Экологияның даму тарихы.

Ақпаратты-дидактикалық блок.

Болашақта да Homo sapieps (саналы адамдар) биосфера шекарасынан алысқа кетіп,жағдайы жердегіден өзгеше Планетаға барып өмір сүреді деп айту қиын.

Осы күнгі биосфера туралы түсінік белгілі орыс ғалымы, академик В.И. Вернадскийдің 1924 жылы Францияның Сорбонн университетттерінде берілген лекцияларында оқыған болатын.

Биосфера – адамдардың денесі сияқты дейді ол, - қоғам мүшелерінің сапалы еңбек етуіне қажеттің бәрін береді. Олар бір жағынан биосфераның арқасында өмір сүрсе, екінші жағынан өздері табиғат құбылыстары мен өзгерістеріне, табиғаттағы заттар айналымына қатынасып отырады.

Бірнеше миллиард жылдар бойы жаратылыс заңдарына сәйкес өсіп жетілген биосфера біртіндеп Ноосфераға (hoos – гректің сана деген сөзі) айналып бара жатқанын, келешекте әлем жаратылыс заңдарымен қатар адамдардың ақылына, санасына бағынатынын айтқан.Ноосфера – биосфераның жоғарғы сатысы болып саналады.

Біртұтас жүйе ретінде биосфераның орнықты қызмет жасауы жаһандық экожүйенің құрамдас бөліктерінің бірі – адамзаттың өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етеді. Әртүрлі деңгейдегі экожүйелердің қызмет ету заңдылықтарын түсінбеу немесе оларды жеткілікті ескермеу қазіргі биосфераның дағдарыстық күйінің тууына себеб болды.

Биосферада өмір сүретін организмдерді популяциялар, бірлестік пен экожүйелер деңгейлерінде зерттеуге болады.

Өзара әрекетте болатын, ортақ аумақты бірге жайлайтын және өзін-өзін ұрпақтар арқылы өрбілетін бір түрдегі даралар тобы популяциядеп аталады. «Популяция» латынша «populus» - халық,тұрғындар мағынасын білдіретін сөзден шыққан. Сонымен, экологиялық популяцияны белгілі аймақтағы бір түрдегі тұрғындар ретінде анықтауға болады.

Организмдер бірлестіктерібиорганикалық ортамен тығыз материал-энергетикалық қатынастар арқылы байланысқан.Өсімдіктерге көмір қышқыл газы, сн, оттегі, минералды тұздар үзбей түсіп тұрса ғана олар солардың есебінен тіршілік ете алады.Күн энергиясын пайдаланып биорганикалық қосылыстардан органикалық заттар синтездейтін организмдер автотрофтардеп аталынады, ал химиялық реакцияларда шығарылатын энергияны қолданатындар – химотрофтар. Дайын органикалық заттармен қоректенетін организмдерді гетеротрофтар дейді. Бірге тіршілік ететін токтатуларды және өзара байланысты организмдерді биоценоздар(латынша: «bios» - өмір және «koinos» - ортақ) деп атайды. Биоценоздардың алатын ауқымы тым үлкен, ол ағаш діңдегіндегі мүктер бірлестіктерінен немесе шіріген томардан (ағаш түбірі) бастап мәуелі өңірге дейінгі (ормандар,далалар, шөлдер, және т.б.) ауқымды қамтиды.

Биогеоценоз (экожүйе) – биорганикалық ортамен өзара әрекеттесетін, соған материалдық-энергетикалық тұрғыда тәуелді болатын тірі мақылұқтардың күрделі табиғи кешені, ол өзінің мәні, заттардың айналымы бойынша дамып қалыптасатын, құрамдық бөліктері ұзақ уақыт бойы жән терең бейімделудің нәтижесінде қалыптасқан, динамикалық жағынан теңестірілген жүйе.

Тірі заттардың ғылымы сияқты экологияның көзі олардың бір-бірімен байланысы және тамақтануы өз тамырын адамзаттың өз азығын өсімдік, жануарлардан алған кезден басталды. Жеуге жарамды өсімдіктердің тұқымы, түбірі, сабағы қалай көрінеді, қайда, қашан өсетінін білу керек және жабайы жануарлардың миграциялану жолдары қайда жатқанын және олар ұрпақтарын қайда туатыны туралы білу өте қажет. Осылар жайында алғашқы деректер Гиппократ, Аристотель сияқты тағы басқа философтардың туындыларында кездеседі.

Ортағасырларда Еуропада адам ойының артқа тартуы, шіркеулр негізгі ғылымдардың дамуына тежегіш әсер етті. Бірақ, XV-XVI ғасырлардағы Ұлы географиялық ашылулар діни көзқарастарды ойландырды. Осы экспедицияларға алынған жаңа географиялық, биологиялық ақпараттар христиан діні таралған жерде өз орнын таба алмады. Басқа елдерден келген саяхатшылар бейтаныс жануарлар мен өсімдіктердің тұқымын әкеле бастады. Осындай көптүрлі тірі ағзалардың формасын бір жүйеге келтіру үшін таксономиялық жүйе қалыптпстыру қажет еді. Бұл XVIII ғасырдың бірінші жартысында іске асты.К.Линней жануарлар мен өсімдіктер үшін таксономиялық жүйе жасады. Ж.Л.Бюффон (1707-1788) өзінің «Нағыз теория» еңбегінде жануарлар ағзасына климаттың әсері жайында жазды. Ж.Б.Ламарк (1744-1829) өсімдіктер мен жануарлар эволюциясының ішкі жағдайына назар аударды. Ал Альфонс Де Кондоль (1806-1895) өзінің «Ботаникалық география» еңбегінде жануарлар ағзасына абиотикалық факторлардың әсері жайында жазды.

Қазіргі уақытта экологияның дамуына П.С.Паллас (1741-1811), И.И.Лепехин (1740-1802), С.П.Крашенинников (1711-1755), М.В.Ломоносов (1711-1765) сияқты ресейлік ғалымдар өз үлестерін қосты. 1775 жылы орыс ғалымы А.А.Каверзнев «Жануарлардың қайта туылуы туралы» кітабын шығарды.Онда ол жануарлардың түрленуін экологиялық позициясы жағынан қарастырды.

Экологиялық идеялардың дамуына үлкен роль атқарған неміс ғалымы А.Гумбольт (1769-1859) еді. Ол 1807 жылы «Өсімдіктердің географиялық идеясы» деген кітабын шығарды. Онда ол қазіргі кезде экологтар қолданатын ғылыми түсініктерді ғылымға енгізді.

1866 жылы Ч.Дарвиннің ілімі шығысымен Э.Геккель (1834-1919) ғылымға «экология» терминін дүниеге әкелді. Э.Геккель жалғыз емес еді, 1877 жылы неміс гилробиологі К.Мебиус (1825-1908) биоценоз туралы ілімді дүниеге әкелді. Биоценоз ілімі тіршілік ету ортасымен тығыз байланыста болатын тірі ағзалардың бірлестігі екенін түсіндірді. Биоценоз термині қазіргі ғалымдардың арасында кеңінен қолданылады. Биоценоз – бұл қандай да бір экожүйенің бір бөлігі болып есептеледі. Егер биоценозға биоценозды құрап тұрған тірі ағзалармен байланысқан сыртқы ортаны қоссақ, экожүйені аламыз.

1895 жылы дат ғалымы Е.Варминг (1841-1924) ботаникаға «экология» терминін енгізді. Орыс ғалымы В.В.Докучаев (1846-1903) табиғат зонасы және топырақ жайында ілім жазды. В.В.Докучаевтің идеясы геоботаника және ландшафттанудың дамуына негіз болды.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында экологияның қалыптасуына көптеген орыс ғалымдары атсалысты. Олар: А.Н.Бекетов, С.А.Усов, П.П.Сушкин, Б.М.Житков, В.В.Стачинский, Н.П.Наумов, А.М.Формозов, Н.И.Калабуков, Н.Ф.Леваковский, С.И.Коржинский, А.Я.Гордягин, И.К.Пачоский, А.Н.Краснов, Г.И.Танфильев, П.Н.Крылов, Г.Ф.Морозов және тағы да басқалар. Бұл кезде өсімдік географиясы, жануар экологиясы, өсімдік экологиясынан көптеген монография, оқу әдістемелері шыға бастады.

Экожүйелер жайындағы ғылым болып табылатын жалпы экологияның туған жылы 1935 жыл еді – бұл ағылшын геожұмысшысы А.Тенслидің экожүйе ілімі жарыққан жылы.

ХХ ғасырдың басы мен ортасында Ресейде экологияның дамуы мына ғасырлардың атымен байланысты еді: Б.Г.Иоганзен, М.С.Гиляров, Г.А.Викторов, С.С.Шварц, П.Д.Яроменко, Г.И.Поплавская, А.П.Шенников, В.Г.Карпов, Т.А.Работнов, Л.Г.Раменский, Т.К.Горышина,В.Д.Александрова, Б.А.Тихомиров, В.И.Василевич, Л.Е.Родин және тағы басқалар. ХХ ғасырдағы шетелдік ғалымдардың ішінде:А.Пирс, Ч.Элтон, В.Шелфорд, В.Мак-Дуголл, Ф.Клементс, Ю.Одум, Э.Планка, Р.Риклефс, Ф.Рамада және де басқаларды бөліп айтуға болады.

Экологияның дамуы мен қалыптасуында өте маңызды роль атқарған биосфера ілімін құрастырушы – орыс ғалымы В.И.Вернадский еді. Биосфераның Вернадскиймен ашылуы адамзат ашылуларының ең ұлысы. Вернадский жердегі өмір – жалпығаламшарлық және ғарыштық құбылыс және биосфера – заттық энергиялық жүйе екенін дәлелдеді.

ХХ ғасырдың 2-жартысы мен ХХІ ғасырдың басында экология – итегрирленген ғылымға айналды.Бұл период экологиялық кризистің қауіпін әлемдік бірлестікпен қорғау жайында түсіндіреді. Адамның ролі табиғаттың бір бөлігі және оның табиғи процестерге тәуелді екені қабылданды. Барлық қоғамның экологияға қызуғышылығы артты. Экологиялық білім негізінде биосфераның бұзылуын тоқтату жөнінде зерттеу жұмыстары ашылып, табиғатты қорғау жөнінде заңдар шығарыла бастады.Экологияның бұл периодының дамуы мынандай шетелдік ғалымдардың атымен байланысты: Ю.Одум және Г.Одум, Т.Миллер,Б.Небел және т.б.Ресейлік ғалымдардың ішінде М.С.Гиляров,Д.Н.Кашкаров, Н.Ф.Реймерс,А.В.Яблоковты айта кетен жөн.

.

6.2 Экологияның мазмұны, пәні және мәселесі.

Қазіргі күнгі экологияның мазмұнын өзіндік «биологиялық центр» түзетін ұйымдастыру деңгейінің концепциясымен анықталады.

Гендер Жасушалар Мүшелер Ағзалар Популяциялар Бірлестіктер

экологияның даму тарихы. - student2.ru

ІІ ІІ ІІ ІІ ІІ ІІ

Гентикалық Жасушалық Мүшелер Ағзалар Популяц-қ Экожүйе

жүйелер жүейлер жүйелері жүйелері жүйелер

1-сурет. Ұйымдастыру деңгейінің спектрі.

