ТЖ негізгі ұғымдары мен анықтамалары
Төтенше жағдай – белгілі бір аумақтағы апаттан адамдардың өлімі, олардың денсаулығына тигізген әсері қоршаған ортаға және халық шаруашылығы объектісі мен материалдық шығын және елді-мекен жағдайының нашарлауы (ҚР Азаматтық қорғаныс Заңының табиғи және техногендік характері 1 бап).
Төтенше жағдайлар себеп-салдарына байланысты мынадай классификацияға бөлінеді:
Табиғи (жер сілкіну, сел, көшкін, су тасқыны, табиғи өрт, эпидемия, ауылшаруашылық өсімдіктер мен орманның зиянкестермен аурумен бүлінуі).
Техногендік (өнеркәсіптік, транспорттық т.,б. апаттар, өрт, жарылыс, ӘКУЗ, РВ,БОВ тастандылары, ғымаратта мен құрылыстардың бүлінуі, өмірді қамтамасыз етіп отырған объектілердегі апаттар, плотиналардың бүлінуі).
Қазақстан Республикасыньң «Табиғи техногендік сипаттағы төтенше жагдайлар туралы» 5.07.1996 ж. Заңы (№ 116-Ш 10.01.2006ж. өзгерістер енгізілген) келесі үғымдарды көрсетеді:
Төтенше жағдай– адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші нысандарға нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай;
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрттер, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын төтенше жағдайлар;
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр – энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар;
Төтенше жағдай аумағы – төтенше жағдай жарияланған белгілі бір аумақ.
Таралу ауқымы мен материалдық шығынының көлеміне қарай табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар нысандық, жергілікті, аймақтық, барынша ауқымдыболып бөлінеді.
13.12.2004ж. ҚР Үкіметінің №1310 Қаулысымен «Табиғи және техногендік сипаттагы төтенше жағдайларды топтастыру» бекітілген. Топтастыру аумағы бойынша төтенше жағдайларды нысандық, жергілікті, аймақтық немесе барынша ауқымды ретінде қарастыру критерииларын бекітеді.
Табиғи және техногеңдік сипаттағы төтенше жағдайлар нысандық болады, егер авария, зілзала немесе апат салдарынан төтенше жағдай аймағы өндірістік немесе әлеуметтік нысан аумағынан шықпаса, сонымен қатар келесі зардаптар пайда болып немесе пайда болуы мүмкін:
· қаза тапқандар саны 5 тен 10 адамға дейін;
· тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің бұзылуы 50 ден 100 адамға дейін;
Төтенше жағдайлар жергіліктіболады, егер авария, зілзала немесе апат салдарынан төтенше жағдай аймағы өңдірістік немесе әлеуметтік нысан аумағынан шықса жәнеоблыстың екі ауданына тараса, сонымен қатар келесі зардаптар пайда болып немесе пайда болуы мүмкін:
· қаза тапқандар саны 10 тен 50 адамға дейін;
· тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің бұзылуы 100 ден 500 адамға дейін;
Төтенше жағдайлар аймактық болады, егер авария, зілзала немесе апат салдарынан төтенше жағдай аймағы өндірістік немесе әлеуметтік нысан аумағынан шықса және облыстың кем дегеңде үш ауданына тараса немесе ҚР екі облысының аймағында пайда болса, сонымен қатар келесі зардаптар пайда болып немесе пайда болуы мүмкін:
· қаза тапқандар саны 50 ден 200 адамға дейін;
· тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің бұзылуы 500 ден 1500 адамға дейін;
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар барынша ауқымдыболады, егер авария, зілзала немесе апат салдарынан төтенше жағдай ҚР үш және одан да көп облыстарының аймақтарына тараса немесе көрші мемлекеттің шекарасына өтетін болса, сонымен қатар келесі зардаптар пайда болып немесе пайда болуы мүмкін:
· қаза тапқандар саны 200 адамнан асса;
· тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің бұзылуы 1500 адамға дейін;
Төтенше жағдайлардын алдын алу- адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау, материалдық шығындардың көлемін азайту, төтенше жағдайлардың пайда болуын едәуір төмендетуге бағытталған және алдын ала жүргізілетін кешеңдік шаралар.
Төтенше жағдайды жою- төтенше жағдай пайда болған жағдайда адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау, материалдық шығындардың көлемін азайту үшін, сонымен қатар төтенше жағдайлардың аумағын жоюға бағытталған құтқару, авариялық – қалпына келтіру және басқа да шұғыл жұмыстар.