СРСП 2 - тақырып. Кәсіпорындар шаруашылық қызметінің негіздері

1. Кәсіпорын - басқарудың жүйелік объектісі

2. Нарықтық жағдайда кәсіпорындар шаруашылық қызметінің ерекшеліктері.

3. Кәсіпорынның ұйымдастыру нысандарының түрлері.

4. Кәсіпорынның стратегиясы және оның қалыптасуы.

1. Экономиканың қайсысы болмасын өндірістен, экономикалық өнім жасаудан құралады. Өндіріссіз тұтыну болмайды, тек шығарылған өнімді ішіп –жеп қою болады. Атап айтқанда, кәсіпорын өнім шығарады, жұмыстар және қызмет көрсетеді, яғни тұтыну және ұлттық байлықты молайтудың негізін қалайды.

Қаншалықты кәсіпорын тиімді жұмыс істейді, оның қаржылық жағдайы қандай екені экономиканың барлық қаржылық жағдайы қандай екені экономиканың барлық саулығына және мемлекеттің индустриалдық қуатына байланысты болады. Оның негізгі белгілері мыналар:

- ұйымдық бірлік:кәсіпорын - бұл белгілі түрде ішкі құрылымы және басқару жөнімен ұйымдасқан ұжым;

- белгілі түрдегі өндірістік құралкешені: кәсіпорын пайданы барынша көбейту мақсатында экономикалық игіліктерді өндіру үшін экономикалық ресурстарды біріктіреді;

- мүліктің жекеленуі:кәсіпорынның өзінің мүлкі болып, белгілі бір мақсатқа жеке пайдаланады;

- мүліктік жауапкершілік: кәсіпорын түрлі жағдайға сай өзінің барлық мүліктеріне толық жауакершілікте болады;

- кәсіпорын дара басшылықты болжалайды, басқарудың тікелей әкімшілдік формасына негізделелді;

- шаруашылық айналымына жеке атынан шығады;

- оперативті – шаруашылық және экономикалық дербестік: кәсіпорын жеке өзі түрлі мәмілелерді және операцияларды жүзеге асырады, пайдасын өзі алады немесе зиян шегеді, пайданың есебінен қаржы жағдайын және өндірісті одан әрі дамытуын жақсартады.

Өндіріс жоспарлы немесе әкімшіл -әміршілдік экономика жағдайында мына тәсілмен жұмыс істейді.

 
  СРСП 2 - тақырып. Кәсіпорындар шаруашылық қызметінің негіздері - student2.ru

Бұл тәсілде ең негізгісі – ресурстар, атап айтқанда, олар шектеулі өнім шығарылымының көлемі болып саналады. Сонымен, жоспарлы экономика жағдайында кәсіпорындарды өнім шығарылымының көлемі мемлекеттің оларды қажетті ресурстармен қамтамасыз ету мүмкіншілігіне байланысты болады.

Қазақстан кәсіпорындарының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бұл жөніндегі жағдай түбірінен өзгереді. Кәсіпорындар бүгінде бүтіндей қарама-қарсы басқа тәсілде жұмыс істеуге мәжбүр болды:

СРСП 2 - тақырып. Кәсіпорындар шаруашылық қызметінің негіздері - student2.ru

Бұл тәсілде негіздісі – сатып алушылардың сұранысы, яғни өзінің өнімдерін өткізу. Ол үшін нарық жағдаятын, сатып алушылардың сұрау салуларын, нарық сиымдылығын, әлуетті бәсекелес өнімдерді сапалылығының және т.б. нарықтық экономика үшін сипатталатын сұрақтарын үйрену қажет.

Жасыратыны жоқ, көптеген отандық кәсіпорындар түрлі себептермен аталған тәсілмен жұмыс істеуге қабілетсіздігін көрсетті және де дайын емес еді, олардың ішінде кәсіпорындардың басшылары жаңа тәсілге, ал кейбіреулері өтіп жатқан қайта құру реформасының маңыздылығына түсінбеді, қайтадан жоспарлы экономика дәуіріне қайтып келуіне үміттенді және күтті де.

- КСРО – ның ыдырауы өндірістік және кооперативтік байланыстардың бұзылуына әкеліп соқтырды;

- нарықтық қатынастарға өту инфляцияға және шектен тыс инфляцияға жалғасып, кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуіне, әсіресе оларды айналым қаражаттарымен қамтамасыз етуге айтарлықтай жағдай жасалынбады;

- көптеген отандық кәсіпорындардың өнімдері бәсекеге жарамсыз болды;

- көптеген кәсіпорындар әлі де болса нарықтық қатынастарға бейімделе алмады;

- Қазақстанның рыногындағы импорттық тауарлардың молықтырылуы аз болды;

- өтпелі кезеңде мемлекет Қазақстандағы өркениетті рыноктың жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасай алмады.

Міне, осы және басқа да себептер ақырында көптеген кәсіпорындардың қаржы жағдайын нашарлатуға және елімізде экономикалық дағдарысты ұзартуға әкеліп соқтырды.

Өтпелі кезең біздің республика үшін тек жағымсыз салдармен ғана емес, сонымен қатар кейбір оңды мезеттермен сипатталады. Атап айтқанда:

- кәсіпорындар бірте-бірте рынокқа бейімделіп, шығында сатып алушылардың мұқтажын қанағаттандыра алатын өнімдерді өндіре бастады;

- көптеген кәсіпорындар инфляцияның құлдырауы жағдайында өндіріс шығындарын азайту, өнімдерді өткізу, оның сапасын жақсарту – қаржылық сәттілікті дұрыс шешудің бірден-бір жолы екенін түсіне бастады;

- рыноктар тауарлармен толықтырылып, кейбір экономикалық салаларда кінаратсыз бәсеке пайда болды.

Кәсіпорынға басшылық ету әдістері нарықтық экономиканыңдаму дәрежесіне сәйкес болуға тиіс. Оларды өзгерусіз, бір орында қатып қалуларына болмайды. Кәсіпорынды басқару икемді, әрқашан басты мақсатқа жетуге және сонымен бірге әрбір нақты кезеңнің ерекшеліктерін ескеріп отыруға тиіс. Кәсіпорынға басшылық етудің міндеттері де практиканы терең зерттеудің негізінде өндірістің одан әрі даму тенденциясын анықтап, бұл дамуды шапшаңдату үшін өндіріске әсер етудің сол кезең үшін аса маңызды экономикалық тұтқаларын пайдалану болып табылады.

Наши рекомендации