Кпе обырының мынадай асқынулары болуы мүмкін.

ДӘРІС

Өкпенің қатерлі ісігі

Өкпе рагы - өкпе тіндерінің зақымдануынан болатын,соның әсерінен тіндердің өзгерісінен пайда болатын қатерлі ісік. Қатерлі ісік дегеніміз - адам ағзасындағы клеткалардың ретсіз өсуі.

Әлемде медицина ғылымының қарыштап дамуына қарамастан, бұл салада күрмеуі шешілмеген мәселелер, дауасы табылмаған дерттер қатары әлі де жетерлік. Мәселен атын естісе адам шошитын қатерлі ісік ауруының қоғамда өзекті мәселе екені рас. Бұл дерт адам ағзасының кез-келген мүшесінде қалыптасады. Жалпы ісік аурулары табиғаттың экологиялық әсерінен, дене қозғалысының аздығы мен дұрыс тамақтанбаудан пайда болады.
Ел арасында «жаман ауру» атауына ие болған дертке шалдығушылардың қатары жыл санап көбеймесе, азайған емес. Сондай-ақ алқымнан алған бұл аурудың тым жасарғаны соншалық, бүгінгі күні жаңа туған сәбилер мен жауқазындай жасөспірімдер арасында да кездеседі екен.

Өкпе обыры Қазақстандаісік аурулары құрамында оған шалдығудан және өлім-жітім жағынан бірінші орында тұр. Өкпе рагы 50-69 жас арасындағы ер кісілерде көбірек кездеседі. Көп жағдайларда ауру соңғы сатысында,емдердің тиімділігі аз болған кезде ғана анықталады.Ресми статистика бойынша елімізде жыл сайын өкпе обырының жаңа жағдайлары анықталып жатады,3800-ге жуық адам өлімі орын алады,олардың басым бөлігін ерлер құрайды.бұл сандардың біртіндеп қарқындап өсуі байқалады.2015 жылдың 9 айының есебі бойынша өкпенің қатерлі ісігі 3 орында тұр.Соңғы он жылдықта көптеген мемлекеттерде өкпенің қатерлі ісігімен науқастану саны күрт жоғарылауда. Әлемнің 35 мемлекетінде өкпе рагы өлім саны жағынан бірінші орында.Статистика бойынша 2015 жылдың 1 қаңтарында онкологиялық аурумен есепте тұрғандар саны 150 436 –ны құрап отыр.Бұл есептің өсуі скринингтік зерттеулердің нәтижесі болып табылады.

Кпенің қатерлі ісігіне әкелетін жағдайлар.

Өкпе қатерлі ісігінің пайда болуы темекі шегудің жиілігіне байланысты. Жалпы ер кісілер өйелдерге қарағанда 4-5 есе жиі сырқаттанады.Бірақ кейінгі жылдары әйелдер арасында шылым шегушілердің жиілеуіне байланысты өкпе обырының көбейе бастағаны байқалуда.

Өкпе обырының тағы бір себебі қандайда бір өкпенің созылмалы ауруларымен ауырғаннан кейін уақытында дұрыс емделмеген жағдайда қатерлі ісік пайда болуы мүмкін. Ондай ауруларға пневмосклероз, сидерокониоз, кониотуберкулез, саркоидоз т.б. созылмалы аурулары жатады.

Қоршаған ортадағы канцерогендер (өндіріс қалдықтары, диметилбензантрацен, бензпирен, метилхолантрен, бояуға пайдаланатын химиялық канцерогендік заттар, 2-нафтил-амин, 2-амино-флуорен, 4-аминодифенил, гетероциклді ароматтық көмірсутегі бар заттар, төртхлорлы көмірсутегі, этионин, уретан, эпоксид, кейбір ауыр металдар, хлорметил). қоршаған ортаның және ауаның зиянды заттармен ластануында қосуға болады.Сонымен қатар сәулелену де қатерлі ісікке алып келуі мүмкін.

Пневмония және тұмаумен жиі ауыратын науқастар,пневмонияны қабынуға қарсы дәрілермен емдегенде 2-3 апта нәтиже бермесе,полиартритті 2-3 апта емдеген нәтиже бермесе,кенет түрде себепсіз дауысы жойылса,өкпе ауруларының шағымы бар 50 жастан асқан еркектер,гинекомастиясы бар еркектер өкпенің қатерлі ісігіне бейім келеді.

Кпе қатерлі ісігінде мына белгілер байқалады.

Алғашқыда қатты, құрғақ жөтел пайда болады. Жөтел алғашқыда құрғақ болып басталып, кейін асқыну қосыла келе қақырық пайда болады. Қан қақыру, кеуденің ауыруы, ентігу қосылады.Дененің қызуының көтерілуі өкпе қабынуының дәрежесіне байланысты,температура 38С – қа көтерілуі мүмкін.

кпе обырының мынадай асқынулары болуы мүмкін.

Жүрек ауруы, аритмиялар мазалауы мүмкін. Дауыстың шықпай қалуы, көмей нервтернің қысылуы болады және өкпеден қан кетуге,ауыр кахексияға алып барады. Сондай-ақ асқынуы метастаздан көрінеді.Метастаздар бауыр мен сүйекке де таралады.

