Гидрофилдер -ылғал сүйгіш жаннуарлар (ақбас, маса, былқылдақ денелері және қосмекенділер).
Геобионттар- топырақты тұрақты мекендеушілер, яғни олардың барлығы тіршілік (циклі) кезеңдңрі топырақ ішінде өтеді (жауын құрт, қанатсыз жәндіктер).
Геофилдер -даму кезеңдерінің тек бір бөлігін топырақ ішінде өткізетін жануарлар. Оларға көпнесе бунақденелілер: шегіртке, қоңыздар, ұзынаяқты масалар жатады. Олардың дернәсілдері топырақта дамиды , ал ересек түрлері жер үсті тіршілік иелері болып саналады.
Геоксендер -топырақты жасырыну немесе тығылу үшін пайдаланатын жануарлар ( індерде болатын тарақан, кеміргіш, сүтқоректілер).
Гомотиптік реакциалар - бір түрге жататын дара организмдер арасындағы өзара әрекеттер.
Гомойотермді организмдернемесежылықандылар деп атайды.
Гаузе принципі немесе бәсекелестік аркылы жою – екі түр бір экологиялық қуыста қатар тіршілік ете алмайды
Демография -популяцияның жыныстық және жас ерекшілік құрамын сипаттау. (“демос”- халық , “графо” - жазамын суреттеймін).
Жыртқыштықдеп бір популяция екіншісіне жағымсыз ықпал ете отырып, сол әрекетінен пайда болатын популяция аралық қатнастарды айтады.
Жасырын тіршілік -маңызды экологиялық бейімдеушілік бұл өмір сүру ортасының қолайсыз өзгерістеріне бейімделу әдісі. Организымдер қолайлы жағдай туғанда, белсенді өмірге қайтадан көшеді.
Заттар ағыны -продуценттерден редуценттерге заттардың химиялық элементтермен олардың қосылыстары түрінде ауысуы және әрі қарай химиялық реакциялар арқылы олрадың продуценттерге қайта келуі.
Зат айналым-зат ағынының тұйық цикілде өтуі.
Классикалық экология – биологиялық жүйелердің қоршаған ортамен байланыстарын зерттейді.
Ксерофиттер- ( грекшеxeros- құрғақ ) құрғақ жерде өсетін өсімдіктер. Олар суккулент склерофитболып екіге бөлінеді.
Ксерофилдер- құрғақ сүйгіш жануарлар ( түйе шөл кемірушілері және бауырмен жорғалаушылар).
Криофильді организмдер -салқын температураға бейімделген организмдер
Комменсализмжағдайында қауымдастық құраушы түрдің бірінің популяциясы бірлесіп тіршілік етуден пайда табады, ал екінші түрдің популяциясы ешқандай пайда көрмейді.
Қауым -отырықшы жануарлардың топтықорналасуы.
Консументтер -осы органикалық заттарды жаңа формаға айналдыратын тұтынушылар, яғни олар (латынша “ consumo “- тұтынамын ) продуценттер жасаған органикалық заттарды пайдаланатын гетеротрофты организмдер.
Қоғамдық экология- қоғам мен қоршаған орта жүйесіндегі байланыс пен тәуелділікті қарастырады.
Қолданбалы экология – агрожүйе байланыстарын, қала экожүйесін, техносфераның қоршаған ортамен байланысын зерттейді.
Қоршаған орта - организмдерді қоршайтын және олардың құрлысы мен қызыметіне тікелей немесе жанама әсер ететіндер.
Қоректік тізбек-әрбір алдыңғы түр келесіге корек болатын қатарлар.
Климаксқоршаған ортамен тепе-теңдікті болатын, өздігінен қалпына келетін тұрақты, шегіне жеткен бірлестік –климаксты атайды. Климакс ( грекше klimax – саты ) – осы орта жағдайларында экожүйе дамуының соңғы тұрақты жағдайы. “Климакс ” терминін ғылымға 1916 жылы Ф. Клементс енгізген.
Қолайлық немесе оптимум заңы.Факторлардың белгілі бір мәндерінде организмдердің тіршілік етуі үшін ең қолайлы жағдайлар туады. Организм тіршілік ете алатын фактордың төменгі мәні минимум,ал жоғарғы мәні – максимум деп аталады. Организм тіршілік ететін, бірақ нашар, әлсіз, қажығын жағдайдағы фактордың мәні- пессимум, ал организмнің тіршілігіне қолайлы жағдайды немесе фактордың мәні- оптимум деп аталады.
Линдеман заңызаттар мен энергия тасмалданудың әббір кезеңінде шамамен 90% -і жоғалады және олардың 1\10 бөлігі келесі тұтынушыға көшеді. Организмдердің коректік тізбегіндегі энергияның берілу заңы “ 10% ереже” деп аталады. Бұл заңды 1942 жылы Р. Линдеман ашқандықтан , кейде оны “Линдеман заңы ” деп те атайды.
