БӨЖ тиімді ұйымдастыруға арналған әдістемелік ұсыныстар

Андатпа

Бұл әдістемелік нұсқау «Жер ресурстарын қорғау» пәнінің теориялық тақырыптарына негізделіп жасақталған. Пәнді игеруде түсінікті түрде бағыт беру үшін жер ресурстарын қорғау шараларының байланысы негізінде шығармашылық қабілет пен логикалық дағдыны қалыптастыратын тапсырмалар кешені берілген. Сонымен қатар кәсіби білімді жетілдіру мен қатар ізденіс жұмыстарын жүргізуге бейімдеуге арнайы тапсырмалар және оларды орындауға әдістемелік нұсқаулармен қамтылған.

АЛҒЫ СӨЗ

Жер ресурстарын қорғау пәні - студенттерге топырақ туралы тyciнiк беретін топырақтың-бүкіл биосфераның басты экологиялық қуысы ретіде, табиғаты мен қасиеттерін, оның қоршаған ортамен байланысын көрсететін, ipгелі теоретикалық ғылыми пәндердің бipi. Топырақ геологиялық, және биологиялық денелермен тығыз байланысты, ал оларды оқып-білу аталған мамандықтағы студенттер үшін өте маңызды.

Ландшафтың туындысы және элементі бола тұрып, топырақ жер бетінің табиғатының дамуына маңызды орта болады. Ландшафтың туындысы және элементі бола тұрып, топырақ жер бетінің табиғатының дамуына маңызды орта болады. Атмосфера, биосфера, литосфера, гидросфера арасында үздіксіз байланыста болып, топырақ жамылғысы Жер бетінде осы сфералардың арасындағы тіршіліктің дамуына аса қажет тепе-тендікті сақтайды.Өзінің құнарлылығы арқылы топырақ өндірістің негізгі құралы болады. Сондыктан да топырақты, оның биосферадағы және адам өміріндегі ролі мен орнын білу өте қажет.

Мақсаты:Жер ресурстарының қазіргі жағдайы мен тенденциялары туралы түсінік беру, жер ресурстарын қорғау және рициональды пайдалану мәселелерін сипаттау.

Міндеті:

- жер ресурстарын қорғау тәсілдерін ұғындыру;

- топырақ қабатының маңызды экологиялық міндеттірін анықтау;

- маңызды топырақ түзүлу факторларымен таныстыру;

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

шеберлігі:

- топырақ қабатының қазіргі заманғы терминологиясын білу;

- далалық зерттеулерімен таныстыру, топырақтың құрамы және қасиеті, сырт қабілеті түзүлу заңдарын игеру;

- топырақтың таралу мен топырақтың типтердің ерекшеліктерді зерттеу.

дағдысы болуы керек:

- алынған білімді жер ресурстары бойынша экологиялық процестерді іс-жүзінде жүзеге асыру туралы түсінігі мен дағдысы болуы керек;

- топырақты қорғау деңгейі мен тиімді пайдалану,қорғау жобаларын,заңдарын білу;

- топырақ эрозиясынын бағалау тәсілдерін меңгеру;

құзыреті:

- жер ресурстарын бұзылу әсерлерінен қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу, оны іске асыру;

- оқулық және анықтамалық әдебиеттермен, электрондық және баспа көздерінен жер ресурстары туралы ақпараттарды өз бетінше саралап жұмыс жасай білуі;

Семинар барысында студенттер игеруі тиіс:

- топырақтың адам өміріндегі маңызын, оның биосферадағы ролін;

- биологиялық алуантүрлілікті сақтауда топырақтың ролін;

- жер бетіндегі топырақтардың зоналық таралу заңдылықтарын және оның табиғи

зоналықпен байланысын;

- топырақ түзілу процессі, топырақтың қасиеттері және оларға әсер ететін экологиялық -факторлар туралы;

- топырақ қүнарлылығы, оның категориялары элементтері және егіншілікте пайдалану --нәтижесінде өзгерулері туралы;

- топырақ қорларын корғау және тиімді пайдалану жолдары туралы;

БӨЖ тиімді ұйымдастыруға арналған әдістемелік ұсыныстар

Өзіндік жұмыс - аудиториялық сабақтан тыс уақытта студенттің жеке ізденіс іс-әрекеті. Студенттің өзіндік жұмысы көп қырлы және студенттің нақты білімі мен тәжірибелік ептілігі қалыптасу мақсатында нақты анықталған бағытқа ие болуы үшін қажет.

