Тараудың қысқаша мазмұны. Далаларға тиісті белгілер – ормансыз мол шөптесін өсімдіктермен жамылған үлкен жазықтық жол бойында түрлерін

Далаларға тиісті белгілер – ормансыз мол шөптесін өсімдіктермен жамылған үлкен жазықтық жол бойында түрлерін 12-ге дейін өзгерте алады. Дала - Солтүстік және Оңтүстік жарты шардағы қоңыржай және субтропикалық ормансыз шөптесін өсімдіктер бар. Евразияда батыстан шығысқа, Солтүстік Америкада солтүстіктен оңтүстікке созылған. Далалар Оңтүстік Америкада және Австралияда да кездеседі. Тауларда жоғарғы белдеулер типінде таулық далалар бар, жазықтықта орманды дала мен жартылай шөлдер арасында орналасқан табиғи аймақ.

Дала Антарктидадан басқа барлық континенттерде кездеседі. Евразияда дала Ресейде, Қазақстанда, Украинада және Монғолияда көбірек таралған. Дала аймағында жауын-шашын мөлшері, жылына 250-400 мм аралығында.

Далалардың ерекше белгісі – шөптесін өсімдіктермен жамылған ормансыз үлкен жазықтық. Үздіксіз немесе дерлік үздіксіз кілем түзетін шөптесін өсімдіктер: қау (Stipa), бетеге (Festuca), келлерия (Koeleria), қоңырбас (Poa), сұлыбас (Avenastrum) және т.б.

Дала аймағының ормансыз болуының себептері туралы гипотезалар жеткілікті. Солардың ішіндегі біздіңше шындыққа жақыны. Ол - климат теориясы. Бұл теория дала аймағында орманның болмауын климат факторларымен түсіндіріледі. Климат теориясы туралы толығырақ Г.Н. Высоцкийде (1927) берілген. Г.Н. Высоцкий дала аймағында орманның болмауын жауын-шашынның аздығымен және буланудың жоғары дәрежеде жүретіндігімен байланыстырады.

Дала аймағы флорасы негізінен плейстоцен және голоценнің екінші жартысында қалыптасты, яғни көршілес (Жерортатеңізі, Иран, Орталық Азия) флораларымен салыстырғанда жас болып есептеледі. Еуразия далаларының флорасы көршілес елдердегі ксерофиттік флоралық облыстар есебінен қалыптасқан деуге болады. Басқаша айтқанда, көптеген авторлардың (Е.М. Лавренко, И.М. Крашенинников және т.б.) көзқарастары бойынша далалар флорасы миграция нәтижесінде қалыптасқан.

Дала аймағы өсімдіктерінің тіршілік формаларына келетін болсақ, өз уақытында далалық өсімдіктер тіршілік формаларының бірнеше классификациялары ұсынылған (Высоцкий, 1915; Казакеевич, 1923; Келлер, 1933; Алехин, 1936; Лавренко, 1940 және т.б.).

Дала аймағы өсімдіктері тіршілік формалары ерекшеліктеріне қысқаша тоқталып кетуге болады.

1. Дала аймағында негізгі ландшафтық рөлді дала өсімдіктерінің бас эдификаторлары гемикриптофиттерге жататын ксерофильді енсіз жапырақты шымды қоңырбастар атқарады. Бұл қоңырбастардың ксероморфизмдік ерекшеліктерінің дәрежесіне байланысты оларды бірнеше экологиялық топтарға бөледі.

2. Қоңырбастардан және қияқөлеңдерден дала аймағына тамырсабақты ұзақ вегетациялық формалары тән академик Е.М. Лавренко оларды ксерофиттік қасиеттеріне байланысты бірнеше экологиялық типтерге бөлді (негізінен криптофиттер). Ксерофиттік белгілерінің бірте-бірте азаюына қарай Е.М. Лавренко оларды бірнеше экологиялық топтарға бөлді:

1) Эуксерофиттер – Agropyron intermedium,

2) Мезоксерофиттер – Bromus riparius, Carex supina,

3) Ксеромезофиттер – Agrostis tenuifolia,

4) Эумезофиттер - Agropyron repens.

3. Көпжылдық вегетациялық кезеңі ұзақ қосжарнақты шөптесін немесе әртүрлі шөптер. Бұл топқа жататындар көпжылдық және екіжылдық өсімдіктер (мысалы, Verbascum және т.б.). Кейбір гемикриптофиттер (кермектер, бақажапырақтар, қалампырлар), криптофиттер (пияздар) және вегетациялық кезеңі қысқарған көпжылдық шөптер, қыстық біржылдықтар(эфемерлер), біржылдық жаздық (терофиттер), шөптесін тіршілік формалары. Дала аймағына онша тән емес тіршілік формаларынан бұталарды (нано- және микрофанерофиттерді) кейбір қайың түрлерін, үшқатты атап айтуға болады.

Осы жоғарыда келтірілген тіршілік формаларын классификациялаудың әртүрлі жобалары ұсынылды (Г.Н. Высоцкий, 1915; Б.А. Келлер, 1933; В.В. Алехин, 1936; Е.М. Лавренко, 1940).

Тіршілік формаларымен далаларда негізгі синузияларды бөлу тығыз байланысты. Әрбір синузия белгілі экологиялық ерекшеліктерімен сипатталады. Е.М. Лавренко (1940) синузиялардың 8 негізгі типтерін бөлді: 1) дала бұталары; 2) жартылай бұташалар; 3) енсіз жапырақты шым түзетін қоңырбастар; 4) толық сабақты қоңырбастар; 5) көпжылдық ұзақ вегетациялық шөптер; 6) эфемероидтар; 7) біржылдықтар және 8) мүктер және төменгі сатыдағы өсімдіктер синузияларын бөлді.

В.В. Алехин өз еңбектерінде (1925, 1936) далаларды екі негізгі типке бөледі:

I Солтүстік далалары немесе әртүрлі шөпті жалпақ жапырақты-қоңырбастар даласы, ары қарай оларды Алехин бірнеше варианттарға бөледі:

а) гигрофильді вариант (ең солтүстік жағы солтүстігінде орман аймағына өтеді);

б) орталық (осы типті нағыз сипаттайтын алқап);

в) ксерофильді вариант (ең оңтүстік жағы бірте-бірте оңтүстігінде аймақ тармағы қаулы далаға ауысады).

II «Оңтүстік далалар» (қаулы дала) екі тип тармағына бөлінеді:

1) қызыл қаулы

2) қызыл емес қаулы

Қызыл қаулы тип тармағы үш вариантқа бөлінеді:

1) солтүстік

2) негізгі

3) оңтүстік

Қызыл емес қаулы тип тармағы да сол жоғарыдағыдай үш вариантқа бөлінеді:

1) орманды дала аймақ тармағына,

2) солтүстік шалғындық немесе әртүрлі шөпті-қоңырбасты далаға,

3) оңтүстік қоңырбасты немесе қоңырбасты-әртүрлі шөпті далаларға.

Н.В. Павлов (1948) далалар аймағын жай қарапайым аймақ тармақтарына бөлді:

1) орманды дала аймақ тармағына,

2) солтүстік, шалғындық немесе әртүрлі шөпті-қоңырбасты далаға,

3) оңтүстік қоңырбасты немесе қоңырбасты-әртүрлі шөпті далаларға.

Е.М. Лавренко (1940) дала өсімдіктері топтарын классификациялаудың негізі етіп тіршілік формаларының анализін, яғни олардың синузиялық құрылымын алды. Көптеген тип тармақтары шегінде ол эдафикалық ауысатын варианттарды бөледі – галофиттік, петрофиттік, псаммофиттік, гемипсаммофиттік деп. Е.М. Лавренко классификациясы бойынша далалар шөптесін өсімдіктер типтері тобына жатқызылады. Е.М. Лавренко (1956) «КСРО-ның геоботаникалық картасы» деген еңбегінде далалардың 9 типін ажыратады: 1) нағыз далалар, 2) шалғындық дала, 3) шөл дала, 4) бұталы дала, 5) жебірлі (Thymus) дала, 6) жартылай саванналар (тау алды және аласа таулар – Батыс Тянь-Шань, Памир-Алай), 7) тікенекті шөптесін өсімдіктер (Орта Азия таулары), 8) трагаканттық (Кавказ және Орта Азияның оңтүстік бөлігі), 9) тақыр жерлер Памир-Алай, Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы тауларындағы далалардың жоғары шекараларындағы криофильдік биік таулық.

Е.М. Лавренко (1956) далалар аймағын 4 аймақ тармақтарына бөледі:

1. Орманды дала аймақ тармағы

2. Шым түзетін-қоңырбасты әртүрлі шөпке бай аймақ тармағы

3. Шым түзетін-қоңырбасты әртүрлі шөпке кедей далалар

4. Жусанды-бетегелі-қау даласы деп.

Дала өсімдіктерінің динамикасы туралы академик В.Н. Сукачев (1928) және В.В. Алехин (1936) жұмыстарынан кейін И.Н. Культиасов (1981) бойынша сукцессиялық 2 типін ажыратады:

1. экзодинамикалық сукцессиялар

2. эндодинамикалық сукцессиялар.

КСРО территориясындағы далаларды ботанико-географиялық аудандастыру туралы әдебиетте мәліметтер жеткілікті. Біз тек дала облысын провинцияларға бөлу «КСРО геоботаникалық картасында» (1956) берілген және Е.М. Лавренко (1970) енгізген түзетулерімен варианттарына тоқталып өттік бұл бөлімде.

Дала облысы өз кезегінде 2 облыс тармағына бөлінеді:

1. Қаратеңіз маңы – Қазақстан даласы.

2. Орталық Азия даласы.

Пысықтау сұрақтары:

1. Дала туралы жалпы түсінік, далаларды қорғау. Далалар типтері. Дала анықтамасы.

2. Далалардың негізгі белгілері, дала аймағының табиғат жағдайлары.

3. Дала аймағының ормансыз болуының себептері.

4. Дала аймағы флорасы, экобиоморфалары және синузиялары ерекшеліктері.

5. Дала аймағы қоңырбастарының экологиялық топтарға бөлінуі (эуксерофиттер, мезоксерофиттер, ксеромезофиттер).

6. Дала аймағы өсімдіктерінің тіршілік формаларына (экобиоморфаларына) қысқаша шолу 1) ксерофильді енсіз жапырақты шымды қоңырбастар, 2) тамырсабақты ұзақ вегетациялық формалары, 3) вегетациялық кезеңі ұзақ қосжарнақты шөптесін немесе әртүрлі шөптер, 4) вегетациялық кезеңі қысқарған көпжылдық шөптер және т.б.

7. Дала өсімдіктері тіршілік формаларын қамтитын Келлер ұсынған классификациясы.

8. Дала өсімдіктері тіршілік формаларын қамтитын В.В. Алехин классификациясы (I-XV).

9. Академик Е.М. Лавренко (1940) бөлген дала синузиялары типтері (1-8).

10. Академик Е.М. Лавренко (1956) бойынша далалар аймақ тармақтары (1-4).

11. Орманды дала аймақ тармағы сипаттамасы.

12. Шымды-қоңырбасты бай әртүрлі шөпті дала аймақ тармағы ерекшеліктері.

13. Шымды-қоңырбастар кедей әртүрлі шөпті дала аймақ тармағы ерекшеліктері.

14. Жусанды-бетегелі қау дала тармағы ерекшеліктері.

15. Дала өсімдіктері динамикасы.

16. Дала облыстарын провинцияларға бөлу.

ОРМАНТАНУ

Кіріспе

Орман шаруашылығының теориялық негізі биологиялық, техникалық және экономикалық болып бөлінеді. Биологиялық негізі экология, топырақтану, геоботаника, өсімдіктер физиологиясы, метеорология, зоология, фитопатология заңдылықтарына сүйеніп құрылған.

Орман өсімдіктерін білудің адам үшін маңызы өте зор. Оны ормандардың қызметін білуден түсінуге болады. Орман қызметін екі топқа бөлуге болады:

1) биосфералық,

2) әлеуметтік.

Биосфералыққа: 1) климат өзгертушілік (атмосфера өзгертушілік, температура реттегіштік, жауын-шашын шақырушылық); 2) топырақ өзгертушілік (эрозияға қарсы, топырақты мелиорациялау, аккумуляциялау); 3) гидросфера өзгертушілік (су қорғаушы, су реттегіш, эрозияға қарсы) рөлдері жатады.

Бұл тізімге биотоөзгертушілік рөлін де қосуға болады. Орман - флора және фаунаның биологиялық алуантүрлілігінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сонымен, орманды биосфераны тұрақтандырушы және тіршілігіне жағдай жасаушы деуге болады.

Орманның әлеуметтік рөлін тікелей адамдарға қатысты былайша бөліп көрсетуге болады:

1) орта жасаушы;

2) санитарлық-гигиеналық;

3) рухани;

4) шикізаттық.

Орта жасаушы рөлі жоғарыда келтірілген биосфералық қызметіне байланысты.

Санитарлық-гигиеналық рөліне атмосфераны тазалауын, фитонцидтер бөлуін, ауаны озондандыруын, шаң-тозаңды, шуды сіңіруін, емдік су көздерін қорғауын жатқызуға болады.

Рухани рөліне эстетикалық, ғылыми, мемориальдық, дем алатын орын ретіндегі маңыздылығын жатқызуға болады.

Шикізаттық қызметі әдетте негізгі деп саналады. Сүректі (ағашты) пайдаланудан басқа оған шайырдың қою массасын (живица) дайындау, аң шаруашылықтары және шөп шабу, мал жаю, саңырауқұлақтар, жидектер, жаңғақтар жинап дайындау және т.б. жатқызуға болады.

Жер шарында ормансыз өркениеттің дамуын және адамдардың бақытын елестету мүмкін емес (Нестеров, 1960).

Орманның табиғатын білу шаруашылықты дұрыс жүргізу принциптерін дәлелдеуге мүмкіншілік береді (Морозов, 1970).

Орман дегеніміз - Г.Ф. Морозовтың (1970) анықтамасы бойынша, бір-біріне, топыраққа және атмосфераға әсер етуінің нәтижесінде сыртқы формасы және ішкі құрамы өзгерген ағаш өсімдіктері жиынтығы.

Орман - планетадағы өсімдіктердің негізгі типтерінің бірі, ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктерінің жиынтығынан пайда болған.

Орманда бір-біріне және сыртқы ортаға әсер ететін, өзінің дамуында биологиялық өзара байланысты жануарлар және микроорганизмдер болады.

Наши рекомендации