Таза алғашқы өнім және екінші өнім ұғымдары
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Орхус ұлттық орталығы «Қазақстанда - экологиялық таза өндіріс индустриясын дамыту» деген тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырып, елімізде өндірілген өнімдерге экологиялық заттаңба жапсыру мәселесін талқылады. «Барлық кәсіпорындар экологиялық таза өнім дегенді түсіне бермейді. Сондықтан біз өндіріс орындары мен азық-түлік өндірушілерге арналған талаптарды тізіп қойдық. Алдағы уақытта бұл жүйе ары қарай тереңдетіліп, жетілдірілетін болады. Қазір Қазақстанда экологиялық таза өнім өндіретін 74 компания бар. Сұранысты қанағаттандыру мақсатында кәсіпорындардың санын ұлғайтып, экологиялық таза өнім өндірушілерді өзгелерден ерекшелендіру үшін олардың тауарларына арнайы заттаңба жапсыру керек», - деді дөңгелек үстелде «Экология» халықаралық академиясының президенті, «Экологиялық таза өнімдер» стандарттау жөніндегі техникалық комитетінің төрағасы Мұсағали Дуамбеков.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 2004 жылғы Жолдауында еліміздің бәсекеге қабілеттігі кәсіпорындардың халықаралық стандарттарға ауысуы мен халықаралық сапа стандарттарын енгізуінің жылдамдығымен анықталатындығын атап көрсеткеннен кейін Қазақстан - ТМД елдері арасында алғашқылардың бірі болып тауардың табиғи таза қалыптан ауытқымауын қадағалау ісін қолға алып, Экологиялық кодекске тиісті міндеттемелер енгізді. Сөйтіп, өндірілген өнімге экологиялық заттаңба қою арқылы тұтынушыға тауар турасында сенімді әрі нақты ақпарат жеткізу арқылы нарықты қоспасыз таза өніммен қамтамасыз етуге бел буды. Бұл тәсіл өнім өндірушінің назарын өнім сапасы мен қауіпсіздігіне баса назар аудартатын маркетингтік механизмге аудартуға түрткі болады деп күтілді. «Халықаралық стандарттарды енгізу біздің кәсіпорындарымыздың терезелерін шетелдік өндірушілермен теңестірсе, өнімдерге «экологиялық таза өнім» деген қазақстандық белгі соғу - экологиялық аймақ туралы стереотипті бұзып, отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін артырады және сырттан тасымалданатын тауарға тосқауыл қояды», - деді жиында М.Дуамбеков. Осы ретте елімізде халықаралық стандарттарды енгізу үдерісі өте күрделі жүріп жатқанын айта кету керек. Тап қазір Қазақстанда небары 720 кәсіпорын ғана - ИСО 9001 стандартына ие болса, 48 кәсіпорын - ИСО 14001 стандартына, 74 кәсіпорын - экологиялық таза өнім стандартына ие.
Экологиялық пирамида түсінігі және оның түрлері.
Экологиялық пирамида ережесі – экожүйедегі консументтер, продуценттер және редуценттер арасындағы олардың массасымен өрнектелген арақатынас заңдылықтары. Экологиялық пирамида ережесі көбіне бағана түріндегі сызбанұсқалар арқылы беріліп, табиғи бірлестіктердің белгілі бір өнімділігі арқылы ерекшелінеді. Ол массалық не энергиялық өлшем бірлігі арқылы өлшенеді. Экологиялық пирамида ережесі биомасса, энергия және сан пирамидасы болып үш топқа бөлінеді.[1] *Биомасса пирамидасы – қоректік тізбектің бірінші деңгейінен екінші деңгейіне берілетін органикикалық заттар массасы. Продуценттердің биомассасы едәуір көп мөлшерде болуымен ерекшеленеді. Бұдан кейінгі әрбір қоректік тізбекке өткен сайын биомасса мөлшері 10 есеге дейін азая береді. Организмдердің өнімділігі белгілі бір уақыт аралығында түзілген құрғақ органикалық заттардың биомассасы арқылы өлшенеді. *Энергия пирамидасы – қоректік тізбектегі бірінші деңгейден келесі әрбір деңгейге берілетін энергия мөлшерінің заңдылығы. Бұл энергия мөлшері де бір деңгейден екінші деңгейге өткенде 10 еседей азая береді. *Сан пирамидасы – әрбір қоректік тізбек деңгейлеріндегі организмдер саны арақатынасының заңдылығы. Қоректік тізбектегі дарабастар саны келесі қоректік деңгейлерде азая түседі. Бірақ оның көбеюі де мүмкін. Мысалы, орманда өсімдікпен қоректенетін жәндіктердің дарабастарының саны көп болған жағдайда. Сан пирамидасының диаграммасы биомасса мен энергия пирамидаларының диаграммасынан басты ерекшелігі – оның төмен деңгейлеріне қарағанда, жоғары деңгейлері бірте-бірте ұлғая түседі