Мемлекет және құқықтың пайда болуы туралы негізгі теориялары

Мемлекет деген күрделі саяси ұйым. Мемлекет пайда болғаннан кейін ол туралы көптеген тұжырымдамалар мен теориялар қалыптасты. Ойшылдардың әр ғасырда ұсынған идеялары негізінде таптық мүдделер мен теория пайда болған қоғамның тарихи жағдайларына, заман талабына байланысты қалыптасқан.

Теологиялық теория – мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді. Әрбір ірі дінде құдайдың әрекеті деген діни құқықтық қағидалар бар. Қазіргі заманда да кейбір мемлекеттер осындай қағидаларға негізделіп құрылып, қызмет атқаруда. Бұл теория адамдардың сенімі, иманы ретінде қалыптасқан ұғым, көне заманнан дамып, нығайып келеді. Кезінде біздің ғасырымызға дейін Египет сияқты шығыс елдерінде кең тарап, кейінірек орта ғасырдың діни қызметкерлері қаруға алып, жан-жақты насихаттады. Монархиялық формадағы мемлекеттердің идеологтері монархтың билігі "құдайдың әмірімен болады",- деп оған сөзсіз бас ию, бағынуды талап етті. Ф. Аквинский (1225-1274) Аристотельдің ілімінен "активтік форманың" "пассивтік материяға" өмір беретін тұжырымға алып, "қандай да болмасын билік – құдайдан" деп жариялады. Теологиялық теория "Екі семсер", "Ай мен күн" сияқты теорияларды да дүниеге әкеледі. Бұл теориялар негізінде Римнің католикалық шіркеуі кең көлемде насихаттады. "Екі семсер теориясы бойынша мемлекет басшысы – король, билікті шіркеуден алғандықтан, оған міндетті түрде тәуелді десе, "ай мен күн теориясы" бойынша ай жарықты күннің түсуінен алса, король, императорлар билікті шіркеуден, пападан алады, сондықтан оған міндетті түрде бағынуы тиіс.

Патриархалдық теория – (Платон, Аристотель, Р.Фильмер, Н.Михайловский, Ш.Уалиханов, Бронганк, Вольтман). Бұл теорияның мәні бойынша мемлекет отбасының өсіп-дамуынан ұлғайтып біртіндеп мемлекетке айналады, ал монархтың билігі әке билігінің жалғасы болып табылады. Бұл теорияның өкілі және дамытқан зерттеушісі Аристотель. Оның түсінігі бойынша мемлекет бірнеше отбасы қыстақтарынан құралады және мемлекеттегі басқару отбасы билігінің жалғасы болып табылады.

Патроманальдық теория (лат. Patrimonium-мұрагерлікке қалған жер, меншік). (Швейцарлық, К. Галлер). К.Галлердің түсінігі бойынша мемлекет меншік иесінің жерге иелену құқығынан пайда болады. Жерге ие болған меншік иесінің билігі сол аумақта өмір сүрген адамдардың бәріне жүреді. Халық жерді меншік иесінен мердігерлікке ғана алады. К.Галлер Х1Х ғасырда Еуропаның кейбір мемлекеттеріндегі феодалдардың жерге деген меншігінің саяси билікпен ұласқандығын алға тартады.

