Тоқырау жылдарындағы ғылым, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктер мен олардың қайшылықты сипатын ашыңыз
Түрі ұлттық мәдениет, оқу мен тәрбие іс жүзінде аударма болды. 70-80 жж. ұлттық салт-санадан гөрі кеңестік салт-сана көбірек дәріптелді. Қоғамдық-саяси өмірде европоцентризм басым еді. КСРО халықтары мен ұлттарының дамуындағы орыс мәдениетінің рөлін асыра бағалау етек алды. Біздің тарихымыздың бөліп алуға болмайтын бөлігі болып табылатын көшпелілік өркениеті мен шығыс мәдениетінің бүкіл қабаты жауып тасталды, адамдардың тарихи санасын жою процесі жүрді. 1917 ж. Қазан төңкерісіне дейінгінің бәрін ұмытуға табандылықпен мәжбүр етілді. Мұның керісінше Кеңес дәуірінің тарихы барынша дәріптелді. Ресми органдар мен насихат қазақ халқының және Одақтың басқа халықтарының нағыз тарихы тек 1917 жылдан басталады деп жұртты сендірді. Шұғыл интернационалдандыру, ұлттық мүдделерді есепке алмай бюрократтық және күштеп қудалау әдістерімен біртұтас совет халқының қалыптасуын шапшаңдатуға тырысу ұлт саясатында өрескел ағаттықтар мен елеулі қателіктер жіберуге әкеліп соқтырды. Ал шынайы интернационализм “өз” ұлтыңның да және басқа ұлттардың да ұлттық мүдделерін түсініп, мойындамайынша мүмкін емес еді. Ұлтшылдық ең алдымен ұлттық мүдделерді кемсітуден пайда болады. Қазақстанда тіл саясатында да кемсітушілік орын алды. Орыс тілін республикада қазақтардың 60%-і меңгерсе, қазақ тілін орыстардың 1%–нен де азы меңгерді. Қазақ тілі тек тұрмыстық саламен шектеліп, іс жүргізуде, мемлекеттік, дипломатиялық, әскери өмірде, жоғары мектептерде қолданылмады. Кітаптың 95% орыс тілінде басылды, теледидар хабарларының 70% эфирге орыс тілінде шықты. Бұрынғы КСРО-дағы империялық тіл саясаты ең алдымен орыс тілін білмейтін адамдардың әлеуметтік өсу мүмкіндіктерін шұғыл тарылта беру мақсатын көздеді. Ұлт саясатындағы бұрмалаулар, саяси ахуалдың қаталдандырылуы, еркін ой-пікір айтуға өкіметтің төзбеушілігі, әсіресе, зиялылар арасында наразылық туғызды. Ол түрліше көрінді. Студенттер, шығармашылық және ғылыми интеллигенция арасында республиканы орыстандыру саясаты айыпталды, қазақ тілінің жағдайына, республиканың егемендік құқының жоқтығына алаңдаушылық білдірілді. Партиялық-мемлекеттік құрылым қызметінің 70-80-жж. басындағы өзекті бағыты бұрынғыша ұлтшылдыққа, жершілдіктің көріністеріне және патриархалдық құрылысты дәріптеуге қарсы күрес болды. Өзгеше ойлаудың барлық түрі қудаланды. Өмір сүріп тұрған жүйенің идеологиясы мен жаттанды догмаларына сай келмеген өз көзқарастарын әдебиет пен өнер шығармаларында бейнелеген интеллигенцияның өкілдері қудалауға ұшырады. Мысалы, ақын О.Сүлейменовтың “АзиЯ” деген талантты кітабы осындай қасіретке ұшырады. О.Сүлейменовтың оппоненттері “Молодая гвардия”, “Москва”, “Звезда” және басқа журналдардағы мақалаларында кітаптың идеологиялық бағыты мен мақсатына күмән келтірді. Ол ұлтшылдық, пантюркистік шығарма және орысқа қарсы деп айыпталды. Кеңестік билік ғалымдар арасындағы ой-пікір бостандығына барынша тиым салып отырды. Мысалы, 1976 жылы философия институтының авторлар ұжымы даярлаған “Дәстүрлі қазақ өнерінің дүниетанымы” деген кітапты басып шығаруға тиым салды. Антрополог О.