КОКП ХХ-съезі – Сталиннің жеке басына табынуды айыптау.
1956 жылы партияның ХХ съезі болды. Осы съезде Хрущев «Жеке басқа табыну және оның зардаптарын жою» туралы баяндама жасады.
Бұл баяндама алғаш рет Сталиннің еліміздегі 1937-1939 жылдары аралығында жүргізген жазықсыз жазалаулары туралы ашық айтылып, оның зардаптарын жоюға шақырды. Соған байланысты жазықсыз жазаланған мыңдаған адамдар түрмеден босатылып, тағылған саяси айыптар алынды.
Соғыстан кейінгі жылдары 700-дей кәсіпорын қатарға қосылды. Оның ішінде Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Өскемен су-электр станциясы, Бұқтырма су-электр станциясы, Қарағанды 2-жылу электр станциясы, Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаттары бар.
1960 жылы Қазақстанда 32 млн. тонна көмір өндірілді. 1953 жылы Қарағанды металлургия комбинаты іске қосылды. Сондай-ақ Маңғыстау өңірі ірі мұнайлы аймаққа айналды.
Қазақстанда салынған заводтардың барлығы шикізат өңдеуге арналғандықтан адам денсаулығына үлкен зиянын тигізетін заводтар болды. Өскемендегі, Ақтөбедегі, Шымкенттегі, Жамбылдағы химфарм, сары фосфор, мырыш өңдеуші заводтар осындай заводтар еді.
1949 жылы 29 тамызда Семей өңірінде ядролық зарядты тұңғыш сынау өткізілді. 1949-1963 жылға дейін жер үстіне 113 жарылыс жасалды. 1964 жылдан бастап 1989 жылға дейін жер астында 343 сынақ жасалған. Бұның барлығы полигонға жақын тұратын халықтарға өте үлкен зардабын тигізді. Кеңес Одағы коммунистік партиясының орталық комитетінің 1954 жылғы ақпан-наурыз пленумында Қазақстанда, Сібірде, Оралда, Қиыр Шығыстың кейбір аудандарында жаңа тың жерлерді игеруге шешім қабылданды.
Тың және тыңайған жерлерді игеру, оның зардапты салдары.
Қазақстандағы тың жерлерді игеру ғылыми түрде зерттелмей өте асығыс жүргізілді.
Тың игергеннен кейін Қазақстан 6 рет Отан қоймасына 1 миллиард астық берді. Бірақ бұл миллиардтар шын мәнінде ауа райы қолайлы жылдары ғана алынды.
1954-1960 жылдары Қазақстанда 25 миллион гектар жер жыртылды, кейінгі жылдары оның мөлшері 35 млн. жеткізілді.
Ғылыми түрде зерттелмей асығыс түрде көп мөлшерде жердің жыртылуы салдарынан 9 млн.-ға жуық жер жартылай сондай-ақ толығымен эррозияға ұшырады. Республиканың ежелгі халқы – қазақтарды тыңды игеруге шақыру назардан тыс қалды.
1954-1958 жылдары Ресейден және Украинадан 640 мың адам әкелді, кейінгі жылдары олардың саны 1,5 млн.-ға жетті. Бұл республиканың демографиясына үлкен өзгеріс әкелді. Қазақтар өз жерінде азшылық болып 1962 жылғы санақ бойынша республика халқының 29%-тін құрады.
Сұрақтар:
1. Қазақстан (1941-45ж.ж) Ұлы Отан соғысы кезіндегі майданға бүкіл халықтың көмегі.
2. Қазақстандағы (1946-1953жж) әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси жағдайы қандай болды?
3. Қазақстандағы демографиялық, миграциялық процестер, халықтың әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерді анықтаңыз.
Негізгі әдебиеттер:
1. Қазақстан тарихы / Көне заманнан бүгінге дейін. – 5 томдық. 4 том. Алматы, 2010
2. Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.
3. Ч. Мусин. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008.
6. Абылхожин Ж.Б. Традиционная структура Казахстана. А., 1991.
7. Абылхожин Ж.Б. Очерки социально-экономической истории
Казахстана. ХХ век. А., 1997.
8. Алдажуманов К.С., Алдажуманов Е.К. Депортация народов преступление тоталитарного режима. А., 1997.
9. Алдажуманов К.С., Козыбаев М.К. Тоталитарный
социализм: реальность и последствия. –Алматы, 1997.
10. Асылбеков М.Х., Галиев А.Б. Социально-демографические
процессы в Казахстане (1917-1980 гг.).-Алма-Ата, 1991.
11. Белан П.С. Участие казахстанцев в завершающих сражениях Великой Отечественной войны. А., 1979.
12. Исторический опыт защиты Отечества. Военная история Казахстана. А., 1999.
13. Козыбаев М.К. Казахстан-арсенал фронта. А., 1983.
14. Козыбаев М.К., Едыгенов Н.Е. Труд во имя победы.
Алматы, 1995.
15. Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдақтар ақиқаты. А., 1992.
Қосымша әдебиеттер:
1. Абжанов Х. Сельская интеллигенция в Казахстане: вчера, сегодня, завтра. А., 1990.
2. Верт Н. История советского государства. 1900-1991. М., 1992.
3. Гуревич Л. Тоталитаризм против интеллигенции. А., 1992.
4. Жакупбекрв С.К. История легкой индустрии Казахстана. А., 1984.
5. Козыбаев М.К. Историческая наука Казахстана. А., 1992.
6. Народное движение за освоение целинных земель в Казахстане. Сборник материалов. М., 1959.
7. Реабилитация. Политические процессы 30-50-х годов. М., 1991.
Дәріс тақырыбы: Кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйенің тоқырау жылдарындағы Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және қоғамдық-саяси даму (1965-1990 ж.ж.).
Дәріс жоспары:
1. 1965 ж. шаруашылық реформасы және ғылыми-техникалық процесс.
2. 1986-1991 жылдар аралығындағы қоғамдық өмірдің жандануы.
3. Мемлекеттік тоталитаризм жағдайында қоғамдық қатынастарды демократияландыру.