Пән туралы мәліметтер
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Биология және экология кафедрасы
«Биология» 5В 011300 мамандықтарына
арналған
Омыртқасыздар зоологиясы пәнінен
(пәннің атауы)
SYLLABUS
Құрастырушы: Болатова Қ.Б. аға оқытушы
(ТАӘ, лауазымы, ғылыми дәрежесі)
Орал
Ж.
SYLLABUS5В 011300 «Биология» мамандығының
элективтік пәндер бойынша «Омыртқасыздар зоологиясы» пәнінен М.Өтемісов атындағы БҚМУ ішкі нормативті құжаттары және ЖОО арналған оқу құралдары негізінде Қ.Б. Болатова құрастырған,университеттің оқу әдістемелік кеңесі бекіткен (2016 ж) жұмыс- оқу бағдарламасының негізінде дайындалды
Биология және экология кафедрасының «09» қыркүйек 2016жылғы
мәжілісінің № 1 хаттамасымен қаралды
Пікір беруші: Дарбаева Т.Е. б.ғ.д. профессор
Пәннің оқыту бағдарламасы – SYLLABUS
Семестр 15 оқу аптасынан және 3 сессия аптасынан тұрады.
Пәннің көлемі 3 кредитті құрайды:
Кредит саны | Дәрісханалық сабақтар | Дәрісханадан тыс сабақтар | Барлық сағат | Бақылау түрі | |||
Дәріс | Практикалық/ семинар сабақтары | Зертханалық сабақтар | СОӨЖ | СӨЖ | |||
Тесталық тапсырма |
Аралық бақылау - семестрдің 8 және 15 аптасы
Пән туралы мәліметтер
«Омыртқасыздар зоологиясы» пәнінің міндеті мен мақсаты.
Биология ғылымдар саласының іргелі пәндерінің бірі. «Омыртқасыздар зоологиясы» – жануарлардың жеке өкілдері мен топтарының морфофизиологиялық ерекшеліктері, эволюциясы және биоэкологиялық сипаттамасы туралы нақтылы материал беріп, көптеген ғылымдар саласының негізі болып келеді: адам және жануар физиологиясы, гистология, цитология, жеке даму биологиясы, салыстырмалы эмбриология, биофизика, этиология, биоценология, биогеография, генетика, салыстырмалы анатомия, паразитология, гидробиология, палеозология, эволюциялық ілім, медицина, ауыл шаруашылығы т.б. Жануарлардың алуан түрлілігін, систематикасын, онтогенезін, шығу тегін, филогенезін зерттеп органикалық дүние эволюциясы, оның заңдылықтарын зерттеуге материал болады.
Жерде тіршіліктің ұйымдасу деңгейін және оның эволюциясын зерттеуде маңызы ерекше.
Мақсаты: Тіршілік ортаның экологиялық жағдайларына байланысты жануарлардың көптүрлілігін, ұйымдасу ерекшелігін, тіршілік әрекетін, шығу тегін, дамуын, қазіргі жүйедегі орнын, таралуын, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын, жануарлар дүниесінің эволюциясын танып-білу. Сонымен қатар олардың өнімділігін арттыру, тиімді пайдалану және табиғаттағы қорын сақтау.
ЖББОМ курсынан алған биологиялық білімдері мен түсініктері дамиды, тереңдейді және диалектико-материалистік көзқарас қалыптасады.
Курстың міндеті: Студенттер жануарлардың ұйымдасу деңгейін, олардың биологиясын, экологиясын және эволюциясының негізгі кезеңдерін білуге тиісті:
- жануарлар классификациясын, әрбір типтің ұйымдасу ерекшелігін, тіршілік процестерін, экологиясын;
- өсіп-өну және онтогенез, таралуы, негізгі таксономиялық топтардың маңызы, систематикасы, ірі топтардың филогениясы;
- студенттердің өз бетімен жануарларды анықтау, морфологиялық зерттеу және лабораторияда бақылау әдістерін меңгеруге;
- ғылыми зоологиялық, биологиялық терминдерді меңгеру;
- лабораториялық құралдармен жұмыс жасап үйрену, өз бетімен жұмыс жасауға дағдылану;
- Әлем, ҚР , облыс жануарларының көптүрлілігін сақтау, сирек, және жойылып кету қаупіндегі түрлерді қорғау, ғылыми негізде ұтымды пайдалану, табиғат байлықтарын көбейту шараларын меңгеру.
Пререквизиттері: ЖОО-да студенттер «Омыртқасыздар зоологиясы» курсын меңгеру кезінде мектепте оқыған биология, география, химия, физика т.б. пәндерден және 1-семестрде өткен экология, ботаника курстарынан алған білімдеріне сүйенеді
Постреквизиттері: Кейінгі биология ғылым салаларын (омыртқалылар зоологиясы, энтомология, паразитология, микробиология, цитология, гистология, генетика, эволюциялық ілім, анатомия, адам және жануар физиологиясы, биоэкология, адам экологиясы, биотехнология, биоиндикация, биологияны оқыту әдістемесі т.б.) түсінуге омыртқасыздар зоологиясы курсы базалық пән болып есептеледі және қолданбалы биология, оқу және өндірістік сараманын өтуге пайдаланады. Алған және қалыптасқан білімдері, біліктері және дағдылары болашақта биолог оқытушы ретінде, білім беру салаларында практикалық іс-әрекеттерінде қолданылынады.
Зоологиялық білім табиғи экожүйе – көптүрлілігін, сирек және жойылып кету қаупіндегі жануарлар түрін сақтау, қорғау, қалпына келтіру, кәсіптік түрлерді тиімді пайдалану, биотехнологияда, өсімдік зиянкестерімен күрес шараларын ұйымдастыру т.б. іс-әрекеттерді жүргізуде қажетті.
3. Студенттерге қойылатын талаптар: Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша)
Семестрлік жеке тапсырмалар, реферат (баяндама, хабарлама т.б.) орындалып, курстың теориялық материалын толық меңгеруі керек. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады
Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, практикалық дағды, кәсіби маман негізін меңгеруі қажет.