Мезофиттер – (грекше mesos - орташа)орташа ылғалды тіршілік орнының өсімдіктері. Оларға: көптеген орман шөптері ауылшаруашылық дақылдары мен арам шөптердің көпшілігі жатады.
Мезофилдер -орташа ылғалдықта тіршілік ететін жануарлар (түн көбелегі, көптеген бунақ денелілер құстар, сүтқоректілер ).
Микробиота -қоркектік тізбектің негізгі звеносынқұрайтын топырақ микроорганизмдері (жасыл және көк жасылбалдырлар,бактериялар, саңырауқұлақтар , қарапайымдар ).
Мезобиота- топырақ ішінде ұсақ қозғалғыш жануарлар (топырақ құрттары, бунақденелілердің, кенелердің дернәсілдері ).
Микробиота -ірі қозғалғыш бунақденелілер (жауын құрттардан бастап жер қазғыш омыртқалыларға дейін ).
Ноосфера Вернадский, адам еңбегіне бағытталған адамның саналық ролі мен барлық өсуші геологиялық күштері зор болатын биосфераның даму кезеңі.
Организімдердің мінез құлқы - кеңістікте әрбір организімдер сыртқы ортаның жоғарғы және төменгі температурасынан сақтау үшін өздерінің мінез- құлықтарын және табйғатта таралуын өзгертіп отырады.
Одумның анықтамасы(Американ зоологы) бойынша: тіршілік ортасы –организмнің адресі болса, экологиялық қуыс оның іс - әрекеттерінің түрі.
Популяция деп- үлкен аймақта тіршілік ететін және өзара байланыста болатын бір түрдің особьтарының ( дараларының ) тобын айтады.
Популяция С.С. Шварцтың анықтамасы бойыншақоршаған ортаның ұзақ уақыт бойы және үнемі өзгеру жағдайында өздерінің санын сақтау үшін, барлық қажетті жағдайлары бар, организмдердің белгілі бір түрлерінің қарапайым топтары.
Популяция гомеостазы - белгілі бір жағдайда организімдер сандарының қалыпты ұстауы.
Паразитизм немесе тоғышарлық - бұл жыртқыштық болып табылады, бірақ иеленуші бірден опат болмай, паразит оны белгілі бір уақытқа дейін пайдаланады.
Пойкилотерімді организмдер немесе суыққандылар деп атайды.
Продуценттер -қан энергиясын пайдаланатын жасыл өсімдіктер немесе органикалық заттарды биогенді элементтерден құрайтын жасыл өсімдіктер.
Редуценттер - органикалық қосылыстарды мениралды қосылыстарға дейін ыдырататын организмдер, яғни олар (латынша “reduceus , reducentis ” - қалпына келтірушілер, деструктор ) органикалық заттарды ыдырататын және оларды басқа организмдер игеретін бейорганикалық заттарға айналдыратын организмдер.
Суккуленттер (грекше succulentus – шырынды) ұлпасынан көп мөлшерде су шығаруға бейімделген өсімдіктер. (кактус алоэ агава )
Склерофиттер. (грекшеskleros - құрғақ, қатты) құрғақшылыққа төзімді, су булануды эффективті үстайтын өсімдіктер (сексеуіл жантақ жусан селеу).
Стенобионтты - әрбір фактор мөлшерінің оптимумнан шамалы ғана ауытқуларына төзе алатын түрлер.
Сциофиттер немесе көлеңке сүйгіш өсімдіктер -күшті жарыққа төзімсіз келеді және үнемі көлеңкеде өседі. Бұларға папоротник , орман шөптері , мүк, саумалдық жатады.
Симбиоз - егер екі популяцианың бірлігі облигатты болса.
Сукцессия ( succesio - ауысу , бірізді ) жер бетінің белгілі бір участогінде бір биоценоздың басқалармен ауысуы. Сукцессия терминнін 1898 жылы Г. Каулсон ұсынды.
Табиғи орта - Жер бетіндегі адамдардың байланысынсыз пайда болған және бұрынғы ұрпақтардан қалған орта.
Төрт тіршілік ортасы: су, жер, ауа, топырақ және тірі организм денесі болып бөлінеді
Тобыр –биологиялық пайдалы ұйымдасқан іс - әрекеті байқалатын жануарлардың уақытша бірлігі.
Топ эффектісі дегеніміз - топтың өзінің және топ құрамындағы организмдердің санының дара организмдердің мінез- құлқына ,дамуы мен көбеюіне ықпалы.
Термофильді организмдер-ыстық температура ортасына бейімделген организмдер
Үйір -Тобырмен салыстырғанда үйір – бұл жануарлардың ұзағырақ және тұрақты бірлесуі.
Химиялық реттеу- сыртқы ортаның жылуы азайғанда организімнің өзінің жылу сіңіру процессінің артуы.
Факультативті гелиофиттер немесе көлеңкеге төзімді өсімдіктер. Бұлар жақсы жарық жағдайында өседі, бірақ көлеңкелеу жерге де оңай үйренеді. Орман өсімдіктерінің көпшілігі, орманшөптері, бұталар жатады.
Физикалық реттеу жылудың денгейі өзгергенде, жылуды өз денесінен шығармай ұстап тұру қабілеті
Шектеуші факторлар заңы немесе Либихтің минимум заңы.Экологиялық факторлар жиынтығында қай фактор төзімділік шегіне жақын тұрса, сол фактордың ықпалы күштірек болады
“Шелфордтың толеранттылық немесе төзімділік заңы”бойынша: дамудың тежеуші факторы болып экологиялық факторлардың минимуммен мен қатар максимумы бола алады, ал олардың аралығы диапазоны факторға организімнің төзімділігін, толеранттық шамасын (tolerantia-шыдамдылық, төзімділік.) анықтайды.
Интродукция- табиғи ареалдан организм түрлерінің көшуі және жергілікті табиғи комплекстерге енгізілуі.
Экология -тірі организмдердің бірі-бірімен және олардың қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым.
Экологиялық мониторинг - бұл қоршаған орта жағдайын болжау, бағалау, талдау мен бақылау жүйесі.
Экологиялық факторлар – тірі организмдерге олардың жеке дамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама әсер ете алатын, ортаның кез келген әрі қарай бөлшектенбейтін элементі.
Эвриобионтты түрлер фактордың едәуір көп өзгерісіне төтеп бере алатын түрлер.
Эктопаразиттер -иесінің дененің сыртқы бетінде тіршілік ететін, сыртқы паразиттер (кене, сүлік биттер) .
Эндопаразиттер - иесінің денесінің ішінде тіршілік ететін ішкі паразиттер ( көпшілік құрттар, бактериялар, вирустар).
Этология -жануарлардың мінез- құлқының заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Экологиялық қуыс- организмдердің кеңістіктегі орны, бірлестіктегі қызметтік ролі және ортаның факторларына төзімділігі сияқты тіршілік шартарына организмнің барлық талаптарының жиынтығы.
Экологиялық жүйенемесеэкожүйе -зат айналымды қолдайтын, кез келген тірі организм мен бейорганикалық компонентер жиынтығы.
Экологиялық сукцессия тіршілік орнында түрлердің әртүрлі популяцияларының пайда болуы мен жойылуының белгілі бір ретілікпен жүретін маусымдық емес және заңды процессі.
Экологиялық проблема- “тірі жүйе – қоршаған орта” жүйесіндегі тепе -теңдіктің бұзылуынан тұратын қарама қайшылық .Экологиялық проблемаларөзекті (планетаның бүкіл биосферасына әсерін тигізеді), аймақтық (нақтылық аймақ ) және жергілікті болады.
Экологиялық дағдарыс -(гректің бұрылмалы пункті) кездейсоқ табиғи құбылыстардың әсерінен (су тасқыны , вулкандардың атқылауы , өрт, жер сілкініс және т, б.) немесе антрпопогендік факторлардың әсерінен (қоршаған ортаның ластануы, ормандардың кесілуі, және т. б. ) экологиялық тепе- теңдіктің бұзылу нәтижесінде экожүйелерде (мысалы, биосферада) туатын жағдайлар.
Экожүйенің өзіндік даму дегеніміз-төзімсіз жағдайдан төзімді жағдайға өтуі.
Экожүйенің негізгі сипаттамасы - түрлік құрамының әртүрлілігі.
Бұның бірнеше заңдылықтары бар:
1 экожүйелер шегіндегі биотоптың жағдайлары неғұрлым алуан түрлі болса , соғұрлым тиісті биоценоздың түрлері көп болады.
2 экожүйенің құрамында неғұрлым түрлер көп болса , соғұрлым тиісті түр популяциялары особьтарының саны аз болады.
3 биоценоздың әртүрлілігі неғұрлым жоғары болса, экожүйенің экологиялық төзімділігі соғұрлым жоғары.
4 түрі өте аз (монодақылды агроценоздар ) адамдар пайдаланатын жүйелер табиғаты жағынан тұрақсыз және тепе – теңдікті сақтай алмайды.
5 экожүйенің ешқандай бөлігі басқаларынсыз іске аспайды.
Экожүйенің тұрақтылық мәселесін талдауды аяқтай келе, өте маңызды экологиялық “1% ережені” құрастыруға болады.