Исмағұловтың “Қазақстанның этностық геногеографиясы” деген кітабы идеялық тұрғыдан зиянды деп табылды. Авторға методологиялық қате жіберген, ру-тайпалық факторларды бүгінгі заманмен байланысты біржақты баяндаған деген айып тағылған. Кейінірек бұл айыптың бәрі алынып тасталды.70-80-ші жылдары мәдениет саласын нығайтуда біраз жұмыстар істелді. Селолық жерлерде 6 мыңнан астам клубтар мен мәдениет сарайлары қызмет көрсетті. Оларда 12 мыңнан астам көркемөнерпаздар ұжымы істеді. Ауыл-село тұрғындарының тұрмысына теледидар, радио, баспасөз, кино бұрынғыдан көбірек ене бастады. Қазақстанның село зиялыларының мәдени дәрежесі сан және сапа жағынан едәуір өсумен сипатталды. Орта есеппен бір колхоз бен совхозға 70-ші жылдардың басында 45 жоғары және арнайы орта білімі бар маманнан келді. 1970 жылға қарсы теледидар республиканың барлық облыстарына дерлік енді. Қазақстанда теледидардың 15 программалық орталығы және осынша студиясы, сондай-ақ теледидар бағдарламасын тарататын және қабылдап алып қайта тарататын жүйелер істеді. 4 республикалық және 19 облыстық бағдарламалар арқылы радио хабарлары қазақ, орыс, ұйғыр, корей тілдерінде жүргізілді. 1976 жылдың аяғында 10282 кино қондырғысы болып, олар бір жылда 290 миллион кино көрерменіне қызмет көрсетті. Халық ағарту ісі де бірсыпыра алға басты. Мысалы, республиканың жалпы білім беретін 10154 мектебінде 1970 жылы 3 млн. 140,8 мың бала оқыса, 1977 жылы 9217 мектепте 3 млн. 266,1 мың бала оқыды. Мектептің оқу ісінің алдына 70-ші жылдары жаппай орта білім беру міндеті қойылды. 1984 ж. балаларды алты жастан бастап оқытуға көшу, еңбекпен ұштастыра оқыту үшін оқу-материалдық база жасау, оқу бағдарламасына жаңа пәндер қосу жөніндегі мектеп реформасы басталды. Бірақ, осымен бірге мектептегі оқу ісін дамытуда кемшіліктер де орын алды. Мектептерге партиялық әмір күшейе түсті. Оқу-тәрбие процестерін саясаттандырудың үстіне жалпы көрсеткішті қуалау, оқу процестерін жасанды жүргізу, оқушылардың оқуға немқұрайды қарауы қосылды. Ұлттық мектептерді қысқарту тенденциясы күшейіп, орыс мектептерінің саны көбейді. Мектептегі оқу ісінің дағдарысы экономикадағы, саясат пен идеологиядағы бұрмалаулардың көрінісі еді. 1970 жылы Қазақстанда 46 жоғары және 190 арнаулы орта оқу орны болып, оларда 416 мыңнан астам студент білім алды. Студенттер 160 мамандық бойынша әзірленді. Республиканың техникумдарында жастар 182 мамандық бойынша оқытылды. 1986 жылы республикада жоғары оқу орындарының саны 55-ке, ал арнаулы орта оқу орындарының саны 246-ға жетті. Жоғары оқу орындары мен техникумдарда 550 мыңдай студент оқыды. Республика халқының әрбір 10 мың адамына 160 студенттен келді. ХХ ғ. 70-80 жж. қазақ әдебиеті І. Есенберлиннің, Ә.Нұршайықовтың, М.Мақатаевтың, Т.Айбергеновтың, О. Сүлейменовтың, М.Шахановтың, Қ.Мырзалиевтің, Ф.Оңғарсынованың, Ә.Кекілбаевтың, О.Бөкеевтің және басқалардың шығармалары арқасында елеулі табыстарға жетті. Сазгерлер Ш.Қалдаяқовтың, Л.Хамидидің, Н.Тлендиевтің, Ә.Еспаевтың, І.Жақановтың әндері Қазақстанның музыкалық мәдениетінің алтын қорына кірді. “Ботагөз”, ”Аққан жұлдыз”, “Менің атым Қожа”, “Қыз Жібек”, “Атаманның ақыры”, “Транссібір экспресі”, “Бейбарыс сұлтан” кинофильмдері республика кино өнерінің таңдаулы туындылары деп бағаланды. Қазақ киносының табыстары көбінше артистер Н.Жантуриннің, Ы.Ноғайбаевтың, А.Әшімовтың, Ә.Боранбаевтың, режиссерлар Ш.Аймановтың, М.Бегалиннің, С.