Кірістер мен шығыстар есебі, талдауы және аудиті

Бас компания мен еншілес компанияның кірістері мен шығыстары туралы есеп беруді шоғырландырудың әдістемесі – ұқсас баптарды жолма-жол жинақтау. Топ ішінде есеп айырысу мен топ ішіндегі операциялар бойынша қалдықтар, оның ішінде тауарларды (жұмыс, қызмет) сатудан түскен табыстар, шығыстар және дивиденттер шоғырландырылған қаржы есептемесін беруді жасау барысында толық есептен шығарылуы тиіс. Тауар-материалды қорлар мен негізгі құрал-жабдық секілді активтердің баланстық құнына кірген топ ішіндегі операциялар бойынша өткізілмеген табыс толық есептен шығарылады. Топ ішіндегі операциялар бойынша өткізілмеген залалда шығынның орны толтырылуы мүмкін болмаған жағдайдан басқа уақытта активтердің баланстық құндарын есептеу барысында шегерілелді.

Төмендегі кестеде бухгалтерлік баланстың баптарын жолма-жол жинақтау бойынша процедуралар клтірідген. Ондағы :

БТ– бас компания табысы;

ЕТ– еншілес компанияның табысы;

ЕУТ– топ ішіндегі операция бойынша еншілес компанияның табысы;

БУТ– топ ішіндегі операция бойынша бас компанияның табысы;

БУӨ- топ ішіндегі операция бойынша бас компанияның сатылған өнімдерінің өзіндік құны;

ЕУӨ- топ ішіндегі операция бойынша еншілес компанияның сатылған өнімдерінің өзіндік құны;

БУҚ– топ ішіндегі операция бойынша сатып алынған бас компанияның тауарлы-материалдық қорлары,

УӨТ– топ ішіндегі операциялар бойынша өткізілмеген табыс;

ВРПН– топ ішіндегі операция бойынша өткізілмеген табыстың салық тиімділігі;

ТД– топ ішіндегі есеп айырысудағы дебиторлық берешек;

ЕКИ– еншілес компанияның меншікті капиталындағы бас компанияның тиісті қатысу үлесін білдіретін еншілес компанияның акцияларындағы инвестиция;

Г– гудвилл, жағымды іскерлік бедел;

БК– бас компанияның кредиторлық берешегі (міндеттемесі);

ЕК– еншілес компанияның кредиторлық берешегі (міндеттемесі);

УК– топ ішіндегі есеп айырысудағы кредиторлық берешек;

АҮ– еншілес компанияның меншікті капиталындағы азшылық үлесі;

БК– бас компанияның меншікті капиталы;

ЕК – еншілес компанияның меншікті капиталы.

Бухгалтерлік балансты шоғырландыру бойынша жұмыс кестесіндегі дүзету жазбасы былайша болады:

1. топ ішіндегі есеп айырысу бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектерді есептен шығаруды:

1) «Топ ішіндегі есеп айырысу бойынша кредиторлық берешек» (ТҚ) баланстың бабының дебиті; «Топ ішіндегі есеп айырысу бойынша дебиторлық берешек» (ТД) баланстық бабының кредиті;

2) Еншілес компанияның меншікті капиталындағы бас компанияның тиісті қатысу үлесі мен еншілес компанияның акциясындағы бас компания инвестициясының баланстық құндарын есептеп шығаруды;

3) Баланстық құн бойынша - еншілес компанияның меншікті капиталындағы бас компанияның қатысу үлесіне (ЕКИ) пропорционалды «Еншілес компанияның меншікті капиталы» баланстық бабының дебиті;

4) Еншілес компанияның меншікті капитаындағы тиісті үлестің баланстық құны мен сатып алуға жұмсалған шығынның арасындағы айырмашылыққа «Гудвилл» (Г) («Жағымды немесе жағымсыз іскерлік бедел») баланстық бабының дебиті немесе кредиті;

5) Жұмсалған шығынның баланстық құны бойынша – «Еншілес компанияның акциясындағы инвестиция» (ЕКИ) баланстық бабының кредиті;

6) Кірістер мен шығыстар туралы есеп беруді біріктіру бойынша жұмыс кестесіндегі түзету жазбасы былай болады (төменде келтірілген мысалдың мәліметтері бойынша):

2. Топ ішіндегі операция бойынша кірістер мен шығыстарды (сатылған тауарлырдың өзхіндік құнын) есептеп шығаруда:

«Сатылған тауарлардан (жұмыс, қызмет) түсетінтабыс» (ЕУТ) транзиттік бабының дебиті, «Өткізілген өнімдердің (жұмыс, қызмет) өзіндік құны» (ЕУӨ) транзиттік бабының кредиті, «Тауарлы-материалдық қорлар» (БУҚ) баланстық бабының кредиті.

Бұл түзету жазбасы топ ішіндегі операция бойынша кірістер мен шығыстарды жоюға мүмкіндік береді әрі өткізілмеген табыстың сомасына тауарлы-материалдық қорларға кірген өткізілмеген табыс топ тұрғысынан алғанда бір бүтін тұтас болады. Еншілес компанияның бас компанияның мекен-жайына жөнелткен тауарлы-шоғырландырылған қаржы есептемесі тұрғысынан алғанда сатылмаған болып саналады.

Сондықтан да тауарлы-материалдық қордың баланстық құнының шамасы өткізілмеген табыстың шамасына түзету жасауды ескере отырып, құн бойынша бағалау қажет. Кірістер мен шығыстар туралы есеп берудің қалған баптары жолма-жол жиынтықтау жолымен біріктіріледі.

Жыл соңына жалпы және әкімшілік шығыстар мынадай баптармен беріледі:

Мың теңгемен

  Дт Кт
Қызметкерлерге шығыс    
Табыс салығынан басқа салықтар   3160-3190
Консультациялық қызметтер    
Банк комиссиялары    
Үмітсіз берешекті жабу шығыстары    
Тозу және амортизация    
Қорлар құнын таза сату құнына дейін есептен шығару    
Материал шығыстары    
Іссапар шығыстары    
Жөндеу және техникалық қызмет көрсету шығыстары    
Қызметкерлер біліктілігін арттыру    
Жабдықтарды жалдау    
Күзет және қауіпсіздік    
Тағы да басқа    
     

Қаржы шығыстары мен кірістері келесі кестеде көрініс тапты:

Жыл соңына қаржы шығыстары мен кірістері мыналарды қамтиды:

Мың теңгемен

Қаржыландыру шығыстары  
Кредиттер бойынша пайыздар  
Қаржылық жалдау міндеттемелері бойынша пайыздар  
Қызметкерлерге ұзақ мерзімді заемдарды дисконттау  
Артықшылықты акциялардың борыштық құрамдас бөлігі бойынша пайыздар  
Басқа да ұзақ мерзімді активтерді дисконттау  
Қаржыландыру кірісі  
Ақша қаражатының қалдықтары бойынша кіріс  
Депозиттер бойынша пайыздық кіріс  
Шығарылған кепілдіктер бойынша пайыздық кіріс  
Қызметкерлерге ұзақ мерзімді заемдарды дисконттау амортизациясы  
Ұзақ мерзімді берешекті дисконттау амортизациясы  

Наши рекомендации