Тапсырма
1. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін банктер туралы әңгімелеңіз.
2. Екінші деңгейлі 10 банк және қаржы компаниялары Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша жұмыс істеуде: ОАҚ «Альянс Банк», ОАҚ «Нұрбанк», АҚ «Темірбанк», ААҚ «Texakabank», АҚ «Цеснабанк», АҚ «Казкоммерцбанк», АҚ «БанкЦентрКредит», АҚ «Қазақстан халық банкі», АҚ «АТФ Банк», АҚ «Каспий Банк», ОАҚ «Астана Финанс», АҚ «ТӘБ - Ипотека» ЖШС филиалы. Сонымен қатар осы бағдарламаның аясында Тұрғын үй – құрылыс банкі жұмыс істейді.
СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Бала тәрбиесі
1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз, аударыңыз
Әрбір отбасының қалыптасқан әдет-ғұрып, ата дәстүрі болады. Сонымен бірге жалпы қазақ отбасына ортақ дәстүрлер де бар. Оларды атап өтсек мыналар: жасы кішілер үлкендердің атын атамай, ата, әже, әке, аға, көке деп сыпайы қарым-қатынас жасауы, сондай-ақ жасы кіші үлкендердің, әсіресе қариялардың алдын кесіп өтпеуі, отбасы мүшелерін бірін-бірі ренжітпеуі, үлкеннің тілін кішінің алуы, елгезек, тілалғыш, қолғанат болу, ал отбасы мүшелері үлкендерінің өзінен кішілерге қамқоршы, ақылшы болуы, еңбекті үй ішінде жұмыла істеп, әрқайсының өз шама шарқынша іс атқаруы.
«Ұлдың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге» - деп қараған халқымыздың ұл баланы тәрбиелеуді аталар мен әкелер өз қолына алса, ал қыз баланы тәрбиелеу әжелер мен аналардың ісі болып саналған.
2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ дайындаңыз, жауабын жазыңыздар.
СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Неке.
1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз және аударыңыз.
Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет. Егер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады (қараңыз азаматтық неке). Егер кәмелетке толған балалары ата-анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетсе – бұл да отбасы
Отбасылық өмір- ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу.
Заңда неке таңдауға ерік берілген, яғни некеге тұру немесе оны бұзу үшін тараптардың өзара ерікті келісімі қажет. Некеде ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері тең, әйелдердің құқығын шектеуге жол берілмейді. Бұл әйелдердің үй шаруашылығын жүргізумен ғана айналысып қоймай, сондай-ақ ерімен бірге бизнеспен айналысуына, мансапқа талпынуына мүмкіндік береді. Ерлі-зайыптық қатынастар, әдеттегідей ғұмырлық, яки некеге тұру белгілі бір мерзім көрсетілмей жүзеге асырылады. Қазақстанда мемлекеттік АХАЖ (Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі) органында тіркелген неке ғана неке деп танылады. Қазақстанда некеге тұрған кезде отбасылық қатынастарда әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тілдік немесе қай дінді ұстанатындығына қарай азаматтардың құқығын шектеудің кез келген түрлеріне тыйым салынады. Ерлі-зайыптылар қатынастарына туыстарының араласуына жол берілмейді.
9-сабақ
Лексикалық тақырып: Білім, Кәсіби бағдар.
Қимыл есімдер қызметі.
Лексика-грамматикалық тапсырмалар
1-тапсырма.Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.Білім.
«Білімде дүние жарық, білімсіздің күні кәріп» деген бұрынғылар.
Бүгінгі таңда жеке адамның біліміне көңіл бөлмеу – оның ертеңгі күні мәңгілік орташа дәрежеде қалуына әкеліп соғады. Бұлай бүкіл халықтар жөнінде де айтуға болады. Білім ерікті қоғамның ірге тасы болып есептеліп, соның негізінде әрі күшті, әрі сау келешек мемлекеттің негізін қалайды және тұтқасы болады.
Ең алдымен, білуге, білімге ұмтылу жақсы қасиет. Бірақ, қазіргі уақытта білімді жалаң мақсат етіп, соның мәнін түсінбейтіндер де баршылық. И.Гете «Біліп қана қою – аз, сол білгеніңді істе қолдана білуің керек, ниеттану ғана- аз, сол ниетіңді іске асыруың керек» - деген.
Қазіргі заманғы өндіріс салалары, қоғамның рухани өмірі әрбір азаматтан жалпы, политехникалық, компьютерлік білімді ғана талап етіп қоймайды, сонымен қатар арнаулы кәсіби мамандықты, икемділікті қажет етеді. Кәсіптік білім жеке тұлғаның, яғни әрбір адамның жан-жақты дамуының қажеттілігі болып саналады.
Кәсіби білімнің, адамның жеке басының өсіп, дамып отыруы материалдық ынтаның пайда болуына, оның алғы шарттарын жасауға байланысты. Ол алғы шарттардың бірі – мамандардың жалақысының, материалдық жағдайларының дәрежесі. Материалдық ынта – білімді дамытудың, кәсіби шеберлікті арттырудың бірден-бір кепілі.
Сонымен, білім – жеке адамның ғана емес, қоғамның талабы. Білімділік саналықтың қажеттілігі, ал мемлекеттің қуаттылығы да оның әрбір мүшесінің саналылығына байланысты.
2-тапсырма.Сөздер мен сөз тіркестерің дәптерге жазып, жаттап алыңыздар.
жоғары оқу орны - ВУЗ қаулы - постановление нәтиже – результат үміткер - кандидат нақты табыстары - ескеру – учитывать шығын – затраты, расходы сарапшы - эксперт дарынды – одаренный | Халықаралық – международный шет ел сарапшылары – зарубежные эксперты кепілдік хаттары – гарантийные письма басты өлшемі – главный критерий үш сатылы - трехступенчатый білікті - квалифицированный іріктеу туры – отборочный тур ғылыми-зерттеу - научно-исследовательский негізінде - на основе, на основании |
3-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Қазақстанда білім беру жүйесі неше баспалдақтан тұрады?
2. Білім ненің талабы?
3. Материалдық ынта дегенімізді қалай түсінесін?
4. Кәсіби білімнің алғы шарттарын жасау қандай жағдайларға байланысты деп ойлайсыздар?
4-тапсырма. Кәсіби бағдармәтінің оқып, орыс тіліне аударыңыз.
Кәсіп – (профессия-латын тілінен аударғанда professio) адамның білімі туралы тиісті құжаттармен расталған кәсібінің, еңбек қызметінің негізгі түрі.
Бүгінгі заманда кәсіптік білім беру саласында адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес мыңдаған мамандықтар мен кәсіптерге дайындау кезек күттірмейтін талап. Адам еңбек ету іс-әрекетінде білім мен ептілікті игеру үшін кәсіптік білім беру қажет. Мамандық – бұл кәсіби еңбектегі тар ауқымды жұмыстарды қарастыратын кәсіби қызмет түрі. Әр түрлі кәсіби бағдарлар әдістемелері ішінде, кәсіптік оқыту енгізілген.
Кәсіби оқыту білім берудің негізгі жолы. Кәсіби оқытудың басты мақсаты – білім алушының кәсіби білімділігін арттыру. Оқу процесі – табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін басқа адамдардың меңгеруіне және оны өмірде тиімді етіп қолдануын айтады.
Кәсіптік білім беру жүйесі – бұл кәсіби және жоғары білім беру мекемелері, оның ғылыми және ғылыми-әдістемелік органдары және олардың басқару жүйесі мен қоса жиынтығы. Басқару құрылымы:
• Бастауыш кәсіптік білім;
• Орта кәсіптік білім;
• Жоғары кәсіптік білім;
• Қосымша кәсіптік білім.
Кәсіптік мектептер мен лицейлерде негізгі білім базасында орта білім берумен бірге белгілі бір кәсіп саласы бойынша жұмысшы қызметкерлерін дайындайды. Оқу мерзімі кәсіптік мектептерде 2-3 жыл, ал кәсіптік лицейлерде 3 жыл, кейбір күрделі технологиялар мен құрылғыларды үйрену 4 жыл мерзімді қажет етеді. Бастауыш кәсіптік білім беру қайсыбір кәсіпті саласы бойынша орта білім негізінде қысқартылған уақыт мерзімде жұмыс істей алады.
Жоғарғы сынып оқушыларының әрқайсысының өзіндік қызығушылығымен қол жетерлік табыстары.
Ал, студенттердің кәсіби іс-тәжірибесі жоғары білікті мамандар даярлаудың маңызды бөлігі болып табылады, іс-тәжірибе іс-тәжірибенің базасы болып табылатын тиісті ұжымдарда - кәсіпорындарда, мекемелерде, мектептер мен ұжымдарда өтеді.
Дегенмен, адамның болашағы мамандықпен тығыз байланысты болғандықтан, кәсіби бағдар беру- адам болашағына көптен-көп пайдасын тигізеді деп ойлаймын. Кәсіби бағдар беру арқылы сол кәсіптің қыр-сырын, мақсатын, мәнін түсіндіріп, көрсетуге болады. Ол үшін мамандық таңдайтын жастардан қандай мамандыққа икемділігі мен қабілеті бар екендігін әр түрлі психологтардың әдістемелері мен тесттері арқылы анықтап,білуге болады.
Білім беру жүйесі, оның құрылымы үздіксіз оқу тұжырымдамасына (концепциясына) сәйкес жасалады. Республикалық білім беру жүйесі өзара тығыз байланысты бірнеше баспалдақтардан тұрады: мектеп жасына дейінгі тәрбие; жалпы орта білім беру; кәсіптік–техникалық, орта арнаулы, жоғары білім беру орындары; жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру; кадрлар біліктілігін арттыру жән оларды қайта даярлау; қосымша білім беру (екінші мамандық). Білім беру балабақшаларда, жалпы білім беретін мектептерде, колледждерде, институттар мен университеттерде, академияларда жүзеге асырылады.
Білім берудің барлық саласы мемлекет есебінен іске асырылады. Жалпы білім беретін мектеп үш сатылы: бастауыш (1-4 сынып), толық емес (5-9 сынып), және толық орта (10-11 сынып). Бірінші және екінші сатылы білім міндетті. Ал үшінші сатыны жалпы білім беретін күндізгі немесе кешкі мектептерде, кәсіби-техникалық, арнаулы орта білім беретін оқу орындарында жалғастыруға болады. Орта білім алудың қазіргі кезде жаңа түрлері: белгілі бір пәнді тереңдетіп оқытатын мектептер, гимназиялар, лицейлер, жеке меншік мектептер көптеп пайда болып жатыр.
Қазіргі таңда республика мектептерінде жыл сайын үш миллионнан астам бала оқиды, оларды оқытуға 240-250 мың мұғалім қызмет атқарады. Республикада 249 арнаулы орта білім беретін оқу орындары бар, онда 200000 астам оқушы оқиды. Арнаулы жоғары оқу орындарының саны 70-ке жуық. Бұл салада 20-ға жуық мемлекеттік емес оқу орны тіркелген. Жоғары білім беру жүйесінде көптеген белгілі жоғары оқу орындары бар, соның ішінде әл- Фараби атандағы Ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университеті және т.б. университеттер бар.
