В.ИВернадскийдің биосфера туралы ілімі.
Биосфера ұғымы алғаш рет ғылымда 19ғ. Француз ғалымы ЛАмарк ал кейін термин ретінде австралиялық ғалым ЗЮСС қолданды.Биосфера,тіршілік аймағы туралы ғылыми ілімді жетілдірген орсы ғалымы Вернадский болды.Ол биосферадеп тіршілікті түзуде маңызды роль атқаратын жер қабатын түсінді.Тіршілік жер бетінің материясын құрайтын атомдардың көп бөлігін қамтуда деп жазды Вернадский Оның әсернен бұұл атомдар үздіксіз қозғалыста болады.Осы атомдардан әрдайым алуан түрлі қосылыстар түзіледі.Бұл процесс үзіліссіз ондаға млн жылдар бойы ертедегі археозой дәуірінен қазіргі кезге дейін жүруде жер бетінде бүкіл тірі организмдер сияқты үнемі әсер ететін, соңғы нәтижелері б\ша мықты да қуатты мұнай асқан химиялық күштер жоқ .Сондықтан Вернадскийдің тірі организмдерді негізгі өзгертуші күштер деп ерекше атап көрсетті.Сонымен биосфера деп тіршілігі бар кеңістікті яғни тірі организмдер немесе олардың тіршілік өнімдері кездесетін жерлерді айтады.Вернадскитйдің биосфера туралы ілімі жердің бигеологиялық даму кезеңдері ұзақ уақыт бойынша жүретін энергия мен заттар айналымының өнімі ретінде биосфераның құрылуына тірі заттың планетарлық геохимиялық рөліне негізделген. Биосфера атмосферадағфы шекарасы 20-25 мкм биіктікте азон қаьатына дейін жетеді. Азон қабаты жер бетіндегі тіршілікті күннің ультракүлгін сәулелірінен қорғайды.Зеңді саңы және кейбір бактериялардың споралары 22 км биіктікте табылған .Кейбір тірі организмдер қысымы 100 атом жоғары су тереңдігінде тіршілік ете береді. 12 мың атотм дейінгі қысымға шыдайтын бактерияларда бар.
В ИВернадскидін атомнын биогенді миграция заны. Биосфера-біздің тіршілік ететін ортамыз, бізді қоршаған табиғат. Адам баласы, ең алдымен, өзінің тыныс алуы, тіршілік еті іс-әрекеті арқылы осы табиғатпен тығыз байланысты.В.И.Вернадский.
Академик В.И.Вернадскийдің биосфера жөніндегі негізгі идеялары ХХ ғасырдың басында қалыптаса бастады. Алғаш рет 1926 жылы оның БИОСФЕРА атты еңбегі жарыққа шықты.
В.И.Вернадский биосфера- табиғаттың негізгі тірі және өлі заттарынығ бір-бірімен озара әсері болып табылатын тіршілік аймағы деп қарастырады.
Осылайша В.И.Вернадский: биосфераның негізгі ерекшелігі-Күн сәулесі энергияны әсерінен болатын химиялықэлементтер атомдарының миграциясы нәтижесінде жүретін организмдердің көбеуі, өсу және зат алмасу процестері болып табылады деп түсіндірді.
Гидросфера биосфера элементі табиғи ресурс ретінде Гидросфера-біздің планетамыздың аса маңызды құрам бөліктерінің бірі.Гидросфераға күн энергиясы мен гравитациялық күштер әсерінен қозғалысқа түсетін және бір күйден екінші күйге өте алатын барлық су түрлері жатады. Гидросфера жердің басқа элементтері-атмосфера мен литосферамен тығыз байланысты.
Демография ж/е оның негізгі түсініктері. Демография халықтың құрылымын құрамын динамикасымен көбейунін, туу, өлу өмірінің ұзақтығы, қоғамдық тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым.Соңғы жылдары демограяфияның жаңа бағыттары экологиялық н/е демографиялық процестердің адамның мекен ету ортасына байланысын зерттейтін бағыты қалыптасып келеді.Қазіргі адамзаттың саны 6млрд адамға жақын табиғаттағы жауарлардың түрлерінің саны ортаның сйымдылығымен шектеледі. Әдетте, ұсаақ жануарлардың түрлерінің саны ірі жануарлармен салыстырғанда көп болады.Сүтқоректілердің түрлері үшін даралардың саны мен дене массасы арасында теріс кореляция байқалады.Денесалмағы 10-100 кг дейінгі деңгей үшін бұл деңгейге адамдар кіреді. Түрдің санының макс. шамасы болады.Адамның ең жақын туыстарының, яғни адам тектес маймылдар түрлерінің қазіргі кездегі саны максималға жақын.Эксперттердің болжамы б/ша жерде бір млн жыл бұрын өмір сүрген адам популяцияларының саны 100 мың ал бұдан 30-22мың жыл бұрын 5млн. Қазір бұл сан он мың есе артқан. Көптеген мыңжылдықтар барысында халқы саны өте баяу өсіп отырды, оның әртүрлі қолайсыз себептері бар.
