Вербалсіз қарым – қатынастың ең табиғи амалы – көзқарас. Оның өзі көптеген жәйді аңғартады
Көзқарас және одан кейінгі қимыл - әрекет | Түсіндіру | Нәтиже |
Басын көтеру және жоғары қарап көз тігу немесе басын қисайтып ойлану | Сәл тоқтатыңыз | Байланысты үз |
Басын шайқап, қасын керу | Түсінбедім қайталаңыз | Байланысты күшейт |
Күлімсіреу, бәлкім басын сәл қисайту | Түсінемін, менің алып, қосарым жоқ | Байланысты қолда |
Жиі –жиі басын изеу | Түсіндім саған не керек | Байланысты қолда |
Әңгімелесушінің бір нәрсеге қарап қозғалмай ұзақ ойлануы | Өзімді көндіргім келеді | Жағдайға қарап әрекет ету |
Басқа жаққа қарау, жерге қарау | Жаратпау, үрейлену, қашып құтылу | Байланыстан жалтару |
Коммуникацияны жетілдіру
Ұйымдағы ақпарат алмасуды жетілдірудің кейбір тәсілдерін қарастырайық. Ақпараттың ағымын реттеу. Басшы өзі және ұйымдағы басқа ақпарат тұтынушыларын ақпарат қажеттілігінің сандық және сапалық жақтарын былай белгілеу керек. Ол ақпараттың алмасудағы минимум мен максимумды анықтауға тырысу керек.
Басқарушылық әрекет. Жоспарлау, жүзеге асыру, бақылау ақпараттық алмасуды жетілдіруге бағытталған басқарушылық іс-әрекеттің мүмкіндігін қалыптастырады. Көздегенді тиімді жүзеге асыруға қажетті жаңа жоспарларды, стратегияның нұсқауларын, мақсаттары мен міндеттерін нақтылау - басшының билігіндегі қосымша іс-әрекеттер.
Кері байланыс ұғымындағы бақылау - басқарушылық ақпараттық жүйенің бөлігін құрайды. Кері байланыс жүйесінің бір варианты белгілі бір сұрақтарды талқылау үшін адамның, ұйымның бір бөлігінен басқа бөлігіне орын ауыстырылуы. Мысалы, қандай қиындықтарға тап болып жатыр, жұмысқа қажетті ақпаратты уақытылы және нақты алып тұра ала ма, басшы ұсыныстарды таңдауға дайын ба, жұмысына әсер етіп болатын өзгерістер туралы хабардар ма т.с.с.
Ұсыныс жинау жүйесі ақпараттың жоғарыға жетпеуін жеңілдету мақсатымен жасалған. Барлық жұмысшылар қоректің кез-келген аспектісін жеделдіруге қатысты ой қозғауға мүмкіндік алады. Мұндай жүйенің мақсаты ойдың төменнен жоғарыға жүру жолында фильтрлеу мен қабылдауды азайту.
Ақпараттық бюллетендер, жариялар. Ірі ұйымдарда барлық жұмысшыларға арналған ай сайынғы бюллетендер шығарып отырады. Мұндай жағдайда басқару, жұмыскерлердің денсаулығын қорғау, жаңа келісім-шарт, өнім мен қызметтің жаңа түрі, «ай жұмысшысын» таңдау, басшылықтың қарапайым жұмысшылар сұрақтарына, жауаптарына шолу жазылған мақалалар кіреді. Жазба материалдар бейне таспалармен толықтырылуы мүмкін.
Қазіргі заманғы ақпараттық технология. Ақпараттық технология саласындағы соңғы жетістіктер ұйымдағы ақпарат алмасуды жетілдіруге себептер болды. Компьютер басшылар, көмекші персонал және жұмысшылар тарапынан және алатын ақпаратқа әсер етті. Электрондық пошта, ұйымдағы кез-келген адамға жазбаша хабар беруге мүмкіндік береді. Бұл телефондық әңгімені азайту керек. Сонымен бірге электрондық пошта әртүрлі офистерде, қаладағы, облыстағы, тіпті елдегі адамдар арасындағы тиімді байланыс құралы болып табылады.
Орытынды
Коммуникациялық процестің негізгі мақсаты алмасу құралы, яғни хабар болып табылатын ақпаратты түсіндіруді қамтамасыз ету. Дегенмен, ақпарат алмасудың өзі ондағы қатысушы адамдардың қарым-қатынас тиімділігінің кепілі бола алмайды. Ақпарат алмасу үрдісі мен оның тиімділік шарттарын жақсы түсіну үшін оның екі не одан да көп адам қатынасының деңгейі туралы түсінік болуы керек.
Лекцияға әдістемелік нұсқаулар
Осы лекцияны қарастыру барысында менеджменттегі ақпараттар жүйесіне, коммуникациялық процесстерге аса көңіл аудару және де әсер ететін факторлардың сипаттарына назар аудару керек.
Дебиеттер
- Анафияева Ж. Менеджмент: Оқу құралы. – Астана: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, 2008. – 146 б.
- Ахметов К.Ғ. Сағындықов Е.Н. Менеджмент негіздері. Ақтөбе-Орал.: «А-Полиграфия», 2005 2.
- Бердалиев К.Б. «Менеджмент» / Курс лекций.- Алматы Экономика, 2005.
6. Бердалиев К.Б «Басқару негіздері» Аламты «Экономика»1997ж.
7. Каренов Р.С., Раимбеков Б.Х:, Акжолов А.М: Основы менеджмента.- Караганды: Полиграфия, 1995г.
8. Герчикова И.Н. Менеджмент: Учебник -3 издание перераб. и доп. Менеджмент: Банки и биржи. Юнити, 1997