тауарларына

46. Ағашқа сұраныс өскенде шегелерге де сұраныс өседі. Ал сұраныс төмендесе шегелерге де сұраныс төмендейді. Мұндай жағдайда ағаш пен шегелерді қандай тауарларға жатқызуға болады:

А) комплементарлы тауарларға В) Гиффен тауарларына С) субститут тауарларға

D) беделді сұранысқа ие болатын тауарларға Е) икемсіз тауарларға

47. Тұтынушы максималды пайдалылыққа жетеді, егер мынадай шарт орындалса:

А) MUx/Px = MUy/Py

В) MUx/ Px < MUy/ Py

С) MUx/ Px > MUy/ Py

D) Px/MUx = Py/MUy

Е) MUx/Py = MUy/Px

48. Тұтынушының бір айлық табысы 10000 тенге . Тамақтың бағасы 500 тенге (Px=500), киімнің бағасы 2500 тенге (Py=2500). бюджет сызығының ОХ және ОУ осьтерімен қиылысатын нүктелерін анықтаңыз:

А) 20; 4 В) 1/20; ¼ С) 2; 40 D) 40; 2 Е) 20; 40

49. А тауарының шекті пайдалылығы 100. А тауарының бағасы 10. В тауарының бағасы 5. В тауарының шекті пайдалылығы қаншаға тең?

А) 50 В) ½ С) 0 D) 20 Е) 10

50. Әртүрлі баға деңгейіне сәйкес тұтынушының тепе-теңдігінің барлық нүктелерін байланыстыратын қисықты қалай атайды?

А) «баға – тұтыну» қисығы В) «баға - шығын» қисығы С) «баға – көлем» қисығы

D) «көлем - тұтыну» қисығы Е) «тұтыну» қисығы

51. Егер тұтынушының табысы өссе, онда:

А) бюджет сызығы параллельді түрде жылжиды В) бюджет сызығы жылжиды, бірақ параллельді түрде емес С) бюджет сызығы өз бағытын өзгертпейді D) бюджет сызығының жаңа бағыты туралы біз ештеңе айта алмаймыз Е) бюджет сызығы координат басына жақындайды

52. Тұтынушы салықты көп мөлшерде төлейді, егер:

А) сұраныс икемсіз болса В) сұраныс икемді болса С) сұраныс абсолютті икемді болса

D) ұсыныс икемсіз болса Е) тұтынушы тұтыну кезінде салық төлемейді

53. Егер табыстың төмендеуi тауарға сұранысты арттырса, онда бұл тауар:

А) сапасы төмен тауар В) қажет емес әсемдiк бұйымы С) артық толықтырушы тауар

D) жақсы орын басушы тауар Е) сапалы тауарлар

54. «Баға - тұтыну» қисығы:

А) екі игіліктің біреуінің бағасының өзгеруіне байланысты тұтынушының тепе-теңдік шартын көрсетеді В) игілік бағасының бір уақытта өзгеруі нәтижесіндегі тұтынушының тепе-теңдік шартын көрсетеді С) тауарға деген сұраныстың функциясы D) тауар бағасының динамикасын көрсететін қисық Е) тұтыну мөлшерін көрсететін оң бағыттағы қисық

55. Веблен әсерінің түсініктемесі:

А) қас-қағым сәтте пайда болатын жоспарланбаған сұраныстың бір түрі

В) басқа адамдардың берілген тауарларды тұтынғанда дәл осы тауарларға деген сұраныстың өзгеру эффектісі

С) тауар бағаларының өте жоғары болуымен байланысты тұтыну сұранысының көбею эффектісі

D) тауар бағаларының өте төмен болуымен байланысты ұсыныстың көбею әсері

Е) тауар бағаларының өте төмен болуымен байланысты ұсыныстың азаюы

56. Талғамсыздық қисығы нені сипаттайды:

А) тұтынушының табыстарын

В) тауарлардың салыстырмалы бағаларын

С) пайдалылықтары бірдей баламалы тауарлардың жиынтығын

D) пайдалылықтары әртүрлі игіліктердің сандық мәндерін

Е) тұтынушылардың ұнамдылықтары мен табыстарын

57. Сатып алынатын тауардың саны мен тұтынушының табыс көлемі арасындағы байланысты қандай қисық көрсетеді?

А) сынған сұраныс қисығы В) сынған ұсыныс қисығы С) табыс – тұтыну қисығы

D) Энгель қисығы Е) шекті табысты анықтау қисығы

58. Теріс пайдалылыққа ие игіліктерді не деп атаймыз?

А) антиигіліктер В) Веблен игіліктері С) Гиффен тауарлары D) зиянды игіліктер

Е) тұтынуға кедергі келтіретін игіліктер

59. Рационалды емес сұраныс дегеніміз не?

А) қоғамда аса жоғары инфляциялық күтімдердің болуымен байланысты туындайтын ағымдық сұраныстың қөбею әсері

В) тұтынушының көпшілікке ілеспей ерекше бір тауарды сатып алуға деген құштарлығын сипаттайтын тұтыну сұранысы

С) тауардың аса жоғары бағаға ие болуымен байланысты тұтыну сұранысының көбею әсері

D) адамның көңіл-күйінің күрт өзгеруіне байланысты, аяқ астынан қалауының болуы әсерінен пайда болатын жоспарланбаған тұтыну сұранысының бір түрі

Е) белгілі бір тұтынушының басқа бір тұтынушы үшін таңдап қойған және сатып алған тауарларының жиынтығы

60. Талғамсыздық қисықтарының авторы:

А) Дж. Хикс В) Ф. Эджуорт С) Е. Слуцкий D) А. Смит Е) А. Маршалл

Наши рекомендации