Зін өзі тексеру сұрақтары
1. Билогоиялық қару туралы түсінік. Эпидемия.
2. Инфекциялық аурулар. Карантин және обсервация.
3. Эпизоотия, Эпифитотия.
4. Жұқпалы аурулардан сақтандыру.
Дәріс №8. Өртке қарсы шаралар
Жалпы сұрақтар
1. Өрт қауіпсіздік ережелері.
2. Өртті болдырмау шаралары.
Өрт қауіпсіздік ережелері.Өрттер мен жаралыстар техногенді төтенше жағдайлардың кең таралған және аса қауіпті көздерінің бірі болып табылады.
Өрт– адамдардың өміріне қауіп тудыратын және материалдық құндылықтардың жойылуымен қатар жүретін бақылаусыз жану процессі. Өрттер орасан зор экономикалық шығын келтіруге қабілетті.
Өрт қауіпсіздігі - халықтың, шаруашылық және басқа да бағыттағы нысандардың, сондай – ақ қоршаған табиғи ортаның қауіпті факторлар мен өрттің ықпалынан қорғаныс жағдайы.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету— нормативті құқықтық актілерді, өрт қауіпсіздігінің ережелері мен талаптарын қабылдау және сақтау, сондай – ақ өртке қарсы іс – шараларды жүргізу.
Нысанның өрт қауіпсіздігі — регламенттелген мүмкіндікпен өрттің тууы мен дамуы және адамдарға өрттің қауіпті факторларының әсер ету мүмкіндігін болғызбау кезіңдегі нысанның жағдайы, сондай–ақ материалдық құндылықтарды қорғау қамтамасыз етіледі.
Өрт қаупі - қандай да бір затқа, жағдайға және процесске бекітілген өрттің пайда болу және даму мүмкіндігі. Дұрысында, өрттер жанғыш және жарылыс қаупі бар заттардың жарылысымен қатар жүреді.
Өрт қауіпсіздігінің талаптары - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күші бар заңдар жиынтығында немесе нормативті – техникалық құжаттарда арнайы өкілеттенген мемлекеттік органдармен бекітілген, арнайы шарт немесе ұйымдастыру және (немесе) техникалық сипаттағы ереже.
Өртке қарсы іс-шаралар - өртке қарсы режимінің сақталуына, өртті алдын ала болдырмауға және жылдам сөндіруге жағдай жасауға бағытталған ұйымдастыру мен техникалық сипаттағы іс – шаралар.
Өртке қарсы режим - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған адамдардың іс - әрекетінің, жұмысты орындау мен нысанды (өнімді) пайдалану ережесінің бекітілген жиынтығы.
Өрт қорганысы - адамдардың өмірі мен денсаулығын, шаруашылық нысандары мен қоршаған табиғи ортаны өрттер алып келетін төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында бекітілтен тәртіппен құрылған, басқарушы органдарды, күштер мен құралдарды біріктіруші өрт қауіпсіздігі жүйесінің негізгі бөлімі.
Өрт жаралыс қауіптінысан – техногенді төтенше жағдайдың тууына нақты қауіп – қатер тудыратын тез тұтанатын және жарылыс қауіпі бар заттар өндірілетін, пайдаланылатын, өнделетін, сақталатын немесе тасымалданатын нысан.
Өрт - бұл адамдардың өмірі мен денсаулығына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін, бақылаусыз жану процесі. ТЖ-ның кез келген көзі секілді өрттің де зақымдаушы факторлары бар. Олар: түтін, уытты газдар, жоғары температура, конструкциялардың қирауы, тоқпен зақымдану.
Өрттер орасан зор экономикалық шығын келтіруге қабілетті.Өндірістегі мекемелерде, оқу орындарында, т.б. нысандарда жиі кездесетін өрт – жарылыстың себептері әр түрлі. Олар өндірісті орналастыруға, ережеге сай пайдалануға, техникалық тәртіпті сақтауға байланысты. Жанудың алдын алу үшін, ең алдымен оның сипаттамасы мен түрлерін таныстырып өтейік.
Өрт– бұл адамдардың, хайуанаттардың қаза болуына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін, бақылаусыз жану процесі. Өрт барлық жерлерде: өнеркәсіп орындарында, ауылшаруашылық нысандарында, оқу орындарында, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде және тұрғын үйлерде, сондай-ақ көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау кезінде болады.
Өрттің шығуына отты бейғам пайдалану, өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу себеп болып табылады. От сөндірілмей қалған сіріңкеден немесе темекі қалдығынан, сөндірілмеген алаудан, атылғаннан кейін құрғақ шөпке түскен ыстық патроннан, орманда ақаулы техниканы пайдаланудан және басқа себептерден тұтанады. Өрттің біразы адамның кінасынан, найзағайдың соққысы әсерінен құрғақ ағаштың жанынан, басқа себептерден (күн түсетін жерге лақтырылған шыны сынығы) күн сәулесін өзіне тартып, қатты қызған болады. Өртті жайылтпай және тоқтату әдістері көптеген факторларға байланысты: өрт түрі, ошақ көлемі, метеорологиялық жағдай, жердің сипаты, өрт сөндіру күшімен құралдарының деңгейі.
Өрт ошағын жайылтпау үшін өрт сөндіретін затттар қолданылуы, кедергілердің жасалуы, газ алмасуы өзгертілуі мүмкін.
Үлкен өртті сөндірудің басты әдістері: жалынның жолына кедергі қою немесе ор қазу (техникамен немесе жарылыспен), алдыңғы жағын өртеу (күйдіру), ыстық шоқты сумен немесе химиялық затпен сөндіру (оның ішінде ұшақпен) және басқалар.
Практика өрттің шығуын болдырмау жөніндегі шаралар жүргізуі онымен күрестен гөрі оңай және арзан екендігін көрсетеді.
Өрттен сақтандыру – оны ескертуге, өрттен болатын залалды болдырмау және оны табысты сөндіру үшін жағдай жасауға бағытталған шаралар кешені
Әр бір тосын жағдайда шақыратын-101өрт қызметі телефонын білуге тиіс. Егер лифтінің ішінде қалсаңыз еш уақытта абдырамаңыз, өйткені арнайы тежегіштер (ұстаушы) жүйесінің арасында лифтінің шахтаға құлауы мүмкін емес. Лифтінің кез – келген жылдамдығында ол автоматты түрде жұмыс істейді.
Лифтіні тек өрт кезінде ғана емес, тіпті подъезде түтін болса, жақын жерде қоқыс иістенсе пайдалану да аса жағымсыз. Мұндай жағдайда лифт шахтасы сорғыш құбыр ретінде жұмыс істейді. Тіпті от аймағына түспей-ақ жанған азық – түлікпен уланып қалуға болады.
Тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі.Жыл сайын өрттердің басым көпшілігі тұрғын үй секторларында болады.
Жеке меншік үйлердегі техногендік себептермен (эл. жабдықтар, пештер) болатын өрттер, негізінен, 20 жыл бұрын тұрғызылған ескі құрылыстарда болатындығын есепке алу керек. Мұндай үйлердің иелерінің көп жағдайда жылу жүйелері мен эл. жабдықтарын жарамды қалыпта ұстауға материалдық жағдайлары жоқ.
ШҚО ТЖД тұрғын үйлерде болатын өрттер көбінесе отпен абайсыз болу, балалардың отпен ойнауы, мас күйінде шылым шегуде абайламау және т.б. себептерден болатынын еске салады. Отпен абай болыңыз, өрттердің алдын алыңыз.
Халық тығыз орналасқан орындарда өрт болса, адамдар жаппай қаза табады. Өрттің негізгі себептері: электр торабындағы бұзылулар, газдың шығуы, тоққа қосылып тұрған электр құралдарының жануы, сөндірілмеген шырпылар мен темекі қалдықтары, отқа бейқам, бейберекет қарау, өрт қауіпсіздігін сақтамау.
Халық баршаға белгілі өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтау керек.
Өртті болдырмау шаралары.Өрт елді-мекендегі ғимараттар, ағаш көпірлер, электр желілері мен ағаш бағаналардағы байланыс, мұнай өнімдері қоймаларында және басқа материалдар мен адамдар, ауылшаруашылық малдары өртке шалдығуы мүмкін. Орман алқабындағы шөптерден, бұталардан, ағаш түбіртектерінен, шырпылардан өрт шалады. Ауа-райы құрғақ болған жылдары жоғарғы өрт желдің есебінен ағаштардың ұшар басынан қоқан жапырақты ағаштарын өрт шалады. Төменгі өрт тарау жылдамдығы минутына 0,1-ден 3 метрге дейін, ал жоғарғы өрт желдің бағытына қарай 100 метрге дейін жетеді.
Торф пен ағаштардың тамыры жанғанда жер асты өрті жан-жаққа тарайды. Торф өзінен-өзі ауасыз суда да жана береді.
Орманда жүргенде есіңізде болсын:
· Қоқыс пен оттықты тастамаңыз;
· Отты таратпаңыз және қоқысты өртке қауіпті жерлерде жақпаңыз;
· Абай болыңыз! Отты таза алаңда жағыңыз;
· Дем алған жерден кетерде отқа су құйып немесе топырақпен жауып, толық өшіріп кетіңіз;
· Орманда майланған немесе бензин сіңіп қалған маталарды қалдырмаңыз;
· Бөтелкенің жәшігі мен сынған бөтелкелерді қалдырмаңыз. Күн сәулесі түсіп өртке айналуы мүмкін;
· Жаңа басталған өртті сумен, ағаштың жапырақты бұтақтарымен және топырақ тастау арқылы өшіріңіз.
Ескерту шаралары: Өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында алдын-ала жол салу шаралары жүргізіледі. Орманның ішінен ағашы кесіліп салынған жол жасау және тас төсеп орманда ені 5-10 м, ал қылқан жапырақты орманда 50 м-ге дейін. Елді-мекендерде су көздері мен тоғандар 30 куб метр 1 га алаңға есеппен жүргізіледі. Орманға жақын елді-мекендерде тоғандарды уақытылы тазалау, су толтырып қою 1м-ден жоғары орман ағаштарына 10 л су есебімен, құдықтар мен тоғандарды қайта - қайта жөндеу, тыныс алу органдарын респираторлар мен басқа да жабдықтармен қамтамасыз ету және құрғақшылық уақытта орманға баруды тоқтату (әсіресе көлікпен). Егер сіз орман алқабында немесе торфқа жақын жерде, өртке жақын жерде болсаңыз өз күшіңізбен өртті сөндіруге, әліңіз жетпесе, өрт болып жатқан қауіпті аймақтан шығу керектігін ескертіңіз. Жолға, алаңға, өзеннің жағасы мен судың айналасына, егістікке шығуын ұйымдастырыңыз. Қауіпті аймақтан тез өрт қимылының бағытына перпендикуляр шығыңыз. Егер мүмкін болмаған жағдайда суға кіріңіз немесе су киімді жамылыңыз. Өрт болған жерден шыққаннан кейін тұрған жері өрттің көлемі туралы мекен-жайдың әкімшілігі мен орман шаруашылығы, өрт сөндіру қызметіне хабарлау қажет. Өртті сөндіруді ұйымдастыру керек. Төменгі өртті су құйып, ылғалды топрақтармен, аяқпен тастап өшіру керек. Торфтағы өртті ыстық торфты аударып, су құю арқылы өшіру керек.