Басқарудың ұйымдастырушылық – әкімшілік әдістері: бұйрықтар, елісімдік, кепілдемелік әдістер

Билет

Жоспарлау функциясының маңызы мен стратегиялық жоспарлаудың мәні.

Жоспарлаудың ұйымды басқару функциясы ретіндегі мазмұны нарықтың сұранысы мен өндірістің материалдық жағынан қамтамасыз ететін көздерін ескере отырып, негізгі бағыттарын мен даму қатынастарын анықтаудан құралады. Жоспарлаудың маңызы белгіленген мерзімде бүкіл ұйым мен оның бөлімшелерін дамыту мақсаттарын айқындау, шаруашылық міндеттерді анықтау, жүктелген міндеттерді шешуге арналған материальды,еңбек және қаржылық ресурстарын табудан көрініс табады.

Осылайша, ұйымның дамуы мен жақсы жұмыс жасауына қолайлы жағдай туғызуын қамтамасыз ететін алдын ала барлық сыртқы және ішкі факторларды ескеруі жоспарлауды менеджменттің функциясы ретінде тағайындауына негіз болады. Ол барлық кәсіпорын мен оның өндірістік бөлімшелерінде ресурстарды тиімді пайдаланудың тиімді мүмкіндіктерін ескере отырып, нақты мақсаттарды бірізді орындалуын анықтайтын шаралар кешенін әзірлеуді қарастырады. Сондықтан барлық техникалық тізбекті :ғылыми зерттеулер мен өңдеулер, өндіріс,өтімнен тұратын ұйымның құрылымдылық бөлімшелерінің арасында байланысты қамтамасыз етеді. Бұл қызмет тұтынушылардың сұранысын табу мен болжауға, қолда бар ресурстарды және шаруашылық конъюнктурасының даму перспективаларын талдау мен бағалауға сүйенеді.

Жоспарлау өндірістік жүйенің дамуын функциялауда нақты шешімдерді қабылдауды болжайды. Бұл болашақтағы дамуы мен тиімді функциялауын қамтамасыз етеді, олардың белгісіздік жағдайын азайтады. Белгілі бір параметрлерді қоюмен байланысты мұндай шешімдерді жоспарлыға жатқызған дұрыс.

Мұндай шешімдерді қабылдауда жоспарлау үдерісі кең мағынадан құралады. Тар мағынасында - қабылданған шешімдерді ұйымның жүзеге асыруы жұмысында нақты қадамдарын анықтайтын арнайы жоспар құжаттарды салыструды жоспарлау деп түсіндіріледі.

Көбінесе жоспарда :ұйымның даму болжамдары, ұйымның және оның жекелеген бөлімшелерінің алдына қойған ағымдық және соңғы мақсаттары мен міндеттері, ағымдық қызметін үйлестіру механизмі мен ресрустарды бөлу, төтенше жағдайларға арналған стратегиялар көрсетіледі.

Мақсаттар мен жоспарлар түсінігікез келген қоғамның ажырамас бөлігі. Мақсат − ұйымның болашақта жеткісі келетін жағдайын қалауы.

Мақсаттар мағынасы кез келген ұйым белгілі бір нәтижеге жету үшін өмір сүреді, ал мақсаттар соны анықтауға, қызметкерлер мен қоғамға жеткізуге көмектесетіндігімен анықталады. Жоспар алға қойған мақсатттарға жетуге арналған маршрут болып табылады. Оның құрамына: ресурстарды бөлу сызбаларын, әр түрлі кестелер, ағымдық міндеттер кіреді. Жоспарлау термині мақсат пен жоспады қосады, яғни бұл ұйымның мақсаты мен оған жету құралдарын анықтау үдерісі болып табылады.

Басқарудың ұйымдастырушылық – әкімшілік әдістері: бұйрықтар, елісімдік, кепілдемелік әдістер.

Басқарудың ұйымдастырушылық – әкiмшiлiк әдiстерi қолданулары негiзінде объективті ұйымдастыру қатынастары арқылы жүзеге асады. Олар арқылы ең маңызды басқару функцияларының бiрi жүзеге асырылады. Ұйымдастырушылық – әкiмшiлiк әдісі негiзiнде жетекшiлер өкiметке арқаланады. Ұйымдастыру – әкiмшiлiк әдiстер басқарылатын объектіге төте әсер бұйрық, ұйғарым, жедел нұсқаулар, жазбаша және ауызша арқылы болады. Ұйымдар шеңберiнде үш әсер ету формасы болуы мүмкiн: ұйғарым (бұйрық, тыйым), келiстiрушi әдiс (ымыраласуларды шешу, консультация ), ұсыныс, тiлектер (кеңес, түсiндiру, ұсыныс, қарым-қатынас).

