Басқарудың классикалық немесе әкімшілік мектебі
Бұл тақырырыптың мазмұнын дәлірек ашу мақсатында менеджмент терминіне анықтама берсек қате болмас деген ойдамын. Менеджмент - бұл нарық жағдайындағы басқару немесе басқарудың экономикалық әдістерін қолдану арқылы материалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану жолымен белгіленген маұсаттарға жетуге бағытталған кәсіби қызметтің дербес түрі. Басқару ойларының тарихы талай ғасырларды қамтитыны белгілі. Менеджмент ғылым ретінде XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында пайда болып,өзінің дамуында бірнеше кезеңді басынан кешірді. Негізгі зерттеу объектісі – басқару функциясы .Менеджменттің даму барысында 4 мектеп пайда болған. Экономикалық әдебиеттерде басқару ойынының алғашқы қарқыны "тейлоризм" ағымымен байланысты болса, менеджменттің келесі мектебі "Басқарудың классикалық немесе әкімшілік мектебі" болып табылады. Ол шамамен 1920-1950 аралығында өз дербестігін сақтады. Басқарудың бұл мектебі туралы сіз француз ғалымы Анри Файольды және оның концепцияларын меңгерген кезде айқын түсіну мүмкіндігіне ие бола аласыз. Бұл мектептің өкілдері басқарудың әмбебап принциптерін ойластырды және мемлекеттік басқару ісін ғылым жолымен ұйымдастырудың принциптерін қолдану мүмкін екендігіне алғаш рет ой жүгіртті.
Ғылыми басқару өкілдері өз зерттеулерін негізінен өндірісті басқаруға арнады.Олар басқарылатын деңгейден төменгі сатыдағы еңбек өнімділігін арттырумен шұғылданды.Әкімшілік мектептері пайда болғаннан кейін мамандар басқаруды ұдайы жетілдірумен, әкімшілік қызметті ұйымдастыру принциптерімен айналысты. Бұл проблемалар француз зерттеушісі Анри Файольдың(1841-1925) есімімен тікелей байланысты.Ол әкімшілік басқару мектебінің көрнекті еуропалық ғалымы деп есептелінеді.Өзінің практикалық тәжірибені жинақтау негізінде мынадай қорытындыға келді: "басқару – кәсіпорынның мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, оны белгілі бір мақсатқа жетелеу".
Анри Файоль өзінің негізгі "Жалпы және өнеркәсіптік әкімшілік " атты еңбегінде капиталистің әкімшілік қызметке жалпы көзқарасын өарастырып,осының негізінде әкімшілік етудің кейбір қатаң принциптерін тұжырымдады.Оның ойынша басқару – ол кәсіпорынды мақсатына сай жолға қою, сөйтіп қолда бар ресурстарды пайдалана отырып барлық мүмкіндігін қолдану.Файольдың пікірінше, әкімшілік ету жан-жақты қызмет ауқымын қамтитын басқарудың бір бөлігі және де техникалық (технологиялық процесс), коммерциялық (сатып алу, сату және айырбастау, қаржылық) ақша қаражаттарын іздестіру және оны тиімді пайдалану, қорғаныстық (жеке меншік пен жеке адамды қорғау), бухгалтерлік (мүлікті түгендеу, баланстық ведомость, шығындар, статистика),әкімшілік (жұмыскерлерге ықпал ету) салаларын қамтиды.
Әкімшілік қызметті талдай отырып, Анри Файольоның 5 элементін көрсетті: жоспарлау, ұйымдастыру, басшылық ету, үйлестіру, бақылау.
Ф.Тейлордың теориясына қарамастан, А.Файоль әкімшілік қызметті
ұйымдастырудың барлық деңгейінде, тіпті жұмысшылар арасында да болады деп есептеді.
А.Файоль әкімшілік басқарудың бірқатар принциптерін ойластырды, мұның өзі, оның пікірінше, кез - келген ұйымға қолдануға жарайды.
Менеджменттің осындай әмбебап принциптері менеджерлердің өз қызмет міндеттерін қалай орындауы тиіс екендігін көрсетеді.
А.Файольменеджерлерге арналған14 принципіндебасқарушылардың қызмет міндеттерін қалай орындауы керек екендігін көрсетеді.
1. Жұмысты бөлісу. Еңбекті мамандандыру, ұйымдық табысқ жету үшін қажет.
2. Билік.Бұйрық беру правосы жауупкершілікпен ұштасуы тиіс
3. Тәртіп.Тыңдау және құрметтеу жұмысты байсалды ұйым- дастыруға мүмкіндік береді.
4. Дара басшылық.Әрбір жұмыскер тек бір бастығынан ғана бұйрық алуы тиіс.
5. Бағыт билігі.Ұйымдастыру кезінде әрбір адамның күш-жігері бір бағытқа үйлестірілуі тиіс.
6. Жеке мүддені жалпы мүддеге бағындыру. Басқарудағы ең қиын жағдай – жеке мүдде мен ортақ мүддені жалпы ұйымдық игілікке айналдыра білуде.
7. Ақы төлеу. Жұмыскерлер өздерінің қосқан үлесіне қарай жұмыс ақысын алуы тиіс.
8. Орталықтандыру. Орталықтандыру мен децентрализациялау (жергілікті мекемелерге орталық мекемелердің кейбір басқару
міндетін тапсыру) пропорция мәселесі болып саналады; әрбір ұйымда қолайлы тепе-теңдік болуы тиіс.
9. Иерархиялық тізбек. Төменгі шенділердің жоғарғы шенділерге бағыну тәртібі.Басшылар басшылықтың формальды тізбегін
орындауы тиіс, мұның өзі жоғарыдағы басшылардың біреуі
басқалармен ақпаратты алмасу жөніндегі нұсқау бергенше сақталады.
10. Реттілік. Материалдың құндылығы затында болуы тиіс.
11. Әділеттілік. Мейірімділік пен заңдылыққа негізделген әділеттілік қызметті шын көңілмен беріле істеуге ықпал етеді.
12. Қызметшілердің тұрақтылығы мен қызмет лауазымында болу мерзімі. Адамдардың өз жұмысын жете білуіне уақыт беру крек.
13. Ынт - ықылас.Адамдардың ең көп қанағаттануы – жоспарды өз бетінше жасауы және орындауы.
14. Ерекше рух.Қызметкерлердің күш жігерді жұмылдыруын ұйымдастырудың табысты болуының кепілі.
Анри Файольдың қызметі мен принциптері уақыт тезінен ойдағыдай өтіп, жаппай қолданыла бастады.
Анри Файоль былай деп атап көрсетті:басқару күрделі процесс ретінде тәуелсіз салалар мен қызметтерге бөлінуі мүмкін.Оның пікірінше, басқару жоспарлардан басталып, бақылаумен аяқталатын үздіксіз процесс болып саналады. Сол себептен де оның еңбегі күні бүгінге дейін жұртшылықтан кең қолдау тауып отыр.
Классикалық мектептің өкілі, ағылшын ғалымы Линдал Уврик Анри Файольдың қағидаларын одан әрі қарай дамытып, тереңдете түсті.Л.Уврик те Файоль секілді әкімшілік қызметтің негізгі элементтерін тұжырымдап, оған жоспарлауды, ұйымдастыруды, штатты жинақтауды, басшылықты үйлестіруді, есеп беруді және бюджет жасауды жатқызды. Бұл элементтер күні бүгінге дейін шетел авторларының көптеген зерттеулерінің түп қазығы ретінде қолданылып отыр.
Л.Уврик формальды ұйым құру принциптерін жасауға ерекше көңіл бөлді. Мұның маңыздылығы күні бүгінге дейін сақталып келеді.
· Құрылым сәйкестігіндеатап көрсетілетіні - әуелі ұйымдастыру құрылымын мұқият ойластыру,содан кейін құрылым талаптарына неғұрлым сәйкес келетін мамандарды таңдап алу қажет;
· Арнайы және бас штабты құру. Басқарудың күрделене түсуін ескеріп, Л.Уврик ұйымдастыруда штабтық мамандардың маңыздылығын жете түсінді. Ол арнайы штабтар құру қажет деп есептеді.Олардың негізгі қызметі ұйым басшысы үшін ұсыныс жасау, сонымен қатар үйлестіру қызметінің күрделене тұсетіндігін жорамалдаған ол бас штаб құруды қажет деп санайды.Сөйтіп бас штабтың міндетіне басшылардың бұйрық дайындауын және таратуын, күнделікті жұмыстарды бақылауды және штабтық мамандар қызметін үйлестіре басшыларға көмек көрсетуін жақтады;
· Құқ пен жауапкершіліктің салыстырмалылығы. Сызықтағы басшыларға белгілі бір қызмет жауапкершілігін ғана жүктеу жеткіліксіз, сонымен қатар оларға тиісті билік пен жаупкершілікті де жүктеу қажет;
· Бақылау өрісі – басшыға тікелей бағынатын адамдар саны. Уврик былай деп сендіреді: әрбңр жағдайда бақылау өрісі
· басшының жекелей сапасына байланысты, демек нақты белгіленетін норма болуы мүмкін емес;
· Мамандандыру.Басшы қызметкерлерде мамандандырудың үш түрі болуы мүмкін: мақсат белгісі, операциялар бойынша тұтыну түрлері немесе географиялық белгілері бойыынша.
Алайда, бұлайша дәл белгілеу өте қиынға түседі, сондықтан да әрбір жағдайда жиынтық белгілер бойынша таңдау қажет;
· Анықтық.Ұйымдағы әрбір қызметкер үшін правосы, міндеті, жауапкершілігі, басқа адамдармен өзара қатынасы мен байланысы жазбаша анықталуы тиіс.Тек сонда ғана ұйым қызиетінің айқындығына қол жеткізуге болады.
Л.Уврик А.Файоль көзқарастарының жақындығына қарамастан, формальды ұйымды құрудың басты принциптерін тереңірек тұжырымдады.
Классикалық мектептің келесі өкілі Макс Вебер(1864-1920ж) болып саналады. Ол ұйым бірлігіндегі жетекшілік пен құрылым проблемаларын зерттеуге ерекше көңіл бөлді. Әр түрлі ұйымдарды талдай отырып,басшы ие болатын билік сипатына қарай ұйымдастырудың негізгі үш түрлі кезеңін ажыратты: хризматикалық,,дәстүрлі ,идеалды (бюрократтық).
Ұйымдастырудың харизматикалық түрі басшының ерекше сапасы болған жағдайда пайда болады. Ұйымдастырудың дәстүрлі түрі харизматикалық түрде туындайды, мұнда жетекшінің орны табиғи түрде алмастырылып, ұжым мүшесі қалыптасқан дәстүрге сәйкес бұрынғы жетекшінің орнын басқан адамға бағынады.
Ең соңында ұйымдастырудың идеалдық (бюрократтық) түрі билікті арнайы бөлуге негізделеді де, ұйым басшының жетекші болуы қамтамасыз етілді.
М.Вебер, әсіресе, ұйымдастырудың үшінші түрінің сипаттамасына тереңірек мән берді.Ол басшының жетекшілігі былайша қамтамасыз етілетіндігін атап көрсетті:
__ ұйымның барлық қызметі қарапайым операциялардан тұрады да, оларды орындау формальды түрде жекелеген буындарға жүктеледі;
__ әрбір басшының формальды түрде бекітілген билігі мен беделі болады да, мұның өзі тек ұйым үшін ғана жүзеге асды.Ұйымды құрғанда жоғарыдан төменге қарай бағыну принципі айқын белгіленуі тиіс;
__ жекелеген қызметкерлер ерекшелігінің ұйым жұмысына әсерін болдыриау мақсатында, ұйымдағы әрбір мүшенің жұмыс тәртібі мен жауапкершілігін айқындайтын нақтылы ережелер, нұсқаулар мен стандарттар жасалады;
__ кез-келген басшы қажетті «әлеуметтік аралықты» сақтауы, өзіне келушілерге және қарамағындағыларға әділ болуы тиіс, мұның өзі барлық адамдарға бірдей әділетті болуына ықпал етеді;
М.Вебер бюрократияны келесі сипаттары бар ұйым деп анықтады:
- Ұйым өзінің әрекетін жоғары басшылар бекіткен ережелерге немесе процедураларға сай жүргізеді.
- Әр жұмысшы шектелген түрде мамандандырылған және міндеттері, құқықтары, басқару стилі, басқару билігі нақты бекітілген.
- Басшылар шешім қабылдау барысында формальды ережелерді ұстанады.
- Қатаң түрде ұйым иерархиялық қағидалар негізінде құрылады.
- Жұмысшылар еркін қабылдау жүйесі ішіндегі кәсіби негіздері бойынша жұмысқа алынады.
- Кадрлардың жылжуы жетістігі және үлкендігі арқылы қызмет сатысы бойынша жүзеге асырылады.
- Ұйымда төменгі шендегілер жоғарыларға бағынуы тиіс.
- Ұйымда меншік иесі және басшы бір тұлға ретінде бола алмайды.
Осындай сипаты бар қйымды ол бюрократиялық ұйым деп атады.
Басқару ісін жетілдіруге мыңдаған жылдар бойы қажырлы еңбек, оны тиімді ұйымдастыру қажет болды,бұған өз уақытында ең озық ақыл ой жетістіктері жұмсалды.
Ұйымда белгілі бір кадр саясаты жүзеге асырылып, мұның өзі ондағы мүшелер қызметін ынталандыруды қамьамасыз етуі тиіс.Ұйымның әрбір мүшесі мамандығына сәйкес келетін қызметпен шұғылдануы, әрі жұмыстан қалмау жағына қамқорлық жасалуы тиіс. Кадрлардың қызметін жоғарылату жүйесі істеген жұмыс ұзақтығына және мінсіз қызметіне байланысты.
Анықталған белгілердің қолайлы жақтарын, атап айтқанда еңбек бөлінісінің және оның формальды бекітілуінің қажеттілігін бағалай отырып, Макс Вебердің ұйым қыызметін талдаудағы көзқарасының біржақтылығын, тек оның элементтерінің ғана жұмыс істеуін қарастырумен шекелетіндігін атап көрсеткен жөн.
Басқарушылық ойлар жетістігінің қолдану практикасында көптеген елдерде басқару модельдерінің өзіндік ұлттық ерекшелігі пайда болды. Қазіргі кезде басқарудың американдық, жапондық, арабтық және батыс еуропалық мектептері қалыптасты.
3. Адамгершілік қарым-қатынас мектебі (1930-1950)
Ғылыми басқару мектебі мен классикалық мектеп психология жаңадан дами бастаған кезде жарық көрді, сондықтан да осы мектептің авторлары адам факторының маңызын мойындай тұрса да, олардың пікір таласы ақыны әділ төлеу, экономикалық ынталандыру және формальды қызмет қарым-қатынасты орнату секілді мәселелермен шектелді. Адамгершілік қарым-қатынас жөніндегі қозғалыс, ұйымның негізгі тиімді элементі ретінде адам факторын толық мойындай алмауынан жауап ретінде туындаған еді. Оның өзі классикалық көзқарастағы кемшілікті шешу мақсатында пайда болғандықтан, адамгершілік қарым-қатынас мектебін кейде неоклассикалақ мектеп деп те атайды. Ф.Тейлор және Э.Мэйо жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы төмендегі кестеде берілген.