Ходжиковтың, А.Қарсақпаевтың, Т.Теменовтың және басқалардың шығармашылық қызметтерімен байланысты. Ә.Қашаубаев негізін салып кеткен ән өнеріндегі игі дәстүрді Б.Төлегенова, Е.Серкебаев, Ә.Дінішев, Р.Жаманова, Р.Бағланова, Р.Рымбаева т.б. жалғастырып байыта түсті. 70-80-ші жылдары ғылым саласында да біраз табыстарға қол жетті. Республика Ғылым Академиясының бірсыпыра ғылыми зерттеулерін дүние жүзі таныды. 1976 жылы биолог ғалым М.Ә.Айтхожин генетика мен микробиология саласында Лениндік сыйлыққа ие болды. Ғалымдардың зерттеулері оңтүстік Маңғыстауда және Орал-Ембі атырабында мұнай мен газдың ірі кендерін игеруге, Ертіс-Қарағанды каналын салуға, егін шаруашылығында топырақ қорғау жүйесін енгізуге көмектесті. Осы жылдары бес томдық “Қазақ КСР тарихы”, он томдық “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі”, он бір томдық “Қазақстанның металлогениясы”, тоғыз кітаптан тұратын “Қазақстанның сүт қоректілері”, тоғыз томдық “Қазақстанның өсімдіктері” және диалектикалық логика жөнінде бірсыпыра іргелі монографиялар мен зерттеулер жарық көрді. Әл-Фарабидің, Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің мұраларының зерттеліп басылып шығарылуы қоғамдық ғылымдағы елеулі оқиға болды. Алайда Қазақстан ғылымының табыстарымен бірге оның қайшылықтары мен шешілмеген ірі проблемалары да болды. Машина жасау, радиоэлектроника, радиотехника, автоматика сияқты ғылыми-техникалық прогрестің аса маңызды салалары бойынша ғылыми кадрларды даярлау және ғылыми мекемелерді ұйымдастыру кенже қалып келді. Академиялық, жоғары оқу орындарындағы және салалық ғылымды нашар ұштастыру көп тақырыптылыққа, ғылыми күштердің шашырап кетуіне, олардың аса маңызды бағыттарды зерттеуге тиісінше шоғырландырылмауына, ғылыми жұмыстардың бірін-бірі қайталауына әкеп соқты. Ғылыми зерттеулердің тиімділігі күрт төмендеді. Мысалы, 1985 жылы өндіріске енгізілген бір зерттеудің экономикалық тиімділігі 1980 жылмен салыстырғанда екі есе төмендеді. Республиканың бірде-бір ғылыми мекемесі елде құрылған ғылыми-өндірістік комплекстердің құрамына кіре алмады. Сөйтіп, экономикадағы тежеу мен тоқырау құбылыстары қоғам өмірінің мәдени салаларына да, ғылымның дамуына да салқынын тигізбей қоймады. Мәдени салалардың мәселелерін жете бағаламау, олардың дамуына қаржыны “қалдықты” принцип бойынша бөлу республика мәдениетінің кең көлемде дамуына өзінің теріс әсерін тигізді. Сонымен, тоқыөмірдің барлық салаларында: қоғамдық-саяси өмірде, идеологияда, мәдениетте, адамдар арасындағы қарым-қатынаста және т.б. орын алды.
59.Тәуелсіздік тұсында көне түркі жазуының және түркі мәдени ескерткіштерінің жан-жақты зерттеле бастауының мәнін ашыңызТарихты білу, оның бастау алар кезеңдеріне үңілу, бүгінгі күнге қажетін табуға ұмтылу – барлық халықтарға тән дәстүр. Қазақ тілі ғайыптан пайда болған жоқ және оқшау жаратылған тіл емес. Оның шыққан ата-тегі бар. Қазақ тілі түркі тілі деп аталатын алып бәйтеректің аса бір ірі тармағына жатады. VІ-VІІІ ғасырларда біз бүгінде дүние жүзінде түркілерден тараған қырықтан астам ұлт болса, солардың барлығын бір ғана атаумен «түркілер» деп атаған. Сол кезде бабаларымыз Түркі қағанатын құрған. Түркі этнонимі қытай жылнамаларында 542 жылдан белгілі. Ал түркілердің мемлекеттік дәрежеге көтерілуі 552 жылдан басталады. Түрік қағанаты Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін үстемдік етті. VІ ғасырдың жартысындағы Түрік қағанатының билігі Азияның біраз аймағын қамтыды. Түрік қағанатының негізгі құрамы түрік тілдес халықтар болды. Олардың ішінде қырғыз, оғыз, ұйғыр, дулу, үйсін т.б. тайпалар болды. Қағанатты Бумын қаған биледі. Одан кейін Істемі қаған биледі. Қағанат бірде әлсіреп, бірде күшейіп отырған. Бір күшейген тұсы – Елтеріс атанған Құтлығ қағанның екі ұлы жас болғандықтан, билікті інісі Қапаған өз қолына алады. Ол әуелде елін, жерін кеңейтіп, күшті хан болады, бірақ көп кешікпей ешкімді елемейтін, қарсы келгендерді аяусыз жазалайтын қатыгез қағанға айналады. Соның салдарынан тайпалар бірінен соң бірі бұл қағанаттан бөлініп, табғаштардың қол астына кіріп жатады.Қапаған бір көтерілістен қайтып келе жатқанда қаза табады. Ел билеу ісі Білге қағанға қалады. Білге қаған түркі мемлекетінің күш-қуатын нығайтуда көп жұмыс атқарады. Білге қаған былай дейді: «Түркі елінің аты, заты жоқ болып жоғалмасын деп, өзімді тәңірі есіркеп таққа отырғызды. Таққа отырғанда, ел-жұрттың халі әлсіз еді, асар асы жоқ, киер тоны жоқ, аянышты мүшкіл елдің қағаны болдым. Інім Күлтегінмен бірге сөзге, іске бекіндік. Хан иеміз ата-бабамыз билік орнатқан ел-жұрттың аты, сұсы жойылмасын деп түркі елі үшін түнде ұйықтай алмадым, күндіз отыра алмадым, інім Күлтегінмен бірге елі шад қосылып, өліп-талып арпалыстық, жиғанымызша жиып, елдің бірлігі, берекесін от-су қылмадық»].Әлемдегі өзге халықтар сияқты, түркі халықтарының да –өзіне тән қалыптасу, даму тарихы бар. Ешбір тайпа, халық және ұлт тарихсыз болмайтыны белгілі. Әрбір халық ұлт болып қалыптасу үшін талай тарихи кезеңдерді басынан өткізеді.Түркі тайпалары халық ретінде біздің дәуіріміздің VІ ғасырында дүние жүзіне белгілі бола бастады. Түркі тайпалары туралы құнды деректерді, әсіресе, Батыс Еуропадағы Византия материалдарынан көбірек кездестіруге болады. Сонымен бірге түркі халықтары жөніндегі қыруар мәліметтерді біз сол түркі тайпаларының өшпес мұрасы – өздері жасаған жазба нұсқалар арқылы да біле аламыз. Мұндай жазба нұсқалар түркі халықтары үшін баға жетпес тарихи және мәдени ескерткіш болып табылады.Түркі халықтарының тарихи мұралары тарих, мәдениет және тіл тұрғысынан алғанда аса құнды қазына екенін бағалай білу, таныту – кезек күттірмейтін негізгі міндеттердің бірі. Біз көне түркі жазба нұсқаларынан тасқа қашалған мынадай сөздерді кездестіреміз:Бұны көрү білің! Түрк бүдүн бүдүн аты йоқ болу бармыс ерті өлтечі ерті. Ічре ашсыз, ташра тонсыз йабызйаблық будунта мен өзүм қаған олуртым. Іл йеме іл болты, йеме болты.Мұны көре білің(дер)! Түркі халқы аты жоқ бола бастаған еді. өлімші (болған) еді. Іші ассыз, сырты киімсіз нашар халыққа менің өзім қаған (болып) отырдым. Ел еңді ел болды, халық енді халық болды.[2,73](Ескерткіштен үзінді) «Түркі бектері мен халқы, мұны естіңдер! Қандай сөздерім бар болса, соларды мәңгі тасқа жаздырдым. Оларды көріңдер, ұғыңдар».Бұл арнау сөздер түркі халықтарының кейінгі ұрпақтарына арналған.Мұндай тасқа қашалған ескерткіштер туралы жазылған деректер аз емес.Түркі тілдерін зерттейтін әдебиеттерде «Орхон-Енисей жазулары» руника жазуы деп те аталады. Руна – ежелгі гот тайпасының құпия деген сөзіінен алынған. Өйткені бір кездері Орхон, Енисей өзендері бойынан табылған таңба жазудың қай тілде екені оқылмай, көпке дейін құпия болып келген.