5-тапсырма.Сөздер мен сөз тіркестерің дәптерге жазып, жаттап алыңыздар.
жүзеге асыру – реализовать арттыру – повышать баспалдак, саты – уровень білім беру – образование біліктілік – квалификация даярлау – подготовка жалғастыру – продолжить жеке меншік – частное жоғары – высшее | арнаулы – специальное, специализированное іске асыру – осуществить жүйе – система күндізгі – дневное кешкі – вечернее құрылым – структура мекеме – учреждение пән – дисциплина тереңдетіп оқыту – углубленное обучение |
6-тапсырма.Сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Білім беру жүйесі қалай жасалады?
2. Білім беру жүйесі қандай баспалдақтардан тұрады?
3. Жалпы білім беру қанша сатыдан тұрады?
4. Бірінші және екінші сатылы білім мендетті ме?
5. Үшінші сатылы білімді қайдан алуға болады?
6. Орта білім алудың қандай түрлері бар?
7. Бүгінгі күні орта мектептерде қанша оқушы оқиды?
8.Республикада қанша арнаулы орта мектептер бар?
9. Арнаулы жоғары оқу орныдарының саны қанша?
10. Мемлекеттік емес жоғары оқу орындары бар ма?
11. Қандай жоғары оқу орындарын білесіз?
12. Білім беру қандай мекемелерде жүзеге асырылады?
7-тапсырма. Сөйлемдерді мәтіннен алынғын сөздермен және сөз тіркестерімен толықтырыңыз.
1.Білім беру жүйесі, оның құрылымы ... сәйкес жасалады. 2.Республикалық білім беру жүйесі өзара тығыз байланысты бірнеше ... тұрады. 3.Білім беру ... жүзеге асырылады. 4.Білім берудің барлық саласы ... есебінен іске асырылады. 5.Жалпы білім беретін мектеп ... сатылы.6.Үшінші сатыны ... жалғастыруға болады. 7.Қазіргі таңда ... жыл сайын үш миллионнан астам бала оқиды, оларды оқытуға ... мың мұғалім қызмет атқарады. 8.Республикада 249 ... беретін оқу орындары бар, онда 200000 астам ... оқиды. ... саны 70-ке жуық. 9.Бұл салада 20-ға жуық ... оқу орны тіркелген. 10.Жоғары білім беру жүйесінде көптеген белгілі ... бар, соның ішінде әл-Фараби атындағы ... университеті, Абай атындағы Қазақ Ұлттық ... университеті, Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық ... университеті және т.б.
8–тапсырма. Түбірлес сөздердің жасалуын айтыңыз, аударыңыз.
Білу –білімді –білімсіз – білімділік.
Ниет – ниеттену.
Қажет – қажеттілік - қажетсіз.
Икем – икемділік – икемсіз.
Кәсіп –кәсіби –кәсіпсіз.
Сана – саналық – санасыз.
9–тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыз.
1. Уақытысында білімге көңіл бөлсең, онда болашағыңның ірге тасын қалайсың.
2. Жастар біздің болашағымыз, сондықтан олар мемлекеттің негізін қалайды.
3. Арнаулы кәсіби мамандық шеберлікті талап етеді.
4. Білімді, саналы азамат болу үшін көп оқу керек.
5. Әрбір адамның өсіп дамуында білімнің атқаратын рөлі зор.
6. Оқығаңды іске асыра білуің керек.
10-тапсырма. Мақал- мәтелдерді пайдаланып, жағдаят құрыңыз.
Білімді мыңды жығады,
Білімсіз бірді жығады.
Білім дегеніміз – күш.
Білімде дүние жарық,
Білімсіздің күні кәріп.
11–тапсырма. Білімнің өмірдегі пайдасы туралы әңгімелеңіз.
Мына нақыл сөзді тірек етіп алыңыз.
Білім –бақтың жібермейтін қазығы,
Білімсіз бақ әлдекімнің азығы. (М.Әуезов)
12-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.
Университетте оқу өзекті мәселе жаппай білім алу ақылы оқу | қамтамасыз ету– кәсіби мамандыру білікті мамандар дайындау |
13 –тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.
1. Жоғары білім алу үшін .... түсу керек.
2. Студенттер .... 4-5 жыл оқиды.
3. Олар жыл сайын ..., .... тапсырады.
4. Бесінші немесе төртінші курста .... қорғайды.
5. Жоғары оқу орнын бітірген соң ... оқуларын жалғастыра алады.
СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Оқу орындары
1-тапсырма. Мәтінді мазмұңдаңыз.
Республиканың білім беру жүйесі өзара тығыз байланысты бірнеше баспалдақтардан тұрады: балабақша, жалпы білім беретін мектеп, кәсіби- техникалық училище, арнаулы орта және жоғары орындары, мектептен тыс мекемелер, дипломнан кейінгі білім (аспирантура, докторантура), әртүрлі мамандық бойынша жетілдіру курстары.
Жалпы білім беретін мектеп үш сатылы: бастауыш (1-4сынып), толық емес орта(5-9 сынып) және толық орта (10-11 сынып).
Бірінші және екінші сатылы білім міндетті. Ал үшінші сатыны 10-11 сыныпты жалпы білім беретін күндізгі немесе кешкі мектептерде, кәсіби-техникалық, арнаулы орта білім беретін оқу орындарында жалғастыруға болады. Орта білім алудың қазіргі кезде жаңа түрлері: белгілі бәр пәнді тереңдетіп оқытатын мектептер, гимназия, лицейлер, жеке меншік мектептер көптеп пайда болуда.
Республикада 249 арнаулы орта білім беретін оқу орындары бар, онда 200 мың оқушы оқиды.
Ал жоғары білім беру жүйесінде 100 шақты мемлекеттік және мемлекеттік емес оқу орны тіркелген.
Жоғары оқу орындары – экономиканың, ғылым мен мәдениеттің түрлі салалары үшін жоғары білімді мамандар даярлайтын оқу орындары. Жоғары оқу орындарына академиялар, университеттер, институттар тағы басқалар жатады.
Біздің заманымыздан бұрынғы Африка мен Римде, біздің заманымыздағы 425 жылы Константинопльде ең бірінші оқу орындары ашылған. Өз дәуірі үшін жоғары оқу орны болып саналған философиялық мектептер «университет» деп аталды. Нағыз жоғары оқу орны түріндегі университеттер ХІ-ХІІ ғасырларда Италияда, Англияда (Оксфорд) пайда болды.
1755 жылы М.В.Ломоносовтың ұсынысымен Мәскеу университетінің іргесі қаланды. 1804 жылы Қазан университеті құрылды.
Қазақстандағы Қазан төңкерісіне дейінгі жоғары оқу орындары ретінде Шымкент, Әулиеата, Түркістан, Ақмешіт медреселерін атауға болады. 1919-20 жылдары Орынборда, Ордада, Семейде халық ағарту институттары ашылды. Бұл институттар жоғары білімді мұғалімдер даярлауда зор рөл атқарды.
1920 жылы қарашада Түркістан мемлекеттік университеті (кейінгі Орта Азия университеті) құрылды. Бұл университет Орта Азия мен Қазақстанға маман кадрлар даярлаудың негізгі орталығы болды. 1920 жылы Ордада Бөкей халық ағарту бөлімі Бөкей ағарту институтын құрды.
Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны – 1928 жылы Алматыда ашылған Қазақ педагогика институты (қазіргі Алматы мемлекеттік университеті). Бірінші жылы онда 124 студент, 9 мұғалім болды. Алғашқы оқытушылары қатарында Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин, Құдайберген Жұбанов және тағы басқалар дәріс оқыды.
2001 жылы 5 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 8 жоғары оқу орнына «ұлттық» деп аталатын ерекше мәртебе берілді. Олар: 1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 2.Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 3.Қазақ ұлттық аграрлық университеті және тағы басқалар. (Қазақстан ұлттық энциклопедиясынан)
2-тапсырма.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Республиканың білім беру жүйесі қандай баспалдақтардан тұрады?
2. Жалпы білім беретін мектеп неше сатылы және қандай атап кетіңіз? қандай сатылы білім міндетті?
3. Орта білім алудың қазіргі кезде жаңа түрлері қандай?
4. Жоғары оқу орындарына қандай оқу орындары жатады?
5. Нағыз жоғары оқу орны түріндегі университеттер қай уақытта және қай жерде пайда болды.
6. Алматыда ашылған Қазақ педагогика институты қазір қалай аталынады?
7. Алғашқы оқытушылары қатарында кімдер дәріс оқыды?
8. Қай жылы және неше жоғары оқу орнына ерекше мәртебе берілді?
СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Мамандық
1-тапсырма.Мәтінді оқып, аударыңыз.
Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді.
Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтар жатады.
Менің мамандығым – оқытушы. Мен бұл мамандықты бала кезімнен армандадым. Балалық шағымда мұғалім ролін көп ойнадым. Бұл мамандықты тандауда менің анамның әсері күшті болды. Себебі менің анам да оқытушы. Анамның жұмысына барып, сабақтарына да қатысқан кездерім болды. Кейін мектепте оқып жүріп өз мұғаліміме де сүйсіне қарайтынмын. Неткен білімді адамдар деп ойлап, өскенде мен де осындай мамандыққа ие боламын деп өзіме сөз бердім.
2-тапсырма.Сөздікті дәптерлеріңізге жазып, жаттап алыңыздар
мамандық - профессия
мамандық таңдау – выбор профессии
жауапкершілікті - ответственный
маңызды іс - важное дело
зейінді - сообразительный
өзі өскен орта - среда, где вырос
білімді – образованный
қызығушылық - интерес
қабілет - способность
бейімділік - склонность
қалау - желание
сүйену керек - надо опираться
үлес - вклад, лепта
жетістік – достижение
3-тапсырма.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Мамандық дегеніміз не?
2. Мамандық тандауда нені ескеру керек?
3. Сізге мамандық тандауда кім көмектесті?
4. Өз мамандығыңызды дұрыс тандадым деп ойлайсыз ба? 5. Қандай адам жетістікке жетеді?
6. Сіз тандаған мамандықтың маңыздылығы неде?
7. Үнемі сұранысқа ие мамандықтарды атаңыз.
8. Өзекті мамандықтар қатарына қандай мамандықтар жатады?
4-тапсырма.Көп нүктенің орнын мәтіннен толтырыңыз.
1.Мамандық ... - өте жауапкершілікті және ... іс. 2.Мамандық таңдауда әр адам ... қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына ... керек. 3.Қазіргі таңда ... түрі көп. 4.Таңдау жасау ... емес. 5.Ең бастысы - адам ... 14 қабілетті, ... болуы қажет және оның мамандығы өзі ... ортаға маңызды, бағалы ... қосатындай болуы шарт. 6.Өз ... сенімді, дұрыс таңдау жасаған ... ғана ... жетеді. 7.Өзінің сұранысын, ... жоймаған кең тараған ... дәрігер, мұғалім және ... мамандықтарын атап ... болады. 8.Ал, өзекті мамандықтар ... жоғары технология, байланыс, коммуникация, ... орта, экономиканы ... мамандықтары және ... сұранысына ... жаңа мамандықтар жатады.