БӨЖ – оқу жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады және алған білімдері мен дағдыларын бекіту мен тереңдету, жаңа білімдерді іздеу мен меңгеруді, сонымен қатар оқу тапсырмаларын орындауды, емтихандарға дайындалуды мақсат етеді. Материалдарды іздеу,талқылау барысында тек оқулықтардағы мәліметтермен қоса,тақырыпқа байланысты қазіргі уақыттағы жаңа ақпараттарды газет-журнал т.б. басылым беттеріндегі жаңалықтарды ауқымды түрде қарастырады. Студент дәріс, тәжірибе материалдарымен шектелмей қосымша мәліметтерді игеруге берілген оңтайлы мүмкіндік сағаты болып табылады.

БӨЖ-на ұсынылатын материал мынадай талаптарды қанағаттандыруы тиіс:

- берілген тақырып бойынша қажетті әдебиеттердің, оқу құралдарының, оқу-әдістемелік материалдардың жеткілікті мөлшерде болуы мұндай сабақтардың табысты жүргізілуінің маңызды және міндетті шарты болып табылады;

- дәрісте алған білімдерді тереңдететін білімдер мен мәліметтерді қамтуы тиіс;

- мүмкіндігінше жаңа ұғымдар енгізбей, меңгерілген ұғымдар мен анықтамаларды кеңейтуі тиіс;

- күрделі, әлі толық шешілмеген сұрақтарды қамтуы тиіс;

- тереңдетілген, дәйекті жұмысты және ойлануды талап етуі тиіс.

БӨЖ-ын өткізу нысандары: берілген тапсырмалар бойынша оқу материалын қарастыру, олардың әрқайсысын қысқаша түрде талқылау және қорытындыларды шығару. Өзіндік жұмыстың қажеттілігі тек анықталған аудиториялық сағат санымен ғана шектелмейді, көпшілік дәрежеде алған білімді шығармашылық дәрежеде ұғынуға және өзіндік ізденуге қажеттілік тудырады. Дайын білімді алумен қатар оны тәжірибелік дағдымен толықтыру маңызды. Материалдарды дұрыс таңдап, іріктеп шығармашылық ізденісті оңтайлы ойластыру, кәсіби бағытының жетілуіне ықпал етеді.

МАЗМҰНЫ

Алғы сөз

БӨЖ тиімді ұйымдастыруға арналған әдістемелік ұсыныстар

БӨЖ тапсырмалары

Білімді бекітуге арналған сұрақтар кешені

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:

Өзіндік жұмыс- аудиториялық сабақтан тыс уақытта студенттің жеке ізденіс іс-әрекеті. Студенттің өзіндік жұмысы көп қырлы және студенттің нақты білімі мен тәжірибелік ептілігі қалыптасу мақсатында нақты анықталған бағытқа ие болуы үшін қажет.

Өзіндік жұмыстар сабақ кестесіне сәйкес мерзімде шығармашылық тапсырмасы ретіне қабылданады. Өзіндік жұмыстардың мазмұны тақырыптарға сай жасақталуы керек. Оның көлемі кемінде 7-10 бет.

Жұмысқа жоспар құрылуы тиіс. Жоспар кіріспеден, негізгі бөлімнен,қорытындыдан,пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы жұмыс Times New Roman, 14 шрифт, аралық өлшем-1 болады және тақырыпқа сәйкес кесте (шрифт-12), сурет, диаграмма, статистикалық мәлімет, бұқаралық ақпарат жаңалықтары, слайд міндетті қамтылуы керек.

Әдеби ізденіс жүргізу үшін ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттер көзін, конспект сонымен қатар Internet мәліметтерін пайдалану қажет. Берілген тапсырмалар мен сұрақтарға байланысты материалдарды меңгеріп салыстырмалы түрде талдап, қорытындысын жасаңыз. Баяндама толтырған кезде және конспект жазған уақытта ұсынылған әдебиет көздерін, дәріс мәліметтері мен материалдарын, сондай-ақ шығармашылық ыңғай қолдану қажет.

Тақырып №1. Топырақтану ғылымының дамытуда В.В. Докучаевтің ролі.

Тақырып №2. Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы.

Тақырып №3. Топырақ түзілу процессі және оған экологиялық факторларының әсері.

Тақырып №4. Топырақтың морфологиялық қасиеттері және олардың экологиялық факторлармен байланысы.

Тақырып №5. Топырақтың сіңіру қабілетін оның экологиялық маңызы.

Тақырып №6. Топырақтың компоненттік құрамдары.

Тақырып №7. Топырақтың органикалық заттары және оның топырақ құнарлылығына әсері.

Тақырып №8. Топырақтың су-физикалық қасиеттері, олардың экологиялык маңыздылығы.

Тақырып №9. Топырақтың табиғи зоналары.

Тақырып №10. Қазақстан топырақтары, олардың табиғи экологиялық сипаттамасы.

Тақырып №11. Қазақстанның жазық территорияларының топырақтары, олардың экологиялық жағдайы.

Тақырып №12. Қазақстанның таулы топырақтары, олардың экологиялық жағдайы.

Наши рекомендации