Негізгі құралдардың тозуы және амортизация есептеу әдістері
Негізгі құрал өндіріс процесіне қатысуымен, жылдар мерзімінің әсерімен, табиғат күшінің әсер етуімен пайдалану процесінде біртіндеп тозады. Тозудың екі түрі болады:
- табиғи
- моральдық.
Негізгі қорлардың табиғи тозуы олардың өңдіріс процесіне қатысу нәтижесінен және негізгі құралдардың пайдалануға тікелей қатыспай-ақ, түрлі сыртқы факторлардың әсерінен: ылғалдан, атмосфералык құбылыстар нәтижесінен, металдардың тот басуынан, ескіруінен пайда болады.
Негізгі құралдардың сапалық (моральдық) тозуы техникалық прогреске, өндіріс әдістерін жетілдіруге және жаңартуға байланысты болып келеді. Техника мен технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі құралдардың ұқсас өнімдерінің арзандауына ықпал етеді. Осыған орай, пайдаланылудағы негізгі құралдар өздерінің кұнының белігін жоғалтып, құнсызданғандай болады. Машиналардың, жабдықтардың, үйлер мен ғимараттардың барынша жаңа, неғүрлым жетілдірілген және үнемді түрлерін, малдардың жаңа немесе жақсартылған өнімді түқымдарын, көпжылдық өсімдіктердің түрлері мен сорттарын өндіріске енгізуге байланысты пайдаланылып жүрген негізгі құралдарды бүдан әрі қолдану экономикалык, жағынан тиімсіз болып қалады.
Моральдық тозудың әсері нәтижесінде табиғи тозу мерзімі келгенге дейін негізгі кұрал-жабдықтар объектілері жаңасына, әрі неғұрлым пайдалы (үнемді) түріне ауыстырылады. Моральдық тозуды болдырмау мақсатында негізгі құрал-жабдықтар объектілерін қайта құрып, жаңарту жұмыстарын жүргізеді. Мұражай және көркем туынды құндылықтары, кітапхана кітаптары, фильм қорлары, сәулет және өнер көрсеткіштері болып табылатын үйлер мен ғимараттар және басқа барлық негізгі құралдар моральдық тозуға үшырайды.
Амортизация (латынның "өтеу" деген сөзінен) — тозудың құндық көрінісін білдіреді.
Амортизация – бұл активтің қызмет еткен мерзім бойына амортизацияланған кұнды тарату процесі.
Ұйым негізгі құралдар объектісін амортизациялауға тиіс. НҚ амортизациясы ол пайдалануға дайын болған, яғни ол ұйым басшылығы жоспарлағандай жұмыс істей алуы үшін қажетті орында және жағдайда басталады. Амортизациялық аударымдар әрбір есептік кезеңнің шығысы ретінде танылады.
Жаңадан пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады, ал істең шықан негізгі құралдар бойынша - шыққан айдан кейінгі айды ңбірінші күнінен бастап токтатылады.
Тоқтап тұрған негізгі құралдар бойынша техникалык тұрғыдан қайта жарақтандыру барысында, консервацияға ауыстырылған кезінде амортизация есептелінбейді.
Жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеуді жалға беру шартының немесе шартталаптарына сай жалға беруші немесе жалға алушы жасайды.
Мынандай негізгі құралдар бойынша амортизация есептелінбейді: жер, өнім беретін малдар, кітапхана қоры, мұражай құндылықтары, ескерткіш архитектурасы мен өнері, ортақ пайдаланатын автомобиль жолдары.
Негізгі кұралдардың амортизациясын есептеудің әртүрлі әдістері бар. Олар:
1 бірдей етіп бөлу әдісі;
2 өндірістік әдіс
3 жеделдетіп аудару әдісі:
- кумулятивтік әдіс
- қалдықты азайту әдісі
Негізгі құралдардың түрлері бойынша амортизацияны есептеудің әртүрлі әдістері пайдаланады. Негізгі құралдың бір түрі бойынша бір ғана тәсілі пайдаланады.
Таңдап алған амортизацияны есептеу әдісі ұйым есептік саясатымен аныкталуы тиіс және ол бір есептік жылдан екінші бір есептік жылға өтуі мүмкін.
- Құнды бірдей етіп бөлу - бұл НҚ құны, оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі норма бойынша жатқызылады. Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуына, оның қызмет ету мерзімінің ұзақтығына байланысты болып келеді. Бұл әдіс бойынша амортизация сомасы келесі формула бойынша есептеледі:
Бастапқы құн — жойылу құны/ Пайдалану мерзімі
Мысалы, НҚ бастапқы құны 100000, жойылу құны 10000, пайдалану мерзімі 5 жыл
10000-10000/5=18000
2 Өндірістік әдіс - амортизацияны орындалған жұмыстардың көлеміне пропорционалды түрде есептеу әдісі. Негізгі құралдардың тозуы (амортизациясы) тек олардың пайдалану нәтижесі болып табылады және оны есептеу процесінде НҚ пайдалану мерзімі ескерілмейді.
Бұл әдіс бойынша амортизация сомасы келесі формула бойынша есептеледі:
Бастапқы құн- жойылу құны/ Орындалатын жұмыстың көлемі
Мысалы, НҚ бастапқы құны 100000, жойылу құны 10000, өндірістік қуаттылығы 5000 өнім.
100000-10000/5000=18 (1 өнімге келетін амортизация сомасы)
1 жылы – 2000, 2 жылы – 1500, 3 жылы – 1000, 4 жылы – 500 өнім өндірілген
Жыл сайынғы амортизация сомасы былай есептеледі.
жылдар | Жыл сайынғы амортизация сомасы |
2000*18=36000 | |
1500*18=27000 | |
1000*18=18000 | |
500*18=9000 | |
Барлығы |
Амортизация сомасы орындалған жұмыстың өндіріс процесінде тікелей пайдалануымен байланысты екенін көреміз. Жинақталған тозу сомасы жыл сайын орындалган жұмыстың көлеміне немесе пайдалануға тікелей байланысты өсіп отырады, ал қалдық құн жойылу құнына жеткенше орындалған жұмыстың бір өлшем бірлігіне тікелей пропорционалды түрде азайып отырады.
Өндірістік әдіс бойынша амортизацияны есептеу тау-кен өнеркәсібінде ең колайлы әдіс болып саналады. Аталған өндірісте амортизацияны есептеу тонна мөлшерлемесі бойынша жүргізіледі. Бұл әдіс негізгі құралдарды пайдалану мерзімі ішінде объектінің қайтарымы барынша дұрыс есептелінсе ғана пайдаланады.
3 Жеделдетіп аудару әдісі. Бұл әдіс өндірістік мақсатта пайдаланылатын негізгі құралдардың көптеген түрлері бойынша пайдаланылады, бірақ ол оның алғашқы жылдарында өндірілетін өнімнің өзіндік құнын негізсіз құрт өсіреді, сондықтан оны іс жүзінде пайдаланудың өзі екіталай. Дегенмен де, теоретиктер, оның екі түрін ұсынады:
а) Кумулятивтік әдісі
Кумулятивтік әдіс — латын тілінен аударғанда — өсу, жиналу деген мағынаны білдіреді. Ең алдымен, куммулятивті санды анықтау қажет. Бұл сан НҚ қызмет ету мерзіміндегі жылдар санын қосу арқылы анықталады. Немесе келесі формула арқылы есептеледі: S=N*(N+1)/2,
Содан кейін есептік коэффициентті анықтау керек. Оның бөлімінде жылдар санының қосындысы, ал алымында НҚ пайдалану мерзімі кері тәртіппен көрсетіледі. Мысалы, НҚ пайдалану мерзімі 5 жыл болса, онда куммулятивті сан 1+2+3+4+5=15 немесе 5*(5+1)/2=15 болады. Есептік коэффициент 1 жыл үшін – 5/15, 2 жыл үшін 4/15, 3 жыл үшін 3/15, 4 жыл үшін 2/15, 5 жыл үшін 1/15 болады.
Бұл әдіс бойынша амортизация сомасы келесі формула бойынша есептеледі:
Амортизациялық құн*есептік коэффициент
Негізгі құралдардың амортизациясын кумулятивтік әдіс бойынша есептеу
жылдар | Амортизациялық кұны | Амортизация есептеу әдісі | жылдық амортизация сомасы |
90 000 | 5/15x90000 | ||
90 000 | 4/15x90000 | ||
90 000 | 3/15x90000 | ||
90 000 | 2/15x90000 | ||
90 000 | 1/15x90000 | ||
Барлығы | - | - |
Қалдықты азайту әдісі. Оны екі еселенген амортизациялау нормасын қолдану арқылы есептейді. Мысалы, жоғарыда айтылған автокөліктің қызмет ету (пайдалану) мерзімі 5 жыл. Бірқалыпты үлестіру әдісінде амортизациялау нормасы 20 % болады (100%/5).
Екі еселенген нормасымен есептелініп, азайып отыратын қалдык, әдісінде амортизациялау нормасы мынаған тең 40% (20%х2) болады. Бұл белгіленген ставка (40%) қалдық құнға әрбір жылдың соңында жатқызылады.
Қалдық құнды азайту үшін кажетті шамамен шектелетін соңғы жылды қоспағанда, тозуды есептеген кезде жойылу құны есепке алынбайды деп саналады. НҚ бастапқы құны 100000 теңге. Бес жыл бойы амортизация мынадай мөлшерде есептелінеді.
11-кесте - Жинақталған жылдық амортизация сомасының жиынтығы
жылдар | Жыл басындағы бастапқы құны | Амортизация нормасы | Амортизация есептеу әдісі | Есептелген амортизация сомасы | Жыл соңындағы баланстық құны |
40% | 40%х 100000 | ||||
40% | 40%х60000 | ||||
40% | 40%х36000 | ||||
40% | 40%х21600 | ||||
- | 12960-10000 | - | |||
Барлығы |
7- кесте - Шоттар корреспонденциясы
Рет-тік № | Шаруашылық операциялардын, мазмұны | ІПоттаркорреспонденциясы | |
дебет | кредит | ||
1. | Қолданыстағы, негізгі құралдар бойынша есептелген амортизациясы: - құрылыс обьектілерінде пайдаланған негізгі құралдардың амортизациясы - болышық кезенге қатысты амортизация | ||
2. | Негізгі құралдар бойынша есептелген амортизациясы: а) жалпы өндіріс цехтарында есептелген амортизациясы | ||
6) жалпы шаруашылық басқару-әкімшілігіндегі | |||
в) Өнім өндіру мен қызмет көрсету процессіндегі аммортизациясы | |||
г) Операциондық жалғаға берілген негізгі құралдардың амортизациясы | |||
д) Ерте есептелінген және істен шыққан негізгі құралдардың амортизациясы |