Пәннің қысқаша сипаттамасы.

Заң факультеті

Ылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы

БЕКІТЕМІН

Бірінші проректор - ОӘЖ

жөніндегі проректор з.ғ.д.,

профессор

____________ Л. К. Еркінбаева

«_____» ___________2016 ж.

ҚР экологиялық қылмыстарпәнінің

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Мамандық: 5В030100 «Құқықтану»

Оқу формасы: күндізгі

Талдықорған 2016 ж.

Оқу -әдістемелік кешенді типтікоқубағдарламасынасәйкес 5B030100 «Құқықтану»мамандығы үшін аға оқытушы Б.Е.Молдабеков кұрастырған_______________________

(оқытушының қолы)

Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының отырысында қарастырылды

«_____»______________20____ ж.№____хаттама

Кафедра меңгерушісі_____________PhD докторы А.Алтынбекқызы

«_____»________________ 20____жыл.№______хаттама

Заң факультетініңәдістемелікбюросы мақұлдаған.

Әдістемелік бюроныңтөрайымы:___________ Б.К.Амирова

СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2015 Ф.4.09-36

БЕКІТЕМІН

Бірінші проректор - ОӘЖ

жөніндегі проректор з.ғ.д.,

профессор

____________ Л.К. Еркінбаева

«_____» ___________2016 ж.

5В030100 «Құқықтану» мамандығы бойынша

ҚР экологиялық қылмыстар пәнінің

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

3 кредит (135 сағат)

Талдықорған 2016 ж.

Құрастырған:_________________________________________________________

(Аты-жөні,тегі; ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі)

Рецензенттер:________________________________________________________

(Аты-жөні,тегі; ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі)

Оқу бағдарламасы ________________________________ кафедрасының отырысындақарастырылды және __________________________ мамандық бойынша оқу үрдісіне енгізілуіне ұсынылды

Хаттама №______ «___»_______________ 20____ж.

Кафедра меңгерушісі ____________________ А.Алтынбекқызы

Оқу бағдарламасы __________________________ факультеттің әдістемелік бюросында қарастырылды және бекітуге ұсынылды

Хаттама №______ «___»_______________ 20____ж.

ФӘБ төрайымы ___________________ Б.К.Амирова

СМЖ ЖМУ Е/ПОӘК.09-2016Ф.4.09-28

Заң факультеті

Ылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы

СИЛЛАБУС

ҚР экологиялық қылмыстар пәні бойынша

5В030100 – «Құқықтану» мамандығы үшін

Оқытутүрі:қүндізгі

Курс: 3

Семестр: 5

Кредитсаны: 3

Барлық сағат саны: 135, соның ішінде

Дәріс: 30

Практикалық сабақтар: 15

СӨЖ (оның ішінде ОСӨЖ): 90

Аралықбақылаулар:2

Емтихан: 3 семестр

Талдықорған 2016 ж.

Оқытушы жөнінде мәлімет:

Молдабеков Болат Есенғалиұлы,қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы.

Телефон:87014682872, [email protected]

Офис: қылмыстық құқықтық пәндер кафедрасы – 226 ауд.

Оқыту уақыты – сабақ кестесі бойынша

Консультацияуақыты – кафедра кестесібойынша

Пән: ҚР экологиялық қылмыстар

Уақыт:Бекітілгенбойынша

Кредит: 3

Пән пререквезитері:

Осы курсты оқу үшін алдын-ала оқытылатын пәндер:

- Қылмыстық құқық

- Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы

- Мемлекет және құқық теориясы

- Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары

- Қазақстан республикасының мемлекет және құқық тарихы

Пән постреквизитері:

Осы курсты игергеннен кейін оқытылатын пәндер:

- Прокурорлық қадағалау

- Криминология

- Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы

- Қылмыстық атқару құқығы

- Сот дәлелдеу теориясы т.б.

Пәннің қысқаша сипаттамасы.

Курсты оқу барысында студенттер, қылмыстық заңның мезгілге және кеңістікке қарай қолданылуы, экологиялық қылмыс дегеніміз не және іс-әрекеттің қоғамға зияндылығы, құқыққа қайшылығын жоятын мән-жайлар туралы қылмыс істеудің сатылары және одан өз еркімен бас тарту: қылмысқа қатысу, оған жанасушылық, қылмыстық жаза дегеніміз не; оның жүйелері мен түрлері; жазаны орындауды кейінге қалдыру, қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату және оның түрлері туралы; Сондай-ақ жаза тағайындау, қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату, жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы; медициналық және тәрбиелік сипаттағы еріксіз шаралар туралы толық түсінік алады.

Экологиялық қылмыстар курсының бағдарламасына, қылмыстық заңның Ерекше бөлімінде көзделген Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің тиісті баптарына сәйкес нақты іс-әрекеттерді дұрыс саралауға мүмкіндік беретін экологиялық қылмыс құрамының түсінігі мен белгілері де кіреді. Пәннің бағдарлама мазмұны 3 модулге бөлінген.

Оқу пәннің мақсаты:

Студенттерге қылмыстық заң пәнінен тиянақты білім беру, экологиялық қылмыстар жалпы ережелері мен принциптері, оның негізгі ұғымдары мен институттарын түсіндіру, сондай-ақ нақты қылмыс түрлерінің белгілерімен, олардың жазаланушылық шектерімен таныстыру қылмыстық заңның мезгілге және кеңістікке қарай қолданылуы, қылмыстың түсінігі және іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын жоятын мән-жайлар туралы толық түсінік беру болып табылады.

Оқу пәнінің міндеттері:

Студенттердің заң жөнінен ойлау қабілетін дамыту, қылмысты саралау мәселелерінде оны дұрыс қолдануға машықтандырып үйрету, жинақталған білімді басшылыққа ала отырып, өзінің қоғамға пайдалы қызметінің тиісті салаларында оны дұрыс пайдаланып, заңдылықтың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету болып табылады.

Студенттердің меңгеретін білімі мен іскерлігі:

Студенттер негізгі ұғымдар мен экологиялық қылмыстар институты бойынша теориялық біліммен жабдықталуға, оларды игеруге тиіс және алынған білімдерді дұрыс қолдануды, ҚР экологиялық қылмыстардың нормативтік түпнұсқаларын оқуда тиісті бағыт-бағдар жасауды білуі қажет. Алған білімдерін тәжірбиеде қолдана білуі қажет.

Осы пәнді оқыту үрдісінде келесі компетенцияларды қалыптастыруға бағытталған:

а) түйіндік құзіреттілік (ТҚ)

- кәсіби қызметінде заман талабына сай білімді болу;

- алған білімі негізінде құқықтың әр саласынан хабары болып, білімін көрсете білуі;

- үнемі ізденісте болу.

б) пәндік құзіреттілік (ПҚ)

- сөйлеу шеберлігі, дауыс мәнері, өзіне қарата білу қабілеті мен мәдениетті болуы, қызметінде ортамен тіл табысуға бейім болуы;

- инновациялық технологияларды қолдану шеберлігінің болуы;

- өзінің жан-жақтылығын арттыруға ұмтылысының болуы;

в) арнайы құзіреттілік (АҚ)

- теориялық алған білімін, дағдыларын іс жүзінде дұрыс пайдалана білуі;

- біліктілігі жоғары, тәжірибесі мол адамдардың тәжірибесінен үлгі алып, кеңейтіп, қолдана білуі;

- нормативтік-құқықтық актілер туралы білімінің болуы мен оның өзгерістеріне ілесе алуы, нормативтік құқықтық құжаттармен жұмыс жасай білуі тиіс;

- кез келген тығырықтан шығу үшін шешім қабылдай білу қабілеті мен сын айта білу, ойын жүзеге асыру қабілетінің болуы.

Наши рекомендации