Тақырып. Әлемдік экономиканың қызмет етуінің экономикалық негіздері
Жоспар
1 Халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі түрлері
2 Сыртқы сауда
1 Әлемдік нарық бұл бір-бірімен тауар экономикалық қатынастар арқылы байланысатын және халықаралық еңбек бөлінісінің негізгі бағыттарын қамтитын, жекелеген елдердің ұлттық нарықтарының жиынтығы. Әлемдік нарық тарихи түрде, капиталистік нарық ретінде өндірістің капиталистік жолдары негізінде қалыптасты. Әлемдік нарық өзінің ұзақ уақыт даму барысында, халықаралық еңбек бөлінісінің белгілі бір деңгейімен және өндірісті интернационалдандырумен сипатталатын бірсыпыра кезеңдерден өтті. Солардың ішінен келесілерді бөліп көрсетуге болады:
1.Нарықтың пайда болу кезеңі. Әлемдік нарық капитализм дамуының мануфактуралық сатысындаXVI ғасырда пайда болып, алғашқы беттегі капитал жинақтау процесінің шешуші факторларының біріне айналды. Оның туындауы, жас еуропалық буржуазияның сауда және орталық өктемдігін жүргізумен, теңізде жүзу мен құрлықтағы қатынас құралдарының жылдам дамуымен ажырағысыз байланыста болды.
2.XVIII-XIX ғасырлардағы өнеркәсіптік төңкерістер барысында жүзеге асырылған, жетекші капиталистік елдердің ірі машиналары өндіріске өту кезеңі. Ірі өнеркәсіп іс жүзінде капитализмнің әлемдік нарығын қалыптастырады;
3. Имперализм сатысындағы әлемдік нарықтың даму кезеңі әлемдік сауданың өсуімен сипатталады.1896-1900 жылдардағы өнеркәсіп өнімдерінің әлемдік экспортының 4/5-нен астамы Ұлыбританияның, АҚШ-тың, Францияның және Германияның үлесіне тиді. Капиталды сыртқа шығару әлемдік нарықты дамытудың анықтаушы факторына айналды;
4. Капиталистік нарық жалпыға бірдей болуды тоқтатқан, әлемдік соғыстан кейінгі нарықтың даму кезеңі;
5. Бұрынғы социалистік елдер әлемдік саудаға қатыса бастаған XXғасырдың 90-шы жылдарымен байланысты жаңа кезең.
Бірқатар жекелеген елдердің ұлттық нарығы әлемдік нарыққа ажыратылып көрсетіледі:
а) Ұлттық нарықта тауарлар қозғалысы бар болғаны экономикалық факторлармен (елдің кәсіпорындары мен аудандары арасындағы өндірістік байланыстарымен) келісіледі, ал мемлекеттер арасындағы шекаралар мен жекелеген мемлекеттер сыртқы экономикалық қызметте әлемдік нарыққа түбегейлі түрде ықпалын жүргізеді. Ұлттық шаруашылықтар арасындағы тауарлардың қозғалуы шектелген және кейбір тауарлар әлемдік тауарлар айналымына мүлдем түспейді.
ә) Әлемдік нарықта бағалардың айрықша жүйесі әлемдік бағалар өмір сүреді.
б) Құрылымдық ілгері ұмтылу, өнеркәсіп өндірісін мамандандыру мен біріктіру, шаруашылық өмірін интернациоландыру әлемдік нарықтың дамуына ықпалын тигізеді.
Қазіргі уақыттағы әлемдік нарықтағы даму үрдестеріне келесі факторлар әсер етеді:
1. Әлемдік шаруашылық жүйесіндегі қарама- қайшылықтардың болуы, олардың трансұлттық корпорациялар арасындағы шиеленісуі;
2. Әлемдік шаруашылық жүйесінің қалыптасуы, нығаюы, өндірісті интернациоландандырудың дамуы;
3. Экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізу үшін дамушы және артта қалып қойған елдердің күресі.
2 Әлемдік нарық сыртқы саудамен тығыз байланысты. Сыртқы сауда — бұл тауарларды сырттан әкелу (импорт) мен сыртқа шығарудан (экспорт) тұратын, бір елдер мен екінші елдер арасындағы сауда болып саналады. Ақшалай түрде көрсетілген импорт пен экспорт сомасы елдің сыртқы сауда айналымын білдіреді. БҰҰ-ның статистикалық басылымы, әлемдік барлық елдер экспортының жиынтық құны ретінде халықаралық сауда көлемінің динамикасы бойынша деректерді жариялап отырады. Халықаралық еңбек бөлінісі оның негізі болып табылатын жиынтық түрдегі сыртқы сауданы, халықаралық сауданы білдіреді. Сыртқы сауданың даму сипаты, деңгейі мен мәні өндіріс дамуының сипаты және деңгейімен анықталады. Сыртқы сауда, өндірістің натуралды сипатқа ие болған кезінде, құл иеленушілік құрылыс дәуірінде пайда болды. Ірі машиналы өндірістің дамуымен байланысты имперализм дәірінде, сыртқы сауда неғұрылым кең түрде даму ала түсті.
Әлемдік сауда дамуының, қатысушы елдердің әкелетін пайдаларына сүйену мүлде табиғи нәрсе болып саналады. Халықаралық сауда арқылы елдер өзінің мамандануын дамыта отырып, қолда бар ресурстардың өнімділігін арттырады, сөтіп, өздерінің өндіретін тауарлары мен қызметтерінің көлемін көбейту арқылы, халықаралық әл-ауқатының деңгейін көтеретін құрал болып қызмет етеді.
Халықаралық сауда теориясының негіздерін XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында ағылшынның аса көрнекті экономистері А.Смит пен Д.Рикардо қалыптастырды. А.Смит “ Халық байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеулер” кітабында абсолюттік басымдық теориясын қалыптастырды және халықаралық сауданы еркін дамытуға деген елдердің қызығушылықтарын да ашып көрсетті.
Қазіргі жағдайдағы сыртқы сауданың өзіндік белгілер :
1. Негізінен шағын өндірушілердің тауарларын өткізуді бақылайтын, ірі монополиялардың шешуші позициялары;
2. Монополиялық үстемдік, сыртқы экономикалық өктемдіктің күрт күшеюі;
3. Қазіргі жағдайдағы сыртқы сауда, негізінен, капиталды сыртқа шығару әсерімен дамиды.
Халықаралық сауданың бұлайша өсуі:
1. халықаралық еңбек бөлінісінің дамуымен және өндірісті интернационалдандырудың дамуымен;
2. ҒТР-мен;
3. Нарықтағы трансұлттық корпорациялардың белсенді қызметімен;
4. БСҰ (ВТО) шаралары арқылы халықаралық сауданы реттеумен;
5. Сауда- экономикалық интеграциялық прогрестердің дамуымен байланысты бірқатар факторлардың нәтижесі болып саналады;
6. Халықаралық сауданы ырықтандырумен.
Халықаралық сауданы мемлекеттік реттеу:
1. Мемлекеттік реттеу құралдарын үкіметтің келісуінсіз немесе саудадағы әріптестерінің кеңесімен, біржақты реттеу;
2. Сауда саясатының шаралары, сауда саласындағы әріптестер болып саналатын елдер арасындағы келісілген екі жақты реттеу;
3. Сауда саясаты көпжақты келісімдермен реттелетін көп жақты реттеу. Мысалы, БСҰ, Еуропа одағына мүше елдердің сауда саласындағы келісімі.
Мемлекеттің халықаралық саудаға араласуының ауқымына қатысты сыртқы сауда саясатының келесі түрлері (типтері) ажыратылады:
1. Ырықтандыру немесе сауда еркіндігі — бұл сұраныс пен ұсыныстың еркін нарықтық күші кезінде дамитын, сыртқы саудаға мемлекеттің аздаған мөлшерде араласу саясаты.
2. Протекционизм — бұл сауда саясатының тарифтік және тарифсіз құралдарын пайдалану жолымен ішкі нарықты шетелдік бәсекеден қорғаудың мемлекеттік саясаты.
Еркін сауданың жақтастары, негізінен, халықаралық еңбек бөлінісінің (ХЕБ) неғұрлым тиімді нұсқаларын таңдауды қамтамасыз етудің және осы негізгі қатысушы елдер халқының өмір деңгейін көтерудің мемлекетпен реттелмейтін қабілетін атап өтеді.Протекционистік шаралардың жақтаушылары, негізінен, кез келген ұлттық өнеркәсіптің мүдделерін қорғауды, халықты жұмыспен қамтуды, жоғары өмір деңгейін және т.б. қамтамасыз етуді олардың қажеттілігі деп атап көрсетеді. Протекционистік шаралардың қазіргі заманғы жүйесі әртүрлі бағыттарды қамтиды. Солардың ішінде ең маңыздылары:
1. Басқа елдерден әкелуді қиындату немесе ол елден өнімдердің белгілі бір түрлерін сыртқа шығаруды сирету. Кедендік салық салулар (тарифтік кедергілер). Ұлттық өндірушілердің шетел фирмаларымен бәсекелестігін жеңілдету үшін, негізінен шетелдерден дайын өнімдерді, әсіресе, қымбат сән-салтанат заттарын әкелу кезінде жоғары кеден баж салықтары белгіленеді, ал шикізат пен материалдар импорты кезінде кеденнің баж салықтары неғұрылым төмен болады.
2. Тарифтік кедергілер, экономикалық саяси және әкімшілік әдістердің көмегімен СЭҚ-тің тікелей және жанама шектеулерінің жиынтығын білдіреді. Қазіргі тәжірибедегі мемлекетаралық алмасудың кейбір таралуы сыртқы экономикалық операциялардың мөлшерленуі мен лицензиялануына ие болады. Мөлшерлену-бұл, соның шегінде сыртқы сауда операциялары салыстырмалы түрде еркін жүзеге асырылатын, жекелеген тауарлар мен тауарлардың топтарын сыртқа шығаруға экспортқа) белгілі бір квоталардың белгіленуі. Тәжірибе жүзінде оның құрамын белгілеу еркін әкелінуі немесе сыртқа шығарылуы мүмкін шектелген тауарлардың тізімі түрінде белгіленеді. Лицензиялау, ұйымдардың сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асыруға үкімет органдарынан рұқсат алу қажеттілігін болжайды. Салық жүйесі мен ұлттық шектеу жекелеген порттар мен темір жол станцияларының шетелдіктер үшін жабық болатын жанама шектеулеріне жатады.