Көне түркі жазу нұсқалары сонау І Петрдің тұсынан бері белгілі болса да, оларды ешкім зерттеп, сырын ашпаған.1889 жылы фин ғалымдары Енисей өзені бойынан табылған тастағы белгісіз жазулардың атласын жариялайды. Сол жылы орыстың География қоғамы Моңғолияға арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырады. Көрнекті орыс ғалымы Н.М.Ядринцев осысапарында Орхон өзені бойынан бірнеше жазуы бар бірнеше тасты кездестіреді.1889 жылы көрнекті орыс ғалымы В.В.Радлов Орхон-Енисей өзендерінің бойынан табылған таңба жазуы бар тастарды өзі барып, тексеріп қайтады. «Солтүстік Моңғолияда VІІІ ғасырға қатысты жазба ескерткіштердің бар екендігі ғылым соншалықты қажет, Орхон өзені бассейніндегі ескерткіштерді тереңірек зерттеу үшін өте қажет. Сондықтан Императорлық Ғылым академиясы ғылыми экспедиция ұйымдастыруы қажет деп есептелінеді»[3,96].Осы екі экспедициядан кейін Моңғолиядан табылған жазулардың атласы жарияланады.Сөйтіп, Орхон, Енисей өзендері бойынан табылған құпия жазулар біртіндеп дүние жүзі оқымыстыларына белгілі бола бастайды.1893 жылы Дания елінің ғалымы В. Томсен тұңғыш рет ескі түркі (орхон-енисей) жазуларының оқылу кілтін тауып, оның сырын ашуға мүмкіндік туғызды. «Он пытался самым детальным образом сначала изучить соотношения одних букв с другими. Для В.Томсена при этом выяснилось, что неоторые буквы могут быть в близком соседстве с рядом других букв, другие же нет. Это привело Томсене к мысли о делении букв на два класса по числу звуков переднего ряда. А все это вело мысль к строю тюркских языков. И, наконец, 25 ноября 1893 года ему удалось уже найти полный ключ к своему этих до этого неизвестных надписей с берегов Енисея и Орхона»[8,68].В.В.Радлов бірінші болып, Орхон, Енисей өзендері бойынан табылған үлкен-үлкен ескерткіштердің аудармасын жасап, жұртшылыққа таныстырды.Даңқты түрколог С.Е.Малов та өзінің ғылыми еңбектерінің көбін осы көне түрік жазу нұсқаларының сырын ашуға арнады.Орхон Енисей өзендері бойынан табылған ескерткіштер – VІ-VІІІ ғасырлардағы түркі тайпаларының сол кездегі қоғамдық құрылысы, күн көрісі, мәдениеті мен тілі жөнінде мол деректер беретін құнды материалдарКөне түркі руникалық мәдениетінің біздің заманымызға дейін сақталып жеткен тас үстіндегі жазулармен бірге пайда болған ғана емес, сонымен бірге біздің дәуіріміздің алғашқы ғасырларында қалыптасқан айрықша да бірегей дүниетанымдық құбылыс ретінде қарастыруға болады.Иә, жоғымызды түгендеп, барымызды толықтырып жатқан, тәуелсіз елдің көк байрағы желбіреп жатқан тұста 2001 жылы 18 мамырда Қазақстан Республикасы атты тәуелсіз мемлекеттің елордасында қазақ деген халықтың ғана емес, бүкіл түркі дүниесінің тарихында өзіндік орнын ойып тұрып алатын орасан оқиға болды. Осы күні түркі заманының ұлы ескерткіші – Күлтегін жазуының ғылыми көшірмесі, оның заңды мұрагері, қазақ елінің жер кіндігіне әкеліп орнатылды. Сонау Моңғолия сахарасында жер мен күнге қақталып, талай зобалаңдарға кезігіп, енді нағыз отанына үш жүз жылдан кейін оралып отырған Күлтегін баһадүрдің, елін-жерін қорғай білген қағанның құлпытасы елімізде қоныс тебуі – ұлы оқиға, тарихқа жасалған көп қиястықты жөнге салған құбылыс. Енді кім де болса қазақ халқының тарихы алыста, сыры тереңде жатқанын ұғар, түсінер. Шынында да, көне түркі жазба ескерткішінің әлеуметтік-тарихи мағынасы сол – түркі елі көшбасшыларының халық пен ата-жұртқа деген терең сүйіспеншілігі өзек болатын темірдей ерік-жігері. Елбасы Назарбаев: «Біздің еліміздің халықтары ұлы ата-бабаларымызды әбден орынды мақтаныш етуге құқықты, ал Бумын, Естемі, Білге қаған, Күлтегін сынды алғашқы қағандардаң есімдері ежелгі ерте заманының өзге ұлы әскери қолбасшыларының және мемлекет қайраткерлерінің есімдерімен әбден қатар тұра алады»,-деп асқақ рухты, елін, туған жерін сақтап қалуға тырысқан, мемлекет болуға ұмтылған тұлғалардың елдік пен ерлік істеріне жоғара баға береді.Көне ескерткіштің қазақ халқы үшін тағы бір маңызы – ата түркінің бір жармағы ретінде өзіміздің жазба мәдениетіміз сонау VI-VIII ғасырлардан бастау алғандығы біз үшін зор мақтаныш. өзім осы тақырыпты зерттеу кезінде байқағаным – ескерткіш тіліндегі сөздердің байланысу түрлері қазіргі қазақ тілінің заңдылықтарына ұқсастығы. Атап айтсақ, қазіргі қазақ тілінде сөздердің байланысу түрлерінің бес түрі де ескерткіш түрінде кездеседі.Демек, түркі ата-бабаларымыз ұстанған жазуды төл жазуымыз деп санап, әр түрлі тектес халық, әр қазақ терең түсінетіндей дәрежеде санаса, мектеп бағдарламасынан түбегейлі орын алып, көне мәдени жәдігерлерін ұлығылау жұмыстары үзіліп қалмай, одан әрі жалғасын тапса деген ұсынысымды білдіруге толық құқылымын деп есептеймін.
.61. Тәуелсіз Қазақстанда халықтың ауызша тарих айту дәстүрінің, шежіренің, жазбаша тарихнаманың: Мұхаммед Хайдар Дулатидің, Қадырғали Қасым ұлы Жалайридің аса көрнекті еңбектерінің маңызының жаңаша бағалануыҚазақтардың өзімен өзі болып, өзін танып болудағы ерекше орын алатын тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселесі егемендігіналғанҚазақстан Республикасы үшін мәдениет саласыдағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Тарихи жад қайталанбас мәдени дәстүрлер мен құндылықтарды сақтау және оны көбейту түрлі өркен ұрпақтарын біріктіретін байланыстырушы жіп болып саналады. Ол мәдени мұраның ең бір маңызды құрамдас бөлігінің бірі ретінде қажетті әлеуметтік функция атқарады, ұлтжандылық сезімін, идеялық-ізгіліктік және эстетикалық тәрбиені қалыптастырудың, ғылымның, білім мен мәдениеттің даму мақсаттарына қызмет етеді. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында «Мәдени мұра» бағдарламасын одан әрі іске асыру қажеттілігі туралы міндет қойылған. Бұл бағдарламаның іске асырылуы өткенді саралап санаға сіңдіру арқылы бүгінгі мәдениетті дамытуға, қазақстандықтардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Бағдарлама шеңберінде құнды құжаттар мен қолжазбаларды ғана емес, сонымен қатар олардың мұражайлық экспонаттарын, мұрағаттық материалдар мен ескерткіштерді тауып, ұрпақтарға қайтаруға үлкен мән берілген. Осы тұрғыда ұлттық кітапханалық раритеттерді іздеп табу, оларды танып білу, сондай-ақ басқа елдер аумағында жатқан кітаптар мен көне қолжазбаларды зегттеу жөнінде Орталық құру болашақ ұрпақ үшін ежелгі қолжазбаларды, кітаптар мен басқа да құндылықтарды сақтауды қамтамасыз етеді. Жоғарыда аталған Бағдарлама шеңберінде Әл-Фараби, Жүсіп Баласұғын, Мырза Мұхаммед Хайдар Дулат, Қадырғали бек Жалаиыр, Хисамуддин мұраларын іздеп, табу үшін Дели, Сринагар, Каир, Мәскеу, Қазан, Рязан, Ташкент, Дамаск