Техногенді сипатты ТЖ көздерін зақымдайтын факторлар, ТЖ даму фазалары
Техногенді сипаттағы төтенше жағдайларөндірістік, транспорттық және басқа да авариялардың, өрттердің (жарылыстардың), қатты әсер ететін радиоактивті және биологиялық қауіпті улы заттардың төгілуімен (төгілу қаупімен) байланысты авариялардың, ғимараттар мен құрылыстардың кенеттен құлауының, платиналардың бұзылуының, тіршілікпен қамтамасыз етудің, электро энергетикалық және коммуникациялық жүйесіндегі, тазалау құрылыстарындағы авариялардың салдарынан болуы мүмкін.
Техногенді сипаттағы төтенше жағдайдың шыгу көздері– бұл қауіпті техногенді оқиға (өндірістік нысандардағы немесе транспорттағы авариялар, өрттер, жарылыстар немесе әр түрлі энергияның шығуы, өмір мен денсаулыққа қауіпті заттардың шығумен байланысты авариялар немесе олардың қаупі, ғимараттар мен құрылыстардың құлауы, тіршілікпен қамтамасыз ету жүйесіндегі авариялар) нәтижесінде белгілі бір аймақ, нысанында немесе аймақта орын алған техногенді сипаттағы төтенше жағдай.
Техногенді сипаттағы төтенше жағдай көзінің зақымдаушыфакторы – бұл тиісті параметрлермен анықталатын немесе көрінетін, физикалық, химиялық және биологиялық іс-әрекеттермен немесе көріністермен сипатталатын қауіпті оқиғаның құрастырушысы.
Техногенді сипаттагы төтенше жагдай көзінің зақымдаушы ықпалы– бір немесе жиынтықты техногенді сипаттағы төтенше жағдай көзінің зақымдаушы факторының адамдардың, ауылшаруашылық малдарының өмірі мен денсаулығына және өсімдіктерге, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға жағымсыз әсер етуі.
Авария - технологиялық процесстің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтардың және құрылыстардың зақымдануы. Сонымен қатар авария-нысанда, белгілі бір аумақта немесе аймақта адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін және ғимараттардың, құрылыстардың, құрылғылар мен транспорттық құралдардың қирауын, өндірістік және транспорттық үрдістің бұзылуын, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаға шығын келтіруді тудыратын қауіпті техногенді оқиға.
Апат - өзімен бірге аймақтық немесе ғаламдық ауқымдағы төтенше жағдайды, адам құрбандығын алып келетін ірі авария, қиратушы құбылыс.
Техногенді қауіп – нысандарды қалыпты пайдалану процессіндегі адам мен қоршаған ортаға тікелей немесе жанама зияндығы түрінде, болмаса пайда болуы кезіндегі адамға және қоршаған ортаға техногенді сиаттағы төтенше жағдай көзінің зақымдаушы әрекеті ретінде жүзеге асатын техникалық жүйесінің, өндірістік немесе транспорттық нысандарының өзіне тән ішкі жағдайы.
Ықтимал қауіпті нысан – төтенше жағдай көзінің тууына қауіп төндіретін қауіпті радиоактивті, өрт, жарылыс қауіпті материалдарды, химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын, өндіретін, өндейтін, сақтайтын немесе тасымалдайтын нысан.
Ықтимал қауіпті зат - өзінің физикалық, химиялық, биологиялық немесе токсикологиялық қасиетінің салдарынан адамдардың өмірі мен денсаулығына, ауылшарушылық малдары мен өсімдіктеріне қауіп төндіретін заттар.
Қауіпті заттың мүмкін шекті ңоспасы — адаммен үнемі қарым-қатынас кезіндегі немесе белгілі бір уақыт аралығында оған әсер еткендегі адамның денсаулығына әсер етпейтін және жағымсыз салдары болмайтын аудан бірлігімен немесе салмақпен өлшенетін топырақтағы, ауалы немесе сулы ортадағы, азық – түліктегі, шикізаттардағы қауіпті заттардың максималды саны.
Зақымдану аймагы – белгілі уақыт ішінде адамдарға, ауылшаруашылық малдарына және өсімдіктерге қауіп келтіретін мөлшерде аумағында химиялық заттар таратылған немесе қауіпті химиялық және биологиялық заттар енгізілген территория немесе аймақ.
Өнеркәсіптік авариялар мен апаттар:
Өнеркәсіптік авария – техникалық жүйеде немесе өнеркәсіптік қондырғыда орын алған өнеркәсіптік нысандағы авария.
Жобалық өнеркәсіптік авария – бастапқы және ақырғы жағдайы жобамен белгіленген және белгіленген шектермен авария салдарының шектеуін қамтамасыз ететін, қауіпсіздік жүйесі қарастырылған өнеркәсіптік авария.
Жобадан тыс өнеркәсіптік авария - жобалық авария үшін ескерілмеген бастапқы жағдай тудыратын және жобалық авариялармен салыстырғанда қауіпсіздік жүйесінің тоқтап қалуымен және персоналдың қате шешімдерді іске асырумен қоса жүретін, ауыр салдарларға алып келетін өнеркәсіптік авария.
Өнеркәсіптік апат - адамдардың құрбандығына алып келген, адамдардың денсаулығына нұқсан келтірген және нысандардың, айтарлықтай мөлшерде материалдық құндылықтардың жойылуына, сондай –ақ қоршаған табиғи ортаға айтарлықтай шығын келтірген ірі өнеркәсіптік апат.
Төтенше жагдайлардагы өнеркәсіптік қауіпсіздік - төтенше жағдай аймағындағы өнеркәсіптік авария және апат кезінде халықты, өнеркәсіп қызметкерлері құрамын, шаруашылық нысандары мен қоршаған табиғи ортаны қауіптен қорғау жағдайы.
Төтенше жагдай кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікпен қамтамасыз ету - төтенше жағдай аймағындағы өнеркәсіптік авариялар мен апаттарды болдырмауға бағытталған құкықтық нормаларды қабылдау және сақтау, экологияны қорғау, салалық немесе ведомстволық талаптар мен ережелерді орындау, сондай-ақ ұйымдастырушылық, технологиялық және инженерлі – техникалық іс-шаралар жиынтығын жүргізу.
Радиациялық авария– аталған нысанды қалыпты пайдалану жобасымен алдын алакөрсетілген шекарасынан радиоактивті заттар және ионизациялаушы сәулелердің шығуы мен төгілуіне алып келетін, мөлшері пайдалану қауіпсіздігінің белгіленген шегінен асатын, радиациялы – қауіпті нысандағы авария.
Радиоактивті ластану – жер үстінің, атмосфераның, судың болмаса азық –түліктің, тағамдық шикізаттың және әртүрлі заттардың радиациялық қауіпсіздік және радиоактивті заттармен жұмыс істеу ережелеріндегі бекітілген шама денгейінен асатын мөлшердегі радиоактивті заттармен ластануы.
Радиациялы қауіпті нысан – радиоактивті заттарды сақтайтын, өңдейтін, пайдаланатын немесе тасымалдайтын нысан. Ондағы авария немесе оның қирауы кезінде адамдарды, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктерінің, шаруашылық нысандарының, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаның иондаушы сәулелермен сәулеленуі немесе ластануы болуы мүмкін.
Радиоактивті ластану аймагы – аймағында радиоактивті ластануы бар территория немесе аймақ.
Радиациялық қоргау режимі – иондаушы сәулелердің адамдарға әсерін төмендету мүмкіндігі мақсатыңда радиоактивті ластану аймағындағы қорғаудың әдістері мен тәсілдерін пайдалану және халықтың іс - әрекетінің тәртібі.
Радиациялық бақылау – радиоактивті заттармен иондаушы заттардың басқа да көздерімен жұмыс кезіндегі радиациялық қауіпсіздікті және санитарлы ережелердің нормаларын сақтауды қадағалау, сондай-ақ адамдардың сәулелену деңгейі және нысандағы және қоршаған ортадағы радиациялық жағдай жөнінде хабарлама алу.