Әдеттегiдей бұл тапсырма басқарудың жоғары тұрған органдары ұйғарымының түзеулері. Ұйымдастырушылық – әкiмшiлiк басқару әдісі басқа әдістерден айырмашылығы – нұсқаулардың айқын адрестiлiгі, ұйғарым мен нұсқаудың орындау мiндеттiлігі. Нұсқаушы командалар уақытылы орындау үшiн керек. Ұйымдастырушылық – әкiмшiлiк әдiстер жүйесін екi маңызы бiрдей элементтердiң жиынтығы сияқты елестете аламыз. Біріншісі, басқарудың құрылымға әсері (қызметтi регламенттеу және басқару жүйесiндегi мөлшерлеу). Екіншісі, басқарудың процесске әсері (басқару шешiмдерін әзiрлеу, орындауды қабылдау, ұйым және бақылау). Әкiмшiлiк әсердi басқару қызметінің тәжiрибесiнде байланған және де әдеттегiдей бағынулар үш түрмен байланысты:

1. Мәжбүр және сырттай байланған. Ол тәуелдiлiктiң жағымсыз сезiмi туындайды.

2. Енжар. Ол үшін қанағаттандыру тән.

3. Ұғынылған, іштей бағытталған

Менеджментте экономикалық әдiстерге орталық орын берiледi. Бұл мерзiмдi басқару экономикалық қарым – қатынас арқылы анықталады. Маңызды сұрақтардың бірі – экономикалық әдісті меңгере білу. Ұйымдастырушылық – әкiмшiлiк әдісінен айырмашылығы – алдын ала дайындалатын жалпы экономикалық көрсеткіште. Нарық жағдайында экономикалық әдіс жетекшісі алдына дамып, іс-әрекет айналасы үлкейеді.

Нақты жиынтық пен экономикалық ықпал етудің тұтқаларының құрылымы басқарушылық жүйенің ерекшелігімен анықталады. Осыған сәйкес, басқарудың экономикалық әдістері басқарушылық практикасында көбінесе келесідей формаларда болады: жоспарлау, анализ, шаруашылық есеп, баға құру мен қаржыландыру. Ұйымды басқарудағы экономикалық мәселелерді шешу үшін экономикалық – математикалық әдістер де кеңінен қолданылады. Өйткені, экономикалық мәселелердің негізгі қасиеті болып шектеулі жағдайлардың көптігі мен шешімдердің көптігі табылады. Олардың экономикалық түбін белгісіздікке қатысты шектеулі жағдайлардың жүйесін көрсететін математикалық модель жеткізе алады.

Экономикалық – математикалық әдістер көмегімен кез келген экономикалық құбылысты мінездейтін нақты бір мәліметтер алуға болады және ең тиімді, нәтижелі шешімдерді табуға болады. Бұл жерде «қарама – қарсы байланыс» бар: математика ғана экономиканың дамуына әсер етпейді, сонымен қатар экономика да математиканың дамуына септігін тигізеді. Алайда бұл ортада әлі де белгілі бір жарық бар: экономика қажеттіліктері математика мүмкіндіктерін озып отыр. Көбінесе түрлі экономикалық мәселелерді шешу үшін сызықтық модельдерді қолданады, алайда экономикада барлық дерлік тәуелділіктер сызықтық емес болып табылады.

Экономикалық практика бірқатар математикалық пәндердің пайда болуына үлесін қосты. Олар: математикалық бағдарламалаудың ойындар теориясы, жаппай қызмет көрсету, қорларды басқару, операцияларды зерттеу және т.б.

Экономикалық тұтқалар мен ынталылықтарының рөлдерінің қазіргі заманға сай нығаюына қарамастан, басқарудың орталықтандырылуы есебінен қызған жоспарлы мәселелерді орындауға көмектесетін ықпал етудің ұйымдастырушылық – әкімшілік әдістерін де шектеудің қажеті жоқ.

Наши рекомендации