Тәжірибелік тапсырма № 5
Тәжірибелік тапсырма№1
Кассалық кітапты толтыр: корреспонденцияланушы шоттарды қойып, күннің соңындағы қалдықты есепте.
Шешу үшін берілгендер:
31-қаңтарға арналған кассалық кітап
Құжат № | Кімнен алынды және кімге берілді | Корр.шоттар | Кіріс | Шығыс |
Күннің басындағы қалдық | ||||
Банктен 60 000тг еңбекақы төлеу үшін және 20 000тг шаруашылық шығындарға ақша алынды | ||||
Басқару жұмысшыларына еңбекақы берілді | ||||
Цех жұмысшыларына еңбекақы берілді | ||||
Жабдықтау бөлімінің басшысы К.Л.Усеновке іс-сапар шығындары төленді | ||||
Л.Д.Садуакасовтан аванстық есептілік бойынша пайдаланылмаған сома алынды | ||||
Д.М.Саитова №12 қойма бойынша жетіспейтін тауарлы материалдық қорлардың орнын толтырды. | ||||
М.М.Муканова шаруашылық қажеттіліктер үшін ақша берілді: -скрепка; -карандаш; -драколдар алу үшін. | ||||
Өнімді өткізуден түскен түсім келіп түсті. | ||||
Есеп айырысу шотына П.И Жанабиловтың депонирленген еңбекақысы енгізілді. | ||||
Есеп айырысу шотына түсім енгізілді. | ||||
Күніне барлығы: | ? | ? | ||
Күннің соңындағы қалдық: | ? |
Тәжірибелік тапсырма №2
Операцияларды шоттарда бейнелеңіз:
1. Чек кітапшалары есебінен жабдықтаушыларға төлем жасалды – 30 540тг
2. Транспорттық қызметтер үшін кассаға ақша төленді – 60 420тг
3. Есеп айырысу шотынан аккредитивтік шотқа ақша аударылды – 105 000тг
4. Есеп айырысу шотына қысқа мерзімді банк несиесі аударылды – 500 000тг
5. Коммуналдық қызметтер үшін есеп айырысу шотынан аударылды – 40 650тг
6. Іс-сапар шығындарына кассадан аванс берілді – 28 600тг
7. Материалдық зиян шектірудің орнын толтыру үшін кассаға ақша қаражаты келіп түсті - 2 050тг
8. Есеп айырысу шотына аударылмаған түсім есепті тұлға арқылы почта бөлімшесіне өткізілді – 58 600тг
9. Жарғылық капиталдағы салымдар есебінен валюттік шотқа ақша қаржылары келіп түсті – 60 000тг
10. Сатып алушылардан кассаға төлемдер келіп түсті – 32 150тг.
Тәжірибелік тапсырма №3.
Түгендеу нәтижесін анықтау, бухгалтерлік өткізбені жасау.
Берілгендер:
10 желтоқсан 2011 жыл ЖШС «Милена», кассир Якушева Н.А жауаптылығындағы кассаға қолма- қол ақшаға түгендеу жүргізілді. Касса бойынша операциялар тоқтатылды және түгендеу жүргізу кезінде келесі есептілік құрылды.
Құжат № | Кімнен алынды және кімге берілді? | Корр. шоттар № | Кіріс | Шығыс |
Күннің басындағы қалдық | 1 607 | |||
№ 375421 чек бойынша есеп айырысу шотынан еңбекақы, іс-сапар және шаруашылық шығындарына ақша алынды | 280 000 | |||
Төлем тізімдемесі бойынша айдың 1-ші жартысына аванс берілді. | 173 740 | |||
Дүкендегі түсім кіріске алынды. | 90 140 | |||
С.Ахметовке қолданылмаған есептегі сома кассаға енгізілді. | ||||
№ 2701320 чек бойынша есеп айырысу шотынан іс- сапар шығындарына ақша алынды. | 67 000 | |||
Есепті тұлға И.И Петровқа ақша берілді. | 18 600 | |||
О.Д.Оспановқа демалысақы берілді. | 41 520 | |||
Аванстық есептілік бойынша К.В Қадыровқа артық жұмсалған шығындардың орнын толтыру үшін ақша берілді. | 1 022 | |||
Өткізілген өнім үшін есеп айырысу шотына түсім өткізілді | 90 000 | |||
Ж.Алибиевқа депонирленген еңбекақы төленді. | 37 610 | |||
Күніне барлығы: | ||||
Күннің соңындағы қалдық: |
Кассир :Якушова Н.А
Есептілікті құрғаннан кейін келесідей қолма- қол ақшаның түрі анықталды:
5 000тг - 7 дана
2 000тг - 9 дана
1 000тг - 11 дана
500тг - 9 дана
200тг - 10 дана
50тг - 60 дана
20тг - 40 дана
5тг - 18 дана
1тг - 30 дана
Тәжірибелік тапсырма №4.
