А.лотканың жасаған тұжырымы ?

А. Лотканың жасаған тұжырымы: паразиттердің өздерінің иелерін жоюы тек паразиттердің санына емес, иесінің санына да тәуелді болады. Иесінің белгілі бір санына сәйкес келеді және иесінің популяциясының тығыздығының артуына байланысты паразит популяциясының тығыздығы артады. Паразит санының артуы иесінің санының кемуіне әкеледі де, соңғысы қайтадан паразиттер санының кемуіне әкеледі. Осылайша толқынды түрде иесі мен паразиттің популяцияларының саны периодты түрде ауытқып отырады.

Мұнда динамикалық өзін — өзі реттеуші жүйе жұмыс істейді. Паразитті санының арту толқынынан соң, иесінің санының арту толқыны кезектесіп келіп отырады. Паразит — иесі жүйесінжегі популяциялардың өзара әсеріне толық сәйкес келеді.

3 билетЛе Шателье-Браун принципі, Ле Шателье — Браун принципі, тепе-теңдіктің ығысу принципі — жүйені термодинамикалық тепе-теңдік күйден ауытқытатын сыртқы әсердің салдарынан сол жүйедегі тепе-теңдік осы әсерді әлсірететін (немесе оған қарсы әсер ететін) реакция бағытына қарай ығысатындығын тұжырымдайтын принцип. Жүйедегі тепе-теңдіктің ығысуына реагенттер мен өнімдердің концентрацияларының, қысымның (газдар үшін) және температураның өзгеруі әсер етеді. Мысалы, аммиакты синтездеу реакциясы: N2+3H22NH3, DHӘ=–46кДж/моль.Тепе-теңдік күйге келген жүйеде тура және кері реакциялардың жылдамдықтары бірдей болады. Жүйедегі азот немесе сутектің концентрациясын арттырғанда Ле Шателье принципі бойынша тепе-теңдік олардың концентрациясын кемітетін, яғни аммиак түзілетін бағытқа қарай ығысады. Керісінше, жүйедегі аммиак концентрациясын арттырғанда тепе-теңдік аммиактың концентрациясын азайтатын, яғни сутек пен азот түзілетін реакция бағытына қарай ығысады. Тура реакция жылу бөле жүретін болғандықтан жүйенің температурасын жоғарылатқанда тепе-теңдік Ле Шателье принципі бойынша сол әсерді бәсеңдететін, яғни жылу сіңіре жүретін реакция бағытына, яғни сутек пен азоттың түзілу реакциясы бағытына қарай ығысады. Керісінше жүйенің температурасын төмендеткенде тепе-теңдік жылу бөле жүретін реакция бағытына қарай ығысады.Қысымның тепе-теңдікке әсерін болжау үшін реакция теңдеуінің сол және оң жақтарындағы молекулалар сандарын салыстыру керек. Қысымды ұлғайтқанда Ле Шателье принципі бойынша тепе-теңдік молекулалар саны азаятын, яғни аммиак түзілу реакциясы бағытына қарай ығысады. Керісінше қысымды кеміткенде тепе-теңдік молекулалар саны көбейетін жаққа ығысады. Егер қайтымды реакция теңдеуінің оң және сол жақтарындағы молекулалар саны бірдей болса, онда қысымның өзгеруі тепе-теңдіктің ығысуына әсер етпейді. Ле Шателье принциін 1885 ж. А. Ле Шателье (1850 — 1936) тұжырымдап, ал теорилық тұрғыдан 1887 ж. К.Ф. Браун (1850 — 1918) негіздеген.

2.Энергия пирамидасы туралы түсінік(Дж/м2 жыл)кезекті трофтық деңгейлердегі энергия ағынының шамасын немесе өнімділігін көрсетеді. Энергетикалық пирамида барлық кезде жоғары қарай сүйірленеді. Бірақ тамақпен бірге жүйеге түсетін барлық энергия көздері есепке алынуы керек.

3.Антропогендік факторлар дегеніміз не ? (грек. anthropos – адам, genos – тегі, пайда болуы, лат. factor – іс-әрекет) – адамның барлық тірі организмдердің мекен ортасы ретіндегі табиғатты өзгертуіне әкеп соғатын немесе олардың тіршілігіне тікелей әсер ететін сан алуан әрекеттері. Антропогендік факторға қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің нәтижесінде атмосфера, өзен-көл және мұхит құрамының өзгеруі, сондай-ақ технология қалдықтар мен радиоактивтік заттардың әсерінен топырақтың ластануы, сөйтіп, жалпы экожүйенің құрамы мен құрылысының бұзылуы жатады. Қазіргі кезде адамның іс-әрекетінің кең көлемде бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі жер шарының барлық аймақтарында айқын байқалуда. Бүкіләлемдік бақылау институтының (АҚШ, Вашингтон қ.) мәліметтері бойынша табиғи орта жылдан-жылға нашарлап барады. Интернет жариялаған негізгі мәліметтерде жыл сайын 16,8 млн. га тропиктік ылғалды орман жойылатыны, жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан жыл сайын 6 млн. га шөл пайда болатыны, қышқыл жаңбырдан 50 млн. га орманның зақымдалғаны, жыл сайын біздің планетамызда жыртылатын жердің 26 млрд. т құнарлы қабаты жойылатыны, өсімдіктердің 25 – 30 мың түрі жойылып кету қаупінде тұрғаны атап көрсетілген. Кейінгі кезде атмосфераға жыл сайын 400 млн. т күкірт диоксиді, азот және көміртек оксидтері, қатты бөлшектер шығарылатыны анықталды. Қазақстанда Арал өңірінің, Семей жерінің, Балқаш маңының, Каспий алқабының экол. апатты аймақтарға айналуына Антропогендік факторлар негіз болып отыр.

№4билет

1.Қандай физико химиялық жағдайлар тіршілікке анағұрлым қолайлы болып табылады ?Көмірқышқыл газы мен оттегінің жеткілікті мөлшерде болуы. Судың жеткілікті болуы.Температуралық режим тым жоғары(аққуыздардын ұюына әкелетін).Минералдық қоректену элементтерінің жеткілікті болуы.2.Геофилдер туралы түсінік ? Геофилы (лат. Geophilomorpha) — один из самых разнообразных отрядов губоногих, насчитывающий более 1200 видов. Усики 14-сегментные. В основном представители не более 5 см в длину, но бывают особи достигающие 17 см. Тело лентообразное с 31 до 177 парами ног. Этот отряд состоит из многоножек живущих в земле. Часто могут зарываться на 70 см в глубину. Геофилы — подземные хищники, питающиеся мелкими беспозвоночными: от клещиков до червей. Встречаются светящиеся виды, а при свете берберского геофила даже можно читать.

3.Симбиоз дегеніміз не ? селбестік (грекше symbіosіs — бірігіп тіршілік ету) — екі түрге жататын организмдердің ұзақ уақыт немесе тұрақты түрде өзара пайдалы тіршілік етуі. Симбиоз терминін 1879 ж. неміс ботанигі А. Де Бари (1831 — 88) ұсынды. Симбиоз жануарлар мен өсімдіктер арасында жиі байқалады. Организмдер үшін бірігіп тіршілік ету жеке-жеке тіршілік етуге қарағанда анағұрлым пайдалы. Олардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы және одан келетін пайдасы осы симбиоз арқылы қалыптасады. Симбиоздың бірнеше түрі бар. Факультативті түрі — организмдер бір-бірімен симбиоз құрғанымен, әрқайсысының жеке тіршілік ете алуы. Мыс., үйеңкі ағашы қарағай мен балқарағайдың жақсы өсуіне әсер етеді. Облигатты түрі — симбиоз құрған екі организмнің бір-бірінсіз тіршілік ете алмауы. Мыс., бірі болмаса, екіншісі тіршілік ете алмайтын саңырауқұлақ пен балдыр симбиозы — қына. Мұнда балдыр саңырауқұлақты фотосинтез процесінде түзілетін органик. заттармен қамтамасыз етіп, өзі одан минералды заттар, су алады. Бұршақ тұқымдас өсімдіктер түйнек бактерияларымен (Rhіzobіun) бірлесіп тіршілік етеді. Бактериялар атмосферадан азотты сіңіріп, өсімдіктерді азотпен қамтамасыз еткенде, олар мол өнім береді. Сондықтан бұршақ тұқымдастары басқа өсімдіктерге қарағанда азотты қоректік затқа мұқтаж болмайды. Симбиоз жануарлар арасында да жиі кездеседі. Мыс., тақуа шаян актиниямен, термиттер мен құмырсқалар қоңыздармен симбиозды тіршілік етеді. Жалпы симбиозды тіршілік ететін организмдердің бір-біріне деген қарым-қатынасын ескере отырып, симбиоздың бірнеше типі жіктеледі.

5 билет

Наши рекомендации