Шыршаның көбеюінің биологиясы және экологиясы
Шренк шыршасының тұқымдарының өнгіштігі онша жоғары емес (50-70%). Төменгі белдеулердегі шыршалардың тұқымдарының өнгіштігі жақсырақ. Жоғары көтерілген сайын оның өнгіштігі төмендей береді 3 есеге дейін азаяды.
Біржылдық шыршалардың биіктігі 16 см болады. Олардың сабақтары 5-9 тұқымжарнақтарымен (қылқандарымен) және 1 терминальды бүршікпен бітеді. Мұндай кішкентай өсімдіктер осындай күйінде 1-3 жыл сақталады (инфант – жастық стадиясы).
Жас шыршалар инфанкт стадиясынан бірте-бірте ювенильдік фазаға ауысады. Шамамен 10 жасында оларда қосалқы тамырлар дамиды. Ювенильдік индивидтер өте баяу өседі. 30-40 жылғы шыршалардың биіктігі 0,5-3 м болады. Теңіз деңгейінен биіктеген сайын олардың жылдық өсуі азая береді. Тек өте қолайлы жағдайда белдеудің төменгі бөлігінде биіктігі 10 немесе 20 м 40 жылдық шыршаларды кездестіруге болады (Родионов, 1967).
Ағаштың өсуіне қарай қылқандар қартайып алмасады. Шренк шыршасының қылқандары орман белдеуінің төменгі бөлігінде 8-11 жыл, ал жоғарғы бөлігінде 22-27 жыл сақталады (Серебряков, 1945).
Ағаш өскен сайын ескі қылқандар кронаның көлеңкелілеу жерлерінде орналасады, ол әрине оның фотосинтезге және транспирацияға қатысуын төмендетеді. Мысалы, қылқанның трнаспирацияға қатысу қарқындылығы 1 жылғы 131 мг/г/ч болса, 10 жылғы қылқанда – 29 мг/г/ч, яғни 4 есе аз (Кочергина, Кожевникова, 1976).
Ювенильдік кезең виргинильдікпен ауысады, ол кезде шырша биік (қабысқан орманда оның кронасы ассимиляциялық биоқабатына жетеді), бірақ ағаш әлі гүлдемейді және тұқымдар бермейді. Генеративтік кезең мекен жайының жағдайына байланысты. Теңіз деңгейінен биіктігі 2000-2400 м биіктікте күшті сиреген (0,5-0,6), орманды шырша гүлдеп, пісіп жетіліп жеміс бере бастайды 45 жасында (Серебряков, 1945), ал қабысқан (үздіксіз) орманда – 60-100 жылда Шренк шыршасының генеративтік кезеңі ұзақ терең кәрілікке дейін жалғасады, дегенмен кезеңнің 125-150 жылдарынан бастап оның тұқым өнімділігі бірте-бірте төмендейді.
Дамуының генеративтік кезеңінде шырша әртүрлі биіктікте қарқындылығы әрқалай болып өседі. Биік тауда жылулықтың жетіспегендігіне байланысты өте жай өседі. Ең қарқынды өсу 1400-2200 м биіктікте байқалады. Бірақ бір биіктіктің өзінде шырша әртүрлі жылдамдықпен өсуі мүмкін. Ең дұрыс өсуін солтүстік беткейлер экспозициясында байқауға болады. 2800 м-ден жоғары жерлерде жылы оңтүстік беткейлерде жылдамырақ өседі.
Көбеюі
Аталық бүрлер (шишки) немесе микростробилалары жас өркендерде бүйірлік генеративтік бүршік түрінде негізі қаланады.
Аналық бүрлері немесе макростробилалары өркендердің төбе бүршіктері түрінде қалыптасады.
Аталық бүрлер - негізінен кроналардың төменгі бөліктерінде, аналық бүрлер – жоғары бөлігінде.
Ұрықтану үшін бірінші болып кронаның оңтүстік жағындағы жоғарғылары пісіп жетіледі. Гүлдеу біткенше бүрлер тік жағдайда болады, ол олардың тозаңдану мүмкіншілігін арттырады. Бүр 10-12 тәулік гүлдейді. Тозаңдану және ұрықтанудан кейін бүрдің қабыршақтары жабылады, ал бүрдің өзі қарқынды өсуді жалғастыра береді, бірақ бүгіледі.
Тянь-Шань шыршасының тұқымы 90-100 тәулікте пісіп жетіледі (Серебряков, 1945). Бірінші болып ең ірі және толық бағалы тұқымдар шашылады. Олардың өнімділігі және өну энергиясы өте жоғары.
Шыршаның тұқым өнімділігі біркелкі тұрақты емес. Ағаштың түсімі 0-ден 450 бүрге дейін болуы мүмкін. Егер біз оны орташа 200 бүрден алсақ, онда 1 га жердегі орманда (қабысуы 0,6-0,8) 300 шырша болса, онда 1 гектардың түсімі 60 мың бүр болады. Бір бүрде орташа 100 тұқым деп есептесек, онда 1 гектарда 6 млн тұқым болады. Өнгіштігі орташа 60% болғанда оның 3,6 млн жақсы өнгіштік көрсетеді. Белдеудің жоғарғы жағында ол әрине бірнеше есе азаяды.
Шырша экологиясы
В.Р. Заленский тапқан жаңалық, заңдылық жақсы белгілі. Ол заңдылық бойынша өсімдік кронасында жапырақтар жоғары орналасқан сайын ксероморфтылық белгілері арта береді. В.Р. Заленский оны жоғарғы жапырақтарды сумен қамтамасыз етудің қиындығымен түсіндірді.
В.Р. Заленский анықтаған заңдылық жапырақтарда ғана емес бүкіл өркенге қатысты екендігін 25 кестеде келтірілген мәліметтер дәлелдейді.
25 кесте
Жас өркендердің және қылқандардың орташа ұзындығы, устьица саны, өткізгіш шоқтар бетінің Шренк шыршасы қылқанының көлденең кесіндісінің жалпы бетіне қатынасы