Дәрістердің тақырыптық жоспары

СИЛЛАБУС

Пәні: «Экология және тұрақты даму» Eco UR 1106

Мамандығы: 5В130100- «Жалпы медицина»

Кафедра: Жалпы гигиена және экология кафедрасы

Оқу сағатының көлемі (кредиттер): 90 сағат\2 кредит

Курс:1

Семестр: 2

Алматы 2016 ж.

Силлабус Қазақстан республикасының 2012 жылғы Мемлекеттік білім беру стандарты негізінде 2008 жылы Астана қаласымен бекітілген «Экология және тұрақты даму» пәні бойынша Типтік оқу бағдарламасына сәйкес жалпы гигиена және экология кафедрасының меңгерушісі, профессор У.И.Кенесариев, аға оқытушы Молдақарызова А.Ж. қатысуымен құрастырылған. Мемлекеттік тілде қайта өңдеп, аударған оқытушы Айтжанова Г.М.

«_______» «______________» 2016 ж. Хаттама №____

Кафедра меңгерушісі, профессор __________ У.И. Кенесариев

1. Жалпы мәліметтер:

1.1. ЖОО-ның атауы: С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

1.2. Кафедра: Жалпы гигиена және экология кафедрасы

1.3. Пән, пән коды: Экология және тұрақты даму, Eco UR 1106

1.4. Мамандығы: 5В130100- «Жалпы медицина»

1.5. Оқу сағатының көлемі(кредиттің*): 90 сағат\ 2 кредит

1.6. Оқитын курсы мен семестрі:1курс, 1семестр

1.7. Оқытушылар жөніндегі мәліметтер:

Ф.А.Ә. Дәрежесі және қызметі Өнер табыстық ғылыми қызығушылығы Жетістіктері
Кенесариев У.И. м.ғ.д., профессор Республиканың мұнай-газ аймақтарындағы және ракеталық-ядролық сынақ полигондары аймақтарындағы қоршаған орта мен халық денсаулығы жағдайларын зерттеу және өзекті халықаралық бағдарламаларды іске асыру. Республикалық медициналық ЖОО арналған жалпы гигиена және экология жөніндегі типтік бағдарламаларды дайындаушы, 300-ден асатын еңбектердің, оның ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі «Экология және халық денсаулығы», «Коммуналдық гигиена» оқулықтарының, «Тағамтану гигиенасы» оқу құралының және қазақ тілінде жазылған «Радиациялық гигиена» оқу құралының авторы. Сонымен қатар «Жалпы гигиена» оқулығының авторларының бірі. Жалпы гигиена және экология бойынша барлық факультеттерде дәрістер оқиды.
2. Амрин М.К. м.ғ.к., доцент Республиканың мұнай-газды аймақтарындағы және ракеталық-ядролық сынақ полигондары аймақтарындағы қоршаған орта мен халық денсаулығы жағдайларын зерттеу. Медико-профилактикалық және фармацевтикалық факультеттерге арналған медициналық экология жөніндегі типтік және жұмыстық бағдарламаларды дайындаушы. Орыс және қазақ тілдерінде жазылған «Ауа гигиенасы» оқу құралының авторы. Медико-профилактикалық және басқа да факультеттердің студенттеріне жалпы гигиенадан, медициналық экологиядан дәрістер оқиды.    
3. Анамбаева А.И. м.ғ.к, доцент Республиканың мұнай-газды аймақтарындағы қоршаған орта мен балалардың денсаулық жағдайларын зерттеу. Стоматология факультетіне арналған типтік және жұмыстық бағдарламаларды дайындаушы. Медициналық ЖОО студенттеріне арналған жалпы гигиена бойынша «Гигиена лечебно-профилактических организаций» және «Гигиена детей и подростков» оқу құралдарының авторы. Стоматология факультетінің студенттеріне жалпы гигиена мен экологиядан дәрістер оқиды.
4. Аликеева Г.М. м.ғ.к., аға оқытушы Республиканың мұнай-газды аймақтарындағы қоршаған орта мен халық денсаулығы жағдайларын зерттеу Қазақ және орыс тілдеріндегі «Су гигиенасы», «Қазақстан аумағындағы бірінші медициналық қызметкерлері» оқу-әдістемелік құралдардың авторы. Жалпы гигиена мен экологиядан дәрістер оқиды.
5. Молдақарызова А.Ж. б.ғ.к., аға оқытушы Республиканың мұнай-газды аймақтарындағы қоршаған орта мен халық денсаулығы жағдайларын зерттеу. Жалпы медицина, стоматология факультетінің студенттеріне «Экология және тұрақты даму» пәніне арналған жұмыс бағадарламасымен құрастырылған силлабусты қайта өңдеген. «Экология және тұрақты даму» мен «Жалпы гигиена» пәндерінен дәріс оқиды, практикалық сабақтарды өткізеді.
6. Ержанова А.Е. м.ғ.к., аға оқытушы. Республиканың мұнай-газды аймақтарындағы қоршаған орта мен халық денсаулығы жағдайларын зерттеу. Жалы гигиена пәні бойынша Жалпы медицина және Мейірбике ісі мамандығына арналған ПОӘК құрастырысушы. «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Медициналық білім беру үлгісі» 1- бөлім- «Компетенция», 2- бөлім «Білім бағдарламасы» авторластырының бірі; «Жалпы гигиена» мамандығы бойынша студенттерге дәріс оқиды, практикалық сабақтар жүргізеді.  
7. Бегимбетова Г.А. б.ғ.к., аға оқытушы   Жалпы медицина, стоматология, мейірбике ісі, фармацевтика, қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің студенттеріне «Экология және тұрақты даму» пәніне арналған жұмыс бағдарламасымен құрастырылған силлабусты қайта өңдеген. «Экология және тұрақты даму» пәнінен дәріс оқиды.
8. Желдербаева М.К. м.ғ.к., оқытушы. Салыстырмалы аспектідегі кадмий мен қорғасынның улылығын зерттеу Жалпы гигиена пәні бойынша «Жалпы медицина», «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтары бойынша дәріс оқиды. Жалпы гигиена эәне экология пәндері бойынша, барлық мамандықтағы студенттерге мемлекеттік тілде практикалық сабақтар жүргізеді. Кафедрада оқу әдістемелік материалдарды мемлекеттік тіліне аударуға қатысады.
9. Баялиева Р.А.. оқытушы Экологиялық қолайсыз аудандарда тұратын тұрғындар денсаулығын зерттеу Жалпы гигиена және «Экология және тұрақты даму» пәні бойынша практикалық сабақ жүргізеді. Кафедраның оқу әдістемелік материалдарын мем. тілге аударуға қатысады
10. Шайхидинова Р.А. оқытушы   Жалпы гигиена және «Экология және тұрақты даму» пәні бойынша практикалық сабақ жүргізеді. Кафедраның оқу әдістемелік материалдарын мем. тілге аударуға қатысады.
Тоқжанова М.С. оқытушы   «Экология және тұрақты даму» пәні бойынша практикалық сабақ жүргізеді. Кафедраның оқу әдістемелік материалдарын мем. тілге аударуға қатысады.
Айтжанова Г.М. оқытушы «Қоршаған орта факторларының студенттер денсаулығына әсерін зерттеу» «Экология және тұрақты даму» пәні бойынша практикалық сабақ жүргізеді. Кафедраның оқу әдістемелік материалдарын мем. тілге аударуға қатысады
Кенесарина М.И. оқытушы Республиканың мұнай газ аймағындағы тұрғындардың денсаулығы мен қоршаған орта жағдайын зерттеу «Экология және тұрақты даму», «Жалпы гигиена» пәндері бойынша практикалық сабақ жүргізеді. Кафедраның оқу әдістемелік материалдарын мем. тілге аударуға қатысады
Акжолова Н.А. оқытушы   «Экология және тұрақты даму», «Жалпы гигиена» пәндері бойынша практикалық сабақ жүргізеді. Кафедраның оқу әдістемелік материалдарын мем. тілге аударуға қатысады

1.8. Байланыс ақпараты:кафедраның орналасқан орны–Төле-би 94, INTRO-IV, 2 қабат

Тел. 2926722, Факс 2926722

1.9. Пәннің саясаты:

- Сабаққа кешікпеуі; 3 кешігу себепсіз 1 сабақ жібергенге тең болады.

- Жіберілген дәрістер оқып өтелмейді, бірақ дәріс оқылған тарау бойынша білімдерін бақылау кезінде бағасы 1 баллға төмендетіледі және емтихан тапсыру кезінде қосымша сұрақ енгізіледі.

- Жіберілген сабақтарын оқытушы тағайындаған белгілі бір уақытта оқып өтеуі керек, жіберген сабақты уақытында өтемеген жағдайда баға 25% төмендейді.

- Оқу үрдісіне белсенді қатысуы тиіс;

Тәжірибелік сабақтардың барлық тапсырмаларын орындау және талаптарға сәйкес нәтижесін жазу;

- Студенттің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ) және оқытушымен бірге орындайтын СӨЖ тапсырмаларын жеткілікті деңгейде орындауы және оларды белгіленген мерзімде өткізуі тиіс; уақытында өткізбеген жағдайда бағасы 25% төмендетіледі.

- Тарау бойынша білімдерін (рубеждік) бақылауды өз уақытында тапсыруы тиіс, оларсыз емтихан тапсыруға рұқсат берілмейді, өз уақытында тапсырмаса әрбір аралық білімдерін бақылау жұмысына рейтингі 1 баллға төмендейді.

- Аудиторияда ақ халатта болуы тиіс.

2.Бағдарлама:

Кіріспе: Адамзат қоғамының табиғатпен қарым-қатынасы қазіргі заманның ең маңызды заманауи мәселелерінің бірі болып табылады. Адам жерде пайда болған кезден бастап оның биосфераға тигізетін әсері үнемі үдеп отырды. Бірақ тек индустриалдық қоғам және демографиялық жарылыс жағдайында ғана адам әрекетінің жағымсыз зардаптары ғаламдық сипатқа ие болды.

Қоршаған орта бұған дейін ешқашан байқалмаған қарқынмен ластанып жатыр. Энергетикалық және минералдық ресурстардың сарқылу үрдісі байқала бастады. Антропогендік әрекеттің саналуан түрлері жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрлерінің тікелей немесе жанама түрде жойылуына әкеліп соқты.

Табиғи ортаның химиялық ластануы, радиациялық жағдай, азық-түлік пен ауыз судың сапасының нашарлауы және т.б. халықтың денсаулығының нашарлауына әкеліп соқты. Бірқатар ғаламдық экологиялық проблемалар пайда болды.

Бірақ қазіргі кезде антропогендік өзгерістер планетаның барлық дерлік экожүйелерінен байқалады, атмосфераның газдық құрамы, Жердің энергетикалық балансы өзгерді. Бұл адамның әрекеті табиғатпен қарама – қайшылыққа түсіп, “биосфера - адамзат” жүйесі барған сайын тепе-теңдік күйден ауытқып бара жатыр деген сөз, нәтижесінде әлемнің көптеген аймақтарында табиғаттың динамикалық тепе – теңдігі бұзылды. Барлығы жинала келіп қазіргі биосфераның жағдайының нашарлауына, адамның денсаулығы мен рухани дуниесінің бұзылуына себепші болады.

Мәселені табиғи тепе-теңдікті қалпына келтіру нәтижесінде шешуге болар еді, бірақ бұл өте күрделі, әлемде теңдесі жоқ қиын мәселе, ол 1992 жылы Рио-де-Жанейрода күн тәртібіне қойылып, сонда Тұрақты даму тұжырымдамасына қол қойылып, бекітілді. Ғаламдық “қоғам – табиғат” жүйесіндегі тұрақты даму әртүрлі деңгейдегі әлеуметтік–экологиялық жүйелерде динамикалық тепе-теңдікті сақтау болып табылады. Адамзат осыны неғұрлым ертерек түсініп осы жолға түссе, оның Жер бетінде тірі қалу мүмкіншілігі де соғұрлым жоғары болмақ. Бұл жолда экологиялық білім шешуші рөлді атқарады.

2.1. Пәннің мақсаты:табиғаттың және қоғамның тұрақты дамуының негізгі заңдылықтары туралы біртұтас түсінік қалыптастыру.

2.2. Оқыту міндеттері:

· тірі ағзалардың кеңістікте таралуын және сан динамикасын, қауымдастықтардың құрылымы мен динамикасын, энергияның тірі жүйелер арқылы ағып өтуі және заттар айналымының заңдылықтарын, экологиялық жүйелердің және бүкіл биосфераның қызмет атқару заңдылықтарын қалыптастыру;

· тірі ағзалардың, әртүрлі деңгейде ұйымдастырылған экожүйелердің, бүкіл биосфераның қызмет атқаруының негізгі заңдылықтарын және олардың тұрақтылығын оқып білу;

· биосфера бөлігінің өзара әсерлесу заңдылықтары және адамның шаруашылық әрекеттерінің, әсіресе табиғатты қарқынды пайдалану кезіндегі салдарлары туралы білімдерді қалыптастыру;

· тұрақты дамудың тұжырымдамасын, стратегиясын, мәселелерін, оларды әлемдік, аймақтық және жергілікті деңгейде шешуге қатысты білімді қалыптастыру.

· табиғи және антропогендік экологиялық үрдістерді анықтап, талдауы және олардың реттелуінің ықтималды болып табылатын жолдарын болжауға дағдыландыру;

· биосфераның тұрақтылығын сақтау және адамзат қоғамының апатты күйзелістерсіз дамуын қамтамасыз ету мақсатында, шаруашылық жүргізудің дәстүрлі түрлері мен адамдардың тіршілік салттарын жоспарлы түрде өзгертуге бағытталған, адамзаттың тұрақты дамуының осы заманғы тұжырымдамалары мен стратегияларын ажырата білуге дағдыландыру;

· тірі ағзалар мен қоршаған ортаның әсерлесу заңдылықтары туралы алған білімдерін күнделікті қызметінде экожүйелердің тұрақты дамуын сақтау үшін қолдануға дағдыландыру.

2.4. Оқытудың соңғы нәтижесі:

· экологиялық үрдістерді талдап, қоғам және табиғаттың тұрақты даму бағыттарында нақтылы міндеттерді алға қоя отырып, басым бағыттарды қалыптастыру;

· алған білімдерін экологиялық мәселелерді шешу үшін пайдалануға, сондай ақ, әртүрлі мемлекеттерде, соның ішінде Қазақстан Республикасында, тұрақты даму ойының ске асырылуы жөнінде білімдерін қалыптастыру

2.5. Пререквизиттер: биология, экология, физика, химия, Қазақстан тарихы, философия, математика және информатика, экологиялық құқық негіздері.

2.5. Постреквизиттер: Биохимия, микробиология, жалпы гигиена, қалыпты физиология, экономикалық теория, патологиялық анатомия, патологиялық физиология

2.6. Пәннің қысқаша мазмұны: Экология бұл тірі ағзалар мен олардың тірішлік ету ортасы арасындағы байланысты зерттейтін ғылым. "Экология" терминін (грек сөзі: ”oіkos” - ”үй”, ”тіршілік ету ортасы”; ”logos” - ”ғылым”) 1866 жылы неміс биологы Эрнест Геккель ұсынған. Ол өзінің «Ағзалардың жалпы морфологиясы» (1866 ж.) кітабында экологияны биологияның бір бөлімі – қоршаған ортада ағзалардың тіршілік ету сапасы туралы ғылым деп атады. Ол өзінің «Организмдердің жалпы морфологиясы» (1866 ж.) атты кітабында, биология тарауларының бірін экология – организмдердің қоршаған ортада өмір сүру жағдайлары туралы ғылым деді. Ежелгі гректің “oikos” осы ғылымның атьауы құралуы ғана емес, және адам игерген және тұрақтандырылған табиғатты белгілеу үшін «ойкумена» («эйкумена») ұғымын құраған. Адам космосты игеруімен «эйкумена» ұғымы жер шегінен әрі асты, ал экология, әзірше білім ретінде болмаса да, термин ретінде әрбір адамның санасына кірді. Қазіргі уақытта биология тарауларының бірі емес, онымен туыстығына география, саяси экономика, философия да, және жаратылыс және қоғамдық ғылымдардың барлық кешені таласады. Оның үстіне, қазір экология ғылым ұғымының шегінен шығып, мемлекеттік және әрбір адамның алаңдау мен қамжеу затына айналды. Олай болса, экология барлығына қатысты болып табылады, өйткені, егер экологиялық күйреу экологиялық апатқа дейін дамыса, ол ешкімді де аямайды. Қазiргi кездегi экология – бұл ғылым, өзара қарым қатынасты зерттеумен айналысады.

2.7. Тақырыптық жоспар: (дәрістер, практикалық, семинарлық, зертханалық, оқытушының басшылығымен өзіндік жұмыстар) тақырыптар, өткізілетін түрі, және ұзақтығы, кеңес беру уақыты, рубеждік және қорытынды бақылау түрлері).

Дәрістердің тақырыптық жоспары

Реттік № Дәріс тақырыптары Оқу сағатының көлемі
Экология – табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың теориялық негізі. Экология бөлімдері.
В.И.Вернадскийдің биосфера – ноосфералық концепциясы.
Атмосфера гидросфера, литосфера – биосфераның негізгі элементтері. Ластану көздері.
Қоршаған орта және тұрғындар денсаулығы.
Тұрақты даму принциптері мен концепциясы. Қазақстанның тұрақты дамудағы болжамдары.
  Барлығы:

Наши рекомендации