Оршаған ортаға келген зиянды өтеудің түрлері жəне олардың ерекшеліктері.
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi жəне «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы», «Экологиялық сараптама туралы» , «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы», «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту жəне пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарынан, Қазақстан Республикасының Жер, Орман жəне Су кодекстерiнен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлықтарынан жəне қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi қатынастарды реттейтiн басқа да заңдар мен нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады. Бұл орайда «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңмен реттелмейтiн бөлiгiнде табиғи объектiлердi қорғау мен пайдалану мəселелерi Қазақстан Республикасының тиiстi заңдарымен жəне өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiмен реттеледi. «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы 86-бабының талаптарын негiзге ала отырып, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзу салдарынан қоршаған ортаға, адамдардың денсаулығына, ұйымдардың, азаматтардың немесе мемлекеттiң мүлкiне зиян келтiрген заңды жəне жеке тұлғалар қолданылып жүрген заңдарға сəйкес зиянды өтеуге мiндеттi.
Сондықтан қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзуға байланысты азаматтық iстердi қараған кезде соттардың зиянды зардаптардың басталғандығы туралы айғақ беретiн мəн-жайларды мiндеттi тəртiппен айқындап алғаны, сондай-ақ зиян келтiрушiнi, кiнəнiң жəне себептiк байланыстың бар-жоқтығын анықтайтын шараларды қолданғаны жөн. Зиян келтiрушiнi анықтау мүмкiн болмаған жағдайларда соттар табиғи ресурстардың меншiк иесiне немесе қолданылып жүрген заңдарға сəйкес оны қорғау мiндетi жүктелген өзге де заңды иеленушiге жауапкершiлiк жүктеуге тиiс (ҚР Азаматтық кодексiнiң (бұдан əрi мəтiнде - АК) 917-бабының 1-бөлiгi, ҚР Экология жəне биоресурстар министрлiгi 1995 жылғы 21 маусымда бекiткен «Табиғат қорғау заңдарын бұза отырып қоршаған ортаға келтiрiлген залалдың мөлшерiн анықтаудың уақытша тəртiбiнiң» 1.12-тармағы).
Жасалған əрекет пен басталған зиянды зардаптардың арасындағы себептiк байланыстарды анықтау мұндай зардаптар өзге факторлардан, оның iшiнде жаратылыстық-табиғаттық факторлардан туындады ма, олар жасалған құқық бұзушылыққа қатыссыз басталған, сондай-ақ жаратылыстану-табиғаттық факторлар басталған зиянды салдардың сипаты мен көлемiне қандай дəрежеде əсер еттi деген мəселенi айқындауды көздейдi. Жалпы ереже бойынша кiнə қоршаған ортаға келтiрген зиян үшiн мүлiктiк жауапкершiлiкке тартуға қажеттi негiз болып табылады, бұл орайда АК-ң 917-бабының 2- тармағына байланысты талапкер зиян келтiрушiнiң кiнəсiн анықтау мiндетiнен босатылады. Сонымен бiрге, соттар кейбiр жағдайларда зиян келтiрушiнiң кiнəсiнiң бар- жоқтығына қарамастан, қоршаған ортаға келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк жүктеуге жол берiлетiнiн ескеруге тиiс. ҚР АК-ң 931-бабының 1-бөлiгiне, «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы 86- бабының 2-бөлiгiне байланысты қызметi қоршаған ортаға көтерiңкi қауiппен байланысты болатын заңды жəне жеке тұлғалар өздерi келтiрген зиянды кiнəсiнiң бар-жоқтығына қарамастан өтейдi. Заңды жəне жеке тұлғаның қызметi қоршаған ортаны қорғау үшiн көтерiңкi қауiп келтiре ме деген мəселенi сот «Экологиялық сараптама туралы» Заңының 1-бабында келтiрiлген ережелердi есепке ала отырып, əрбiр нақты жағдайда дербес шешедi. Қоршаған орта үшiн көтерiңкi қауiп болып табылатын қызметпен келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiктi жүктеген кезде соттар ҚР АК-ң 931-бабының 1-бөлiгiне, «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы 86-бабының 2-бөлiгiне байланысты заңды жəне жеке тұлғалар өздерi келтiрген зиянды өтеу мiндетiнен, егер зиян жойқын күштiң немесе жəбiрленушi қаскөйлiгi салдарынан туындаған жағдайда босатылатынын ескеруге тиiс. Сондай-ақ бiрнеше тұлғалар экологиялық құқық бұзушылық жасаған кезде келтiрiлген зиян үшiн ортақ не үлестiк жауапкершiлiк жүктеуге аталған тұлғалардың бiрлесiп қатысуы анықталған эпизодтар бойынша ғана жол берiлетiнiн ескеру керек.
Бұл жағдайда шешiмнiң қорытынды бөлiгiнде кiнəлi тұлғалардың iшiнен кiмге ортақ жауапкершiлiк, кiмге үлестiк жауапкершiлiк (оның мөлшерiн анықтай отырып) жүктелетiнi көрсетiледi. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшiн мүлiктiк жауапкершiлiк мөлшерiн анықтаған кезде сот зиян келтiрушiнiң мүлiктiк жағдайын назарға алуға жəне зиянды өтеу мөлшерiн, зиянды заңды тұлғаның не жеке тұлғаның қасақана əрекетiмен келтiрiлген жағдайларды қоспағанда, азайтуға құқылы (ҚР АК-i 935-бабының 5-бөлiгi).
Дəріс. Жер заңдарын бұзғаны үшін құқықтық жауаптылық. Жер құқық бұзушылықтың түсінігі жəне құрамы.
Жоспар: