Саясаттану пәнінің қазіргі таңдағы қоғамдағы рөлі мен маңызын суреттеп түсіндіріңіз

Саясаттану ғылым ретінде. Саясаттану сөзі («политология») гректін, «политика» және «логос» деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардын, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Әдетте, саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым Аристотельді атайды. Өйткені ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытып, өзі жүргізді. «Саясат» деген еңбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің (онда әрбір қала мемлекет болып есептелетін) саяси жүйесін зерттеді. Саясаттану — саясат туралы пән. Біз күнделікті өмірде саясатты сөз етпей тұра алмаймыз. Әңгімені көп жағдайда нақты саяси білімі жоқ адамдар да жасай береді. Мысалы, авторитарлық, әміршіл-әкімшіл жүйе туралы айтылатын жайларды жиі естуге болады. Саясаттанудың функциялары. Саясаттану пәні адам мен қоғамға пайдалы қызмет атқарады. Бізді қоршаған ортаны танып-білуге үйретеді. Адамды саяси өмірге тартқанда саясаттанудың рөлі арта түседі. Әртүрлі қоғамдық ұйымдардың қызметі өзгерген сайын саясаттануды игерудің қажеттігі айқындала түседі. Қоғамда қолданбалы, практикалық-саяси функция атқарады. Мемлекеттің заң актілерінің дұрыстығына саясаттанудың негізінде көз жеткізуге болады. Саясаттануды саяси болжамдар жасауға да қолданады. Адамзат тарихында саясат негізгі роль атқарады. Себебі кез келген адам бір мемлекеттің шеңберінде өмір сүрген жағдайда сол елдің саясатынан тыс болатын адам жоқ. Сондықтан, саясат қазіргі адамның қажеттілігі, талап – тілегі болады деген пікірмен келісеміз. Саясатты жетік білу әр адамға ісінің ілгерлеуіне кепілдік берері рас. Инженер бұрын тек өз ісін, өндіріс процесін ғана білсе, қазір оның қоғамның дамуына тигізер әсерін, пайдасы мен зиянын есептеп, біліп отыруы тиіс. Саяси билік саясаттануда жетекші рөл атқарады. Істің мәні кім кімге билікті жүргізуінде жатыр. Мәселенің түйіні саяси билік жән материалдық билікте тұр. Саяси билік қоғамға экономикалық жағынан үстем таптардың, топтардың, жіктердің жүргізетін билігі.Саясаттың басты элементі – саяси билік. Саяси билік саяси шындықтың идеяларын құрады. Осының барлығы саясаттану пәнінің зерттеу объектісі. Дегенмен саясаттануда негізгісі саяси биліктің қалыптасуы туралы заңдылықтар. Оның объектілері мен субъекті саясаттанудың пәні болып табылады. Сонымен, саясат дегеніміз – адамдардың өздерінің қоғамдық мәні бар мүдде мен қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін пайда болған әлеуметтік топтар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы билікке байланысты іс — әрекет болып табылады.Саясаттың түрлері негізінен екіге бөлінеді: ішкі және сыртқы. Ішкі саясат мемелекеттің, қоғамдық саяси ұйымның, саяси басшылықтың, қоғам ішіндегі саяси әрекетінің процесінің негізі. Сонымен, ішкі саясат – мемелекеттің ішкі функцияларын реттеп отырады.Сыртқы саясат — мемлекеттің жалпы саяси жүйесін халықаралық дәрежеде ең алдымен өз мүддесін қорғау үшін жүргізген жұмысы, басқа елдермен, ұлттармен қарым – қатынас орнату.Оларға мыналарды жатқызуға болады: достық қарым – қатынас орнату.сауда қарым – қатынастарын орнату.экономикалық қарым – қатынастарды орнату.әскери қарым – қатынас орнату. Жалпы алғанда саясат қоғамдағы құбылыс деп айтуымыздың өзінде де үлкен мән жатыр. Адам саясатпен араласпаса да, саясат адаммен әрқашан бірге болып, қабаттаса жүріп араласады. саясаттың қоғамдық құбылыс ретінде алып қараудағы бірден бір кепіл. Қоғамсыз адамзат баласы болмайды, ал адамзатсыз қоғам, орта болмайды. Ендіше, саясатсыз қоғам болады деу болмас. Әрине, қоғам – саясат, саясат барлық қоршаған орта, халықаралық тұтастық болып саналады. Қорытындылай келсек, саясат қоғамның өмір сүруін ұйымдастыру, реттеу үшін қажет.Саясаттың негізгі мәселесі – билікті қолға алу, ұстап тұру, айдалана білу. Жалпы алғанда саясат қоғамдағы құбылыс деп айтуымыздың өзінде де үлкен мән жатыр. Адам саясатпен араласпаса да, саясат адаммен әрқашан бірге болып, қабаттаса жүріп араласады.

Наши рекомендации