Студенттердің өзіндік жұмысының (СӨЖ) тақырыптық жоспары

Сабақ тақырыбы Өткізу түрі Сағат көлемі
Ағзалардың қоршаған орта факторларына бейімделуі. - Жарық экологиялық фактор ретінде. Фотопериодизм туралы түсінік. - Температура экологиялық фактор ретінде. - Су экологиялық фактор ретінде. Реферат, презентация, тест құрастыру  
Популяцияның статикалық және динамикалық сипаттамалары, санының реттелуі мен механизмі. Толеранттық диапазоны. Биотикалық байланыс. Миграция және бәскелестік және жартқыштық реттелу факторы ретінде Баяндама, тест құрастыру  
Экожүйенің автотрофты және гетеротрофты жиынтығы. Тағамдық тізбек, экологиялық пирамидалар. Экожүйеде термодинамика заңдарының қолданылуы, экожүйенің өнімділігі.Энергия ағымы және экожүйедегі заттар айналымы.Экожүйедегі үзіліссіз заттар айналымын сақтаудағы тірі ағзалардың рөлі. Реферат презентация  
Гомеостаз және экологиялық сукцессия. Биосфера эволюциясы. Атмосфера, гидросфера, литосфераның физико-химиялық параметрлерінің өзгеруіндегі тірі ағзалардың рөлі. Биосфера тұрақтылығының механизмдері. презентация пікір талас
Биосферадағы тірі заттың планетарлық рөлі. Халықаралық саммиттер және табиғат пен қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша халықаралық ұйымдардың ұсыныстары. Экологиялық мәселелерді шешудегі үкіметтік емес ұйымдардың рөлі. презентация пікір талас
Қазақстанның табиғи ортасының дестабилизациялануының себептері мен салдары. ҚР адамзаттық тұрақты дамуындағы экологиялық аспектілері Қазақстан Республикасындағы тұрақты дамуға арналған қоршаған ортаны қорғау бойынша ұлттық жоспар. ҚР экологиялық саясаты презентация пікір талас
Барлығы:

2.9 Негізгі және қосымша әдебиеттер:

Негізгі:

1. Экология: учеб. пособие/ C.А. Сергейчик. - Минск: Современная школа, 2010. -400 с.,

2. Экология в вопросах и ответах: учеб. пособие/ В.И. Коробкин, Л.В.Предельский: Феникс, 2009.-378с,

3. Учение об окружающей среде: учеб. пособие/ Г.К. Ерубаева: Алматы, казак универс 2011.-153с.

4. Экология и устойчивое развитие. учеб. Для вузов/ Аскарова У.Б., Аскаров Н.Б., Алматы, 2014 г., -190 с.,

5. Экология: учеб. пособие/ В.И. Коробкин, Л.В.Предельский: Феникс, 2008.-315с, стр. 5-14.

6. Бигалиев А.Б., Халилов М.Ф., Шарипова М.А. Основы общей экологии Алматы, «Қазақ университеті» , 2007- 240с.

7. Кенесариев У.И., Жакашов Н.Ж. Экология и здоровье населения. Учебник для ВУЗов и колледжей. - Алматы, 2002 -260 с.

Қосымша:

1. Хандогина Е.К., Герасимова Н.А., Хандогина А.В. Экологические основы природопользования, М., «Форум», 2007

2. Доклады Министерства охраны окружающей среды РК «О состоянии природной среды РК» 2000-2007гг.

3. Колумбаева С.Ж., Бидельбаева Р.М. Общая экология. Алматы, «Қазақ университеті» , 2006-195с.

4. Экология и устойчивое развитие. учеб. Для вузов/ Аскарова У.Б., Аскаров Н.Б., Алматы, 2012 г., -190 с.

5. * Ескерту: әдебиеттер тізімі жыл сайын жаңартылып отырады.

2.10 Сабақ беру және оқыту әдістері: (кіші топтар, пікір-таластар, ситуациялық есептер, сабақта жұмыс істеу,презентация, кейс-стади және т.б.).

· Дәрістер: шолулық, мәселелік

· Тәжірибелік (машықтық) сабақтар:

· Семинарлар, презентациялар, «миға шабуыл», жағдайлық есептер шешу, нақты гигиеналық жағдайларды талдау, гигиеналық нормативтер сақталмаған жағдайларды талқылау, жағдайларды моделдеу, жұптасып жұмыс істеу, пікір сайыстары.

· СӨЖО: кіші топтармен жұмыс істеу, пікір сайыстары, жағдайлық есептер шешу.

· СӨЖ: әдебиеттермен, электрондық мәліметтер базасымен жұмыс істеу, жағдайлық есептер шешу; аналитикалық шолулар, тест құрастыру, тест тапсырмаларын шешу, ғылыми рефераттар дайындау.

2.11 Білімді бағалау көрсеткіштері мен ережелері: әрбір деңгейде білімді бағалау көрсеткіші мен шкаласы (ағымдық, рубеждік, қорытынды бақылау), сабақтың барлық түрлерін бағалау ережелері (аудиторлық, СӨЖ, ОСӨЖ)

· «Білім» құзіреттілігі бойынша Ағымдық бақылау:

% Бағалау критерийлері
95-100 Студент сабақ тақырыбын терең түсінетіндігін, логикалық ойлауға қабілеттті екендігін көрсетті. Айтылған тақырыптың мазмұны толығымен қойылған сұрақтарға сәйкес, сонымен бірге, нақты келтірілген мысалдармен көркемделген қажетті теориялық фактілерден құралған . Студент негізделген қорытынды жасай алды.
90-94 Студент сабақ тақырыбын жалпы түсінетіндігін көрсетті. Материалдың мазмұны толығымен қойылған сұрақтарға сәйкес келеді. Бірақ, материалды талқылау барысында аздаған қателіктер жіберді, оқытушының ескертуінен кейін жіберген қателерін түзете алды. Білімін бекітуде сабақ тақырыбына байланысты келтірген мысалдары дұрыс таңдалынған, негізделген қорытынды жасай алды.
85-89 Студент тақырыпқа байланысты материалды білетіндігін көрсетті. Бірақ жауап беру кезінде аздаған қателіктер жіберді, оқытушының қойған қосымша сұрақтарынан соң қателерін түзетті.
80-84 Тақырыпты мазмұндауда аздаған кемшіліктер жіберді. Берілген жауаптың логикалық және ақпараттық мағынасы жоқ. Сабақ мазмұны материалды теориялық жағынан түсінуге негізделген.
75-79 Студенттің сабақ тақырыбы бойынша білімі таяз. Қойылған сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап берді. Бірақ сұрақты жалпы түсінетіндігін көрсетіп, бағдарламалық материалды ары қарай меңгеруге жеткілікті ептілігін көрсетті. Сабақ материалында берілген түсінік, анықтамаларды айтуда, терминдерді қолдануда қиналды, қателер болды. Оқытушының қойған бірнеше қосымша сұрақтарынан соң қателерін түзетті.
70-74 Материалды мазмұндау кезінде сұрақтарды жалпы түсінетіндігін көрсетті. Ары қарай оқу үшін жеткілікті білімін көрсете алды. Тақырып толығымен ашылған жоқ,түсініктерді анықтауда, терминдерді қолдануда қателер жіберді.
65-69 Материалды мазмұндау барысында сұрақты түсінбегенін байқатты. Тақырып толық ашылған жоқ, реттілігі жоқ. Негізгі түсініктемелерді беруде, терминдерді қолдануда қателер жіберді.
60-64 Тақырыпты мазмұндауда оқу материалының көп бөлігін немесе ең маңызды деген бөлімдерін түсінбегені байқалды. Түсініктемелерді айту барысында, терминдерді қолдану кезінде өрескел қателер жіберді.
55-59 Мазмұндау кезінде оқу материалының маңызды бөлімдерін түсінбегендігі, білмейтіндігі байқалды. Түсінік, анықтамаларды айтуда, терминологияны қолдану барысында үлкен қателер жіберді.
50-54 Сұрау барысында принципиальды қателер жіберді. Тапсырманы толық орындаған жоқ.
0-49 Студент сабаққа қатысты. Оқу материалының маңызды бөлімдерін білмейтіндігі және түсінбейтіндігі көрінді. Анықтамалар мен түсініктер және терминдерді айтуда жіберген қателерін оқытушының материалға сәйкес бірнеше сұрақтар қойғаннан кейін ғана түзете алды.

· Тәжірибелік дағдылар бойынша ағымдық бақылау:

% Бағалау критерийлері
95-100 Студент бағдарламалық материалды толығымен меңгерген. Ешқандай қателер жібермеген. Берілген тапсырманы дер кезінде, дұрыс орындады, коллоквиумдарды өз уақытында және қатесіз тапсырды, үйге берілген тапсырманы орындады, пәнді оқу барысында қосымша ғылыми әдебиеттерді қолданды, бағдарламалық материалды өз бетімен жүйелендіре алды.
90-94 Студент жалпы бағдарламалық материалды меңгергендігін көрсетті, принципиальды емес жіберген қателерді студенттің өзі түзете алды. Тапсырманы дер кезінде және дұрыс орындады. Коллоквиумдарды қатесіз тапсырды. Пәнді оқу барысында қосымша ғылыми әдебиеттерді қолданды, бағдарламалық материалды өз бетімен жүйелендіре алды.
85-89 Студент бағдарламалық материалды меңгерген, жауап беру кезінде өрескел қателер жіберген жоқ, тапсырманы, коллоквиумдарды және үй тапсырмаларын ешқандай ескертусіз өз уақытында тапсырды. Оқытушының нұсқауымен ғылыми әдебиеттерді қолданды, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысты, студенттің өзі түзеген принципиальды емес және принципиальді қателер жіберді.
80-84 Студент бағдарламалық материалды меңгерген, жауап беру кезінде өрескел қателер жіберген жоқ. Берілген тапсырманы принципиальды ескертулерсіз, дер кезінде орындады, коллоквиумдарды дұрыс, өз уақытында тапсырды, оқытушының нұсқауымен қосымша әдебиеттерді пайдаланды,студенттің өзі түзеткен принципиальды емес қателер жіберді.
75-79 Студент бағдарламалық материалдың 75% меңгерген. Студенттің өзі түзеген принципиальды қателер жіберді. Оқытушының көмегімен бағдарламалық материалды жүйелендіре алды.
50-74 Студент бағдарламалық материалды 50% ғана меңгерген, бақылау және зертханалық жұмыстарды, үй тапсырмаларын орындау кезінде оқытушының көмегіне жүгінді. Коллоквиумды тапсыруда принципиальды емес қателерді жіберді. Тек оқу әдебиеттермен ғана шектелді, материалды жүйелендіру барысында қиналды.
0-49 Студент бағдарламалық материалдың жартысында меңгермеген, жауап беру кезінде принципиальды қателер жіберді. Ағымдық бақылау түрімен қарастырылған жекелеген тапсырмаларды орындамаған.

· Құқықтық құзіреттілікті қалыптастыру бойынша ағымдық бақылау:

% Бағалау критерийлері
95-100 Заңдылық актілердің негізгі ережелерін, санитарлық заңдылықтарды жақсы білу
90-94 Заңды актілердің негізгі ережелері мен санитарлық заңдылық аумағындағы нормативтік-құқықтық негіздерін толық меңгеру
85-89 Санитарлық заңдылық аумағындағы нормативтік-құқықтық негіздері мен заңдылық актілердің негізгі ережелерін жеткілікті меңгеру
80-84 Санитарлық заңдылық аумағындағы нормативтік-құқықтық негіздері мен заңдылық актілердің негізгі ережелерін өз бетімен зерделей алу
75-79 Заңдылық актілердің негізгі ережелерін аздаған қателіктерімен зерделеу; санитарлық заңдылық аумағындағы нормативтік-құқықтық негіздерін меңгеру
70-74 Заңдылық актілердің негізгі ережелерін қалыптастыра алу, санитарлық заңдылық аумағындағы нормативтік-құқықтық негіздерін меңгеру
65-69 Оқытушының көмегімен заңдылық актілердің негізгі ережелерін қалыптастыра алу, санитарлық заңдылық аумағында нормативтік-құқықтық негіздерін меңгеру
60-64 Оқытушының көмегімен заңдылық актілердің негізгі ережелерін қалыптастыра алу, санитарлық заңдылық аумағында нормативтік-құқықтық негіздерін жеткіліксіз меңгеру
55-59 Санитарлық заңдылық аумағында нормативтік-құқықтық негіздерін жеткіліксіз меңгеру
50-54 Санитарлық заңдылық аумағында нормативтік-құқықтық негіздерін әлсіз меңгерген, принципиальды қателер жіберілген.
0-49 Құқықтық құзіреттілік бойынша дағдының болмауы, санитарлық заңдылықты білмейді.
Сабақта болмаған.

Наши рекомендации