Электрлік жарықтандыру тораптарын есептеу
ГОСТ 13109-67-87 сәйкес жұмысшы жорықтандыру тораптарында U-дің ауытқуы 2,5-тен 5 % -ға дейінгі аралығында болуы мүмкін.
U = 380/220 В тораптарында жарықтандыру және күштік желілерді бір жерден қоректендіру барысында қозғалтқышты іске қосу кезіндегі кернеудің толқуын ескеру керек. Егер кернеудің толқуы 1 сағат ішінде 10 реттен көп қайталанса, олар шамның Uном кернеуінен 4%-дан аспауы керек. Сондықтан қыздыру шарты бойынша алынған электр жарықтандыру тораптары мүмкін болатын кернеу шығынына тексеріледі.
Жарықтандырудың жүктемесі активті және ол бірқалыпты таратылған кезде тораптың кез келген бөлігі үшін (cos=1) келесі формуланы қолданады
∆U%=∑M/CS немесе S=∑M/C∆U%,
мұндағы ∑M=∑pL - жүктемелер моментінің суммасы;
С= - электрэнергияның тарату жүйесіне, Uсети, сымның материалына тәуелді коэффициент, (С – кестеден алынады).
Қабылдағыш көзінен ең соңғы шамаға дейінгі жарықтандыру электр торабының толық U шығыны:
∆U=
мұндағы Uо – трансформатордың шықпалы кернеуі; Uхх нормаға сәйкес және Uнл– дан 97,5% -ға тең алынатын ең соңғы шамның кернеуі;
Uнл – желінің Uн сәйкес келетін шамының номиналды кернеуі.
Кернеудің толық шығыны трансформатордағы ∆Uт кернеу шығынымен және тораптағы Uс кернеу шығынымен анықталады.
∆U=∆Uт+∆Uс.
Трансформатордағы кернеу шығыны
∆Uт= (Uacos+Upsin)
мұндағы = - бос жүріс кезіндегі транформатордың шығысындағы
кернеудің тораптары Uном қатынасына тең коэффициент;
= - трансформатордың жүктелу коэффициенті;
Uа, Uр, Uк.з - нің активті және реактивті құраушылары. Олардың мәні
келесі өрнекпен анықталады
, ,
мұндағы ∆Рм-трансформатордың мысындағы шығын, Вт.
Тораптағы кернеу шығыны
∆Uс=∆U-∆Uт= - (Uacos+Upsin).
Сондықтан ∆Uс, негізінде трансформатордың қуатымен, оның жүктелуімен және cos-мен анықталады (берілулер - кестелерде).
Сым материалы аз болуы үшін жарықтандыру торабының сымының қимасы келесі өрнекпен анықталады
S=(∑M+∑ m)/C∆U
мұндағы ∑M-берілген бөліктің (участок) және энергия бағыты бойындағы бөліктердің моменттерінің қосындысы, кВт/м. Желідегі өткізгіштер саны берілген біліктіктегі өткізгіштердің санына тең.
∑ m-берілгенучаскіден қоректенетін, бірақ сымдар саны басқа, барлық тармақтардың моменттерінің қосындысы;
-учаскідегі және тармақтағы сымдар санына тәуелді моменттерді келтіру коэффициенті;
∆U-есептелетінучаскінің басынан ең қашықтықта орналасқан шамға мүмкін болатын кернеудің есептік шығыны. Есептік формула тізбектеліп тораптың барлық бөліктері үшін қолданылады (ҚС-ың шинасынан шығатын қоректендіруші магистральдан бастап ең соңғы шамға дейін). Сымның таңдалған есептік қимасы бойынша соған жақын үлкенрек стандартты сым қимасы таңдалады. Содан соң таңдалған қима бойынша және оның нақты моменті бойынша кернеу шығыны есептеледі.