Тұщы су экожүйелерінің ерекшеліктері: Лентикалық және лотикалық экожүйелер.

Тұщы су экожүйелері— лентикалық, тоқтау су (көл, тоган, бөген); лотикалық немесе ағынды сулар (өзендер,жылғалар, бұлақтар) және батпақтанған жерлер (теңіз жайылмалары менбатпақтар)

Лентикалық (ағынсыз сулар) экологиялық жүйе. Тұщы сулар көздері (көл, тоған т.б.), Байкал көлі сияқты ерте дәуірде пайда болған бірен- сараны болмаса, негізінен беріде пайда болған, мұз дәірінің қалдықтары болып саналады.

Үлкен көлдер мен тоғандар жағалауында тамыры топырақта болатын өсімдіктер, ортасында фито – зоопланктандар, түбінде гетеротрофтар өмір сүреді.

Суы терең көлдерде табиғаттың ерекше құбылысын көруге болады. Көл суының жазда жоғары қабаты жылы, төменге қабаты салқын, қыста жоғары қабаты салқын төменгі қабаты жылы болып екіге бөлініп, өзара араласпайды. Тек күзде немесе жазғытүрым су қабаттарының температурасы бірте-бірте теңелгенде ғана сулар араласады. Сөйтіп көл сулары жылына екі реет, ал, тропикте ауаның үнемі жылы болуына байланысты онан көбірек араласады.

Судың ұзақ мезгіл араласпаулы төменгі қабатта оттек қорының, жоғарғы қабатта биологиялық генді элементтер қорының азаюына әкеліп соғады.

- Ағынсыз сулардың ең алғашқы өнім түрлері олардың пайда болуының химиялық ерекшеліктеріне, көлге құятын суларменқұрлықтан келген заттарға байланысты.

Көлдің жоғарғы қабатын үсақ балықтар, төменгі қабатын ірі балықтар жайлайды.

Ағынсыз суларды шаруашылық қажетіне, демалыс үшін пайдаланғанда көлдердің, таза болып, өсімдіктер мен жануарлардың аз болғанын қалайды. Бұл да адамдардың тілегі мен ықласы табиғат мұддесі мен үйлеспейтін, оғаш мінездерінің бір көрінісі. Бір көлде немесе тоғанда балық өсіріп, онан көп өнім алуға, азық-түлік қорын молайтуға еңбек етсе, екінші көлдің суын өсімдіктерден тазалап, балықтарын жойып, суға шомылуға, қайықпен жүзіп демаліға дайындап жатады. Балық пен бірге шомылу күнә болатындай, көлдің табиғи қалыптағы суын әлі суға айналдыру әрине табиғатқа да, адамдарға да пайдасы жоқ, зияны көп әрекет болып табылады. Ағынсыз суларды шаруашылық қажетіне, демалыс үшін пайдаланғанда көлдердің, таза болып, өсімдіктер мен жануарлардың аз болғанын қалайды. Бұл да адамдардың тілегі мен ықласы табиғат мұддесі мен үйлеспейтін, оғаш мінездерінің бір көрінісі. Бір көлде немесе тоғанда балық өсіріп, онан көп өнім алуға, азық-түлік қорын молайтуға еңбек етсе, екінші көлдің суын өсімдіктерден тазалап, балықтарын жойып, суға шомылуға, қайықпен жүзіп демаліға дайындап жатады. Балық пен бірге шомылу күнә болатындай, көлдің табиғи қалыптағы суын әлі суға айналдыру әрине табиғатқа да, адамдарға да пайдасы жоқ, зияны көп әрекет болып табылады.

Қолдан суды бөгеп, су қоймаларын салу шаруашылық қажеттерін өтеуге, тұрмыстық жағдайын жақсартуға көмектеседі. Дегенмен онан келетін зиянда аз емес. Құнарлы топырақ су астында қалып, егістік жерлер азаяды, ағынсыз суда тотығу процестері өте баяу жүргендіктен өсімдіктер болмай, судың булануы көбейеді. Сондықтан су қоймасын салмас бұрын пайдалы және зиянды жақтарын дұрыс есептеп талдау жасап алу жөн.
Бұл қоймаларда судың жылулық энергиясы да әртүрлі болады. Егер су ағатын тұтқа төменде болса алдымен биологиялық элементтері көп, оттек аз төменгі қабаттағы салқын су ағып кетер де, жоғарғы қабаттағы жылы су қоймада қалады. Осы себептен жылы су көбейіп, қоректік заттар азайғасын су бетін үлкен қоймаларында ең алдымен үстіңгі қабаттағы жылы сулар ағады қоректік биогендік элементтер сақталып, судың температурасы бір қалыпта болады. Міне, сондықтан көл және тоған сулары алмасуының төменде орналасқан ел үшін үлкен маңызы бар қолдан бөгеттер салғанда оны да ескерген жөн.
Лотикалық (ағынды сулар) экологиялық жүйенің лентикалық жүйеден айырмашылығы ағынды суларда (өзендер, бұлақтар, жыралар) оттек мол, судың температурасы үстіңгі және астынғы қабаттарда бірдей болады. Өзендерді екі алқапқа бөлуге болар еді:

- өзеннің қайран саяз жерлері. Мұнда ағын қатты болғандықтан түбі таза, құм топырақ, басқа тұнбалар аз болады. Тасқа, өзентұбіне жабысып күн көретін организмдер (веснянка личинкасы, ручейник) немесе ағынға қарсы жүзетін балықтар (форель, ақ марқа т.б.б) болады;

- өзеннің терең жерлері. Мұнда ағынның күші азаяды, тұщы құмды немесе топырақты болып, топырақты қазып немесе тереңде жүзіп күн көретін жануарлар болады. Тамыры арқылы өсетін өсімдіктер мен қалқып жұретін фито – зоопланктондарға өте қолайлы.

Наши рекомендации