Ысқа уақыттық сукцессиялар

1. Экзодинамикалық

1) Пирогендік сукцессиялар – өсімдіктердің өртке байланысты алмасуы. Солтүстіктегі далаларда өрттер өте сирек, ал оңтүстіктегі далаларда өрттер өте жиі болып тұрады деуге болады. Әдебиетте өрттің өсімдіктер жабынына тікелей әсері туралы мәліметтер аз. Бірақ та кейбір авторлар бетегелі-қаулар далалары туралы былай дейді: өрттен ең алдымен далалардың өлі жабыны – құрғақ төсеніш, шымды қоңырбастардың құрғақ жапырақтары жанып кетеді. Шымдардың өзі аз жарақаттанады, тек кейбіреулері (кәрі, бос) ғана толық жануы мүмкін. Сондықтан өрттен кейін өсімдіктер жабыны тез өсіп жетіледі. Өрт даланың жасаруына себепші болады деуге болады.

Көпжылдықтар және екіжылдықтар және де геофиттер өрттен жоғалмайды, бірақ та өсіп-жетілуі кешеуілдейді. Соның нәтижесінде кешігіп гүлдейді және жемістері жетіледі. Біржылдықтар – эфемерлер өрттің әсерінен көбірек зиян көреді. Олардың топырақтағы тұқымдары зақымданады. Сондықтан бұл синузия қалпына өте жай келеді.

Қыналар, мүктер топырақ бетіндегілері түгел жанып кетеді деуге болады және қалпына өте жай келеді.

Өрт дала өсімдіктеріне жанама да әсер етеді. Мысалы, өрттен өсімдіктер жабынының өлі қабаты түгел жанып кетеді. Нәтижесінде ондағы тұқымдар, жемістер, вегетативтік мүшелер қалдықтары түгел жанып кетеді. Соның салдарынан топырақта гумустың жинақталуы азаяды.

2) Климатогендік сукцессиялар

Климатогендік сукцессияның мысалы ретінде Қара теңіз маңындағы далалардағы құрғақ қаулар далаларындағы жауын-шашын мөлшерінің өзгеруіне байланысты сукцессиялардың алмасуын келтіруге болады.

3) Эдафогендік сукцессиялар.

Климатқа байланысты таза эдафогендік алмасулар табиғатта өте сирек. Оның мысалы ретінде орманды далаларда ағаштарды кескеннен кейін жайылым ретінде пайдаланғанда ол жерлерде яғни регенерацияланған қара топырақтарда бұрынғы орман орнында, кейде екінші далалар пайда болады. Бірақ та ондай далалар ғасырлық далаларға жатады және олар зерттелмеген.

4) Зоогендік сукцессиялар.

Бұл сукцессиялар жабайы жануарлардың (насекомдарды қоса) және адамдардың мал жаюының әсерінен болады. Мұндай өзгерістерді Г.Н. Высоцкий дигредия (лат. digredio – бұзылу) деп атады, ал алмасуға қарсы процестерді жануарлар әсері тиылғаннан кейінгі болатын демутация деп атады. Өсімдіктерге насекомдар үлкен әсер етеді.

5) Антропогендік сукцессиялар.

Антропогендік сукцессияға өсімдіктер жабынында адамдардың әсерінен болатын өзгерістерді жатқызады. Мысалы, шөп шабу, жер жырту. Шөп шабудың әсерін В.В. Алехин тасты далаларда жеткілікті зерттеді. Шөбі шабылған жерлердің шөбі шабылмаған жерлерден айырмашылығы мынада. Шөбі шабылмаған учаскелерде өсімдіктердің жиналған өлі қалдықтары су режимін өзгертеді.

Тамырсабақты қоңырбастар, қосжарнақты әртүрлі шөпті және атпа тамырлы өсімдіктер басым бола бастайды. Дала мезофиттену стадиясынан өтеді, яғни шөп қабаттары шалғынданады. Өлі қалдық қабаттардың жиналуы шабылмаған учаскелерде көктемгі эфемерлердің және эфемероидтардың өнуіне кесірін тигізеді. Шымды қоңырбастар синузиясы қысым көріп тамырсабақты және атпа тамырлы өсімдіктер синузиялары басым бола бастайды. Оған қосымша шабылмаған учаскелерде қар тоқтату процесі нәтижесінде топырақтың ылғалдануы күшейеді.

Егер де шөп шабумен мал жаюды салыстыратын болсақ, бұл екеуі де өлі қабаттың азаюына әсер етіп, синузиялардың ара-қатынасын сақтайды. Жылда шөп шабудың басқа да әсері болуы мүмкін. Мысалы, шөп ору кездерінде дәл сол кезеңде вегетативтік көбеюі жоқ кейбір гүлдейтін өсімдіктер орылып кетіп, олардың жалпы саны азайып кетуі мүмкін.

Мысалы, осындай өсімдіктер қатарына Stipa stenophylla жатады. Соған байланысты олардың саны оңтүстік орманды даласында және әртүрлі шөпті-бетегелі-қаулар даласында азаюда.

Бұл процесте (шөп шабу) кейбір өсімдіктер түрлерінде мерзімдік деморфизмнің пайда болуына алып келеді. Мерзімдік деморфизм дегеніміз раса (нәсіл) немесе түрлердің пайда болуы олардың кейбіреулері ораққа дейін гүлдеп жемістенсе екіншілері орақтан кейін гүлдеп жемістенеді. Мысалы, В.В. Алехин Стрелецк даласында бір-біріне өте жақын бірін-бірі алмастыратын түрлердің бар екендігін көрсетті, мысалы, ерте жазғы Gentiana lingulata және күздік G. uxillaria.

II Эндодинамикалық (қысқа уақытты) сукцессиялар.

Сукцессияның бұл бөлігіне далалардағы айдалған учаскелердегі өсімдіктер жабынының қалпына келуі жататыны туралы және ол процестің демугация деп аталатыны туралы жоғарыда айтылған.

И.П. Пачоский Одесса облысында тың жерлердің өсімдіктер жабыны айдалғаннан кейін 30-50 жылда толық қалпына келетіндігін кезінде көрсеткен. Ол процесс әрине көп себептерге байланысты – қара шірік қабатының қалыңдығына, топырақты өңдеу характеріне, учаскенің пайдалану тәсіліне, тың жерлердің (тұқымдар келетін) жақындығына және т.б. байланысты.

Наши рекомендации