Операцияларды шоттарда бейнелеңіз:
1. Есеп айырысу шотынан кассаға ақша қаржылары келіп түсті -7 680тг
2. Қорларды жеткізу үшін есеп айырысу шотынан аванс берілді – 56 900тг
3. Әкімшілік персоналға еңбекақы есептелді – 76 580тг
4. Жабдықтаушылардан қосалқы бөлшектер келіп түсті - 35 670 тг, ҚҚС -12%
5. Есеп айырысу шотынан бюджетке ҚҚС аударылды – 28 560 тг
6. Іс-сапар шығындары үшін кассадан аванс берілді – 12 560 тг
7. Көлік құралдарына салық есептелді – 23 712 тг
8. Сатып алушылардың берешегін жабу кезінде бұрын алынған аванс есепке алынды -67 348тг
9. Сауда қызметінде пайдаланатын материалдық емес активтерге тозу есептелді – 6 700тг
10. Алынған тауарлар үшін есеп айырысу шотынан жабдықтаушыларға ақша аударылды – 78 965тг
Тәжірибелік тапсырма № 5
Келесі шоттар кореспонденциясы бойынша шаруашылық операцияларды көрсетіңіз:
№ р/н | Дт | Кт | Сумма |
288 000 | |||
15 000 | |||
180 000 | |||
30 000 | |||
140 000 | |||
45 000 | |||
110 000 |
Тәжірибелік тапсырма №6.
1.Материалдардың кірісі және шығысы бойынша қажетті коррепонденцияны құрыңыз;
2. Берілген шаруашылық операциялар қандай құжаттарда бейнеленетінін көрсетіңіз.
Шешу үшін берілгендер:
№ | Шаруашылық операциялардың мазмұны | Шоттар корреспонденциясы | |
Дебет | Кредит | ||
№1 қоймадан №2 қоймаға материалдар жөнелтілді | |||
Төтенше жағдайлар кезіндегі бүлінген материалдар есептен шығарылды | |||
Негізгі құралдарды пайдалануға берілгеннен кейінгі материалдар кіріске алынды | |||
Өнімді қаптауға, жарнамалауға материалдар босатылды | |||
Әкімшілік мақсаттағы ғимаратты күтіп ұстау және жөндеуге материалдар шығындалды | |||
Кәсіпорынның жарғылық капиталына материалдар салым ретінде берілді | |||
Еншілес серіктестіктерден материалдық құндылықтар келіп түсті | |||
Басқа да кәсіпорындардан қайтарылмайтын негізде тауарлы материалдық қорлар кіріске алынды | |||
Өз өндірісінің материалдары кіріске алынды | |||
Алынған материалдар үшін жабдықтаушылардың шоты акцептелінді |
Тәжірибелік тапсырма №7.
Операцияларды шоттарда бейнелеңіз.
1. Сатып алушыларға тауар жөнелтілді-87 670тг, соның ішінде ҚҚС - 12%.
2. Сауда жұмысшыларына кассадан еңбекақы берілді – 96 800тг.
3.Тауарларды жеткізу үшін есеп айырысу шотынан аванс алынды -76 480тг.
4.Серіктестіктің жарғылық капиталына салым есебінен құрылтайшылардан «бағдарламамен жабдықтау » енгізілді – 96 570тг.
5.Жеке тұлғаның еңбекақысынан табыс салығы ұсталды – 12 390тг.
6.Жабдықтаушылар алдындағы берешекті жабу кезінде бұрын берілген аванс есептелді -65 470 тг.
7.Қолма –қол есеп айырысу арқылы «Лицензиондық келісім » сатып алынды-255 200 тг.
8.Әкімшілік персоналға жалақы есептелінді – 140 263 тг.
9.Сатып алушылардан кассаға төлем келіп түсті – 32 500 тг.
10.Есеп айырысу шотынан міндетті зейнетақы жарнасы аударылды – 9 375 тг..