5-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз, жай сөйлем құрыңыз.
Үлгі: Қоғам общество; Біздің мақсатымыз азаматтық қоғам құру.
Даму, мамандық иелері, жоғары кәсіби біліктілікт, коммуникативтік қабілет, еңбек ету, сүйіспеншілік, қызығушылық, мамандығы бойынша, біліктілігін арттыру, мамандық иесі, талап ету, икем, бейімі бар мамандық, таңдай білу, қоғамға пайда тигізу, пайдасын ойлау, шабыт, өнім, табыс әкелу.
6-тапсырма.«Менің мамандығым мақтанышым» атты тақырыпқа шығарма жазу
Менің мамандығым Өз мамандығымды ең ___________________ мамандық деп ойлаймын. Бұл мамандық иелері ________ ________ адамдар. Олар халқына _____________ қызмет етеді. ____________ мен ___________ мақтаныш етемін |
Лексикалық тақырып: Еңбек.Еңбек тәртібі.
Міндет, жауапкершілік мәнді сөйлем.
Лексика-грамматикалық тапсырмалар
1-тапсырма. Еңбек және еңбек тәртібімәтінің оқып, мазмұндаңыз, аударыңыз.
Еңбек тәртібі – қызметкерлер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек қарым-қатынасын заң арқылы белгілейтін құқықтық категория. Еңбек тәртібі әртүрлі тәсілдер мен амалдар арқылы қамтамасыз етіледі. Мәселен, жұмыстағы жоғарғы жетістігі үшін қызметкерлерге көтермелеу, сондай-ақ еңбек міндеттерін орындамағаны, не тиісті дәрежеде атқара алмағаны үшін тәртіпке шақыру шаралары қолданылуы мүмкін.
Еңбекқорлық – адамның еңбекке ерекше ынталылығынан(желание), ісіне берілгендігі мен жігерінен байқалатын жағымды қасиет. Іске берілген адам барлық уақыты мен күш-жігерін өзінің сүйікті ісіне арнайды. Оған адамның қабілеті, тәжірибесі, білімі, іскерлігі мен дағдысы (привычки) игі ықпал етеді.
2-тапсырма.Төмендегі сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз.
1. Еңбек және еңбек тәртібі дегенді қалай түсінесіз?
2. Еңбектің мәні қандай?
3. Еңбек тәртібінің қандай амалдары бар?
3-тапсырма.Сөздер мен сөз тіркестерің дәптерге жазып, жаттап алыңыздар.
жұмыс беруші-работодатель
жөнге салу-привести в порядок
жағымды-положительный
еңбек тәртібі-трудовая дисциплина
өндірістік-производственный
ынталандыру-стимулировать
келісімшарт-договор
көтермелеу-поощрение
қызметкер-сотрудник, служащий
тәртіпке шақыру-призывать к порядку
тәжірибе-опыт
4-тапсырма.Мәтінге жоспар құрыңыз, жоспар бойынша әңгімелеңіз.
5-тапсырма.Мақалдарды жаттап алыңыз. Тәрбиелік мәнін ашыңыз.
1. Еңбек түбі – береке
2. Еңбек етсең, емерсің
3. Еңбексіз рақат жоқ
4. Еңбегі бардың өнбегі бар
5. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
6-тапсырма. «Еңбексіз рақат жоқ» тақырыпына әңгіме-сұхбат құрыңыз.
7-тапсырма.Берілген сөйлемдерді сөйлем түрлеріне ажыратыңыз.
Менің ағам зауытта жұмыс істейді.
Іске берілген адам барлық уақыты мен күш-жігерін өзінің сүйікті ісіне арнайды.
Көктем келіп, күн жылынды.
Күн жылынды, бірақ жер көгерген жоқ.
8-тапсырма.Танымдық сұрақтар.
1. Еңбекқорлық сөзін қалай түсінесіз?
2. Еңбекқорлыққа ықпал етуші күш не?
3. Еңбекқорлыққа өз басың қалай қарайсың?
9-тапсырма.Берілген мақал-мәтелдердің екінші сыңарын тауып, салалас құрмаласқа айналдырып жазыңыз, содан кейін бірыңғай мүшелі жай сөйлемге айналдырыңыз.
Үлгі: Еңбектің наны тәтті... (Жалқаудың жаны тәтті).
Салалас құрмалас сөйлем: Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.
Бірыңғай мүшелі жай сөйлем: Еңбектің наны, жалқаудың жаны тәтті.
1. Еңбек ерлікке жеткізер, ...
Салалас құрмалас сөйлем: Еңбек ерлікке жеткізер, ...
Бірыңғай мүшелі жай сөйлем: Еңбек ерлікке, ...
2. Еңбек түбі – береке, ...
Салалас құрмалас сөйлем:
Бірыңғай мүшелі жай сөйлем:
3. Атаның баласы болма, ...
Салалас құрмалас сөйлем:
Бірыңғай мүшелі жай сөйлем:
4. Ерінбей еңбек етсең – ерінің асқа тиеді, ....
Салалас құрмалас сөйлем: .....
Бірыңғай мүшелі жай сөйлем: ......
10-тапсырма. «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген тақырыпқа шығарма жазыңыз.
11-тапсырма.Мәтінді оқып, мазмұндап, аударыңыз.
Жұмыссыздық
Жұмыссыздық еңбек нарығының бөлінбес элементі болып табылады.