Күштеу теориясы – (Жан Ян б.э.д.390-338ж., Е.Дюринг, Л.Гумпелович, К.Каутский) Бұл теорияны жақтаушылар мемлекеттің пайда болуын бір тайпалардың басқа тайпаларды жаулап алуымен түсіндіреді. Олардың пікірінше, мемлекеттік билік, таптар бір халықтың екінші халықты жаулап алғаннан кейін пайда болады және ол соғыстың, күштеудің тікелей салдары деп танылады. К.Каутский қоғамда таптардың пайда болуын көшпенділердің отырықшы елдерді жаулап алуынан туған деп тұжырым жасады. Мысалы, Л.Гумпелович: "Бізге тарих мемлекеттің күштеу арқылы болмағаны туралы басқаша бірде-бір мәлімет бере алмайды. Мемлекет әрқашан бір тайпаның басқаларға күш қолдануы нәтижесінде қалыптасты. Бұл күштірек бөтен тайпалардың отырықшылыққа өткен әлсіз халықты жаулап алуы мен езіп жаншуының нәтижесі"-деп қорытынды жасады. Ол құқықтың пайда болуын тек күш арқылы болатын құбылыс деп танып "күш қолдану құқықтың алдында жүреді" деген формула, қағиданы құқықтану ғылымына енгізді. Оның ойынша топтардың, бір рулардың үстемдік етіп, күш қолдануы дағдыға айналып, келе-келе әдеттік құқық нормаларын қалыптастырады.

Шарт немесе табиғи-құқықтық теория– (Б.Спиноза, Д.Локк, Т.Гоббс, Г.Гроций, Ж.Ж.Руссо, Д.Дидро, Ш.Л.Монтескье, П.А.Гольбах, А.Радищев). Бұл теория XVII-XVIII ғасырларда феодалдық мемлекеттік-құқықтық институттар мен жүйеге қарсы күрес кезеңінде қалыптасып дами келе көптеген елдерде кеңінен тарады. Теорияның тұжырымы бойынша адамдар ерте кезде қақтығыстар мен шиеліністерден көздерін ашпаған. Оларды болдырмай, өздерін сақтап қалу мақсатында саналы, әділетті түрде басқару үшін адамдар бір-бірімен шарт жасап, билікті өздері қалаған адамдарына берген. Содан бері қарай мемлекет жасалған шарт негізінде өз міндетін атқаруда. Шарттың талаптарын орындамай өрескел бұрмалаған жағдайда халық өзі құрған билікті күшпен құлатуға құқылы. Сонымен қатар шарт теориясының негізгі қағидалары мен талаптары АҚШ-тың тәуелсіздік декларациясында (1776), Францияның адам және азамат құқықтарында(1789) және басқа да құжаттарда бекітілді.

Психологиялық теория (бұл теорияны уағыздаған Фрезер,Тард,Пампериен,Петражицкий,Фрейд,Ковалевский,Коркунов) Аталмыш теорияны жақтаушылар мемлекет және жалпы билік жүргізетін адам ерекше сыйқырлы күшпен психикалық энергияға ие. Алғашқы адамдар ру көсемдері мен бақсыларға сенімдік білдіріп, табынған болса, мемлекеттік билік тұлғалары алдында да адмдар өздерінің бағыныш қылығын танытады, бағынуға құлшыныс береді. Бағындыру, бағындырушының ерекше психикалық қабілеттеріне байланысты. Мемлекеттік билік осы жолмен қалыптасады. Қоғамда ерекше қасиеті бар адамдарға басқа адамдар өз еркімен табынуға, бағынуға ұмтылады.

Органикалық теория (өкілдері:Шеффле, Вормс, Фортескью, Спенсер). - бұл пікірді Платон көне дәуірде уағыздаған (б.з. IV-III). Бірақ теория толық түрде Х1Х ғ. Қалыптасты. Теорияның мазмұны мемлекетті біртұтас организмге теңейді.Ағзада әртүрлі функциялар атқаратын жасушалар мен органдар болады. Олардың барлығы біртұтастықты құрап, тіршілік етуді қамтамасыз етеді. Мысалы, адамның мыйы басқару функциясын атқарса, қол мен аяқ дене еңбегімен шұғылданатындар, ал сауда, көлік байланыс жүйелер адамның қан тамырларымен салыстырылады. Басқару аппаратын да тірі ағза ретінде бағалайды. Ағза биологияның заңына бағынса, адам саналы құдіретке, оның қимыл әрекеті әртүрлі болады, қайталанбайтын шешімді қабылдауға интелекті жетеді.

Құқық туралы негізгі теориялар:

Табиғи теория – бұл теорияның мазмұны көне дәуірде қалыптасқан. Мазмұны - қоғамда мемлекеттік құқықтан басқа адамдардың табиғи құқығы болады: бостандығы, теңдігі, еңбек жасауы, қоғам жұмысына қатысуы т.б. Цицерон табиғи заңға қарсы келетін мемлекеттік заң болуға тиіс емес деген. Табиғи теорияны Локк, Руссо, Монтескье, Гольбах, Радищев т.б. дамытқан. Дамыған елдерде табиғи әлеуметтік норма мен мемлекеттік құқықты бір-біріне қарсы қоюдың негізі жоқ. Олар қоғамды қарым-қатынасты бірігіп реттеп басқарады.

Тарихи теория – бұл теорияның өкілдері құқық адамдардың рухани сана-сезімнің даму процесінен өмірге келіп, қалыптасады деп түсіндіреді. Оған мемлекеттің қатынасы жоқ – деп уағыздаған. Адамдар субъективтік жолмен өздерінің ойынан заң шығара алмайды, тек қоғамның объективтік даму процесінен қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормалардың шығуын тездету керек деп түсінген. Бұл теорияның өкілдері: Густав Гуго, Карл Савинын, Фридрих Пухта, Штиль т.б.

Реалистік теория – құқықтың дамуы өзінің эволюциялық ішкі себептері арқылы өзгеріп, ескіріп, жаңарып жатады. Оның дамуына сыртқы жағдайлардың әсері мол болады – деп уағыздаған. Бұл теорияны құрастырған неміс ғалымы Рудольф Йеринг. Бұл теория құқықтың бірлігін, дамуын, оның мемлекетпен байланысын, субъектілердің құқығының міндеттері болатынын және мемлекеттің бақылауын қостайды.

Социологиялық (әлеуметтік)теория – ХХ ғасырда қалыптасқан теория. Бұл теория құқықтық қатынасты адамдардың құқықтық тәртібін жан-жақты ғылыми тұрғыдан зерттеуді жақтайды. Өкілдері: Эрлих, Леон Дюги, С.М. Муромцев т.б. Құқықтың әлеуметтік мазмұнын зерттеуге көп көңіл бөледі, құқықтық мемлекетті жақтайды.

5. Нормативтік теория – құқық әлеуметтік өмірдің сыртқы қарым-қатынасын реттеп, басқарып, адамдардың мүдде мақсатын орындау деп түсінеді. Заң ғылымы құқықтың жеке өзін саясат пен идеологияға қоспай зерттеуді жақтайды. Құқықтың белгі-нышандарын жақсы зерттеуді, құқықтық мемлекетті жақтады. Нормативтік актілерді жоғарыдан төмен қарай сатылап зерттеуді, бақылауды ұсынады. Өкілдері: Р.Штаммлер, Г.Кельзен.

Психологиялық теория – ХХ ғ-дың басында жақсы дамыған теория. Негізгі мазмұны: құқық адамдардың психикасының ішкі құрылысында қалыптасып олардың сыртқы іс-әрекетіне, жұмысына әсер етуі. Адамның ішкі сана-сезімі мен сыртқы тәртібінің, мінезінің, іс-әрекетінің байланысын Петржицкий этикалық сана деп атайды. Бұл теория құқықты екі түрге бөледі: жеке тұлғалық (автономдық) және оң жағымды(позитивтік). Жеке тұлғалық құқық-жеке адамның ішкі ұятынан қалыптасатын елегізу, қатты қиналу. Оң жағымды (позитивтік) құқық басқа адамның беделіне, абыройына сенушіліктен қалыптасатын психикалық көзқарас.

Материалистік теория – құқық саяси-экономикалық үстемдік жүргізетін таптың мүдде-мақсатын қорғайтын нормативтік актілердің жиынтығы. Құқықтың мазмұны екі элементтен тұрады – деп түсіндіреді: экономикалық базис пен үстемдік таптың мүддесі.

Наши рекомендации