Йымның іскерлік белсенділігін талдау
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаражаттың қаншалықты тез нақты ақшаға айналуына тікелей тәуелді болады.
Іскерлік белсенділік коэффициентінің кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін үлкен маңызы бар, өйткені қаражаттың айналым жылдамдығы кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді. Оған қосымша, басқадай бірдей жағдайда қаражаттың айналым жылдамдығының өсу кәсіпорынның өндірістік – техникалық күшінің артқанын көрсетеді.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштеріне мына коэффициенттер жатады:
ü Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті. Ол жылына қанша рет айналу мен өндірудің толық циклі болатындығын және активтердің әрбір ақша бірлігі сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгендігін көрсетеді.
ü Негізгі құралдардың айналымдылығы. Бұл көрсеткіш қор қайтарымдылығын көрсетеді, яғни кәсіпорынның кезеңдегі негізгі өндірістік қорларын пайдаланудың тиімділігін сипаттайды. Ол сатудан түскен табысты (ақшаны) қалдық құны бойынша кезеңдегі негізгі құралдардың орташа шамасына бөлу арқылы есептейді.
ü Меншік капиталдың айналымдылық коэффициенті. Бұл көрсеткіш қызметті әр қырынан сипаттайды: коммерциялық көзқараспен қарағанда ол сатудың артықтығын немесе жеткіліксіздігін анықтайды;
ü Ағымдағы активтер (мобильдік қаражат) немесе айналым капиталының айналымдылық коэффициенті. Ол өнім сатудан түскен (ақша) табысыың (жұмыс, қызмет көрсету) ағымдағы активтердің орташа шамасына қатынасымен анықталады:
ü Материалдық айналым қаражатының айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның талдау кезіндегі шығындары мен қорларының айналым санын көрсетеді, яғни олардың сатылу жылдамдығын сипаттайды.
ü Дайын өнімнің айналымдылық коэффициенті. Бұл көрсеткіш өнімді сатудан түскен (жұмыс, қызмет көрсету) табыстың (ақша) кезеңдегі, дайын өнімнің орташа шамасына қатынасымен анықталады.
ü Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі дебиторлық борыштың орташа шамасына қатынасымен анықталады.
ü Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі кредиторлық борыштың орташа шамасына қатынасымен есептеледі.
ü Ақша қаражатының айналымдылық коэффициенті. Кәсіпорынның ырғақты қызмет етуі үшін ақша қаражаты қозғалысының жылдамдығының ерекше маңызы бар. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының ойдағыдай болуының негізгі шарттарының бірі, оның ағымдағы міндеттемелерін жабуды қамтамасыз ететін ақша қаражатының құйылуы болып табылады. Демек, бұндай аса қажет ақша қаражаты қорының болмауы кәсіпорынның қаржылық қиыншылығы бар екендігін куәландырады.
ü Инвестицияланған капиталдың айналымдылығы. Инвестицияланған капиталдың айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның өзінің дамуына салған инвестицияны қоса есептегенде, оның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестицияларының айналым жылдамдығын көрсетеді.
Істегі капиталдың айналымдылығы алымында – сатудан түскен табыс (ақша), бөлімінде – кезеңдегі істегі капиталдың орташа шамасы келтірілген.
Перманенттік капиталдың айналым жылдамдығын сатудан түскен табысты кезеңдегі перманенттік капиталдың орташа шамасына бөлу жолымен алынған коэффициент анықтайды.
Іскерлік белсенділік индексі айналым капиталын басқару өрісінде, кезеңдегі кәсіпорынның негізгі қызметі бойынша кәсіпкерліктің тиімділігін сипаттайды. Ол талдау процесіндегі істегі капитал айналымдылығы мағынасын негізгі қызметтің табыстылығына (рентабельділігі) көбейту арқылы есептеледі.
Кесте 12. «ҰҚ«Қазақстан Темір жолы» АҚ филиалы Луговой РДК іскерлік белсенділік көрсеткіштерін талдау
Көрсеткіштер | Есептеу формуласы | 2013ж. | 2014 ж. | Өсу коэф. |
1. Капиталдың жалпы айналымдылық коэфиценті | ӨӨТТ / жиынтық капитал | 0,012 | 0,013 | 0,001 |
2. Ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті | ӨӨТТ / ағымдағы активтердің орт құны | 1,44 | 1,42 | -0,02 |
3. Айналым қаражатын бекіту коэффициенті | Ағымдағы активтердің орт шамасы/ ӨӨТТ | 0,6 | +0,4 | |
4. Дебиторлық қарыздың айналымдылық коэффициенті | ӨӨТТ / кезең ішіндегі деб бер орт. Мөлш. | |||
5. Дебиторлық қарыздың орташа күндік мерзімінің коэфиценті | 360/деб-қ қарыз-ң айналым-қ коэф | |||
6. Ақша қаражаттарының айналымдылық коэфиценті | Кезең іш ақша қарж айн/ ақша қарж орта қалд-ры | 9,45 | 11,4 | 1,95 |
7. Ақша қаражаттарының айналым ұзақтығы коэфиценті | 360*ақша қаож орт қалд/ кезең іш ақша қарж айн | 38,1 | 31,58 | -6,52 |
8. Іскерлік белсенділік индексі | (ӨӨТТ/істегі кап) * (нег қызметтен түскен табыс/өтк өнімнің өз құны) | 3,97 | 4,34 | 0,37 |
Кәсіпорынның айналымдылық коэфиценттері жоғарығыдай. Капиталдың жалпы айналымдылық коэфиценті 2013 жылы 0,012 болса 2014 жылы 0,013 яғни 0,001-ге көбейген. Бұл кәсіпорынға оң әсер етеді. Капиталдың айналымдылығы неғұрлым үлкен болғаны дұрыс. Ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті 2013 де 1,44 ал 2014-те 1,42бұл көрсеткіштің 0,02-ге кемігенін көреміз.Кәсіпорында дебиторлық берешектер болмағандықтан ешқандай коэффициентті таба алмаймыз. Ақша қаражаттарының айналымдылық коэфиценті 1,95-ке көбейген. Ал ақша қаражаттарының айналымдылық ұзақтық коэфиценті азайған. Бұл кәсіпорын үшін жақсы өзгеріс. Іскерлік белсенділік индексі жыл басында 3,97 ал жыл соңында 4,34 , яғни 0,37-ге көбейген.