САЯСИ ПАРТИЯЛАР және САЯСИ ҚОЗҒАЛЫСТАР

Саяси қозғалыс - саяси партиялар сияқты саяси мақсаттарға бағытталған, бірақ негізінен нақты ұйымдастырушылық құрылымы, тіркелген индивидуалды мүшелігі жоқ бұқаралық қозғалыс.

Консервативтік бағыттағы қозғалыстар: өткенді көксеу, дәріптеу, оны сынсыз қабылдау, сонымен қатарлы дәстүрлі саяси формалар мен институттарға ерекше сенім арту:
Реформистік бағыттағы қозғалыстар: олар капиталистік қоғамды бірте – бірте реформалауды мақсат етеді:
Демократиялық қозғалыстар: өзекті мәселелерді демократиялық тұрғыда шешуге бағытталған әр түрлі либералдық, діни, бейбітшілік және т.б. ұйымдардың қызметі:
Неоконсервативтік қозғалыстар: мемлекеттік капитал мүддесіне бағыну, қызмет ету, жеке- дара белсенділікті, әлеуметтік- теңсіздікті қолдау, дәстурлі моралдық мұраттарды дамытуды көздейді:
Революциялық бағыттағы қозғалыстар: бұлар қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымында сапалы өзгерістер жасау арқылы дамудың прогрессифті жолына түсуді көздейтін жұмысшы және коммунистік қозғалыстар.
Басқа елдердегі сияқты Қазақстанда да қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар баршылық. Алдына қойған мақсаттарына қарай оларды былайша топтастыруға болады.
Экологиялық бағыттағы ұйымдар.Оларға жататындар «Невада-Семей» қозғалысы, «Арал-Азия-Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитеті, «Табиғат» комитеті, т.с.с.
Ұлт мәселесін шешуге тырысқан топтар. Оларға: Қазақстанның «Азат»азаматтық қозғалысы, славяндардың республикалық қоғамдық «Лад» қозғалысы, «Русская община», «Единство» қоғамдық бірлестігі, республикадағы казактар қозғалысы, неміс, ұйғыр, грек, кәріс және т.б. мәдениет орталықтары.
Тарихи-ағартушылық қоғамдар: «Мемориал» , «Әділет , «Ақиқат» және т.б.
Әлеуметтік талаптар қойған ұйымдар: «Атамекен» , «Алтын бесік» , «Жерұйық» , «Шаңырақ» және т.с.с.

Сонымен қатар республикада ардагерлер, әйелдер, жастар одақтары және т.б. көптеген қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар бар.Осылардың бәрі, өз ерекшеліктері болуына қарамастан еңбекшілердің белсенділігін арттырып, Қазақстанның гүлденіп өркендеуіне, тұрақты дамуына үлестерін қосқанда ғана мақсаттарына жетпек.
Енді соңғы мәліметтер бойынша бір ғана Қарағанды облысында 6 саяси партия, 8 саяси мақсаттағы қоғамдық қозғалыстар, 16 жастар ұйымдары, 6 әйелдер ұйымдары, 13 ұлттық мәдени орындар, 2 табиғат қорғау қозғалысы, 15 тәуелсіз кәсіподақ, 85 діни бірлестіктер, 273 басқа да әр түрлі ұйымдар мен бірлестіктер бар. Енді барлық облыстардың қоғамдық қозғалыстары мен бірлестіктерінің қанша екенін ескерсек, түсінігіміз кеңейе түспек.

Саяси партия - мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы; қандай да бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған бөлігі.

Саяси партия қызметтері - саяси партиялардың негізгі міндеттерінің бірі - қоғамдық мүдделерді жинақтау мен оларды саяси шешімдерді қабылдау жүйесі шеңберіне ұйымдасқан және бағытталған түрде енгізу. Саяси партиялар билік үшін бәсекелестік күресте қоғамдық қолдауды жұмылдырушы құрал ретінде қызмет жасайды. Партиялық жұмылдыру арқылы азаматтар қазіргі заманның саяси үрдісінің белсенді мүшесіне айналады, яғни іріктеу қызметін атқарады. Партиялар қоғамдық мүдделерді қалыптастыруда да белгілі рөл атқарады.

Қазақстанда саяси партияларды жоғарыдан құру тәжірибесі кеңінен тараған. Бұл жағдайдың барлық деңгейде қалыптасып отырғандығын Отан партиясының кезектен тыс ІV съезінде сөйлеген сөзінде Президент Н.Ә.Назарбаев «… Басшы партия органдары қаншалықты жасыруға тырысса да, аймақтық бөлімшелердің қалыптасуының өзі «жоғарыдан» дейтін классикалық схема бойынша жүреді. Сосын жергілікті жетекшілер, жұмсартып айтқанда, нұсқау бойынша сайланады» [1], – деп ашық айтуы бекер емес.

Қазақстанда азаматтардың партиялар мен қоғамдық ұйымдар арқылы саясатқа қатысу еркіндігі де біркелкі бірдей деуге болмайды. Мысалы, азаматтар үшін «Нұр Отанның» беделі жоғары. Ал «Әділет», «Азат», «Ақ жол», «Ауыл», «Руханият», «Патриоттар», 2 компартия; Қоғамдық қозғалыс ұйымдарының мүшелері: «Тәуелсіздікті қорғау» (М. Шаханов), «Рух пен тіл» (Н. Мамай), «Ұлт тағдыры» (Д. Көшім) және т.б; жастар ұйымдары (бірнеше ондаған) «Қаһар», «Айбын» және т.б. имидждері туралы олай деу қиын. Сайлаушылар жаңа идеологиялық модельге, жаңа партиялық құрылысқа үйрене қойған жоқ. Сонымен бірге, саяси партиялар бағдарламаларының ұқсастығы да бұған кедергі келтіруде. Социологиялық зерттеулеріміздің нәтижесі де мұны дәлелдеп отыр. «Сіз өзіңізге танымал саяси партиялар бағдарламасымен таныссыз ба?» – деген сұраққа «ия» деп жауап бергендер 30-40 пайыздың төңірегінде.

Әдетте, саяси партиялардың ықпалында болатындар бірінші кезекте мемлекеттік қызметкерлер, олардан кейін бюджет саласындағы қызметкерлер. Бүгінгі күні қазақстандық саяси партиялардың құрамы көбінесе дәл осы екі топ өкілдерінен тұратыны белгілі, бірақ олар ерікті негізде ме әлде міндеттеу, қысымшылық негізде ме? – деген тағы бір үлкен мәселе бар. Ал жұмыссыздар, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер арасындағы саяси партиялар қызметіне деген қызығушылық өте төмен тіптен жоқтың қасы. Саясатқа тартылатындарды аймақтық белгілері мен әр түрлі ұлт өкілдері ретінде қарастыратын болсақ, Солтүстік, Шығыс, Орталық аймақтарда өкілдерінің 36,5%-ы партия бағдарламаларымен таныстығы әртүрлі болып келеді.

Наши рекомендации