Тақырыбы: Құрмалас сөйлем.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік:Құрмалас сөйлем туралы түсінік беру, жай сөйлемнен өзгешелігін байқату.

2. Дамытушылық:Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын байыту.

3. Тәрбиелік:Оқушының өз ойын тез, әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі:аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздені, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, ойындар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ.Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

ІІІ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Сөйлем деген не? Жай сөйлем, жайылма сөйлем деген не?

Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз: Қамажай келіп, мені театрға ертіп кетті.

ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс. а) оқулықпен жұмыс.

13-жаттығу. Бағанның екі жағындағы сөйлемдерді оқып, өзара салыстыру. 14-жаттығу. Негеш пен Білгішбектің диалогын оқыту арқылы құрмалас сөйлемдер туралы түсініктерін кеңейтіп, оның тыныс белгісі туралы түсінік беру,

ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу.

15-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, сөйлем түрін ажырату.

16-жаттығу. Өлеңнің 1-ші шумағын жатқа жазып, өлеңде неше құрмалас сөйлем бар екенін табу.

Ү. Бекіту. 17-жаттығу. Ребус шешу. Ребустың шешуінен Қыс түсті. Қар жауды деген жай сөйлемдер шығады. Сол сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдырып жаздыру.

ҮІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Құрмалас сөйлем деген не? Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен өзгешелігі неде?

Бекітемін:_________________________

Тіл және сөйлеу.

Мерзімі:________________

Тақырыбы: Құрмалас сөйлем тыныс белгісі.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік:Құрмалас сөйлем туралы берілген ұғымды жаттығу жұмыстары арқылы кеңейту, құрмалас сөйлем құрауға және оның тыныс белгілерін қоя білуге үйрету.

2. Дамытушылық:Танымдық қабілеттерін, сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.

3. Тәрбиелік:Таза, әдемі жазуға баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздені, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық. - Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

ІІІ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Жай сөйлем деген не? Құрмалас сөйлем деген не? Құрмалас сөйлемнің тыныс белгісі қандай?

ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс.а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу.

19-жаттығу. Сөйлемдерді тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріп жазу, сөйлем түрін айыру.

20-жаттығу. Жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдырып жазу.

21-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, олардың құрмалас сөйлем екенін дәлелдеу.

Ү. Бекіту. 22-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, құрмалас сөйлем екенін дәлелдеу.

І. Қорытындылау.

Балалар, бүгін біз не үйрендік?

Құрмалас сөйлем деген не?

Оның тыныс белгісі қандай?

Бекітемін:_________________________

Тіл және сөйлеу.

Мерзімі:________________

Тақырыбы: Құрмалас сөйлем туралы білімді бекіту.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік:Құрмалас сөйлем туралы берілген білімді бекіту.

2. Дамытушылық: Оқушылардың сауатты жазу дағдысын жетілдіру және құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдату.

3. Тәрбиелік: Берілген сызба бойынша сөйлем құрай білуге баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ізденіс, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, сызбалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр. - Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

ІІІ. Жан-жақты білімдерін тексеру.

Құрмалас сөйлем деген не?

Олардың жай сөйлемнен өзгешелігі неде?

Наши рекомендации