Жұмыссыздық қоғам өміріне тән құбылыс. Ол бұған дейін де болған, алдағы уақытта да бола бермек. Қазіргі нарық жағдайында қай жерде болсын жұмыссыздар санының көбейе түскені мәлім. Оның мынадай бірнеше себептері бар. Мысалы, өндірістің жаппай автоматтандырылып, механикаландырылуы, еңбекті интенсивтендіру деңгейінің артуы, өнеркәсіптің т.б. мекемелердің дағдарысқа ұшырап, жабылып қалуы, мамандан-дырудың біржақты жүргізілуі т.б.
Жұмыссыздықтың осындай себептерін экономикалық әдебиеттерде мынадай түрлерге бөледі:
Фрикциондық жұмыссыздық. Бар вакансия туралы толық ақпарат немесе осы ақпарат тым қымбатқа түскен кезде, жұмыс-керлер мен жұмыс орындарының арасында қашан болмасын белгілі сәйкессіздік болады. Сондай-ақ жұмыскерлер өздеріне ұнайтын жұмыс орнын, ал жалдаушылар белгілі квалифика-циясы бар жұмысшы күшін табу үшін де уақыт керек. Бұл да фрикциондық жұмыссыздықтың негізін құрайды.
Құрылымдық жұмыссыздық. Экономиканың дамуы құры-лымдық жұмыссыздық тудырып отырады: жаңа технологиялар, жаңа тауарлар пайда болады. Капиталдар нарығында сұраныс құрылымында өзгерістер орын алып отырады. Осының нәти-жесінде жұмысшы күшінің профессионалдық-квалификациялық құрылымы арасында аймақтық және салалық қайта бөлінулер жүреді. Бұл топқа әдетте төмен квалификациялы немесе «ескір-ген» мамандығы бар жұмыскерлер жатады және ол экономи-калық жағынан артта қалған аудандардың халқын қамтиды.
Маусымдық жұмыссыздық. Бұл өндірістің кейбір сала-ларындағы (ауылшаруашылығы, құрылыс, т.б.) өндіріс көлемінің маусымдық ауытқуымен байланысты болады. Бұларда жыл бойында еңбекке сұраныс елеулі өзгеріп отырады.
Циклдық жұмыссыздық. Бұның негізін экономикалық құлдырау мен сұраныстың жетімсіздігі, өнімнің шығарылуы және жұмыспен қамтудың көлемдерінің циклдық ауытқулары құрайды.
12-тапсырма. Бұлардан басқа да нақты және жалған жұмыссыздық, еркін жұмыссыздық, тоқыраулық, жаппай жұмыссыздық түрлеріне қоғамдық өмірден нақты мысалдар келтіріңіз.
13-тапсырма. Ары қарай өзіңіз жұмыссыздықтың т.б. себептерін көрсете отырып, шағын мәтін құрастырыңыз.
Үлгі: Жұмыссыздық халықтың әл-ауқатының құлдырауына әкеп соғады. Жұмыссыздық біртіндеп олардың кәсіби дағдылары мен білімін жоғалтуға әкеледі. Жұмыссыздықтың өсуі тауарға деген сұранысты қысқартады, себебі адамдар ақша таппайды. Яғни, өндіріс қысқарады, өндіріс қысқарған соң жұмыс орындары азаяды, жұмыссыздар армиясы өседі...
14-тапсырма. Пікірді ары қарай жалғасты-рыңыз.
Жұмыссыздықтың экономикалық салдары:
өндірістердің жабылуы;
ұлттық табыстың төмендеуі;
өмір сүру деңгейінің төмендеуі;
еңбек белсенділігінің төмендеуі;
мамандардың алған білімінің құндылығын жоюы.
15-тапсырма. Сөздік жұмысын жүргізіңіз.
Безработица –
Безработица скрытая –
Безработица сезонная –
Безработица массовая –
Безработица застойная –
Безработица частичная –
Безработица циклическая –
Безработица вынужденная –
Безработица добровольная –
Безработица естественная –
Безработица региональная –
СОӨЖ тапсырмалары
ЕҢБЕК НАРЫҒЫ
Еңбек тауар болып табылады,
оның табиғи бағасы болады.
Д. Рикардо
1-тапсырма.Мәтінді оқып, мазмұндаңыз және аударыңыз.
Еңбек нарығында бірнеше ерекшеліктер болады. Осы ерек-шеліктерді құрайтын элементтерге жұмысшы күшін иемденетін адамдар жатады. Бұларға психофизиологиялық, әлеуметтік, мәдени, діни, саяси т.б. адамдық қасиеттер тән болады. Осы ерекшеліктер адамдардың мүдделеріне, мотивацияларына, еңбекке белсенділік дәрежесіне елеулі әсер етеді және еңбек нарығына, оның болмысына ықпал етеді. Өндірістік ресурстардың басқа барлық түрлерінен еңбектің басты айырмашылығы – еңбек адамның тіршілік әрекеттерінің жемісі, оның өмірлік мақсат-тары мен мүдделерін жүзеге асыру формасы.
Еңбектің бағасы – ол тіршілік дәрежесінің, әлеуметтік мәртебенің, жұмыскердің және оның отбасының аман-есендігі-нің бағасы, құны болып табылады. Сондықтан еңбек категория-сын зерттегенде «адамгершілік» элементтерін ұмытпай, яғни онда адам тағдыры бар екенін естен шығармау қажет.
2-тапсырма.Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Еңбектің бағасы дегеніміз не?
2. Еңбек нарығының ерекшеліктерін атаңыз?
3. Еңбекке жарамдылық дегенді қалай түсінесіз?
4. Мүмкіндігі шектеулі адамдар деген кімдер?
5. «Еңбек етсең емерсің» деген мақалды қалай түсінесіз?
6. Еңбектің басқа өндірістік ресурстардан басты айырмашы-лығы неде?
3-тапсырма.Жоғарыдағы шағын мәтіннен сөйлемнің бірыңғай мүшелерін теріп жазыңыз.
Үлгі: Әлеуметтік, мәдени, ...
4-тапсырма.Әр қатардан бір немесе бірнеше сөздерді пайдалана отырып, жұмыссыздық туралы бірнеше сөйлем құраңыз.
Бейімделу, қысқарту;
Жұмыспен қамту, күдер үзу;
Жетіспеушілік, кемшілік, қымбатшылық;
Еңбекке қабілетті, мүмкіндігі шектеулі жандар.
5-тапсырма.Еңбек, жұмыс сөздерімен бірнеше туынды сөздер жасаңыз.
Үлгі: Еңбекші, жұмысшы, ...
СӨЖ тапсырмалары
Еңбек демалысы
1-тапсырма Мәтінді мазмұндаңыз, аударыңыз
Еңбек демалысын қайда өткізетінін қазірден жоспарлап жүргендер бар шығар, бірақ кедергіге тап болмас үшін еңбек демалысын дұрыс рәсімдеу де маңызды.
Уақытын таңдаймыз
Компанияда алты ай жұмыс істеген кез келген қызметкер құрметті демалысқа шығуына құқылы. Әр қызметкер жарты жыл өткен соң, басшылыққа екі апта бұрын ескертіп, кез келген уақытта құрметті демалысын пайдалану мүмкіндігі бар. Егер ол қарсы болмаса, саяхаттауға жинала берсеңіз болады.
ҚР Еңбек кодексі №251
101-бап. Жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысының ұзақтығы
Егер қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін басқа нормативтік құқықтық актілерде, еңбек шартында, ұжымдық шартта және жұмыс берушінің актілерінде көп күн саны көзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығы күнтізбелік жиырма төрт күн болатын жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы беріледі.
Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкердің тынығуына, жұмыс қабілетін қалпына келтіруіне, денсаулығын нығайтуына және қызметкердің өзге де жеке қажеттіктеріне арналады және жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып, белгілі бір күнтізбелік күндер санына беріледі.
Демалыс аралығы
Егер алдыңғы демалыстан кейін үш ай өтсе тағы демалыс ала аласыз ба? Еңбек кодексіне сәйкес жыл сайынғы демалыс жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі. Алайда ұжымның демалыс графигіне байланысты қызметкерлер арасында кезек сақталуы қажет.
Демалыс күндеріне түсетін еңбек демалысы
Еңбек кодексі бойынша әр қызметкерге 24 күн еңбек демалысы тиесілі, бірақ оны қанша бөлікке бөлуге және әрқайсының ұзақтығы қанша болуы тиіс екені айтылмайды. Тек демалыстың бір бөлігі екі аптаны толық қамтуы, яғни 14 күннен кем болмау керек екені баяндалады. Демек, жұмыс беруші қарсы болмаса қызметкер демалысын бірнеше бөлікке бөліп ала алады.
Еңбек демалысының ұзақтығы
Демалыстың минималды ұзақтығы 24 күнді құрайды. Ұзартылған еңбек демалысына:
· жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері үшін ұзақтығы күнтізбелік 56 күн;
· оқу-әдістемелік қызметкерлері қамтамасыз ету, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері үшін - күнтізбелік 42 күн;
Еңбек демалысы үшін өтемақы төлемі қалай есептеледі?
Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкердің соңғы 6 немесе 12 айлық табысына сәйкес есептеледі. Жұмыс істемеген мейрам күндері мұның ішіне кірмейтіндіктен, сол күндер үшін ақша аударылмайды.
Ережеге сәйкес бес күндік, сондай-ақ алты күндік жұмыс аптасында орташа айлық жалақыны есептеу белгіленген қосымша ақылар мен үстемеақылар, сыйақылар және еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген тұрақты сипаттағы басқа да ынталандыру төлемдері ескеріле отырып, тиісті кезеңдегі орташа күндік (сағаттық) жалақының есебінен нақты жұмыс істелген уақыт үшін жүргізіледі. Бәрін мазалайтын сұрақ: демалыс өтемақысы қалай есептеледі? Оларды есептеу үшін он екі айдың жалақысын (кейде жұмыс істеген ай) он екі айдағы жалпы жұмыс күндеріне бөліп, еңбек демалысы күніне көбейтеді. Есептеу формуласы шамамен мынадай:
(айлық жалақы1+айлық жалақы2+айлық жалақы3+...айлық жалақы12) / (он екі айдағы жалпы жұмыс күні) * (еңбек демалысы күндері) = қолға алатын сома
Еңбек демалысына шықпас бұрын...
Ұжымды жерге қаратып кетпес үшін екі апта бұрын жұмысыңызды әріптестеріңізге үйретіп, не тапсырып кетіңіз. Көбі алдағы демалысты ойлап, босаңсып, маңызды жұмыстарды атқарып кетудің орнына саяхатты ұйымдастырып, интернеттен қандай көрнекі орындарға баруға болатынын қарап, жоспарлап кетеді. Кетуіңізді сауатты түрде ұйымдастырыңыз.
11-сабақ
Лексикалық тақырып:Денсаулық.
Тыйым мәнді сөйлем.
1- тапсырма.Сөздер мен сөз тіркестерің дәптерге жазып, жаттап алыңыздар.
денсаулық – здоровье негіз – основа тірегі – опора нашар – плохой қоғам – общество отбасы – семья мықты – крепкий мақсат – цель | себеп – причина жағымсыз – неприятный екі есе – два раза больше әлденеше есе - несколько раз темекі - сигарет улы – ядовитый мәлім – известно көру қабілеті – зрение |
әлеуметтік жағдай – социальное положение қан тамырлары ауруы – болезнь кровеносных сосуд |
2 - тапсырма. Мәтінді тыңдап, өзіңізге таныс сөздерді жазып отырыңыз. Мәтінді аударыңыз.
