Литосфераны қорғау бойынша шаралар. 14 страница
4. Экологиялық таза өнім стандарттарын, экологиялық таза өнім белгісінің нысанын және оған қойылатын техникалық талаптарды «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредиттелген коммерциялық емес ұйым белгілейді.
33-бап. Техникалық реттеу жөніндегі сарапшылық кеңес
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның техникалық реттеу жөніндегі сарапшылық кеңес техникалық регламенттер жобаларын әзірлейді, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу және қолдану жөніндегі ұсыныстарды қарайды.
10-тарау. Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды
экономикалық реттеу тетіктерi
95-бап. Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу тетіктерінің түрлерi
Мыналар:
1) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау мен қаржыландыру;
2) қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы төлеу;
3) табиғи ресурстардың жекелеген түрлерін пайдаланғаны үшін ақы төлеу;
4) қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру;
5) нарықтық тетіктер және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін квоталарды сату;
6) экологиялық сақтандыру;
7) қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу тетіктерінің түрлері болып табылады.
96-бап. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар
1. Қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға бағытталған технологиялық, техникалық, ұйымдық, әлеуметтік және экономикалық шаралар кешені қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар болып табылады.
2. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға:
1) экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған;
2) қоршаған ортаның сапалық сипаттамаларын арттыру арқылы қоршаған орта құрауыштарының жай-күйін жақсартатын;
3) экологиялық жүйелердің жай-күйін тұрақтандыру мен жақсартуға, биологиялық әртүрлілікті сақтауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға ықпал ететін;
4) қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына залал келтірудің алдын алатын және оларды болғызбайтын;
5) қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты ұтымды пайдалануға және қоршаған ортаны басқарудың халықаралық стандарттарын енгізуге бағытталған әдістер мен технологияларды жетілдіретін;
6) өндірістік экологиялық бақылауды дамытатын;
7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпараттық жүйелерді қалыптастыратын және экологиялық ақпарат беруге ықпал ететін;
8) экологиялық білімді насихаттауға, тұрақты даму үшін экологиялық білім мен ағарту ісіне ықпал ететін іс-шаралар жатқызылады.
3. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға осы баптың 2-тармағында көзделген инвестициялық экологиялық жобалар жатқызылуы мүмкін.
4. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың үлгілік тізбесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
97-бап. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру:
1) бюджет қаражаты;
2) табиғат пайдаланушылардың өз қаражаттары;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
98-бап. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау
1. Әртүрлі деңгейдегі бюджеттерден қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламаларда белгіленетін бағыттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Yкіметінің және жергілікті өкілді органдардың шешімдеріне сәйкес айқындалады.
2. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын экологиялық бағдарламаларды, жоспарларды әзірлеу тәртібі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен белгіленеді.
3. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасының, әкімшілік-аумақтық бірліктердің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларына, жоспарларына, белгілі бір аумақтың экологиялық бағдарламаларына, жоспарларына енгізіледі.
4. Өңірлік экологиялық бағдарламалар, жоспарлар және тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары, жоспарлары олар бекітілгенге дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілуге жатады.
5. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары инвестициялық экологиялық жобаларды (бағдарламаларды) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әзірлеп, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға табыс етеді.
6. Экологиялық бағдарламаларды әзірлеу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстары жүргізілуі мүмкін, оларды өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
99-бап. Табиғат пайдаланушылардың өз қаражаттары есебінен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау
1. Табиғат пайдаланушының өз қаражаты есебінен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды табиғат пайдаланушы дербес жоспарлайды.
2. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар табиғат пайдаланушы экологиялық рұқсаттар алу үшін әзірлейтін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізіледі.
100-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау
Өзге де көздер есебінен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
101-бап. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы
1. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленеді.
2. Табиғат пайдаланушылар экологиялық рұқсатта айқындалған нормативтер шегінде жүзеге асыратын қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ластаушы заттардың және қалдықтар түрлерінің тізбесіне сәйкес алынады.
3. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақыны есептеу әдістемесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
4. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары Қазақстан Республикасының Yкіметі бекіткен базалық ставкалардан төмен болмайтындай және шекті ставкалардан жоғары болмайтындай етіп белгілейді.
5. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы бойынша салықтық міндеттемелерді атқару табиғат пайдаланушыны қоршаған ортаға келтірген залалды өтеуден босатпайды.
102-бап. Табиғи ресурстардың жекелеген түрлерін пайдаланғаны үшін бюджетке төленетін міндеттi төлемдер
Табиғи ресурстардың жекелеген түрлерін пайдаланғаны үшін бюджетке төленетін міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленеді.
103-бап. Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру
Табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды тиімді жүзеге асыруын экономикалық ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақының шекті ставкаларын бекітуі мүмкін.
104-бап. Мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыруға мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер бере алады.
105-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларды басқарудың нарықтық тетіктерi
1. Қоршаған ортаға эмиссияларды қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қоршаған ортаға эмиссияларға лимиттер мен квоталар белгілеу және қоршаған ортаға эмиссияларды қысқартуға арналған квоталар мен міндеттемелер саудасының тәртібін бекіту жолымен нарықтық тетіктер енгізілуі мүмкін.
2. Табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға эмиссиялардың жылдық квоталары белгіленген жағдайда осындай квотаға құқық алады.
106-бап. Халықаралық деңгейде квоталар саудасы
1. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда Қазақстанның қоршаған ортаға эмиссияларды қысқарту жөніндегі квоталар саудасына қатысу мүмкіндігі көзделген жағдайда, табиғат пайдаланушылар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен шетелдік жеке және заңды тұлғалармен тиісті шарттық қатынастарға түсе алады.
2. Қазақстан Республикасы резидентінің шетелдік жеке және заңды тұлғалармен жасасқан квоталар саудасы туралы шарты Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті органда тіркелуге тиіс.
107-бап. Экологиялық сақтандыру
1. Үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) авариялық ластануы нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу экологиялық сақтандырудың мақсаты болып табылады.
2. Міндетті экологиялық сақтандыру Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңына сәйкес жүзеге асырылады. Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық жағының қауіпті түрлерін осы Кодекс және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
3. Ерікті экологиялық сақтандыруды жеке және заңды тұлғалар өздерінің еркін білдіруіне қарай жүзеге асырады. Ерікті экологиялық
сақтандырудың түрлері, талаптары және тәртібі сақтандырушылар мен сақтанушылар арасындағы шарттарда айқындалады.
11-тарау. Қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық
бағалау
108-бап. Қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау тәртібi
1. Қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау - қоршаған ортаны және табиғи ресурстардың тұтыну қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың құндық көрінісі.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары қоршаған ортаға залал келтіру фактісі анықталған күннен бастап бір ай мерзім ішінде қажетті материалдарды жинау мен талдауды жүргізеді және келтірілген залалға экономикалық бағалауды белгілейді.
3. Атмосфералық ауаны және су ресурстарын белгіленген нормативтерден тыс ластаудан, сондай-ақ өндіріс пен тұтыну қалдықтарын, оның ішінде радиоактивті қалдықтарды белгіленген нормативтерден тыс орналастырудан келтірілген залалды экономикалық бағалау Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ережелерге сәйкес тура немесе жанама әдістермен айқындалады.
109-бап. Залалды экономикалық бағалаудың тура әдісi
1. Залалды экономикалық бағалаудың тура әдісі неғұрлым тиімді инженерлік, ұйымдық-техникалық және технологиялық іс-шаралар арқылы қоршаған ортаны қалпына келтіруге, жұтаңдаған табиғи ресурстардың орнын толтыруға, тірі организмдерді сауықтыруға қажетті нақты шығындарды анықтаудан тұрады.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары бірінші кезекте қоршаған ортаға залал келтірген тұлғаның қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырады.
Қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүргізу жөніндегі тиісті міндеттемелер қоршаған ортаға залал келтірген тұлғаның нақты іс-шаралар және оларды жүргізу мерзімі көрсетілген кепілдік хатында жазылады.
3. Залалдың салдарларын жою жөніндегі шаралардың құны олардың нарықтық құны бойынша айқындалады.
4. Залалды тура әдіспен экономикалық бағалау кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары тәуелсіз сарапшыларды тарта алады. Сарапшылар ретінде экологиялық аудиторлар, жобалау, инженерлік және ғылыми ұйымдардың мамандары қатыса алады.
5. Тәуелсіз сарапшылар жұмысына ақы төлеу жөніндегі міндет қоршаған ортаға залал келтірген тұлғаға жүктеледі.
110-бап. Залалды экономикалық бағалаудың жанама әдісі
1. Залалды экономикалық бағалаудың жанама әдісі залалды экономикалық бағалаудың тура әдісін қолдану мүмкін болмайтын жағдайларда қолданылады.
2. Залалды экономикалық бағалаудың жанама әдісі қоршаған ортаға әсер ету түрлеріне қарай залалды әрбір ингредиент бойынша жиынтықтау жолымен айқындалады.
Жеке тұлғалардың, қоғамдық бірлестіктердің және
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтары мен
міндеттерi
13-бап. Жеке тұлғалардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттерi
1. Жеке тұлғалардың:
1) өздерінің өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға;
2) қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;
3) қоршаған ортаны қорғау қоғамдық бірлестіктері мен қорларын құруға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдау процесіне қатысуға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы жиналыстарға, митингілерге, пикеттерге, шерулер мен демонстрацияларға, референдумдарға қатысуға;
6) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша хаттар, шағымдар, арыздар мен ұсыныстар беруге және оларды қарауды талап етуге;
7) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан уақтылы, толық және дұрыс экологиялық ақпарат алуға;
8) қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу кезеңінде оларды талқылауға қатысуға және әзірлеушілерге өз ескертпелерін ұсынуға;
9) қоршаған ортаға байланысты жоспарлар мен бағдарламаларды дайындау процесіне қатысуға;
10) қоғамдық экологиялық сараптама өткізу туралы ұсыныс жасап, оған қатысуға;
11) кәсіпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан қауіпті өзге де объектілерді орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру туралы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына теріс әсер ететін шаруашылық және өзге де қызметін шектеу мен тоқтату туралы шешімдердің әкімшілік немесе сот тәртібімен күшін жоюды талап етуге;
12) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының бұзылуы салдарынан өздерінің денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянның өтелуі туралы сотқа талап-арыз беруге құқығы бар.
2. Жеке тұлғалар:
1) қоршаған ортаны сақтауға, табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға;
2) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шараларды іске асыруға жәрдемдесуге;
3) өз кінәсінен экологиялық қауіпсіздікке төнуі мүмкін қатерді болдырмауға;
4) өз қызметін Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға міндетті.
3. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтары мен міндеттері болады.
Адам экологиясы - адамның табиғи мәнін, оның тіршілік ортасының денсаулығының экологиялық факторларын зерттейді.
Абиотикалық фактордың құрамына тірі организмдерге әсер ететін қоршаған ортаның – табиғаттың тірі факторлары (температура, қысым, радиациалық фон, ылғалдылық, жарық, атмосфера, топырақ құрамы, т.б.) кіреді.
Аутэкология(грекше autos-өзі)қоршаған ортада организмдердің тіршілік шегін анықтайды.
Антропогендік факторларғаадамның іс-әрекеттерінің (атмосфераға зианды заттар шығару, топырақ қабатын бұзу, гидросфераның латануы, табиғи жайылымдарды бүлдіру, т.б.) қоршаған орта әсерінің жиынтығы жатады.
Аллель ережесін былай тұжырымдауға болады. “Тропиктерге қарай жылжыған сайын жылықанды жануарлардың құйрықтарының, құлақтарының, аяқ-қолдарының және әртүрлі өсінділерінің, тері қатпарларының және т.б. ұзаруы байқалады”.
Аменсализмдеп бір популяцияның өсуі мен көбеюі тежеліп, ал ингибитор деп аталатын екінші популяция бұндай қысым көрмейтін жағдайды айтады.
Антропогендік экологиялық дағдарыс экологиялық дағдарыстың кінәлсі адамның шаруашылық іс әрекеті
Биотикалық факторларғаособьтар мен түрлердің, яғни тірі организмдердің бір - бірімен өзара әсерлерінің әртүрлі формалары (жыртқыштар, бәсекелестік, паразитизм т.б.) жатады.
Бергман ережесі бойынша:“Суық жерлерді мекендеуші жылықанды жануарлар үшін ірі болу, ал жылы жерлерді мекендеуші жануарлар үшін ұсақ болу тиімді ”.
Биосфера –планетадағы тірі заттардың таралған аймағы – жердің “ерекше тіршілік қабығы” -деп анықтама береді.Вернадскийдің констант ( тұрақтылық) заңы: Биосфераның тірі затының мөлшері – тұрақты шама.
Биоценоз(“биос” - өмір , “ценос” - бірлестік ) деп бірлесіп бірге тіршілік ететін және бір- бірімен байланысты түрлердің бүкіл жиынтығы аталады.
Глобальды экология - биосфераның бірлігін және тұтастығын зерттейді.
Геоэкология - әртүрлі деңгейдегі геожүйелердің және оларға антропогендік өзгерістерін әсерін зерттейді.
Гелиофиттер немесе жарық сүйгіш өсімдіктер -күн сәулесі жақсы түсетін, ашық жерлерде және орманда өте сирек кездесетін өсімдіктер. Мұндай өсімдіктің гүлдері күнбағыс, итошаған сиақты, күн көзіне қарай бағытталып өседі
Гидатофиттер – (грекше hydatos – су )толығымен немесе көп бөлігі суда тұратын су өсімдіктері ( элодея, су тұңғиық және т.б. )
Гидрофиттер – (грекше hydor – су ) тек төменгі бөлігі суда тұратын жер- ауа өсімдіктері ( кербезгүл жебежапырақ )
Гигрофиттер – (грекше hydros ылғалды ) ылғалға бейімделген, батпақта, су жағалауында өсетін жер үсті өсімдіктері.