Дәріс Атмосфераны ластаушы заттар және олардың қоршаған ортаға әсері

Сабақтың мақсаты мен міндеттері:Студенттерге атмосфераның автокөліктен шыққан улы заттармен ластануын, Қазақстан қалаларының ауа бассейні туралы мәліметтерді түсіндіру.

Жоспар:

4.1 Атмосфераның автокөліктен шыққан улы заттармен ластануы

4.2 Қазақстан қалаларының ауа бассейні туралы мәліметтер.

Атмосфераның автокөліктен шыққан улы заттармен ластануы

Атмосфераның жерге жақын қабатын автокөліктен шыққан улы заттар ластайды. Жеке сектордағы үйлерде жылу маусымында 80 мың тоннадан астам көмір жағылады.

Кесте

Теміртау Қара металлургия (болат, шойын өндірісі), автокөлік, синтетикалық каучук зауыты Фенол, шаң, көміртек, азот оксидтері, бенз(а)пирен, сынап
Ақтөбе Хром, форросплав, химия зауыттары, жасанды талшық өндірісі, энергетика, автокөлік, Хром қосылыстары, азот оксидтері, фторлы газдар, сульфаттар, күкіртті көміртек, күкіртті сутек, қорғасын, т.б. ауыр металдар
Қостанай Тау-кен өнеркәсібі, жөндеу механикалық зауыты, энергетика, машиналардың шинасын жөндейтін зауыт, түрлі түсті жасанды талшық өндіретін химия зауыты, құрылыс-монтаж конструкциялар комбинаты, темір-бетон, қызыл, силикатты кірпіш зауыттары, «Транс Петролеум» Аммиак, көміртек оксидтері, шаң-тозаң, ауыр металдар, көмірсутектері.
Павлодар АҚ «Қазақстан алюминийі», автокөлік, жылу электр орталығы, мұнай өңдеу зауыты Фторлы қосылыстар, көміртек, азот оксидтері, бенз(а)пирен, көмірсутектері, шаң
Жезқазған Тау-кен металлургия комбинаты, жылу электр станциясы, кірпіш зауыты Күкірт оксидтері мен тұздары, мышьяк, ауыр металдар
Қарағанды Синтетикалық каучук өндіретін зауыт, коксхимиялық өндіріс, металлургия комбинаты, автокөлік Көмір қышқыл газы, аммиак, күкірт қышқылының буы, күкіртті сутек, азот оксидтері, күйелер, көмірсутектер
Семей Цемент зауыты, автокөлік Азот, күкірт, көміртек оксидтері, цемент шаңы, ауыр металдар, бенз(а)пирен, радиоактивті элементтер
Рудный Соколов-Сарыбай кен-байыту комбинаты, асбест комбинаты, кірпіш зауыты, темір-бетон конструкциялар комбинаты, машина жасау комбинаты Темір қосылыстары, шаң, күкірт, фосфор оксидтері, қорғасын, мырыш, көміртек оксиді
Лисвковск Кен-байыту комбинаты, автокөлік Фосфор оксидтері, темір қосылыстары, шаң, көміртек, азот оксидтері, күйе

Атап шыққан қалалардың көбінесе кейбір ластағынтардың мөлшер ШРК-дан асқан. Жалпы зиянды заттектерді шығарындылардан негігі үлес афтокөліктерге түсіреді. Қара жұмыс істейтін кісілер көміртек тотығын аз жұтса да инфаркт миокарда (жүрек бұлшықетінің жансыздануы) ауруына шалдығуы мүмкін.

Көміртек тотығымен аз мөлшерде этилен косылса өсімдіктердің жапырақтары түсіп, гүл түйнектері және өсімдіктердің өзі де қурап қалатыны белгілі.

Тар көшелерде, көше қиылыстарында, бағдаршам маңында, жер асты туннельдерде көміртек тотығы көп жиналады, норма бойынша 3мг/куб метр орнына 25-125мг/куб метрге дейін жетіп жатады.

Өте қауіпті ластаушылар қатарына жататын көмірсутектер топырақ пен судай тотықпай, ұзақ сақталып, тек ультракүлгін түстес сәулелер ғана табиғаттық жағдайда ірітіп, аздыратын газдар болып саналады. Олардың ішінде метан, этан сияқты қанған газдар болса, этилен, пропилен, бутилен сияқты қанбаған газдар бар. 3,4 бенз(о)пирен сияқты канцерогендік, ісік ауруына себепші болатындарына да кездеседі.

АҚШ-тың ұлттық онкология институты қатерлі ісіктердің 60-тан 90 пайызына дейінгі Экологиялық факторларға, әсіресе көмірсутектермен ауаның ластануына байланысты екенін айтады.

ГРД-дегі 12 жылға созылған зерттеулер автомашиналар жүретін тас жолдарға жақын тұратын кісілердің арасында қатерлі ісіктен өлгендер саны жолдан алыс тұратындармен салыстырғанда 9 есе артық болғанын көрсетті. Күкіртті каз оттекпен қосылып күкірт ангидридіне, су буларымен қосылып күкірт қышқылына айналады. Күкірт қышқылының тамшылары ауада тұман болып тұрады да, жауын жауғанда жерге түседі. Ол бояуды күйдіріп жеп қояды, кісілердің өңеші мен өкпесіне, жануарлар мен өсімдіктерге өте зиянды.

Топырақтың қышқылдануына байланысты өнім азаяды. Жапырақсыз тұрған бұталар мен ағаштар, ұшы соғылған қарағай мен шыршалар, түрі өзгерген жапырақ, жерге түскен қылқан – мұның бәрі ауада күкіртті газдардың көп екендігінің белгісі./11-12/

Судың қышқылдығы көбейсе балықтар, су жәндіктері мен жануарлары өмір сүре алмайды.

Барлық ұйымдастырылған көздерден шығатын ластанғыштардың жалпы жылдық массасы осы бесеуін бірге қосқанда орта шамамен 800 млн. тоннаны құрайды. Бұл көлемге жер эрозиясының, орман өрттерінің және жанар таулардың атқылауы салдарынан ауаға бөлінетін ластағыш және әр түрлі жолмен тазаланатын газдардағы зиянды заттектер кірмейді.

Атмосфераның ең көп ластанатын жері өнеркәсіпті аймақтар, атап айтқанда ірі кәсіпорындар орналасқан және көлік жүйесі дамыған қалалардың ауа бассейні.

Наши рекомендации