Бірлестік, популяция, ағза, мүше, жасуша және ген - өмірді ұйымдастыру деңгейінің негізі. Кіші жүйеден үлкен жүйеге қарай иерархиялық қатармен орналасқан. Қоршаған ортамен қарым-қатынасы нәтижесінде әр дәреже немесе сатыда функциональді жүйе пайда болады. Жүйенің астына бір мақсатты көздейтін бір-бірімен байланысқан - әрекет және бір-біріне тәуелді компоненттер кіреді.Экология,біріншіден, ұйымдастыру дәрежесінің ағзаүстілік жүйесін оқытады. Оларға: популяция, экология жатады.

Ең ірі және өз-өзін заттар мен энергиямен қамтамасыз етуі идеалына жақын жүйе – биосфера. Оның құрамына барлық тірі ағзалар кіреді.

Иерархиялық әдіс экологиялық жағдайларды оқыту және бөлшектеуге өте қолайлы жағдай туғызады.Осы негіздің тұсында экология ғылымына, мазмұнына, пәніне, мәселесіне анықтама бере аламыз.Экология – бұл тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасы туралы ғылым.

Қазіргі күнгі экология – бұл тірі ағзалардың өзара қатынасы, соның ішінде адамның да қоршаған ортамен байланысы жайында ғылым.Қазіргі күнгі экологияның құрылымына: жалпы экология (биоэкология), әлеуметтік экология, адам экологиясы, қолданбалы экология.

Жалпы экология табиғи жағдайда ағзалар мен бірлестіктердің қоршаған ортамен қарым-қатынасының заңдылықтарын зерттейді. Олардың құрылымына бірнеше өзара байланысқан бөлімдер кіреді. Оларға: қоршаған орта факторлары туралы ілім және олардың ағзаға әсер ету заңдылықтары, ағзалардың экологиясы немесе аутэкология, экожүйе туралы ілім немесе биогеоцинология, биосфера туралы ілім немесе басты экология.

Экологияны зерттеу пәндеріне биологиялық макрожүйе (популяция, биоценозы) және олардың уақыттық және кеңістіктік динамикасы жатады.

Жалпы экологияның мәселелерін оқуға: әртүрлі табиғи экожүйелердің функционирлену заңдылықтары, табиғи ортаны стабилизациялау, қорғау, құрастыру кезіндегі тірі ағзалардың ролі, механизмдерді зерттеу кіреді.

Әлеуметтік экология мен адам экологиясы бір-бірімен тығыз байланыста, себебі көптеген ортақ мәселелері бар. Айтарлық, адам мен қоғам бір-бірінен айырылмайтын ұғым.Әлеуметтік экология адам қоғамының өзара байланысы және географиялық-кеңістіктікпен байланысы, әлеуметтік және мәдени ортамен байланысы, өндірістік іс-әрекеттердің қоршаған орта құрмы мен қасиетіне тікелей және қосымша әсері, антропогендік ландшафтың адам популяциясының деңсаулығы мен генофондына экологиялық әсері жайында оқытатын ілім.Адам экологиясы биологиялық тұрғыдан адам эволюциясының ерекшелігі, биосфералық процестерде оның спецификалық ролі. Қолданбалы экология – табиғаттану жайындағы сұрақтарға жауап береді, ортаға әсер ететін күштерді анықтайды., табиғи жүйемен басқарылатын әдістерді ұсынады. Сондықтан жалпы экология – бұл табиғи жүйенің экологиясы және табиғи орта жайында ілім, ал әлеуметтік экология, адам экологиясы және қолданбалы экология – бұл табиғи жүйенің адам өзгертілген экологиясы. Қолданбалы экологияның құрылымына технология, ауыл шаруашылығы, медицина, химия, геохимия, табиғатты пайдалану салалары кіреді. Әлеуметтік экология, адам экологиясы, қолданбалы экологияның теориялық базасын жалпы экологиялық заңдылықтар, ережелер, прпициптер жүйесі құрайды.

Наши рекомендации