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық - адам өмірінің негізі, тірегі. Денсаулығы нашар адам қоғамға да, отбасына да жайсыз екені белгілі. Денсаулығы мықты адам ғана алдына қойған мақсаттарына қол жеткізеді. Бүгінгі таңда қоршаган ортаның ластануы, әлеуметтік жағдайдың төмендігі, жұмыс орнында және отбасындагы келеңсіз жағдайлар, дұрыс, уақытымен тамақтанбау адам денсаулығын бұзатын себептер болып отыр.
Жеке адамның бойындагы жағымсыз қылықтар да денсаулықтың бұзылуына әкеледі. Атап айтсақ, темекі тарту, ішімдікке жақын болу. Ғалымдардың зерттеуіне қарағанда, шылым шегушілердің арасыңда қан тамырларының ауруы екі есе, ал өкпе ауруы әлденеше есе көп болады. Темекіде «никотин» атты улы зат бар екені мәлім. Темекі құмарлар күніне бір қорап темекі шегеді. Сонда ол адам 30 жыл ішінде үш жүз мың тал темекі жұмсайды немесе бір жарым килограмдай никотин жұтады. Никотин осы мерзімде мысқылдап кіріп, жүрек, жүйке, өкпе тәрізді адамның ең жанды жерлеріне ақау салып үлгереді. Осыдан адам денсаулығы нашарлап, жұмыс істеу қабілеті төмендейді. Ендеше, әр адам өз денсаулығы үшін күресіп, салауатты өмір сүруге талпыну қажет.
3 – тапсырма.Мәтінді бірнеше рет оқып, төмендегі сұрақтарға толымды сөйлеммен жауап беріңіз.
1. Денсаулығы нашар адам қоғамға, отбасына жайлы ма?
2. Қандай адам өз мақсаттарына қол жеткізеді?
3. Бүгінгі таңда денсаулықтың бұзылуына әсер ететін қандай себептерді білесіз?
4. Темекі тартудың зияны бар ма?
5. Темекі тартуда адам ағзасы қандай улы затпен уланады?
6. Салауатты өмір сүру үшін не істейсіз?
4 – тапсырма.Сұхбатты жалғастырыңыз.
- Достым, салауатты өмір сүру дегенді қалай түсінесің?
- ………………….........................
- Бүгінгі таңда өзің осы бағдарлама шарттарын орындап жүрсің бе?
- .........................................................
- Сенің досың шылым тарта ма? Сен оған шылым тартудың зияны туралы айттың ба? Шылым тартудың зияны туралы өзің қаңдай ақпараттар оқыдың?
- ...........................................................
- Мен де салауатты өмір сүруге талпынамын. Үнемі денемді шынықтырып, темекі, алкогольды сұйықтардан бойымды аулақ ұстаймын. Басқаға да осындай тілек айтар едім.
5 – тапсырма.Асты сызылған сөздерді синониммен ауыстырып жазыныз.
1. Денсаулығы мықты адам ғана алдына қойған мақсаттарына қол жеткізеді (армандарына, биіктеріне, ойларына)
2. Темекіде «никотин» атты улы зат бар екені мәлім (зиянды) .
3. Осыдан адам денсаулығы нашарлап, жұмыс істеу қабілеті төмендейді (ойлау).
4. Ендеше, әр адам өз денсаулығы үшін күресіп, салауатты өмір сүруге талпыну қажет (күресу қажет).
6 – тапсырма.Төмендегі етістіктерді аударып, жіктік жалғауында түрлендіріңіз.
Мен үнемі (бегать). Сол себепті денемді (закалять). Таңертең сен салқын сумен (умываться). Біз темекі (не курить). Мен қажет болса, (спать). Ол дұрыс (питается). Дене шынықтыру кезінде сен күнде (прыгать). Сіз үнемі (плавать).
СОӨЖ тапсырмалары
Халық медицинасы.
1-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз және аударыңыз.
Сауығудың дәстүрлі емес тәсілдері ежелден-ақ белгілі. Әр халықтың өз сауығу тәсілдері бар. Соңғы кезде олар кең қолданыла бастады.
Әр түрлі табиғи және халықтық әдістер аурудың алдын алу үшін пайдаланылуда.
Сауығудың өте жақсы тәсілі – жерде жалаң аяқ жүру. Әдетте ағзада артық энергия жиналады, жерге жанасқанда ол азайып, денсаулыққа жақсы әсер етеді.
Халық емшілері шипалы өсімдіктермен емдеуді, уқалау және биологиялық белсенді нүктелерді тітіркендіруді кеңінен пайдаланады.
Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері белгілі. Мысалы, суық тигенде өгей шөп, киікоты, тасшөп, шалфей өте пайдалы. Сол сияқты құлпынай, бал және сарымсақпен емдеген жақсы. Шайқурай мен түймедағы өсімдігінің микробқа әсері белгілі. Түйежапырақ бауыр, бүйрек, ішек қарын жұмысын жақсартады. Қалақайдың да дәрілік, шипалық қасиеті зор. Оның жапырақтарының тұнбасы шашты қатайтуға және қайызғаққа қарсы жақсы ем ретінде қолданылады. Дәрілік шалфей жүйке жүйесін тынықтыру үшін қолданылады.
2-тапсырма. Сөздерді тыңдаңыз, оқыңыз, жазып алыңыз:құрам, қоспа, шипа, құлпынай.
3-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.