Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары
Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттiк меншiкте болады және жалға, сенiмгерлiк басқаруға берiлмейдi және жекешелендiруге жатпайды.
Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.
Республикалық меншiктегі су шаруашылығы құрылыстар
Республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттiк су шаруашылығы ұйымдарына бекiтiлiп берiледi.
Республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарының тiзбесiн су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органның, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жалға, сенiмгерлiк басқаруға берiлуi және жекешелендiрiлуi мүмкiн.
Коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстар
Коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындарға бекiтiлiп берiледi және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарынан басқалары, жалға, сенiмгерлiк басқаруға, өтеусiз пайдалануға берiлуi мүмкiн.
Ауыз сумен жабдықтау жүйелерiне меншiк құқығы
Ауыз сумен жабдықтау жүйелерi республикалық, коммуналдық меншiкте, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың меншiгiнде болуы мүмкiн.
Республикалық меншiктегi ауыз сумен жабдықтау жүйелерiн пайдалануды мемлекеттiк ұйымдар жүзеге асырады.
Коммуналдық меншiктегi ауыз сумен жабдықтау жүйелерiн пайдалануды мемлекеттiк және өзге де ұйымдар жүзеге асырады.
Ауыз сумен жабдықтаудың жекелеген жүйелерi тұрғын үй кондоминиумдарының құрамына кiруi мүмкiн.
Ауыл шаруашылығы су пайдаланушыларына қызмет көрсетуге арналған су шаруашылығы құрылыстары
Ауыл шаруашылығы су пайдаланушыларына қызмет көрсетуге арналған су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттiк немесе жеке меншiкте болуы мүмкiн.
Мемлекеттiк меншiктегi ауыл шаруашылығы су пайдаланушыларына қызмет көрсетуге арналған су шаруашылығы құрылыстары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп пен шарттар бойынша осы құрылыстарға қызмет көрсететiн су пайдаланушыларға немесе олардың бiрлестiктерiне жалға, сенiмгерлiк басқаруға, өтеусiз пайдалануға берiлуi, сондай-ақ сатылуы немесе өтеусiз берiлуi мүмкiн.
Су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттiк басқару
Ұлттық қауiпсiздiк мүдделерiне, азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қатер төнген жағдайда және республиканың немесе аймақтың экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар жекелеген су шаруашылығы құрылыстарының тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша осы құрылыстарға қатысты уақытша мемлекеттiк басқаруды енгiзуi мүмкiн.
Су шаруашылығы құрылыстарына құқықтарды және олармен мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу
Су шаруашылығы құрылыстарына және олармен жасалатын мәмiлелерге құқықтар Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлiкке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы заңдарына сәйкес мiндеттi түрде мемлекеттiк тiркелуге тиiс.
Су шаруашылығы құрылыстарына құқықтарды мемлекеттiк тiркеу құрылысқа су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген нысандағы паспорты болған жағдайда жүргiзiледi.
Су шаруашылығы құрылыстарын меншiктенушiлердiң жауапкершiлiгi
Су шаруашылығы құрылыстарын меншiктенушiлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олардың техникалық жай-күйiнiң қауiпсiздiгi үшiн жауапты болады.
Су шаруашылығы құрылыстарының қауiпсiздiгiн меншiктенушiлердiң қамтамасыз етуiн қадағалауды су қорын пайдалану және қорғау саласындағы, төтенше жағдайлар және өнеркәсiп қауiпсiздiгi жөнiндегі уәкiлеттi органдар жүзеге асырады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары: