Жаңажол» реликтiлiк қылқанды орманы
«Жаңажол» қылқанды орманы шағын аумақты — 16 га жайғасқан және Жамбыл әкiмшiлiк ауданындағы Жаңажол селосынан 3-4 шақырым жерде көне көлдiк террассада оқшауланған. Кей жерлерде орман ылдилап көлге таман түседi. Қарағайдың табиғи өсiмi назарыңды аударады, олардың кейбiр даналары 200-жылдық жас иелерi. Осында мүк пен қынаның бiрнеше түрлерiн, орляк қырыққұлағы мен дәрiлiк купенаны кездестiруге болады. Массив орман шаруашылығының қорғауында, бiрақ қорық болып табылмайды. Бiрегей орманның өзi зор ғылыми құндылықты бiлдiредi және тиiстi қорғауды талап етедi.
Согров қорықшасы
Қорықша 1968 жылы құрылған. «Согров қорықшасының» алаңы 134 мың га құрайды. Батыс шекарасы Есiл өзенi бойынша 45 шақырым қашықтықта, солтүстiк –Түмен облысының шекарасы бойынша өтедi. Қорықша құндылығы оның Есiл өзенi алқабында орналасуында жатыр, бұл өзен жағасындағы ормандардың сирек кездесетiн және құрып бара жатқан өсiмдiк түрлерiмен оның бай табиғатын сақтауға мүмкiндiк бередi. Красноярка мен Долматов селолары арасында Есiл өзенi оңтүстiк жағасының салбырап тұрған және кей жерлерiнде өзен суы деңгейiнен 40-50 метр жоғары тұрған жарларымен ұсынылған бiрегей жағалық шатқалдар көрiнедi. Бұл шатқалдар өзеннiң Петропавл қ. солтүстiгiнде орналасқан осы үлескiсiнде ғана кездеседi. Биiк жарқабақтық беткейлер ұзақтығы бойынша маңызды жайпақ жалдармен араласып отырады. Осы шатқалдардың кейбiреулерi бiрегей геологиялық қиықтар болып табылады, оларда тұнба қалыңдықтар көрiнiп тұрады, олар бойынша ғалымдар континенталдық палеогендiк және неогендiк қалдықтарды зерделейдi. Өзен ландшафтарының өзi жалдардың биiгiнде жайқалып тұрған талдар және аққайың тоғайларының, сондай-ақ күмiс және қара түстi терек, мойыл, тал және итмұрыннан тұратын «урём» ормандарынның қарама-қарсы көрiнiстерiн бiлдiредi. Қорықшаның ормандары — солтүстiк Қазақстанның нағыз «джунглиi». Бұл жердiң шөбi 3 метр биiктiкке дейiн жетедi. Су молшылығы өсiмдiктiң орасан шығымына себепкер болады. Жер-жерлерде Есiлге апаратын терең сайлар кездеседi, табиғатты қорғаудың Қызыл Кiтабына енгiзiлген «венераның башмағы» деп аталатын орхидеяның 3 түрi өсетiн Солтүстiк Қазақстандағы жалғыз жер осы.
Сергеев су қоймасы
Шал ақын ауданы аумағында «Сардоник» қорығы бар. Шал ақын ауданының әкiмшiлiк орталығы Сергеевтан 40 шақырымда орналасқан.
Су торабы аудан орталығы — Сергеев қ. визит кәртiшкесi болып табылады. Су қоймасы Есiл өзенi бойымен Сергеев қ. Куприянов с. дейiн 100 шақырымға созылған. Су айнасының алаңы — 117 шаршы шақырым, максималды тереңдiгi — 20 м. Осында су туризмi мен жағажайлық демалыс түрлерiн дамыту үшiн мол мүмкiндiктер бар. Шал ақын ауданы орманды-далалы аумақта орналасқан. Иман Бұрлық, Бағанаты және Шудасай — шағын көркем өзендер Есiл өз.сағалары болып табылады. Осы аумақта 100-ден астам шағын көл саналады. Шағын Торанғұл көлi және Козлов көлi балықтың мол қорымен танылған. Мәдени-танымдық ретте белгiлi жазушы Зейнел-Ғаби Иманбаев, ақындар Ақметжан Нұртазин мен Ермек Қонарбаевтардың мұражайлары, Бектеңiз археологиялық ескерткiшi қорғандарын, Сергеев су торабын, облыс үшiн сирек кездесетiн өсiмдiктер, соның iшiнде қара қандағаш өсетiн шағын аумақ Қандағаш орманын (Ольховая роща) көру қызығушылық тудырады. Аудан Евней Бөкетов, Аманжол Қошанов, Қазис Тәшенов және Мырзатай Серғалиев — төрт қазақ академигiнiң; ғарышкер Александр Викторенконың отаны болып табылады.
Мамлют қорықшасы –Мамлют әкiмшiлiк ауданындағы Становое селосы — сфагндық томар. Бұл томар алшақ суық дәуiрдiң реликтiсi болып табылады. Алқабы шағын ғана — 3,5 га шамасында, дөңгелек нысанды көлдiк шұңқырда орналасқан. Осы томар сфагнум жайылу аймағының қиыр оңтүстiк шекарасында орналасқан. Сырт жағынан қайың орманы тәрiздi. Шет жағы батпақтанған үлескiмен қоршалған, қамыс, құрақ және қоға арқылы өту мүмкiн емес. Аяқ астындағы жер тербелiп тұрады және тереңге бойлайды. Тек солтүстiк-батыс жағынан ғана өтуге болады. Шымтезектен тұратын орталық бөлiгi орнықты. Сфагнум қалыңдығы 2 метрге дейiн. Ағаштардан — қарағай мен қайың; бұталардан қазанақ пен мүкжидек өседi. Орманды-далалы аймақ үшiн сирек кездесетiн бұл үлескi реликтiлiк болып табылады. Шымтезектiң қат-қабатын зерделеу облыс аумағындағы голоценде жәнен тарихи кезеңде болған табиғат өзгерiстерi туралы құнды ақпарат бере алады.