және басқа қалалардағы кітапханалар мен мұрағаттарға ғылыми-зерттеу экспедицияларын аттандыру қарастырылған. Атап айтсақ, 1999 жылы 22-30 мамырда қазақ делегациясы Мырза Мұхаммед Хайдар Дулаттың жерленген жері Үндістандағы Кашмир штатының астанасы Сринагарға сапар шегіп, оның «Мазари-и Салатин» (Патшалар зираты) деп аталатын қорымының басына барып, тәу етіп қайтты. Ол жердің топырағын әкеліп, Қазақстанның Тараз қаласындағы Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатқа арнап ашылған ескерткіш түбіне қойды. Мырза Мұхамед Хайдар Дулатқа арнап 1551 жылы орнатылған құлыптастан бөлек 1822 жылы ағылшын дәрігері У.Моркрофтың (1770-1822) бұйрығымен қойылған екінші құлпытаста парсы тілінде жазылған он сегіз жол жазу бар. Кашмирліктер зиратқа ұқыппен қарайтындықтарын көрсете білді. М.М.Хайдар Дулаттың парсы тілінде жазған «Тарих-и Рашиди» атты еңбегі 1895 жылы Лондонда Д.Росстың аудармасымен ағылшын тілінде жарияланған. Кейін ол араб және орыс тілдеріне аударылған. Қазақ тіліне тұңғыш рет 2004 жылы аударылып кітап болып шықты. Сонымен қатар М.М.Хайдар Дулаттың шағатай тілінде жазған «Жаһаннама» поэмасы қазақ тіліне аударылуда. Бұл жерде айта кеткен жөн, ағылшын тілінде Мырза Мұхаммед Хайдардың Дулат есіміндегі соңғы сөз «Дулат» деп берілгенмен бүгінде Қазақстанда көпшілік оны парсылар әдетімен «Дулати» деп атап жүр. Дәл осылай Қадырғали Жалаиырды да Қазақстанда көпшілік Қадырғали Жалаири деп атап келеді. Бабалар аты жөндерін осылай әртүрлі жолдармен атау кейінгі 100-500 жылдардан кейінгі ұрпақты шатастыруға өз септігін тигізетінін ескерген жөн.Осы орайда Қазақстанның Мәскеудегі Елшілігінің көмегіне сүйеніп, 2005 жылдың 16 — 20 қазанында Ресейдің Рязань облысындағы Қасымов қаласына Қадырғали би Жалаиыр атындағы қордың ұйымдастыруымен ұйымдастырылған ғылыми-зерттеу экспедицияның сапары нәтижелі болып, айтулы тарихи оқиғаға ұласқанын атап өткіміз келеді. Құрамында ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі Сайлау Батыршаұлы, Д.Қонаев атындағы Университет ректоры Өмірәлі Қопабаев, ҚР Шығыстану институтының ғылыми қызметкері Мақсұт Шафиғи бар экспедицияны ҚР-ның Мәскеудегі Елшілігінің бірінші хатшысы ретінде мен алып жүрдім. XVI ғасырда өмір сүріп, түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының сол дәуірдегі ата тарихын хатқа түсіріп, артына өшпестей жазба мұра қалдырған тарихшы, ғұлама бабамыз Қадырғали би Қосымұлы Жалайырдың жерленген орнын тауып, анықтау, сондай-ақ архив қорларынан оның өмір жолдарына қатысты деректер мен мағлұматтар іздеп табу экспедицияның басты мақсаты болды. Бұл орайда айта кету қажет, 2001 жылы желтоқсан айында осы мақсатпен Қадырғали Жалаиыр қорының бір топ белсенділері Қасымов қаласына барып жергілікті ғалымдармен, тұрғылықты татар мұсылмандармен байланыс құрып қайтқан болатын. Бірақ, өкінішке қарай нақты деректер таба алмай қайтқан екен. Бұл жолы аталған экспедиция мақсаттарының нәтижелі іске асуына Рязан облысының губернаторы Георгий Иванович Шипконың тапсырмасымен Рязан үкімет хатшылығының басшысы Григорий Николаевич Дедиков, Облыс экономикалық даму және сауда басқармасының бастығы Александр Григорьевич Соловьев және Қасымов қаласының басшысы Федор Иванович Проваторов жәрдемдесіп, одан басқа Рязан облысының Мәдениет және бұқаралық