Жер қойнауына, жер қойнауын пайдаланушыларға келтірілген зиянды өтеу.
Жер қойнауы жəне оны пайдалану туралы заңдарды бұзушылықтың түсінігі мен түрлері. ҚР жер қойнауы заңдарының экологияландыру мəселелері. Экологиялық жəне жер қойнауы заңдарының ара қатынасы. Жер қойнауы жəне оны пайдалану туралы заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершіліктің түрлері. Жер қойнауы жəне оны пайдалану туралы заңдарды бұзғаннан келген зиянды өтеу. Жер қойнауы адамзат қоғамының өмірінде ерекше орынға ие. Егер жер қойнауынан өндірілетін пайдалы қазбалар болмағанда, құрылыстың, барлық инфроқұрылым түрлерінің, қайта өңдеу кəсіпорындарының т.с.с. даму қарқыны болмас еді. Минералдық шикізатты өндіру көлемінің көбеюі қазіргі таңдағы, керекті қажеттіліктерді алудың ең басты көзі, онымен қоса елді экологиялық тоқыраудан құтқаратын валюталық қажеттіліктер де болып табылады. Сондықтан, қазіргі таңдағы еліміздегі орын алып отырған барлық қоғамдық қатынастардың одан əрі дамуы мен жетілуі, басым шекте жер қойнауын қалай қолданатынымызға тəуелді. Қазақстан Республикасы əлемдегі мұнай, газ, көмір, қымбат-бағалы тастар қоры жағынан бірінші орынға ие. Барланған кен орындарында Менделеев кестесінің 70-тен астам элементі анықталған, оның 60-қа жуығы мемлекеттік баланс қорына алынған. ҚР- ның таукен өндірісі саласы пайдалы қазбалардың барланған қоры жағынан жоғары дəрежедегі сипатқа ие: алюмини бойынша 30 жылға дейін, полиметаллдар бойынша 80 жылға дейін, көмір бойынша 300 жылға дейін. Кейбір деректер бойынша, жалпы барланған пайдалы қазбалар қорының көлемі шамамен он триллион АҚШ долларына тең бағаланады екен. Оны дұрыс жəне тиімді пайдалану – мемлекеттің маңызды міндеті. Қазақстан Республикасының Конституциясына сəйкес жер қойнауы мен оның құрамындағы пайдалы қазбалар мемлекет меншігінде болады. Жер қойнауы – топырақ қабатынан төмен орналасқан не пайдалы қазбалары жер бетіне шығып жатқан, ал топырақ қабаты жоқ болса – жер бетінен жəне теңіздердің, көлдердің, өзендердің жəне басқа да су айдындарының түбінен төмен орналасқан, ғылыми–техникалық прогресті ескере отырып, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге болатын тереңдікке дейін созылып жатқан жер қыртысының бөлігі; Жер қойнауына мемлекеттік меншік Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін құрайтын негіздердің бірі болып табылады. Мемлекет Заңда көзделген негіздерде, жағдайлар мен шектерде жер қойнауына қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Заңда жəне келісімшартта өзгеше көзделмеген болса, минералдық шикізат жер қойнауын пайдаланушыға меншік құқығында (Қазақстан Республикасының мемлекеттік кəсіпорнына – шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында) тиесілі болады. Қазақстанның жер қойнауын жəне жер қойнауын пайдалану мен қорғау құқығының тарихы мен негізгі кезеңдерін елдің дамуына сəйкес үш кезеңге бөліп қарастыруға болады: · Қазақстанның Ресей империясының қол астындағы кезең (XVIII ғ. 30-жылдары мен 25 қазан 1917 жыл.); · Кеңес Одағы тұсындағы кезең (қазан 1917 жыл - желтоқсан 1991 жыл); · КСРО-ның ыдырауынан кейінгі (Қазақстанның жаңа тарихы кезеңі) кезең (25-қазан 1990 жылдан бастап). Жер қойнауын пайдалану мен қорғау саласындағы қатынастардың дамуы мен жетілуіне маңызды серпін қосқан 1996 жылы 27 қаңтарда қабылданған «Жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР-ның Президенті Жарлығы болды. Бұл жарлық жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалануға байланысты бір қатар өзара байланыстылыққа жауап беруге тырысты: 1) жер қойнауын меншік құқығы объектісі ретінде тану туралы; 2) жер қойнауын пайдалану саласындағы атқарушы органдардың өкілеттігі туралы; 3) жер қойнауын пайдалану құқығына жəне барлау мен өндіруге лицензия беру туралы; 4) барлау мен өндіруге келісімшарттар жасау туралы; 5) жер қойнауын жəне қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы. Айта кететіні, жер қойнауының алдынғы заңнамалық жүйесіне, адам мен азаматтың мүддесі жер қойнауын игеруге рұқсат беретін мемлекет пен оның органдары мүддесіне бағыну қағидасы тəн болатын. Осыған сай экологиялық-экономикалық жүйеде жер қойнауын игеру мен пайдалы қазбаларды өндіру бірінші кезекте, ал оларды қорғау екінші кезектегі элемент болды. Бұл Жер қойнауы туралы заңнаманың адамдардың мемлекет пен оның органдары арасындағы қарым-қатынастағы құқықтарына басымдық беруінің арқасында Жарлықта мынадай норманың пайда болуына əкеп соқты, яғни «жер қойнауын қорғаудың маңыздылығының бастыларының бірі ол халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау» делінген норма. Осыған сай лицензия беруші орган лицензиат өзінің қызметін жүзеге асыру барысында жүйелі түрде немесе қатаң түрде заңнаманың жер қойнауын жəне қоршаған табиғи ортаны қорғау, жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бөлігіндегі нормаларды бұзса лицензияның əрекетін алты айға дейінгі мерзімге тоқтатуға құқылы. Жарлық барлық күрделі мəселелерді жаңаша шешіп отырды. Жауапкершілікті оның салалық белгілеріне қарай əдеттегінше бөліп қарастыратын болсақ мыналарды атауға болады: 1) қылмыстық-құқықтық; 2) əкімшілік-құқықтық; 3) тəртіптік; 4) азаматтық-құқықтық; 5) материалдық жауапкершілік. Қылмыстық жауапкершіліктің, процессуалдық нысаны жағынан айрықша сипаты болып, оны қолданудың тəртіптерінің тиянықты, детальды тəртіптелген жағдайларда болуы. Бұл оның қылмыстық құқықтың қуғын-сүргіндік табиғатымен, қылмыстық жауапкершілікті қолданатын азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеумен түсіндіріледі.
Жауапкершілік туралы мəселе мемлекеттің арнайы органдарымен – соттарымен жəне тек алқалы тəртіпте ғана жүзеге асады. Қазіргі кезде, ҚР өзінің тəуелсіздігінің 20 жылдық шегінде, шетелдік инвесторлардың тарабынан орын алған құқық бұзушылықтарға қарсы айтарлықтай жазалау шараларын қолданылып жатыр. Онық айғағы ретінде www.zakon.kz сайтында хабарланғандай, құзырлы органдар тарабынан 70 жуық жер қойнауын пайдаланушы кəсіпорындарының жұмысын тоқтату, яғни лицензиясынан айыру туралы сот шешім шығарған. Бұл еліміздің қылмыстық заңнамасының басым күшке ие екенін ұғындырады. Əкімшілік жауапкершілікке тəн шаралар болып, жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу (ƏҚБтК 122-бап), кен орны учаскелерін іріктеп өңдеу (ƏҚБтК 123-бап), келiсiм-шарт жасаспай жер қойнауын геологиялық зерттеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу (ƏҚБтК 259-бап), жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу ережелерін бұзу (ƏҚБтК 275-бап) т.б. ƏҚБтК-те 18 ден аса (260, 261, 262, 263, 264, 265, 267, 268, 269, 270, 271, 272, 274-баптар т.б.) бап бар, бұлардың негізгі көпшілігі айыппұл салу жазасымен көрініс табады. Əкімшілік жазалау шаралары нақты орын алған құқыққа қайшы əрекеттер үшін тағайындалады. Азаматтық құқықтық жауапкершілік құқықтық жауапкершіліктердің бір түрі болып келеді. Құқықтық жауапкершілік болып мемлекеттік мəжбүрлеу шарасы немесе оның жеке, ұйымдық не мүліктік сипаттағы құқық бұзған тұлғаны жазалау мүмкіндігі болып табылады. Құықтық жауапкершіліктің дербес түрлері болып табылатын тəртіптік жəне материалдық жауапкершіліктер.