Демография (грекше демос — халық) — белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы. Демография адам популяциясын оның көлемі мен құрылымына сәйкес, яғни жынысы, жасы, отбасылық жағдайы және этникалық шығу тегі бойынша, сондай-ақ, осы популяцияның туу, өлу және миграция коэффициенттеріндегі өзгеруі тұрғысынан статистикалық зерттеу. Демографиядағы ең басты мәселе – халықтың ұдайы өзгеруін, өсу мөлшерін, дамуын анықтау. Халықтың ұдайы өзгерісі – ұрпақ алмасу, туу мен өлу, яғни табиғи жағдай арқылы жүзеге асады. Белгілі бір аймақтағы халықтың өсу мөлшерінің өзгеруі адамдардың басқа жерлерден көшіп келуі (иммиграция) мен олардың бөтен аймақтарға қоныс аударуына (эмиграция), яғни халықтың көшу-қону қозғалысына да байланысты. Сондай-ақ халық санының өзгеруі адамдардың жасына, отбасы жағдайына, балалар санына немесе білім деңгейіне, мамандығына, әлеуметтік ахуалына орай бір күйден екінші күйге, бір топтан екінші топқа ауысуына тәуелді. Кең мағынасында алғанда, халықтың ұдайы өзгерісі дегеніміз оның санының, құрамы мен орналасуының табиғи жағдайларға және миграцияның ықпалына қарай өзгеріп отыруы. Отбасының құрылуы, оның дамуы мен күйреуі демографияда дербес мәнге ие. Демографияда халықтың және оның бөліктерінің өзгеруі тек сан жағынан ғана емес, сонымен қатар сапалық тұрғыдан да қарастырылады. Мыс., белгілі бір жастағы адамдардың санының өзгеруімен қатар олардың тұлғалық дамып-жетілуі, денсаулығындағы өзгерістері де назарға алынады. Демографияда жекелеген адамдарға қатысты әр түрлі құбылыстар барлық халықтың да, сонымен бірге дербес зерттеу нысаны ретінде оның белгілі бір топтарының да жай-күйін сипаттауға пайдаланылады. Демографиялық процестердің өзара байланыстарын, олардың әлеуметтік-экономикалық құбылыстарға тәуелділігін және халық дамуының әлеуметік-экономикалық салдарын зерттей отырып, демография халық саны мен сапасы өзгерісінің заңдары мен заңдылықтарын анықтайды. Нақтылы қоғамдық ортада өтіп жатқан халық өзгерісін сол қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары айқындайды. Демография үшін бастысы – халықтың қоғам дамуымен өзара ықпалдасуы болып табылады. Демография әлеуметтік-экономикалық процесс заңдылықтарының жалпы халықтың ұдайы өсуіне ықпалын ғана емес, керісінше халық өсімінің қоғам дамуына тигізетін әсерін де зерттейді. Әсіресе, бұл жерде еңбек ресурстарының құрамы мен қозғалысының, сондай-ақ халықтың тұтынушы ретіндегі үлес мөлшерінің терең зерттелуі аса маңызды рөл атқарады. Зерттеулердің бұл саласын кейде «экономикалық демография» деп атайды. Демографияның міндеттерінің бірі – халықтың ұдайы өзгерісінің заңдылықтарын зерттеу негізінде мемлекет тарапынан жүргізілетін демографиялық саясат негіздерін тұжырымдау. Демографиялық процестер қоғамда қалыптасқан белгілі бір әлеуметтік қарым-қатынастарға негізделеді. Сондықтан халықты зерттеуде демография саясат, экономика, медицина, математика, этнография, т.б. бірқатар ғылымдармен тығыз байланыста болады. Олардың зерттеу әдістері мен тәжірибелерін, материалдарын пайдалана отырып, демография өз тарапынан да өзге ғылымдарға қажетті деректер береді. Демографиялық процестердің өзіндік ерекшеліктері, көбінесе халықтың табиғи қозғалыстары демографияның өзіндік зерттеу әдістерін қалыптастыруға негіз болды. Олар: әр түрлі буын өкілдері үшін жас айырымы көрсеткіштерін жасау арқылы дәл сол уақыттағы даму-құлдырау заңдылықтарын көрсететін гипотетикалық ұрпақ әдісі; когорт әдісі (адамдардың нақтылы буынының дамуын зерттеу); потенциалды демография әдісі, т.б. демографияда ғылымның басқа салаларындағыдай болжамдар жасау, оларды деректер арқылы тексеру және соның негізінде ғылым қорытынды жасау қажет. Көбінесе халықтың санын ұйымдастырылған статистика жолымен есептеу әдісі қолданылады. Сондай-ақ демографиялық коэффициенттерді пайдалану, оларды салыстыру, салғастыру тәсілдері де демографияның өзіндік зерттеу әдістерінің бірінен саналады. Демография ғылымының негізін салушы – ағылшын ғалымы Дж. Граунт. Ол алғаш рет Лондондағы тіркелген адам өлімдерінің бірнеше жылдық жлазбалары негізінде халық арасындағы өлудің көрсеткішін жасауға және оның заңдылықтарын анықтауға талпыныс жасаған. Халықтың ахуалын, оның экономикамен байланысын У.Петти және Г.Кинг (Ұлыбритания), одан соң А.Депарсье (Франция) зерттеді. XVII ғасырдада мұндай зерттеулерді математикалық әдістерді қолдану арқылы В.Керсеб (Голландия), П.В.Варгентин (Швеция), Л.Эйлер (Ресей) және т.б. жалғастырды. XIX ғасырдан бастап көптеген елдерде халықты тұрақты есепке алу жолға қойыла бастады және ол жөніндегі нақтылы талдаулар жасау мүмкіндіктеріне қол жеткізілді. А.Кетле (Бельгия), Ж.Бертильсон (Франция), У.Фарр (Ұлыбритания), В.Лексис, Г.Ф.Кнапп (Германия), т.б. көптеген статист-зерттеушілердің еңбектері нәтижесінде демографиялық процестерді сандық тұрғыдан екшеу мен талдаудың әдістері дами түсті. 1855 ж. француз ғалымы А.Гийардың еңбегінің тақырыбында «демография» термині тұңғыш рет қолданылып, автор оған «адамзаттың табиғи және әлеуметтік тарихы» деген анықтама береді. Қазақстандағы демографиялық процестерді тарихи-әлеуметтік тұрғыдан қарастырған алғашқы зерттеулер қатарында М.Шоқайдың шет ел баспасөзінде, М.Тынышбаевтың 1924 ж. «Сана» журналының 2–3-сандарында жарияланған деректерін, т.б. статистикалық еңбектерді атауға болады. Республикада бүгінгі таңдағы кәсіби демографтар М.Б.Тәтімов, Ұ.М.Ысқақов, Ә.Б.Ғали, М.Сембин, Е.Мұсабеков, С.Қарасаев, А.Елемесова, Н.Ермекова, А.Әлжанова, т.б. еңбектерінде жалпы қазақ халқының, Қазақстан халқының өсу, даму заңдылықтары зерттелді.Демографиялық күрт өсуДемографиялық күрт өсу (Демографический взрыв; грек, demos— халық, grapho — жазамын) — әлеуметтік- экономикалық немесе жалпы экологиялық жағдайлардың жақсаруымен байланысты халық санының күрт өсуі.
Демографиялық мәселелер мен экологиялық мәселенің байланысы. Қазіргі кездегі демографиялық ж/е экологиялық жағдайдағы қоршаған ортаға тек бай өнеркәсібі дамыған елдер ғана емес сонымен қатар кедей елдерде теріс әсер етеді.Өнеркәсібі жоғары дамыған бай елдердің қоршаған ортаға әсері олардың табиғатты тікелей бұзуымен емес техногенді ластануға байланысты.Дүние жүзі халқының 20 % құрайтын бұл елдердің халқы қоршаған ортаға ластануларының 80%шығарады.Бұл жағдайда қоршаған ортаны бұзатын фактор халықтың саны емес өндіріспен онымен бірге жүретін байлық болып табылады. Қазіргі кезде ғаламшарымыздың әрбір тұрғыны 19-20ғ соңында өмір сүрген ата бабамен салыстырғанда шамамен 4,5 есе бай болғанымен , жердегі халықтың өміс сүру жағдайының деңгейі бірдей емес бір млрд өте бай болғанда бірақ 1млрд өте кедей бөмір сүреді.Шектен тыс көп тұтынуға қарама қарсы кедейлік эколлогиялық әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді. Кедей елдерде қоршаған ортаға әсер экожүйеге жасалатын шектен тыс қысым нәтижесінде тіккелей жоюмен байланысты. Бұл ормандардың жойылуы ж/е басқа эко жүйелердің бұзылуы,ресурстардың сарқылуы т,б, Мұндай жолмен табиғаттың бұзылуының негізгі себебі кедейлік болып табылады. Себебі: күнделікті бір күнін қалай өткізуді ойлауға ғана мәжбүр адам өзін қоршаған ортамен табиғатты қорғау туралы ойлауға қабілетсіз.Қоршаған ортаның бұзылуы адамдар өте бай болғанда да ж/е өте кедей болғандада орын алады.Бірақтан жердің табиғат ресурстарына келтіретін зиянкестік үшін жауапкершілік байларда жатыр.
Ерекше қорғалатын аймактар. Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
Биосферадағы экожүйелердің бастапқы қалпын сақтап калу және корғау тірі организмдердің сан алуан түрлілігін сақтау мәселелерімен тығыз байланысты. Қазіргі кезде Жер шарында адамның аяғы тимеген және іс-әрекетінің әсеріне ұшырамаған алқаптар жоқтың қасы. Дегенмен де табиғаттың бастапқы табиғи қалпы сақталған немесе антропогендік факторлардың ықпалы онша байқала коймаған экожүйелердің біраз бөлігін табиғи эталон ретінде сақтап қалудың маңызы зор. Өйткені мұндай аумақтар антропогендік факторлар көбірек ықпал еткен аймақтармен салыстыру үшін қажет. Халықаралық қабылданған ережелерге сәйкес әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10%-ы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін алуы қажет. Ерекше корғалатын табиғи аумақтарға биосфералық қорықтар, мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, қорықтық аймақтар, корықшалар және т.б. табиғи нысандар жатады. Соңғы деректер бойынша дүние жүзінің 100-ден астам ірі мемлекеттерінде 1000-нан астам ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылған. Мұндай аумақтардың жалпы көлемі 230 млн га жерді алып жатыр. Бұл жер бетіндегі құрлықтың 1,6%-на тең. Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң 1997 және 2006 жылдары қабылданды. Мұндай Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылу мақсаттарына және табиғат корғау ережелеріне сәйкес бірнеше топқа бөлінеді.
1. Мемлекеттік ұлттық қорықтар.
2. Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар.
3. Мемлекеттік табиғи резерваттар.
4. Мемлекеттік корықтың аймақтар.
5. Мемлекеттік табиғи қорықшалар.
6. Мемлекеттік табиғат ескерткіштері.
7. Мемлекеттік зоологиялық бақтар.
8. Мемлекеттік ботаникалық бақтар.
9. Мемлекеттік дендрологиялық бақтар және т.б.
Биосфералық қорықтарЕрекше қорғалатын табиғи аумақтардың соңғы кезде ұйымдастырылып жүрген түріне — биосфералық қорықтар жатады. Биосфералық қорықтар дүние жүзіндегі кейбір ауқымды аймақтардың табиғатын қорғау және сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылады. Онда табиғат қорғау шаралары халықаралық деңгейде жүргізіледі. Мұндай қорықтар табиғаты онша өзгеріске ұшырамаған экожүйелерде ұйымдастырылып, табиғатта үздіксіз болып жататын өзгерістерге бақылау жасалынып талданады. Биосфералық қорықтардың аумағы бірнеше белдемдерге (ішкі, шекаралық және шаруашылық) бөлініп, ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Қазір дүние жүзінде 350-ге жуық биосфералық қорық ұйымдастырылған Қазақстандағы Қорғалжын және Наурызым қорықтарына биосфералық қорық мәртебесі берілген. Қорғалжын қорығы, Ақсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл және Батыс Алтай қорықтары таулы алқаптың табиғат байлығын қорғайды. Мысалы, Ақсу-Жабағылы қорығында сарыбауыр аяқсыз кесіртке, үнді жайрасы, Алматы қорығында орақтұмсық, ілбіс, т.б. қорғалады. Ал Алакөл қорығында қара мойнақ шағала, т.б. қорғауға алынған.
Мемлекеттік табиғи қорықтарБіздің елімізде ерекше корғалатын табиғи аумақтардың негізгі түрі — мемлекеттік табиғи қорықтар. Қорықтар ғылыми мекемелер қатарына жатады. Қорық аумағында ешқандай шаруашылық жұмыстары жүргізілмейді, онда тек ғылыми-зерттеу жұмыстары ғана жүргізіледі. Сондықтан қорық аумағында жоғары білімі бар арнайы мамандар ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қазір Қазақстанда 10 мемлекеттік табиғи қорық бар. Қорық аумағындағы барлық табиғат байлықтары түгелдей катаң түрде қорғалады. Сонымен бірге қорықтар белгілі бір экожүйелерді қорғау мақсатында арнайы ландшафтыльщ аумақтарда ұйымдастырылады. Мысалы, шөлді, далалы, су-батпақты және т.б. экожүйелердің қорықтары деп бөлінеді. Наурызым қорығы Далалы аймақта ұйымдастырылған Наурызым, Үстірт және Барсакелмес қорықтары шөлді аймақтың табиғи бірлестіктерін қорғау мақсатында ұйымдастырылған. Бұл қорықта 1953 жылы Түрікменстаннан әкелініп құлан жерсіндірілді. Алтынемел ұлттық табиғи саябағында да жерсіндірілген. Ал Қорғалжын қорығы сулы-батпақты алкаптың табиғат байлығын қорғайды. Келешекте Торғай, Сарықопа жәнө Тарбағатай қорықтарын ұйымдастыру көзделуде. Ұлттық табиғи саябақтарҰлттық табиғи саябақтарда табиғат қорғау жұмыстарымен бірге табиғат қорғауды насихаттау, экологиялық білім мен тәрбие беру, туризмді үгіттеу жұмыстары қоса жүргізіледі. Елімізде 10 ұлттық табиғи саябақ ұйымдастырылған. Ұлттық табиғи саябақтар көбіне табиғаттың көрікті жерлерінде ұйымдастырылып, шаруашылық жұмыстарды табиғат қорғау жұмыстарымен үйлесімді жүргізуге ерекше мән беріледі. Шарын каньоны.Елімізде соңғы жылдары Шарын (2004 ж.), Сайрам-Өгем (2006 ж.) және Көлсай көлдері (2007 ж.) ұлттық табиғи саябақтары ұйымдастырылды. Алдағы уақытта елімізде тағы да 5 ұлттық табиғи саябақ (Жоңғар Алатауы, Ақсу-Лепсі, Бұйратау, Зайсан, Ақжайлау) ұйымдастыру қарастырылуда. Табиғи қорықшаларТабиғи қорықшалар — белгілі бір ерекше табиғи аумақтардағы барлық табиғат байлықтарын кешенді корғауға немесе өсімдіктер мен жануарлардың жеке түрлерін корғау мақсатында үйымдастырылады. Сондықтан қорықшалар кешенді, зоологиялық, ботаникалық, геологиялық және т. б. деп бөлінеді. Кейде қорықшалар уақытша (он не жиырма жыл мерзіміне) немесе тұрақты түрде ұйымдастырылады. Қорықшаларда табиғат корғау жұмыстары онша қатаң түрде жүргізілмейді және шаруашылық жұмыстардың жекеленген түрлеріне ғана тыйым салынады. Табиғат ескерткіштеріТабиғат ескерткіштері — көбіне тарихи-табиғи және ғылыми мәні зор жеке табиғат нысандарын ғана (өсімдіктердің, жануарлардың жеке түрлері, үңгірлер, сарқырамалар және т.б.) қорғауды көздейді. Олардың ғылыми-танымдық мәніне ерекше көңіл бөлінеді. Елімізде республикалық мәні бар "Қаз қонақ" (Ертіс өзенінің жағалауында), "Шарын шаған тоғайы", "Шынтүрген шыршалары" (Алматы облысында) "Баум тоғайы" (Алматы қаласында) жәнө т.б. табиғат ескерткіштері бар. Табиғи резерваттарЕрекше қорғалатын табиғи аумақтардың жаңа түрі — табиғи резерваттар. Елімізде Ертіс өзенінің алқабындағы реликті қарағайлы ормандарды қорғау мақсатында 2003 жылы "Ертіс орманы" және "Семей орманы" деген табиғи резерваттар ұйымдастырылды. Табиғи резерваттарда қорықтық белдем де, шаруашылық жүргізілетін алқаптар да бірге қорғалады. Табиғи резерваттарда, негізінен, биологиялық сан алуан түрлілікті сақтауға және оны қалпына келтіруге айрықша көңіл бөлінеді.
Жалпы экология пәні оның құрлымы мен міндеттеі. .«Экология терминін» (грекше үй, тіршілік ету ортасы) 1866 ж неміс биологы Эрнст Геккель ұсынды. Экология дп біз абиғат экономикасына қатысты барлы білімдерді – жануарлардың олардың оны қоршаған органикалық ж/е бейорганикалық ортамен, өзімен ікелей не жанама қатынаста болатын жануарлармен өсімдікермен өзара ынтымақтастық н/е қастастық жаулық әрекеттерінің бүкіл жиынтығын зерттеу.
Жер беті және жер асты суларының негізгі ластаушы көздеріжер асты жане жер устi сулардын ластануы. Жер асты немесе жер устi суларына химиялык заттардын, микроорганизмдердiң немесе адеттегiден жогары температурадагы сулардын, не баска заттардын тусуi судың ластану козi деп аталады. Жер устi йндерi ластануынын негiзгi себептерi өнеркәсіптік мекемелер, коммуналдык жане ауыл шаруашылыктары су коймаларына жеткiлiксіз тазартылган немесе тазартылмаган жуынды сулардын агызуы. Жеа асты суларынын ластану коздерiне жататындар; 1) онеркасiп калдыктарын сактайтын орындар мен оларды колiкпен тасымалдау: 2) коммуналдык жане турмыстык калдыктар аккумуляциялану орындары; 3) пестицидтермен жане минералдык тынайткыштармен онделетін ауылшаруашылык жерлер; 4) жер асты суларына куйылатын ластанган су коймалары; 5) ластанган атмосфералык жауын-шашыннын сузгiден откiзiлуі; шыгу тегi турi жане сапалык сипатына орай жуынды суларды 4 негiзгi категорияларга болуге болады 1) ондiрiстiк 2) турмыстык 3) ауылшаруашылык 4) жанбырлык. Ондірістік шайынды сулар технологиялык урдiстерде суды колданганнан кейiн артурлi онеркасiптiк обьектiлерден туседі. Оларга пайдалы казбалар ондiрiлуiнде жер бетiне сорылып шыгарылатын жуынды суларда жатады. Ластаушы коспаларга кышкылдар, сiлтiлер артурлi металдар туздары, кукiрттiк косылыстар, минералдык калкыган заттар кiредi. Турмыстык жуынды сулар жогары емес органикалык ластануымен, бiрак жогары бактериалдык ластануымен жане гельминттер жумырткасынын жогары молшерi болуымен сипатталады. Турмыстык жуынды сулао тургынд-уйлерден жане когамдык гимараттардан да онеркасiп ондiрiстердiн турмыстык болмелерiнен де туседi. Ауылшаруашылык жуынды сулар су коймаларынын экологиялык тепе-тендiгiне ауыл шар асерi кушеюде. Жана жерлердi егiндiкке жырту, батпактарда кургату, ормандарды шабу, онын iшiнде кiшi озендер бассейндерiнде орманды шабу озеннiн гидрогиологиялык тартiбiн озгерiске акеледi, кайнарлар мен булактардын кеуiп калуына акеледi. Жанбырлык агынды сулар атмосфералык жауын-шашын тусуiнiн натижесiнде пайда болады. Оларды жауынды жане муздык деп боледi. Жауындык сулар категориясына егiн сугару, жуу суларын жаткызуга болады.
Жердің су ресурстары.Су-жер бетіндегі тіршіліктің негізгі компоненттерінің бірі.Ол ауыз суы ретінде ,ауыл шаруашылығында,энергия өндірісінің шикізаты,химиялық элементтерді алу үшін,кеме тасымалы,балық өсіру,т.с.с