Су шаруашылығы ұғымым, ерекшелігі

Су шаруашылығы және түрлері

Су қорлары

Тақырып 11 Ормандардың құқықтық режимі

Ормандардың құқықтық режимінің түсінігі және жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасының Орман кодексі және ормандарды ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ететін басқа заңдар.

Азақстан Республикасы орман қорының түсінігі мен құрамы және оның жеке бөліктерінің құқықтық режимі. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау.

Орман иелену және орман пайдалану құқығы.

Ормандардың құқықтық режимінің түсінігі және жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасының Орман кодексі және ормандарды ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ететін басқа заңдар.

ҚР Орман кодексі 2003 жылдың 8 шілдесінде қабылданған. Орман Кодексі орман қорын иелену, пайдалану, оған билiк ету жөнiндегi қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ орман қорын күзетудiң, қорғаудың, молықтырудың, оның экологиялық және ресурстық әлеуетiн көтерудiң, оны ұтымды пайдаланудың құқықтық негiздерiн белгiлейдi.

Орман құқығы қатынастарын реттеу орман биосфераның ғаламдық экологиялық, әлеуметтiк және экономикалық мәнi бар аса маңызды компоненттерiнiң бiрi болып табылатыны негiзге алына отырып жүзеге асырылады.

Орман - ағаш пен бұта өсiмдiктерiнiң және жанды табиғаттың басқа да компоненттерiнiң жиынтығы негiзiнде белгiлi бiр аумақта қалыптасқан, қоршаған ортамен өзара байланыстағы және маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтiк мәнi бар табиғи кешен.

Орманды молықтыру - орман ағаштарын отырғызуға немесе орманды күтiп-баптау және оны сауықтыру жөнiндегi шараларды қоса алғанда, бұрынғы орманды алқаптарды табиғи түрде қайта жаңғыртуға ықпал ететiн шаралар жүргiзу.

Мемлекеттiк орман орналастыру ұйымы - қызметi орман ресурстарын есепке алуды, орман қорын аумақтық орналастыруды, мемлекеттiк орман мониторингiн, орман шаруашылығын жүргiзу iсiн жоспарлауды және орман пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталатын орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның қарауында болатын ұйым.

Орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемесi - мемлекеттiк орман қорын күзету мен қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, орман пайдалануды реттеу жөнiндегi шараларды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен құрылған мекеме.

Орманды қорғау - орманды зиянкестерден, аурулардан, антропогендiк және табиғи сипаттағы қолайсыз факторлар әсерiнен қорғау жөнiндегi, жер үстiнде және авиациялық әдiстермен жүзеге асырылатын iс-шаралар жиынтығы.

Қазақстан Республикасының орман заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Орман Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актiлерiнен тұрады. Орман кодексі 9-бөлімнен, 20-тараудан, 118 баптан тұрады.

1-бөлім. Жалпы ережелер

2-бөлім. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау

3-бөлім. Орман иелену және орман пайдалану құқығы

4-бөлім. Орман шаруашылығын ұйымдастыру

5-бөлім. Орман орналастыру, орман қорының мемлекеттік есебі, мемлекеттік орман кадастры және мемлекеттік орман мониторингі

6-бөлім. Ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсіру, орман тұқым шаруашылығы

7-бөлім. Орман қорын пайдалану

8-бөлім. Орман қорын күзетудің, қорғаудың, пайдаланудың, ормандарды молықтыру мен орман өсірудің экономикалық тетігі

9-бөлім. Қазақстан Республикасының орман заңдары саласындағы заң бұзушылықтар

Өсiмдiктер (ормандардан басқа) мен жануарлар дүниесiн, су объектiлерiн, жер қойнауын, жердi, атмосфералық ауаны, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану мен қорғау саласындағы құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының арнайы заңдарымен реттеледi. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Орман Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

Қазақстан Республикасының орман заңдарының қағидалары:

1) ормандардың климатты реттейтiн, орта түзетiн, егiс-топырақ қорғау, су сақтау және санитарлық-гигиеналық функцияларды орындайтын жалпымемлекеттiк мәнiн мойындау;

2) ормандарды тұрақты дамыту (Қазақстан Республикасының орманды аумақтарын тұрақты ұлғайту);

3) ормандардың, табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң, мәдени және табиғи мұраның биологиялық әралуандығын сақтау;

4) ормандарды көп мақсатқа пайдалану;

5) орман ресурстарын ұтымды, үздiксiз, сарқылмайтындай етiп пайдалану;

6) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттiк реттеу мен бақылау;

7) басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу мен алынған сүректi қайта өңдеудi жүзеге асыру функцияларынан орман пайдалануды реттеу функцияларының ара жiгiн ажырату;

8) Қазақстан Республикасының орман заңдарын бұзудан келтiрiлген залалдың орнын толтыру;

9) орман ресурстарын ақылы пайдалану;

10) орман қорының жай-күйi туралы ақпараттың қол жетiмдiлiгi;

11) халықтың және қоғамдық бiрлестiктердiң орман қорын күзетуге және қорғауға қатысу.

Азақстан Республикасы орман қорының түсінігі мен құрамы және оның жеке бөліктерінің құқықтық режимі.

Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау. Орман қоры жерлерiн, орман ресурстары мен орманның пайдалы қасиеттерiн қамтитын Қазақстан Республикасының орман қоры орман құқығы қатынастарының объектiсi болып табылады.

Орман құқығы қатынастарының объектiлерi Орман Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен ақылы жағдайда ормандардың көп функциялы маңызы ескерiле отырып пайдаланылады.

Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық орман, сондай-ақ орман өсiмдiктерi өспеген, бiрақ орман шаруашылығының қажеттерiне арналған орман қоры жерлерi Қазақстан Республикасының орман қорын (бұдан әрi - орман қоры) құрайды.

Орман қоры мемлекеттiк және жекешеорман қорларынан тұрады.

Мемлекеттiк орман қорына:

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiндегi (орманды және ағаш өспеген алқаптарды қоса алғанда) табиғи және қолдан өсiрiлген ормандар;

2) табиғи және қолдан өсiрiлген ормандар, сондай-ақ мемлекеттiк орман қоры жерлерiндегi орман шаруашылығының қажеттерi үшiн берiлген, орман өсiмдiктерi өспеген жер учаскелерi;

3) халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральды құбырлардың және басқа желiлiк құрылыстардың белдеулерiндегi енi он метр және одан көбiрек, алаңы 0,05 гектардан астам қорғаныштық екпелерi жатады.
Жекеше орман қорына Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiне сәйкес орман өсiру үшiн нысаналы мақсатта жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға жеке меншiкке немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануға берiлген жерлерде, солардың қаражаты есебiнен жасалған, енi он метр және одан көбiрек, алаңы 0,05 гектардан астам қолдан өсiрiлген ормандар, агроорман-мелиорациялық екпелер, арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер жатады.

Орман қорына:

1) мемлекеттiк орман қорының жерiнен тыс орналасқан жекелеген ағаштар және көлемi 0,05 гектардан кем шоқ ағаштар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегi бұта өсiмдiктер;э

2) қала ормандары мен орманды саябақтарды қоспағанда, елдi мекендер шекарасы шегiндегi жасыл желектер;

3) үй маңындағы, саяжайлар мен бау-бақша учаскелерiндегi ағаштар мен бұталар кiрмейдi.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк орман қоры мемлекеттiк меншiк объектiлерiне жатады және республикалық меншiкте болады.

Жекеше орман қоры учаскелерiн иеленудi, пайдалану мен оған билiк етудi, Орман Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiне сәйкес, жекеше орман иеленушiлер жүзеге асырады.

Орман қорының жерлерi мемлекеттiк және жекеше орман қоры жерлерiне бөлiнедi.

Мемлекеттiк орман қорының жерлерiне табиғи түрде ағаш өскен, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қолдан ағаш өсiрiлген және ағаш өспеген (орманды және ағаш өспеген алқаптар), орман шаруашылығын жүргiзетiн мемлекеттiк ұйымдарға тұрақты жер пайдалануға берiлген жерлер жатады.

Жекеше орман қорының жерiне Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiне сәйкес орман өсiру үшiн нысаналы мақсатта жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға жеке меншiкке немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануға берiлген жерлерде, солардың қаражаты есебiнен қолдан ағаш өсiрiлген, агроорман-мелиорациялық екпелер, арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсiрiлген жерлер жатады.

Мемлекеттiк орман қоры жерлерiнiң шекарасы жерге орналастыру жұмыстарын жүргiзу кезiнде орман орналастыру материалдарының негiзiнде белгiленедi және нақтыланады.

Мемлекеттiк орман қорының жерлерiн сатып алу-сату, кепiлге беру және басқа мәмiлелер жасасу арқылы иелiктен шығаруға жол берiлмейдi.

Орман қорының жерлерiн беру, алып қою және пайдалану тәртiбi Орман Кодекспен, Қазақстан Республикасының жер және азаматтық заңдарымен айқындалады.

Наши рекомендации