Заң əдебиеттерінде бір қатар авторларды қынжылтатын тəртіптік жауапкершілікті дербестікке ие құқықтық жауапкершіліктің түрі деп қарастырады. Одан да даулы мəселе ретінде құқықтық табиғаты жағынан материалдық жауапкершілік танылады. Сондықтан бұл мəселе қарама-қайшы көзқарасты тудырады. Осы жерде біз жер қойнауын тиімді əрі кешенді пайдалануға мемлекеттің жер қойнауын пайдаланушыға қатысты өзіндік бір əсер ету ерекшелігіне кезігеміз. Оларды дұрыс қолдану, тек жер қойнауын пайдалану тəртібін бұзған тұлғаға ғана емес, сонымен қатар жер қойнауын қорғау мəселесінде де ұтымды шаралар қолдануға болады. Жер қойнауын пайдалану құқығын шектеу, уақытша тоқтату не тыйым салу жер қойнауын тиімді əрі кешенді пайдаланудың тəсілін қамтамасыз етуші ретінде жай ғана əкімшілік жауапкершіліктің түрі ретінде қарастыруға болмайды. Олар бір қатар ерекшеліктерге ие.
Əкімшілік жауапкершілік, əдіттегінше, таукен өнеркəсібінің, геологиялық ұйымдардың лауазымды тұлғаларна қатысты қолданылады. Жер қойнауын пайдалануды шектеу, уақытша тоқтату не тыйым салу жауапкершілігінің субъектісі ретінде жер қойнауын пайдаланушылардың өздері табылады. Қорыта келе, жер қойнауын пайдалану мен қорғау саласындағы құқықтық жауапкершіліктің түрлерін жіктеп, олардың тəжірбиеде қолданылуының көріністерін баяндай келе ҚР-данда жер қойнауын қорғау саласындағы құқық бұзушыларға құқықтық жауапкершілікті жүктеу арқылы жəне оны тиімді пайдалануды жүзеге асыру арқылы жер қойнауын қорғауды қаматмасыз етеміз. Құқықтық жауапкершікті жүзеге асыру арқылы қоғамдағы жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын тиімді əрі кешенді пайдалануын міндеттеуді қамтамасыз ете аламыз. Мемлекеттің жер қойнауын пайдалану саласындағы артықшылықты жəне басым құқықтары бар.
Қазақстан Республикасының, көліктік шығыстар мен өткізу шығындары шегеріле отырып, жер қойнауын пайдаланушы тиісті пайдалы қазбаларға қатысты мəмілелер жасасу кезінде қолданатын, мəмілені жасасу күніне қалыптасқан бағадан аспайтын бағалар бойынша жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбаларын сатып алуға басқа тұлғалар алдында артықшылықты құқығы бар. Жер қойнауын пайдаланушы мəмілелер жасасу кезінде қолданатын пайдалы қазбалар бағалары туралы ақпарат болмаған жағдайда, əлемдік нарықта мемлекеттің пайдалы қазбаларды сатып алуы жөніндегі мəмілені жасасу күніне қалыптасқан бағалардан аспайтын бағалар қолданылады. Сатып алынатын пайдалы қазбалардың шекті көлемі жəне төлем түрі келісімшартпен айқындалады. Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларды сатып алуға артықшылықты құқығын іске асыру тəртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Жер қойнауын пайдалануды шектеу жəне тыйым салу 3 жағдайда болуы мүмкін: 1. Ұлттық қауіпсіздікті 2. Халықтың қауіпсіздігін 3. Қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша.