Экологиялық факторлар және олардың ағзаға әсерінің негізгі жалпы заңдылықтары.

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

Қайта өңделді:б.ғ.к., аға оқытушы Молдақарызова А. Ж.

оқытушы Айтжанова Г. М.

Алматы, 2016 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді

Хаттама № _____ __________2016 ж.

Кафедра меңгерушісі, профессор Кенесариев У. И.

Тақырыбы: Экология – табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың теориялық негізі. Тіршілік етудің негізгі ортасы және оған сипаттамасы.

2. Мақсаты: - тірі ағзалар мен табиғи ортаның арақатынасының негізгі принциптері туралы мен адамзат үшін табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жолдары туралы түсінік беру.

- Өмір сүру ортасы туралы, экологиялық факторлар және тірі ағзалардың ұйымдастыру деңгейлері туралы түсінік беру.

3. Оқыту мақсаты:

– Пән туралы білімін, мақсатын, негізгі міндеттері және экологияда қолданылатын зерттеу әдістері туралы, басқа да пәндермен байланысы туралы білімін қалыптастыру;

– Экология және табиғатты қорғау аумағындағы білімін, табиғатты қорғау және тиімді пайдаланудың теориялық негіздері туралы білімдерін қалыптастыру;

– Б. Коммонердің негізгі заңдылықтары мен принциптері туралы білімдерін қалыптастыру;

– ҚР экология және табиғатты тиімді пайдалану заңы мен кодексін пайдалану туралы білімдерін қалыптастыру;

– Студенттердің жетілдірілген әдебиеттермен жұмыс істеу аналитикалық қабілеттіктерін қалыптастыру және жетілдіру.

– өмір сүру ортасы, экологиялық факторлар және тірі ағзалардың ұйымдастыру деңгейлері туралы білімдерін қалыптастыру.

– тірі ағзалар мен тіршілік ету ортасының байланысын анықтайтын негізгі заңдылықтар туралы білімдерін қалыптастыру.

– шектеуші экологиялық факторларды, «эмердженттілік» принципін және В. Шелфордтың толеранттық заңын анықтай білуін дағдыландыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары (білім құзіреттілігі, құқықтық, тәжірибелік комуникативті дағды):

· Экологияның ғылым ретіндегі анықтамасы, мақсаты, зерттеу нысандары мен міндеттері

· Әдістері және басқа ғылымдармен байланысы.

· Экологияның даму тарихы, негізгі үш кезеңі.

· Қазіргі заманғы экология және ғылымның қалыптасуы.

· Тіршілік ортасы және экологиялық факторлар туралы түсінік (абиоттық, биоттық және антропогенді).

· Экологиялық факторлар және олардың бір бірімен әсерлесу ерекшеліктері.

· Экологиялық факторлардың рөлі мен классификациясы.

· «Экологиялық қуыс» және оның тірі ағзалар арасындағы арақатынасы үшін маңызы.

· Антропогенді факторлар, оның тірі және тірі емес табиғатқа тікелей немесе жанама әсері.

· Ю. Либихтің минимум және В. Шелфордтың толеранттылық заңдары.

· Толеранттық диапазоны.

· Шектеуші экологиялық факторлардың маңызы. Толеранттық заңының мәні.

· Кезеңді және кезеңді емес факторлар.

· Кезеңді және кезеңді емес факторларға үйрену ерекшеліктері.

5. Оқыту және сабақ беру әдістері: кіші топтарда жұмыс, пікір талас жүргізу.

6. Әдебиеттер:

1. Экология: учеб. пособие / C.А. Сергейчик. - Минск: Современная школа, 2010. - 400 с., стр. 5 - 15.

2. Экология в вопросах и ответах: учеб. пособие / В. И. Коробкин, Л.В. Предельский: Феникс, 2009.- 378с, стр. 5 - 20.

3. Учение об окружающей среде : учеб. пособие / Г.К. Ерубаева: Алматы, казак универс 2011.153с., стр 5-10.

4.Экология: учеб. пособие / В.И. Коробкин, Л.В. Предельский: Феникс, 2008.-315с, стр. 5-14.

5.Кенесариев У.И., Жакашов Н.Ж. Экология и здоровье населения: учебник для медицинских вузов и колледжей. – Алматы, 2002. – 260 с.

6.Экология и устойчивое развитие. учеб. для вузов / Аскарова У. Б., Аскаров Н. Б., Алматы, 2014 г., -190 с., стр. 3-6.

7.Бақылау (сұрақтар):

1. Экология ғылымы нені зерттейді және оның негізгі міндеттері ?

2. Қазіргі заманғы экологияның ғылым ретіндегі құрылымы ?

3. Экологияның даму тарихы?

4. Б. Коммонердің заңдарына анықтама беру

5. Жалпы экологияның негізгі бөлімдері?

6.Тіршілік ету ортасы және экологиялық факторлар дегеніміз не ?

Экологиялық факторлар және олардың ағзаға әсерінің негізгі жалпы заңдылықтары.

8. Шектеуші факторлардың мағынасы және толерантылық заңының мәне неде ?

Тақырыбы: Популяцияның түр ретінде өмір сүруі және оның негізгі көрсеткіштері. Мақсаты: Түр аралық популяция және оның негізгі критерийлері туралы білімдерін қалыптастыру;

3. Оқыту мақсаты:

- Популяцияның түсініктері мен критерийлері туралы білімдерін қалыптастыру.

- Популяцияның статистикасы (саны, тығыздығы, жыныстық және жастық құрамы) туралы білімдерін қалыптастыру.

- Популяцияның динамикасы (тууы, өлімі, өсу жылдамдығы), популяция санының өсуі және реттелуі туралы білімдерін қалыптастыру.

- Популяция гомеостазын, популяция динамикасы мен жастық құрылымын пайдалана отыра бағалауын дағдаландыру.

- Кәсіби әдебиеттермен жұмыс істеу кезінде студенттердің талдамалық қабілеттерін қалыптастыру және жетілдіру.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары(білім құзіреттілігі, практикалық дағдылар)

1. Популяция түсінігі мен критерийлері.

2. Популяцияның статистикасы: саны, тығыздығы, жыныстық және жастық құрамы.

3. Популяцияның динамикасы (тууы, өлімі, өсу жылдамдығы).

4. Популяция санының өсуі және реттелуі.

5. Популяцияның биоттық потенциалы және оның табиғи жағдайда іске асырылуы.

6. Популяцияның санына (тығыздығы) әсер ететін факторлар: тығыздыққа (биоттық немесе реттелетін) тәуелді және тәуелсіз (абиоттық немесе модифицирлеуші).

7. Популяция санының түрішілік реттелуінің паразитіне, бәсекелестік механизмдері.

8. Популяция санының түрішілік реттелуінің механизмдері.

Сабақ беру және оқыту әдістері: кіші топта жұмыс істеу, тақырыптарды талқылау, глоссарий құру.

6.Әдебиеттер:

1. Экология: учеб. пособие / C.А. Сергейчик. - Минск: Современная школа, 2010. - 400 с., стр. 54-59.

2. Экология в вопросах и ответах: учеб. пособие / В.И. Коробкин, Л.В. Предельский: Феникс, 2009.-378с, стр. 86 - 105.

3. Учение об окружающей среде: учеб. пособие / Г.К. Ерубаева: Алматы, казак универ 2011.-153с., стр 45-57.

4. Экология: учеб. пособие / В.И. Коробкин, Л.В. Предельский: Феникс, 2008.- 315с, стр.

5-14.

5. Экология и устойчивое развитие. учеб. Для вузов / Аскарова У.Б., Аскаров Н.Б., Алматы, 2014 г., -190 с., стр. 8-14.

6.Кенесариев У.И., Жакашов Н.Ж. Экология и здоровье населения: учебник для медицинских вузов и колледжей. – Алматы, 2002. – 260 с

7.Бақылау (сұрақтар):

1. Популяция дегеніміз не ?

2. Популяцияның сандық көрсеткіштері ?

3. Популяцияның статистикасына нені жатқызасыз ?

4. Популяция динамикасы нені сипаттайды?

5. Өмір ұзақтығы дегеніміз не ?

6.Тіршілікті сақтау көрсеткіштерін не көрсете алады ?

7. Популяцияның жастық құрылымы мен динамикасын қолдана отырып популяцияның гомеостазын бағалау

Наши рекомендации