коммуникациялар басқармасының бастығы Александр Александрович Беляковтың, Мәдени мұра объектілерін сақтау орталығының бастығы Василий Василевич Судаковтың, Рязан облысының Мемлекеттік мұрағатының директоры Татьяна Петровна Синельникованың көп көмектері тигендігін атап өткен жөн. Сапар барысында экспедиция мүшелері Рязанның мемлекеттік мұрағатындағы құжаттарды зерттеп, Шыңғысхан әулеттері жөнінде зерттеуші тарих ғалымдарымен, Қасымовтағы жергілікті өлке тану мұражай қызметкерлерімен, көнекөз татар ақсақалдарымен, мешіт имамдарымен кездесіп, сұхбаттасып, Қадырғали Жалаиыр жөнінде, оның жерленген жері туралы мәліметтер жинады. Тарих зерттеушілерінің еңбектеріндегі деректерге сүйене отырып, Қасымовтағы мұсылман қорымы (зираты) Шыңғысхан әулетінің атақты ұрпақтарын жерлейтін Сарайшықтан (Қазақстан жерінде) кейінгі екінші қасиетті орын болып табылатындығына көз жетті. Ол жөнінде Қадырғали Жалаиыр өмір сүрген кезеңді зерттеп жүрген бірден-бір сирек зерттеуші ғалым, Рязань университетінің тарихшы профессоры Андрей Васильевич Беляков ғылыми негізде дәйекті ақпарат берді. Экспедиция мүшелері белгілі бір деректерге сәйкес Қадырғали Жалаиырдың қайтқанына 400 толатындығын ескере отырып, Қасымов қаласы әкімдігінің қолдауымен Старопосадтағы Мұсылман зиратына Қадырғали Жалаиыр қоры қаражаты есебінен Қ.Жалаиырға арнап салмағы жарты тонна келетін бозғылт түсті ақ тастан «құлпытас» қойды. Құлпытас бетіне Құран Кәрімнен «Бисмиллахи Ар-Рахмани Ар-Рахим» деген арабша жазылып, одан төменірек араб әрпімен және қазақша «Қадырғали би Қосымұлы Жалаири, 1530-1605. Құлпытасты қойған «Қадырғали Жалаири қоры. Қазақстан. 20.10.2005»» деген жазу жазылды. Бұқаралық Ақпарат құралдарының ақпаратына сүйенсек 1585 жылы Сібірге И.Мансұров бастаған орыс отряды келеді. Бір жыл өткенде Шымға-Тұрға жақын жерден орыстар Төмен бекінісін салады. 1587 жылы тағы бір бекініс – болашақ Тобыл қалана бастады. Ораз Мұхаммед және Қадырғали би алдау жолымен тұтқындалынып, Мәскеуге жіберіледі. Сол кезеңнен бастап қазақтар Тобыл алқабына иек артуан бас тарта батайды. Көшім солтүстік Қадырғали Жалаиырдың «Жами ат-тауарих», яғни «Шежірелер жинағы» атты еңбегінің түркі жұртының, соның ішінде қазақ халқының мәдени және рухани тарихында алар орны ерекше. Атақты орыс ғалымы И.Н.Березин 1854 жылы Қазанда, Шығыс тарихшылары кітапханасы басылымдары қатарында алғаш рет жариялап, қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов бірінші болып зерттеп, ғылыми бағасын берген бұл әйгілі еңбек кеңес жылдарында татар оқымыстылары тарапынан біршама зерттелініп, баспа бетін көрген. Қазақстанда ол түпнұсқа күйінде белгілі ғалым Р.Сыздықованың дайындауымен 1989 жылы «Ғалым» баспасынан жарық көрді. 1991 жылы «Қазақ университеті» баспасынан Р.Сыздықова мен Қ.Қойгелдиевтің әзірлеуімен түпнұсқа күйінде басылып шықты. 1997 жылы «Қазақстан» баспасы осы құнды еңбекті алғаш рет толық аудармасымен қазақ жұртшлығына ұсынды. Оған себеп XVI ғасырдағы қазақ жазба тілінен бұл күнгі қазақ тілінің арасында едәуір айырмашылық бар болатын. Оның үстіне Қ.Жалаиырдың өз қолымен 1602 жылы жазған қолжазбасы біздің заманымызға жеткен жоқ. Тек оның екі көшірмесінің бірі (1641-1642 жылдары көшірілген) — Санкт-Петербургте сақталынып, екіншісі – Қазан университетінде (№5028 т.40) сақталынған.