Онкологиялық диспансерлерде өкпенің қатерлі ісігімен сыққаттанатын науқастарды диспансерлік есепке алып ,бақылау: Бірінші жылда әр 3 ай сайын; екінші жылда 6 ай сайын; Үшінші жылы жылына 1 рет жүргізіледі. Өкпе қатерлі ісігінің алдын алуға болады.

Ауа ластануын азайту,яғни бөлмені желдетіп,дымқылдап сүртіңіз,төсек орынды таза ұстаңыз.Медициналық тексеруден уақтылы өтіңіз.Жыл сайын флюрографияға түсіңіз.Егер өкпенің созылмалы ауруымен ауырсаңыз дәрігерге қаралып емделіңіз.Темекіні тастауға тырысыңыз.

Егер темекені тастағыңыз келсе, оның оп-оңай екенін естен шығармаңыз. Бастау жеңіл болса, тастау да қиынға соқпайды. Ең бастысы шешім қабылдауыңыз керек.

1. Темекіден бас тартқан күніңізді күнтізбеге белгілеп қойып, 2 апта сайын белгі салып тұрыңыз. Сөйтіп-сөйтіп темекіні ұмытып кетуге болады.

2. Өзіңізді соған сендіріңіз. Өйткені темекі ақшаңызды, уақытыңызды ал ең маңыздысы денсаулығыңызды құртады.

3. Жаңаөмірбастауғадайынболыңызжәнеөз-өзіңізді алдамаңыз.

4. Темекінітастағаныңызтуралыдостарыңызға, барлықжақынадамдарыңызғаайтып, көмексұраңыз. Себебібастапқыкездеріәрдайымтемекініойлапжүруіңізмүмкін. Сондықтанбасқазаттарменалаңдауыңызкерек.

5. Күнсайынтемекісаныназайтып тұрыңыз. Соңғықорабыншегіп, мәңгіліккеқошайтысыңыз.

6. Көбірек су ішіп, дұрыстамақтаныңыз. Мұның бәрісіздіңағзаңызғатемекіденқұтылуғакөмекбереді.

7. Өзіңізді өзге де қызықзаттарменалдаңыз. Темекінімүлдемойғаалмаңыз.

8. Ашуланғанкездетемекішегіпүйреніп қалдыңыз ба? Оныңорнынаалманемесекәмпитжеугеболады. Әйтеуіртемекігеқайтыпжоламаңыз.

9. Соданкейінөзіңіздіңжетістігіңізжайлышағын ой-толғаужазып, әлеуметтікжелілердежариялаңыз. Басқа да адамдардыңқолдауынкөреаласыз.

10. Егербірнешекүнтемекі шекпесеңіз, өзіңізге сыйлық жасаңыз. Өйткенісізсоғанлайықсыз.

11. Физикалық жаттығулармен шұғылданыңыз. Темекісізөмірдіңдәмінтатыңыз.

12. Егертемекітартқыңызкеліп, шыдамай бара жатсаңызтереңтынысалып, көзіңіздіжұмып, құлағыңыз бен басыңыздыұстаңыз. Соданкейінкөзіңіздіашып, айналаңызға басқаша көзқараспен қараңыз.

13. Темекіұсынса, бас тартыңыз. Бастапқыдаолөтеқиынболарыанық, бірақүйреніпкетесіз.

14. Таза ауаменсеруендеңіз. Темекіден бас тартусіздің өміріңізге де көпөзгерісенгізеді.

Бұрын қолжетпестей көрінетін белестеріңізге бір табан

жақындайсыз

15. Тек қайтадантемекітартыпкетпеңіз. Бұлойыңызжүзегеасатынынасенімдіболыңыз. Өзіңіздітемекітартпайтын, салауаттыөмірсалтынұстанатын, табыстыәріолжалыадамретіндекөргіңізкелсе, бәрінбүгінненбастаңыз. Бұлтәжірибелерсізгежәнесіздіңөміріңізге көмектеседі.

Темекінің зияны

Тісті сарғайтып, ауызды сасытады.

Асқазанда жара пайда болады.

Ерін, тіл және өңеш рагына жол ашады.

Жөтел және қақырық пайда болады.

Созылмалы тыныс жолдары қабынуына әкеліп соқтырады.

Көмекей және өкпе рагына тап болушылардың 90 пайызының себебі темекіден.

Жүрек ауруларына, әсіресе жүрек бұлшық еті инфарктіне (жүрек ұстамасы) қолайлылық туғызады.

Теріге әжім түсіреді.

Темекі туралы

Егерде адам күніне бір пачкі сигарет тартатын болса оның өкпесіне 700 гр смола түседі, оның құрамында 100-ге жуық әртүрлі канцерогендік заттар бары анықталған. Ол канцерогендік заттардың (қатерлі ісік тудыратын заттар) ішіндегі ең қауіптісі бензпирен болып есептеледі.

Темекі радиоизотоптарынан әсіресе полоний-210 және қорғасын-210 қатерлі ісіктерді тудыратын ең басты улы заттар болып табылып отыр. Бұл заттар темекі шегушілердің генетикасын зақымдайтын ең негізгі себептер. Адамды 200 рет рентгенге түсіргенде денеге өтетін радияциялық мөлшерді, адам күніне 20 сигарет тарту арқылы-ақ қабылдап жатады.

Тиімді тамақтаныңыз.

Наши рекомендации